Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 21:42, реферат
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.
1.1. Пунктуацияның қолданылу тарихы
Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.
Әріп сөздің және оның
формасының жеке дыбыстарын
Пунктуация, емле сияқты, дұрыс жазудың, жазылғанды дұрыс оқып, дұрыс түсінудің құралы.
Пунктуация жазылған
мәтіннің мазмұнын, негізгі ойды
дұрыс түсінуге, оны мәнерлеп
оқуға мүмкіндік жасайды. «
Пунктуация – адамдар
арасында қатынас құралы
Жазғанды, айтқан ойды
басқалар қалай қабылдайды
Сөздерді дұрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі.
Пунктуация жазу тілінің дамуымен, әсіресе баспа ісінің дамуымен тығыз байланысты. Бірақ ол жазу тілімен бірге туып, әрдайым онымен қатар жасап келе жатқан категория емес. Тыныс белгісінсіз де жазу болған. Жазудың пикторграфиялық және идеографиялық түрлерінде жеке сөйлемге, жеке сөздерге сараланбай жүрген тізбекті жазу дәуірлерінде ешқандай тыныс белгісінің де және оған мұқтаждықтың да болмағандығы мәлім.
Тыныс белгісі
– жазу тілінің жазу мәдениетін
Жазу мәдениеті дамуының қазіргі сатысында тілдерде тыныс белгілерінің түрі де, атқаратын қызметтері де әр алуан. Бірақ солардың бәрі бір мезгілдің ішінде, бірден пайда бола қалған емес. Жалпы жазу тілі сияқты, тыныс белгілері де, оларға байланысты заң, ережелер де бірте-бірте дамып, жетіліп отырған. Алғашқыда тыныс белгілері жазылған пікірді әр түрлі мәнді бөлшектерге бөліп тұру функциясында ғана қолданылған. Сонымен бірге, олар түр-тұрпаты жағынан да, қызметі жағынан да қазіргі тыныс белгілерінен өзгеше болған.
Орыс тілі пунктуациясын зерттеген ғалымдар орыс тілінің қолжазба түрінде сақталған ертеректегі жазу нұсқаларында сөйлеудің әрбір мағыналы бөлшектерінен кейін, көбінесе жеке сөздерден кейін, нүкте немесе бірнеше нүктеден құралған ромбик, қос нүкте тәріздес түрлі белгілердің қойылғандықтарын және олардың өздері де белгілі бір заңға, ережеге негізделмей, еркін қолданылатындықтарын айтады. Дәл осы тәріздес жағдай түркі тілдерінің көне замандардан қалған жазу ескерткіштерінде де кездеседі.
Біздің жыл санауымыздың V- VІІ ғасырлары шамасында жазылып сақталған Орхон-Енисей жазулары деп аталатын ескерткіштердің кейбіреулерінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі қойылса, кейбіреулерінен кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі қойылып отырған. Ал араб әрпімен жазылып сақталған ертеректегі қиссаларда, дастандарда өлең жолдары арасына қойылған, тіліміздегі қазіргі графикалық белгілердің бірде-біріне ұқсамайтын түрлі белгілер кездеседі. Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің бастапқы функциясы сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана болғандығын, бөлуші белгілердің түр-тұрпат жағынан қазіргі белгілерден өзгеше болғандығын байқатады.
Қазіргі
заманда тілдерде кездесетін
тыныс белгілеріне тән тағы
бір қасиет – олардың
Тыныс белгілері түр-тұрпаты жағынан да, мағыналары мен функциялары жағынан да тілдердің басым көпшілігінде біркелкі болып келеді.
Қазақ тілінің
пунктуациясы кенжелеп туып, кеш
дамыды. Октябрь революциясына дейін
белгілі бір жүйеге
Қазақ
тілінің қазіргі графикасында, баспасөз
тәжірибесінде ғылыми негізде
қалыптасып орныққан, тұрақты жүйеге
келтірілген әрқайсысының
Қазақ тілінің
пунктуациялық жүйесі мен
Жазуларында
ешбір тыныс белгісінің
Жазуда тыныс
белгілерінің алғашқы
Түркі тілдерінің бұрынғы ерекшеліктерінде тыныс белгісі таңбасының алғашқы элементтері кездеседі. Ол кездегі бар белгілер көбінесе тыныс белгісі қызметінен гөрі бір сөзді екініші сөзден айыру қызметін атқарған.
Қазақ тілінде
шыққан алғашқы
Бертін келе, 1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға әредік сызықша (-), әр түрлі жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды қолданады. Ондай жұлдызшалар сөйлемнің біткенін, дауыс үзілісін білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды. Пікірміз дәлелді болу үшін, газеттен үзінді келтірейік:
«Байан ауылдық қазақ орыслары қазақлардың үстінан көб арыз бирады бізлерді қазақлар қағыб соғыб күн көрсатбайды диб – бұлармин сөйласіб китсак қазақлар ұры қазақлар залым қазақлар атұрдағыштар диб айта бастайды* бұған қарағанда қазақ мин қазақ орыслар бірүн бірі күндиб жау боб жатыр диб ойлауға болады оларда рас айтсақ мұндай нарсе болмаса керек* біз қазақлар қазақ орысларды жик көрмайміз жаңғызақ біздир өтірук жаладан ақтануға үмит итіб ойлаймыз ақ іс барча іслардан жоғары болса керек ғой диб* арамызда жаман айыбсыз адам жоқ диб таңбаймыз».
Жалпы әрбір тыныс белгісінің өзінің қолданылу, пайда болу тарихы бар. Мысалы: «Дүниежүзінде тұңғыш рет үтір белгісі (кіші тыныс белгісі) кітап бетінде XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында пайда болды. Оны алғаш рет кітапқа енгізген венецияның атақты баспаханашысы Альт Мануций еді. Бұл уақытқа дейін кітаптарды тек қана екі тыныс белгісі – нүкте мен қос нүкте ғана қойылады екен. Кітап соңына мазмұн жазуды да алғаш енгізген Мануций еді. Ол сонымен бірге кітаптың ірі әріппен терілген алғашқы бетін кітап дүкенінің маңдайшасына іліп қояды екен. Бұл дүние жүзіндегі алғашқы кітап жарнамасы еді». Ал тырнақшаның өзінің шыққан уақыты бар.
Профессор С.Е.Маловтың
Арғы кездерді былай қойғанның
өзінде беріректе жазылған
Академик В.В.Радловтың 1870
жылы шыққан «Образцы народной
литературы тюрских наречий»
деген еңбегінде тыныс
В.В.Радлов текстерінде тыныс белгілері
ішінен жақша мен көп нүкте
ғана кездеспейді. Лютштің 1883 жылы басылып
шыққан «Киргизская хрестоматиясында»
тыныс белгілері былайшы
П.М.Мелиоранскийдің 1897 жылы шыққан «Краткая грамматика казак-киргизского языка» деген кітабында мысалдарға қойылған тыныс белгілері мынадай түрде болып келеді: Қысқа бақай, тар мықын, кебеже қарын, кең құрсақ... тарланым; Битке өкпелеп тоныңды отқа салма; Жігіт айтты: атын байлайтқғын болмасын.
В.Катаринский 1897 жылы шыққан «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде мынадай сөйлемдер келтіреді: «Орысша сөйлей білсек, бәрін де айтар едім. Бір жол бар – жақын, жақын болса да алыс. Әуелі ойла, сонын соң істерсің. Бұл мысалдардан П.М.Мелиоранский мен В.Катаринскийдің қазақ тілі грамматикаларында да тыныс белгілерінің бірсыпыра түрлерінің кездесетіндігі көреміз. Дегенмен, мұнда да пунктуациялық жүйе сақталынбайды.
1915 жылы шыққан
«Жазу қағидалары» деген
Бұл келтірілген мысалдардан XIX ғасырда және XX ғасырдың басында түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде баспадан шыққан кітаптарда тыныс белгілері дұрыс, жүйелі түрде қолданылмаса да, таңбалардың элементі мен оларды пайдаланудың алғашқы тәжірибесі көріне бастағанын аңғартады, екіншіден, қазақ тілі пунктуациясы жүйелі, ғылыми негізде Ұлы Қазан социалистік революыиясынан кейін ғана орыс тілі пунктуациясы үлгісін басшылыққа ала отырып, қалыптаса бастады деген пікірімізді толық дәлелдей алады.
Орыс алфавитіне көшкен кезде, кейбір қазақ тілі мамандарының «Жазуда тыныс белгілерін дұрыс қоя білу керек, осы уақытқа дейін жұрттың бәріне бірдей заң болатындай тыныс белгілерінің ережелері жоқ, қазір қазақ халқы орыс алфавитіне көшір отырғанда, жазуда үлкен маңызы бар тыныс белгілерін дұрыс қоя білу мәселесін де осы бастын қолға алу керек» деген сияқты баспасөз бетіндегі пікірлері де қазақ тілі пунктуациясына назар аударып, оны жазудың көмекші құралы ретінде тануға түрткі болғандығы сөзсіз.