Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу қазіргі оқытушының іс-әрекетінің жетекші міндеті ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 12:46, реферат

Описание работы

Педагогикалық процесті өткен ұрпақтың жинаған барлық мәдени байлығын меңгеру үшін балалардың өзара әрекеттерінің мақсаты бағытталған процесі, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы ретінде түсіну керек және бұл процесс ұстаздың басшылығымен, ұстазбен, тәрбиешінің тікелей қатысуымен жүзеге асады. Педагогикалық процесс- мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді. Педагогикалық процесске маңыздысы-индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.

Содержание работы

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу
2.2. Оқытушының іс-әрекетінің міндеттері
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

Ақбота реферат.docx

— 32.78 Кб (Скачать файл)

 

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық  Университеті

 

 

 

«Инженерлік» факультеті

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: Педагогикалық  процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу қазіргі оқытушының  іс-әрекетінің жетекші міндеті ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Орындаған: Адасханова А ПО-303К

                                                         Тексерген: Оразбаева А

 

 

 

 

Алматы 2012ж

 

Жоспар:

 

І.Кіріспе

 

ІІ.Негізгі бөлім

 

2.1. Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу

 

2.2. Оқытушының іс-әрекетінің  міндеттері

 

ІІІ.Қорытынды

 

ІV. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Педагогикалық процесті өткен ұрпақтың  жинаған барлық  мәдени  байлығын  меңгеру үшін  балалардың  өзара әрекеттерінің мақсаты бағытталған процесі, олардың қоғамдық  өмірге белсенді араласуы  ретінде түсіну  керек және  бұл процесс ұстаздың  басшылығымен, ұстазбен, тәрбиешінің тікелей қатысуымен  жүзеге асады. Егер  тұтастай  педагогикалық процестің бөлшектерін олардың негізгі белгілері бойынша топтастырса, сонда шамалы дербес құрамдас  бөліктерді көруге болады- іс-әрекет  субъектілері: ( ұстаздар, оқушылар, ата-аналар), әлеуметтік  тапсырыс: мақсаттар, міндеттер, мазмұн және іс-әрекет  түрлері; құралдар, формалар, әдіс-тәсілдер, осылар арқылы педагогикалық процестің қозғалысы ( қозғаушы тетіктері) қамтылады. Педагогикалық процесс- мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді. Педагогикалық процесске маңыздысы-индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және  әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру-процестің мәнін ұстаздар мен оқушылардың арасындағы іс-әрекеттермен алмасу ретінде ғана емес, сонымен бірге процесс деген ұғымды қандай да болмасын құбылыс секілді даму үстінде болады деп түсінеміз.

    Оқушылардың бір-бірімен  өзара әрекеттеріне байланысты  тәрбие тетіктерінің  мәнін талдау, бұл  тетікте бірінші сияқты ( ұстаз бен оқушылардың  өзара  қатынастары) сәтті іс-әрекет  болғанда ғана пайда болады  және әрекетке келтіріледі, сонда  ғана іскерлік ынтымақтастық  пен өзара жауапкершілік қатынастарды  қалыптастыруға алғы шарттар  жасалынады. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудiң бiрегей үлгiсiн

көрсеткен Ресейдiң И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский,С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург жəне т.б. ғалымдармен педагогтардың  тəжiрибелi мұғалiм қауымының игiлiгiне айналды.

      Педагогикалық зерттеудiң нəтижелерiн практикаға енгiзу үшiн практикалық    қызметкерлердiң алынған нəтижелермен арнайы танысады, оны iске асырудың орындылығын, сол  арқылы осы негiзде ғылыми зерттеу нəтижесiн практикада қолдануға деген қажеттiлiк анықталатындығы В. Е. Грурман, В. В. Краевский, П. И. Керташева, М. Н. Скаткин жəне басқа ғалымдар арнайы еңбектерiнде атап айтылған. Мамандар тарапынан жедел əдiстемелiк көмек көрсету арқылы бұл ғылыми ұсыныстарды iске асыру əдiстерi мен тəсiлдерiн игеруге болады.

         Педагогика  ғылымы  дамуының  маңызды  факторы, оның зерттеу   әдістерінің  көбеюі  мен ұдайы   жетіліп отыруы. Айта кетерліктей,  бұл  бағытта  педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезеңдерде  педагогика үстірт философиялық-әлеуметтік  бақылау, пайымдаулар  бойынша ғана зерттеліп, ал  педагогикалық идеялар ұля ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ. бастап  педагогиканың  толық  қанды  ғылымға айналуына  теориялық ізденулерді  практикалық  тәрбие істерімен  байланысты  жүргізген ғалымдардың белсенді  үлесі болды. Бұл  тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар  жасағандардың  ішінде бүгінге дейін  танымал Я.А.Коменский, Г.Песталоцци, А.Дистерберг, К.Д. Ушинский, Л.Толстой, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий  сынды  педагог-ғалымдар болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

        Жеке  қасиеттерінің  дамуымен  және  еңбек рыногында  талап   етушілікпен  байланыстағы  қазіргі   кезеңдегі  мектеп бітірушілеріне  қойылған  талаптар –мұғалімнің   кәсіпкерлік деңгейінің  өсуіне  қойылған  қоғамның  талаптарын  да шиеленістіреді. Бүгінгі күні  маман-ол өзінің іс-әрекет  саласында   жеткілікті білікті адам, сонымен  қатар  практикалық  іс-әрекетте  жоғары тиімді нәтижелерге жету  үшін  теориялық білімдерді  қолдануға   тиянақты  дайындалған. Осыдан  педагогикалық зерттеу  нәтижелеріне  деген  мұғалімдердің  қызығушылықтары  туады.  

     Педагогикалық  зерттеу нәтижелерін оқытушының  жұмыс тәжірибесіне енгізу кәсіби  іс-әрекетке белгілі бір дайындықтың   деңгейі деген сөз. Ал бұл   біртұтас  педагогикалық  процесс   өмір  сүруінің  міндеттерін   шешуге  мүмкіндік береді. Тек   қана  осы жағдайда  ғана ұстаздың  творчестволық  іс-әрекеті   жүйелі болады.  Мұғалім іс-әрекетінің  сапасының  мәніне  көзқарасы  қайта қарау  қажеттілігі   әлеуметтік-өзгерістерден туғанын   білуіміз керек. Мысалы, мыңдаған  жылдар бойы   мектеп  практикасы  өсіп келе жатқан  адамға  ұйымдастырылған   ықпал  ету процесі  барысында  ырыққа  көшу  даярлығы, күнделікті  тәртіптердің  тұрақтылығына   шүбәсіз сенімділікті  қалыптастыру  негізінде жасалды. Бұл  тұлғаның  рөліне деген  көзқарас  К.Маркстің  мұқият  талдауына  түсті.  Ол  мүлде  қарама-қарсы  анықтаманы  негіздейді- адам жағдайларды қалай  жасаса, жағдайларда адамды солай  жасайды. Бұл  тұлғаның рөлі  туралы  жаңа  көзқарас іс-әрекеттің  өсіп келе жатқан  адамды өмірге  дайындаудың өлшемі ретінде   тұрақтана  бастайды.

      Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу əдiстерiнiң көбеюi мен ұдайы жетiлiп отыруы. Айта кетерлiктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бiр кезеңдерде педагогика үстiрт философиялық-əлеуметтiк бақылау, пайымдаулар бойынша ғаназерттелiп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметiнiң

нəтижесiнде ғана туындап  келдi. Ал ХIII ғ. бастап педагогиканың  толық қанды ғылымға айналуына теориялық iзденулердi практикалық тəрбие iстерiмен байланыста жүргiзген ғалымдардың белсендi үлесi болды. Бұл тəрбиелiк ой мен iстi бiрiктiрiп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың iшiнде бүгiнге дейiн танымал Я. А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л.Толстой, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, С. Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды.

       ХIХ ғ. оқыту жəне тəрбие теориясының бұдан былай тереңдеуiне ықпал жасаған  эксперименталдық зерттеулер едi.

Қазiргi кезеңде педагогикалық  зерттеулер əртүрлi əдiстердiң бүтiн  бiр жүйесi жəрдемiмен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, əңгiмелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тəжiрибенi үйрену жəне қортындылау, əлеуметтiк талдау (сұрақ, анкета жүргiзу, тестен өткiзу, рейтингтiк сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткiзу жəне т.б. əдiстер.

    Педагогикалық бақылау əдiсi. Бұл əдiс педагогикалық зерттеудiң қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебi педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушiге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректердi үйренiп, жинақтап, белгiлеп алуды қажет етедi. Мысалға, ғалым сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалiм сабақ материалын қызықты түрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейiндi тыңдайтынын аңғарады. Одан əрi зерттеушiге аян болатыны: бiр оқушылар өзiн сабақта белсендiлiкпен көрсетiп, мұғалiмнiң сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгiзедi, өздерi сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келедi жəне т.б. Ал кейбiреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейiнсiздiгiн байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушiге алғашқы болжамдарын қортындылауға мүмкiндiк бередi. Оның мəн-мағынасы келесiдей болуы ықтимал: 1) оқушылардың

зейiндiлiгi сабақтың мазмұндығына байланысты, 2) сабақта зейiндiлiк  жəне белсендiлiк танытқан оқушылардың бiлiмi бiршама жоғары дəрежеде. Бақылау əдiсi, осылайша, нақты теориялық ой-пiкiрлерге нəр берiп, кейiн олар басқа да əдiстердiң көмегiмен тереңдете зерттелiп, тексерiледi.

   Əңгiмелесу əдiсi. Бұл əдiс те ғалым-тəрбиешi мен тəрбиеленушiнiң екеуiнiң де бiрдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жəрдемiн тигiзедi. Соның арқасында ол көрiнiс берген құбылыстардың мəнi мен септерi жөнiнде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтiрiлген оқушылардың сабаққа деген əртүрлi мiнез-құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеушi бұл құбылыстың себептерi жөнiндегi өзiнiң пiкiрiн мұғалiмнiң ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшiн ол мұғалiммен əңгiмелесудi бiрден-бiр жол деп, сабаққа кезiккен құбылыстардың себебiн түсiндiрiп беруге мұғалiмдi ойыстырып, оның  пiкiрiн бiлуге ұмтылады. Белгiленген сұрақтар бойынша, мұғалiм мен оқушы пiкiрлерiнiң өзара сай

келуi немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп  төркiнiн айқындауға себiн

тигiзерi, əлбетте сөзсiз.

      Мектептiк құжаттар мен оқушылардың шығарма-шылық өнiмдерiн зерттеу əдiсi. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық iс-құжаттарын көздеп отыру үлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың күнделiктi сабақ бағаларының олардың жалпы үлгерiмiне ықпалын бiлу үшiн мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдерiмен танысып шығу орынды. Мектеп кiтапханасындағы балалардың оқырман карточкесiмен танысу олардың қызығу өрiсiнен хабар бередi. Үй тапсырма дəптерлерiн көре отырып, зерттеушi баланың үйге берiлген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгiлi бiр тақырыпта еркiн шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дүниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мүмкiн жəне т.б.

   Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдас-тырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгiленген мұғалiм мен оқушылардың педагогикалық iс-əрекетi. Бұл сипаттағы эксперименттер əртүрлi: жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттерi. Жетiскен бiлiм деңгейiн анықтау эксперименттi- зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелiнуi тиiс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негiз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шəкiрттердiң өзiн бақылауы зерттелiнуi қажет болса, осы эксперимент арқылы жəне басқа əдiстердi (əңгiмелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым-оқушылардың өзiндiк бақылау əдiстерiн қаншалықты бiлетiнiн анықтайды. Нəтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзiндiк бақылауының мүмкiндiктерi жөнiнде қорытынды жасайды.Егер зерттеушi бұл проблеманың мектеп iсiнде керi сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеудi одан əрi жалғастырып, дамыту-қайта жасау экспериментне кiрiседi, яғни алдын-ала түзiлген жоспар бойынша оқушылардың бiлiм игеру тəжiрибесiнде өзiндiк бақылаудың тиiмдi

тəсiлдерiн ендiредi. Егер нəтиже ұнамды болып шықса, алынған  көрсеткiштер теориялық талдаудан өтiп, бұл əдiстiң мектеп жұмысында қолданылуы жөнiнде қажеттi қорытындылар жасалады. Бұл проблема жөнiнде зерттеу барысының келесi кезеңi аталған эксперимент бойынша жетiскен көрсеткiштер мен қорытындыларды жалпы көпшiлiк мектеп тəжiрибесiнде тексеру. Бұл мiндет бақылау экспериментiнiң жəрдемiмен шешiледi. Бұл мектепте сыналған əдiс басқа мектептер мен мұғалiмдердiң тəжiрибесiнде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негiздесе, зерттеушi ең соңғы деректердi бiр ғылыми тұжырымға жеткiзiп, оларды педагогиканың теориялық жəне методикалық қорына өз жаңалығы етiп қосады.

     Озат педагогикалық тəжiрибенi үйрену жəне жинақтау.Бұл əдiс оқыту мен тəрбие жұмыстарын табысты өткiзiп жатқан озат мектептер мен мұғалiмдердiң тəжiрибесiн үйрену жəне оны теориялық пайымдауға негiзделген. Көп жағдайларда мұғалiмдер күнделiктi сабақ тəжiрибесiмен эмпирикалық түрде маңызды педагогикалық жаңалық-тарға жетiп

отырады, бiрақ олардың  бұл пайдалы iстерi педагогикада танылмай, тиiстi зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшiлiкке жетпей, қалып кете бередi. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой-пiкiрi ме, əдiстемелiк қорытындысына жетпейдi. Оқыту-тəрбиелеудiң озат тəжiрибесi теориялық пайымдау мен талдауға түссе ғана педагогикалық ғылым жүйесiнде орнығуға мүмкiндiк алады.

      Педагогикадағы əлеуметтiк зерттеу əдiстерi. Жоғарыда қарастырылған əдiстер бiршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулi кемшiлiкке ие: ғалым ол əдiстердi қолдана отырып, тар

өрiстi деректердi ғана дамытуы  мүмкiн, яғни зерттеу қорытындысы  болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбiр мəселелердiң шешiмi ауқымды зерттеудi талап етедi. Бұл ретте педагогтар əлеуметтiк зерттеу əдiстерiн (анкета жүргiзу, рейтингтiк бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мəселенi жылдам əрi көп сандағы

оқушыларға сұрақ қойып  анықтауға болады. Педагогикадағы əдiстер тiзбегi аталғандармен шектелмейдi.Олардың түрi мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеушi - ғалымдар мен озат мұғалiмдердiң ынта-ықылас iзденуiне байланысты, əдiстердiң жаман, жақсысы болмайды, олардың əрбiрi өз орнында құнды. өкiнiшке орай, сталиндiк жеке басқа табыну мен брежневтiк тоқырау жылдары педагогика ғылымының рөлi төмендеп, оның қызметi мектеп пен бiлiм мəселелерi бойынша жоғарыдан

түскен ңданалықң көрсетпелерге  түсiндiрме берiп, олардың ''тек дұрыс'' екенiн негiздеумен болды. Бұл теориялық ой-пiкiрдiң дамуына, үлкен кедергi болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап

тастады.

                Педагогикалық процестің саласындағы нәтижелер – бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің барысы - деректер мен құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.

Бағытталу тұрғысынан педагогикалық  зерттеулер іргелі қолданбалы жəне болжам-жобалау  деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді. Іргелі зерттеулер нəтижесінде педагогиканың  теориялық жəне практикалық жетістіктерін  қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады  немесе болжам жобалаумен педагогикалық  жүйелерді дамытудың моделдері  ұсынылады. Қолданбалы зерттеулер –  бұл педагогикалық процестің  кейбір тараптарын тереңдей тануға, алуан  қырлы педагогикалық қызметтің  заңдылықтарын ашуға бағдарланған істер.

        Педагогикалық процесстің барысы – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық процесті зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Информация о работе Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу қазіргі оқытушының іс-әрекетінің жетекші міндеті ретінде