Педагогикалық озат тәжірибедегі зерттеу және пайдалану жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 10:29, курсовая работа

Описание работы

Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды — бұлар монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ компьютер оларсыз да жұмыс істей алады. Компьютердің барлық құрылғылары оның артқы тақтасындағы арнайы ажыратып-қосқыштар арқылы байланыстырғыш баулармен (шнур) өзара жалғастырылады. Компьютердің негізгі құрылғыларының блок-схемасы 1.2-суретте көрсетілген. Блок-схемадан көріп отырғандай, дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның сыртқы құрылғылары болып табылады. Олар: монитор, пернетақта, принтер, маус, модем т.б.

Содержание работы

КІРІСПЕ................................................................................................................... 3
І тарау. 1. Есептеуiш техниканың қысқаша даму тарихы………………………..
1.1. Компьютер жұмысының принципi..................................................................
1.2. Дербес компьютер архитектурасы…………………………………………...
1.3. Жүйелiк блок…………………………………………………………………..
ІІ тарау. 2. Компьютерлiк жүйелердiң құрылымдық ұйымдастырылуы………..
2.1. Процессор………………………………………………………………………
2.2. Микропроцессорлар…………………………………………………………...
2.3. Командалар жүйесiнiң архитектурасы……………………………………….
2.4. CISC және RISC процессорларының классификациясы……………………
2.5. Дербес компьютер шиналары…………………………………………………
2.6. Аналық тақшалардың негiзгi шиналық интерфейстерi……………………..
2.7. Жады……………………………………………………………………………
2.8. Қатты диск геометриясы………………………………………………………
2.9.Сыртқы қатты диск……………………………………………………………
2.10.Оптикалық дискілерді жинақтауыш…………………………………………
ІIІ тарау. 3. Енгiзу және шығару құрылымдары …………………………………
3.1. Монитор………………………………………………………………………..
3.2. Бейнеадаптер………………………………………………………………….
3.3. Пернетақта…………………………………………………………………….
3.4. Тінтуір..........…………………………………………………………………..
3.5. Принтер………………………………………………………………………..
3.6. Сканер………………………………………………………………………….
3.7. Модем …………………………………………………………………………

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Файлы: 1 файл

Дербес компьютердин архетектурасы.doc

— 1.66 Мб (Скачать файл)

Монитор мәтіндік режимде  іске қосылған кезде оның сол жақ  жоғарғы бұрышында қалың сызықшадан не кішкене төртбұрыштан тұратын  символ жарықтанып көрінеді. Ол – курсор деп аталатын, пернетақтадан құжатты теру кезінде кезекті символдың экранға шығу орнын көрсетіп тұратын жылжымалы символ. Монитор үлгілерін бір бірінен ажырату ең алдымен оның экранының көлденеңі мен биіктігіне сыятын символдар мен нүктелер санына байланысты. Экранда бейненің көріну сапасы және нүктелердің экранда бір түсті не түрлі түске боялып көрсетілуі бейнеадаптердің мүмкіншілігіне байланысты.

 
  3.4. Тінтуір

 

 

3.6.-сурет Тінтуір

 

Тінтуір – компьютермен әдетте сым  арқылы жалғанатын және тұрпаты кәдімгі тышқанға ұқсайтын, 2-3 батырмасы бар қорапша. Оны басында қалжыңдап «mouse» – «тышқан» деп атағанмен, кейіннен осы сөз ресми атауына айналып кетті. 
Тінтуірді үстел бетінде немесе басқа да жазықтық бетінде қозғалтқан кезде компьютер бейне бетінде тінтуір көрсеткіші – жүгіргі сол ретпен қозғалады. Жүгіргі орындалып отырған амалға қарай өз түрін өзгерте алады. Қандай да бір әрекетті орындау қажет болғанда пайдаланушы тінтуір пернелерінің бірін басады.  
Тінтуірдің сол жақ пернесін бір рет шерту – нысандарды ерекшелеу үшін қолданылады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, бір рет шерту (басып, қайта жіберу) қажет. 
Екі рет шерту – терезені, құжатты ашу үшін немесе бағдарламаны іске қосу үшін қолданылады және <Enter> пернесін басқанмен бірдей қызмет атқарады. Жүгіргіні нысан үстіне апарып, екі рет жылдам шерту қажет (тінтуір орнынан қозғалмауы тиіс).  
Сонымен қатар, тінтуірдің сол жақ пернесі бейне беттегі нысандардың орнын ауыстыру үшін қолданылады. Тінтуір көрсеткісін нысанның үстіне апарып, пернені басып ұстап тұрып, нысанды басқа жерге апарып, содан кейін пернені жібере салу керек.  
Тінтуірдің оң жақ пернесі мәтінмәндік мәзірді шақыру үшін қолданылады (мәзірде осы бағдарламада немесе бейне беттің осы аумағында жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген әмірлер қамтылған), бұл көптеген әмірлердің орындалуын жылдамдатады. Тінтуір жүгіргісін нысанның үстіне апарып, тінтуірдің оң жақ пернесін бір рет шерту қажет. 
Кей кездері тінтуір орнына текбол, сезімтал тақта немесе трекпойнт қолданылады. Қызметі жағынан бұл құрылғылардың бәрі тінтуірге пара-пар. 
 
 

3.5. Принтер

 

 
3.7.- сурет Принтер

 

Принтер – информацияны қағазға басып шығару құрылғысы. Оның өзінің жадысы және матрицалық, лазерлік, т.б. типтері бар. Олардың ішіндегі арзаны – символдарды қағазға  нүктелер жиынтығы арқылы басып шығаратын матрицалық принтер. Оның информацияны қағазға басып шығару бөлігі, нұсқаларына қарай 18, 24 және т.б. инелі бастиектен тұрады.

Қазіргі кезде пайдаланылып жүрген лазерлік принтерлер информацияны қағазға лазерлік сәулелер арқылы басып шығарады. Олардың басу жылдамдықтары тез, әрі сапалы болғандықтан, бағасы қымбатырақ.

Матрицалық принтерлер

Мұнда басқа бірнеше  инеден құралған матрицаның баспа торабында  енгізудің көмегімен жасалған. Қағазбен баспа торыбының арасында бояушы лента орналасқан. Ине лентаны соққан сайын қағазда нүктелер пайда болады. Баспа торабында орналасқан инелерді электромагнит басқарады. Баспа торабы горизонталь бойынша ауысып, қадамды двигательмен басқарылады. Баспа торабының қатар бойынша жылжуы кезінде, қағазда нүктеден құралған символдық таңбалары пайда болады. Принтердің жадысында жеке әріптердің белгіленуінің т.б. кодтары сақталады. Бұл кодтар белгілі бір символды басу үшін қай инені қай уақытта іске асыру керектігін анықтайды. Сия бүріккіш принтер

Ең бірінші бүріккіш принтер Hewlett Packard фирмасы шығарды. Қызмет принципі матрицалық принтерге ұқсас болып келеді, бірақ иненің орнына каппилярлы ашашыратқыш және сия резервуары орналасқан. Баспа торабына енгізілген резервуар конструктивті жеке құралдарды көрсетеді, оны ауыстыру өте жеңіл. Қазіргі көптеген бүріккіш принтерлер картридждерді ақ-қара және түрлі-түсті баспа үшін қолдануға мүмкіндік берілген.

Лазерлі принтер 

Қазіргі лазерлі принтерлер баспаны жоғары сапаға жеткізуге  мүмкіндігі бар. Сапасы фотографиялыққа жақын. Көптеген лазерлі принтерлерде көшірім аппатардағы сияқты баспа механизмі қолданылады. Негізгі торабы суретті қағазға түсіретін өзгермелі барабан болып табылады. Барабан жартылай өткізгіштердің қабатымен қапталған металды цилиндр. Барабанның жоғарғы жағы разрядпен зарядталады. Барабанға бағытталған лазердің сәулесі түсу нүктесіндегі электростатикалық разрядты өлшейді және барабанның жоғарғы жағындағы бейнелердің электростатикалық көшірмесін құрайды. Осыдан кейін барабанға боялатын ұнтақтың қабаты себіледі. Тонердің кейбір бөлігі электрлі зарядталған нүктелерге ғана тартылады. Парақ лоток арқылы ішіне кіреді және оған электрлі заряд беріледі. Барабанға қойғаннан кейін, парақ өзіне барабаннан тонердің бір бөлігін тартады. Тонерді белгілеу үшін парақ қайтадан зарядталып 180 градусқа дейін жылытылған вал арқылы өтеді. Соңында барабан разрядталып тонерден тазаланып жаңадан қолданылады.

Түрлі түсті баспа  кезінде сурет механизм арқылы парақтың 4 жолымен түрлі түсті тонердің араластыруы құрылады. Әр жолда қағазға белгілі бір мөлшерде бір түсті тонер себіледі.

Түрлі түсті лазерлі  принтер тонерге арналып резервуары бар оперативті есте сақтауы, процессоры, қатты дискісі бар күрделі  электронды құрал болып табылады.

3.6. Сканер

 

 
3.8.- сурет Сканер

 

Сканер – түрлі мәтіндерді, суреттерді, графикалық кескіндерді, фотосуреттерді қағаздың құжат беттерінен компьютерге енгізу құрылғысы. Олар компьютерлерде файл түрінде сақталады. Сканерлер кескіндерді ақ-қара және түрлі түсті етіп шығаруына байланысты екі түрге бөлінеді. Біріншісі күңгірт көрінеді, екіншісі осы сияқты және түрлі түсті кескіндермен жұмыс істей алады. Сканер ДК-дің параллель портына қосылады. Сканермен жұмыс істеу үшін ДК-дің белгілі бір стандартты арнайы драйвері болуы тиіс. Құжаттармен жұмыс істеуге арналған қолданбалы программалар түрлері көп. Олардың ішінде қарапайымы – операциялық жүйе редакторы. Әдетте мүмкіндігі мол басқа мәтіндік редакторлар, мысалы, күрделі мүмкіндікті Word 2007, т.б. пайдаланылады. Түрлі редактормен жұмыс істеу (құжаттарды теру, форматтау, дискіге жазу және т.б.) тәсілдері әр түрлі болады.

Қызмет принципі

Сканердің негізгі қызметі  – CCD-матрица немесе PMT. CCD-матрица  – сыртқы шиеленіс қатысуымен жарыққа  әсер ететін диод жиынтығы. Матрицаның сапасы бейнелерді тану сапасына тәуелді. Арзан үлгілер түстің барын, жоқтығын таниды, күрделі үлгілер – сұрғылт түсті, ал өте күрделісіне – барлық түстер жатады. Сканерленетін объект ксенондық шаммен немесе жарық диодтар жиынтығы арқылы жарықтанады. Жарықталған сәуле айна немесе линза жүйелерінің көмегімен CCD бетінің ауыстырылуына және әр түрлі элементарлы фрагменттің бейнесінің интенсивтігіне байланысты өзгеретін матрица аналогты сигналды тудырады. Сигнал цифрланып компьютердің жадысына берілетін аналогты-цифрлі жаңғыртуға беріледі.

Сканер классификациясы 

Сканерленетін әдісімен ажыратылатын оригинал санына және оптикалық  жүйе сапасына сәйкес көптеген сканердің  үлгілері бар. Ауыстырылу әдісіне байланысты сканерлер планшетті, барабанды  және қолды болып бөлінеді.

 

 

 3.7. Модем

 

 

3.9.-сурет Модем

 
3.10.-сурет Модем

 

Модем дегеніміз –  компьютерлердің қарапайым телефон  сымдарымен қосылуына арналған құрылғы  немесе басқаша айтқанда, модемдер (Модулятор + ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстарды түсінеміз. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіберу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б. деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен сандық мәліметтер модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.

Компьютер дискретті электр сигналдарын  жібереді, ал телефон сымдарымен ақпарат  аналогтық түрде беріледі. Модемдер цифрлықты-аналогтыққа және аналогтықты-цифрлыққа алмастыру қызметін атқарады. Деректер жіберілгенде, модемдер компьютердің цифрлық сигналдарын телефон сымдарының үзіліссіз жиілігіне жібереді, ал қабылдаған кезде ақпаратты демодуляциялайды да компьютерге цифрлық түрінде жібереді. Модемдер атқаратын жұмысына байланысты ішкі (компьютердің жүйелік блогына қойылатын) және сыртқы (бір коммуникациялық порт арқылы қосылады немесе корпустан тұрады) болып бөлінеді. Бірақ, олар белгілі коммуникациялық бағдарламалармен қамтамасыз етілмесе, жұмыс істей алмайды. Үлгілерге ең қажетті құрылған болып протокол жатады. Қазіргі кездегі модемдер арқылы факстық хабарламаларды жіберуге және қабылдауға болады. Мұндай құрылғыларды факс-модемдер деп атайды.

 

 


Информация о работе Педагогикалық озат тәжірибедегі зерттеу және пайдалану жолдары