Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2012 в 12:46, реферат
Педагогикалық процесті өткен ұрпақтың жинаған барлық мәдени байлығын меңгеру үшін балалардың өзара әрекеттерінің мақсаты бағытталған процесі, олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы ретінде түсіну керек және бұл процесс ұстаздың басшылығымен, ұстазбен, тәрбиешінің тікелей қатысуымен жүзеге асады. Педагогикалық процесс- мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді. Педагогикалық процесске маңыздысы-индивидтің қалыптаса басталуы, олардың жеке даралығының және әлеуметтік пісіп-жетілуінің қалыптасуы.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу
2.2. Оқытушының іс-әрекетінің міндеттері
ІІІ.Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.
Бақылау түрлері: араласа
бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп
жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады;
сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс
жұмыстарына тікелей
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);
- əдістемелік (зерттеу
əдістемесі мен оның оның
- эксперимент жұмысы –
бірнеше тəжірибелік зерттеу
əрекеттерін орындау (ситуация
түзу, бақылау, тəжірибені басқару
жəне зерттеушілердің жауап
- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.
Педагогикалық процестің нәтижелері педагогикалық жүйелерді дамыту мақсаты арқылы анықталады, олар, сонымен қатар, мақсатты орындауды көздейтін сан түрлі әдістердің болуын қажет етеді. Педагогикалық жүйелерді дамыту сыртқы- қоғамның әлеуметтік талап-сұраныстары және ішкі- әлеуметтік – педагогикалық жағдайларына тікелей байланысты.
Қорытынды
Педагогикалық процестің барысы мен нәтижелері– білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық процесті зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
Сонымен қорыта айтатын болсақ, педагогикалық процестің барысы мен нәтижелерін зерттеу қазіргі оқытушының іс-әрекетінің жетекші міндеті ретінде қолданылады. Педагогикалық процесс субъектілерінің құрамы нақты мұғалімнен тәуелді жинақталады. Педагогикалық процесс- мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттермен алмасуы. Сондықтан да іс-әрекеттердің элементтері педагогикалық процесс құрылымына кіреді.
Педагогикалық процестің мынандай заңдары болуы мүмкін:
-бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері тек өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
-индивидтің өзін іс
жүзінде көрсете алатын және
өз орнын таба алуға дайын
белгілі бір әлеуметтік-
- ұстаздар мен оқушыларды
біріктіретін ұйымдастырылған
Педагогикалық
процестің заңдары- оның
Қазіргі кезеңде
кәсіби іс-әрекет табысты
Педагогикалық
процестің барысы мен
Педагогикалық
процесс бөліктерінің
Пайдаланылған әдебиеттер