Пунктуацияның қолданылу тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2013 в 21:42, реферат

Описание работы

Пунктуация жазуда қолданылатын тыныс белгілерінің құрамын атқаратын қызметтері мен білдіретін мағыналарын және оларды қолдану ережелерін зерттейді. Пунктуация – латынның «пунктум» деген сөзінен алынған. Пунктумның мағынасы – нүкте. Қазіргі уақытта пунктуация тіл білімінің тыныс белгілері туралы, оларды қолдану ережелері ілім деген мағынаны білдіреді. Тіл дыбыстарының таңбалары сияқты, тыныс белгілері де графикалық шартты белгі болып табылады. Бірақ шартты белгі болғандарымен, атқаратын қызметтері жағынан да, қолданылатын орындары жағынан да бұл – екі бөлек категория.

Файлы: 1 файл

Орфографияның зерттелуі.doc

— 82.00 Кб (Скачать файл)

  Қазақ тіліне ғана  емес, басқа түркі тілдерінің жазуларындағы тыныс белгілерінің қолданылуына да орыс тілі тыныс белгілері игілікті әсер етті.

  Түркі тілдері  Қазан революциясынан кейін де  біраз уақыт тыныс белгілерін  ешбір ережесіз қолданды. Тіпті  қазіргі уақыттың өзінде кейбір  тыныс белгілері орыс текстерінде де солай қойылып жүр. Мысалы, бұрын жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылушы еді. Кейінгі уақытта жалпылауыш сөздерден соң сызықша қойылып келеді. Қазақ жазуындағы бірыңғай мүше алдындағы қос нүкте орнына қойылып жүрген сызықша орыс пунктуациясының әсерінен екендігі айқын. Демек, қазіргі қазақ тілінде тыныс белгілері бірыңғай мүше алдынан осылай екі түрлі болып келсін деген ережелерді кездестіре алмаймыз.

   Біз сөйлем  ортасында айтылған автор сөзінің  екі жағынан үтір мен сызықшаны  былайша қабаттастырып қоятынбыз: Өзімізді таныстыруға рұқсат етіңіз, - деді жігіт баяу ғана майда қоңыр дауыспен, - осы араның аңшысымын, атым  - Владимир... («ҚӘ»). Бұл жөнінде «Сөйлем ортасында айтылған автор сөзінің екі жағынан үтір және сызықша қойылады» деген ереже болса да, қазір газет-журналдарымыз төл сөздің ішінде келген автор сөзінің екі жағынан тек үтір қойып жазып жүр.

  Орысша текстерде  қойылған интонациялық сызықша  қазақша аудармасында да қойылады. Мысалы: қазақшасын алсақ, былай  болып келеді: Бейбітшілік үшін сыйлық – бейбітшілік үшін берілген сыйлық емес дейтін адамдарды мен түсінбеймін («СК»). Орысшасы: Я не понимаю людей, которые говорят, что пермия за мир – это не премия за мир («Каз. Правда»). Міне, осы сияқты көптеген салыстырма мысалдар М.Әуезовтің: «Орысша текстің өзінде болған тыныс белгілерінің көбі қазақша тексте де қолданылады», – деген пікірін растайды. Сонымен, жазу мәдениеті қалыптасқан тілдегі пунктуцияны зерттемеуге, пунктуациялық дағдыларды жетілдіріп, сараламауға болмайды.

   Қазақ тіл білімінде  пунктуация мәселелерінің зерттелу  тарихын баяндағанда, тыныс белгілері  жөнінде жазылған азды-көпті еңбектерді  негізгі үш салаға бөліп қарауға  тура келеді: тыныс белгілері  туралы жазылған жеке мақалалар;  тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына арналған оқулықтарда баяндалуы; тыныс белгілеріне арналған жеке кітапшалар және олардың жетістік жақтары мен кемшіліктері. Бұларға қысқаша тоқталайық

   Хронологиялық  жағынан алғанда, қазақ тілінің  тыныс белгілері жөнінде жазылған  алғашқы еңбектердің бірі – Ш.Сарыбаевтың сөйлемде үтірдің жазылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылар тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Автордың тыныс белгілерін қоя білуде интонацияның рөлін бағалауы, әрине дұрыс. Дегенмен, автор мұнда тыныс белгілерін тек интонацияға ғана байланыстырып қарап, мәселені бір жақты шешеді, интонация пунктуациялық негіздердің бір түрі ғана екені ескерілмейді.

  Ш.Сарыбаевтың «Тыныс  таңбалары деген мақаласында  қаратпа сөздердің сөйлемнің  басқа мүшелерінен үтір арқылы  ажыратылатыны жөнінде дұрыс  ереже беріледі.

  Тыныс белгілері  жөнінде С.Жиенбаевтың шағын көлемді  екі мақаласы бар. Оның екеуі  де «Тыныс белгілері» деп аталады. Автор бірінші мақаласында жалпы тыныс белгілерінің маңызына тоқтала келіп, үтірдің қойылатын орындары туралы ережелер береді. Автордың сөзімен айтқанда, олар мыналар: «араларында демеу жоқ біртектес мүшелердің үтірмен ажыратылатындығы; тектес мүшелер арасында «я», «немесе» сияқты демеулер тұрса да, үтір қою керектігі, ал тектес мүшелер арасында «мен», «және», «тағы да» т.б. осы тәріздес жалғау демеулердің бірі қолданылса, олардан соң үтірдің қойылмайтындығы; салалас құрмалас сөйлемдер құрамына енген жай сөйлемдерді бір-бірінен үтір арқылы ажырату керектігі; қаратпа, қыстырма, оңышаланған мүшелерді сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы бөлу қажеттігі» т.б. С.Жиенбаев «Тыныс белгілері» деп аталатын екінші мақаласында бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша, төл сөз бен бөгде сөз, бірыңғай мүшелерден соң немесе бұрын қолданылатын жалпылауыш сөздің тыныс белгілерінің кейбір мәселелеріне тоқталады.

   Х.Басымов «Сөйлемнің  тыныс белгілерін дұрыс жаза  білейік» деген мақаласында көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің қойылатын орындары жөнінде біраз түсініктер береді.

   М.Балақаевтың  «Сауатты жазудың негізгі шарты  – тыныс белгілерін дұрыс пайдалану»  деген мақаласында тыныс белгілерін  дұрыс қоюдың негізгі грамматикалық  құрылыс және дауыс ырғағы делінеді. Алайда, автор бұл дұрыс пірікірін тереңдетіп, нақты дәлелдемеген. Мақалада сұрау мен леп белгілерінің қойылатын екі жағдайы ғана сөз етіледі.

   Қазақ тілі  пунктуациясы жөнінде мақала  жазған авторлардың бірі - Ә.Хасенов.  Тілші-ғалым өз еңбектерінде қазақ тілі пунктуациясының қалыптасуында бірнеше ғасырлық тарихы бар, замандар бойы сұрыпталып, қалыптасу дәуірін басынан кешірген орыс тілі пунктуациясының орасан зор роль атқарғанын дұрыс көрсетеді. Еңбекте сөйлемнің оңашаланған мүшелері, қыстырма сөздермен сөйлемдер және бұл категорияларды бір-бірінен ажырата білу, оларға қолданылатын тыныс белгілері жөнінде бірсыдырғы дұрыс айтылады.

  Сонымен, қазақ  тілі пунктуациясын қалыптастырып,  бір ізге түсіру және оның  ережелерін саралап, жақсарту мәселесінде мектеп оқушыларына арналып жазылған қазақ тілі грамматикаларының да маңызы зор болды. Бұл оқулықтарды тыныс белгілерінің жалпы теориялық мәселелері, тыныс белгілерін айқындаудағы принциптер мен критерийлер, тыныс белгілерінің қарым-қатынастары және әрбір тыныс белгілерінің мағыналары толық ашылып, олардың қолданылатын жерлері түгел айтылмады.

   Тыныс белгілерінің  зерттелу тарихын сөз еткенде,  тағы бір көңіл бөлетін   нәрсе – осы тақырыпқа арналып  жазылған төмендегі жеке кітапшалар: С.Жиенбаевтың «Сөйлемнің тыныс белгілері», А.Ысқақов пен Ә.Хасеновтың «Тыныс белгілері», Р.Сыздықова мен Қ.Неталиеваның «Тыныс белгілері ережелері» Ф.Мұсабекованың «Жай сөйлемнің пунктуациясының негіздері», Ф.Мұсабекованың «Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы».

   Қазақ пунктуациясының  тарихы бойынша жазба текстердегі  алғашқы тыныс белгілері –  дауыс үзілістері. Дауыс үзілісінің  өзі текстегі мағынаға қарай  әр түрлі айтылады., яғни сөйлемдегі  сөздердің арасында кідіріс түрліше  болады. Ол кідіріс әрбір сөзден, сөз тіркесінен не сөйлемдерден кейін бірде аз, бірде көп тоқтауды қажет етеді. Бірақ олардың бәрі тыныс белгісі арқылы                      белгілене бермейді.

   Кейбір жазушылар  да пунктуациялық сауаттылыққа  айрықша көңіл бөлген. А.П.Чехов  «Леп белгісі», «Ойшы» деген әңгімелерінде пунктуациялық сауаттылықтың мәдени өмірде көп пайдасы бар екенін тамаша көрсеткен. А.П.Чеховтың «Ефим Фомич Перекладин» деген кейіпкері 40 жыл бойына жазуды көп жазып жүріп, леп белгісін бірде-бір рет қоймаған екен, екінші бір Меринов деген кейіпкері әрбір сөзден кейін үтір қойып жазады.

     Сөйтіп, қазіргі қазақ тілі тыныс белгілерінің зерттелу тарихына көз жібергенде, біріншіден, тыныс белгілерінің көптеген мәселелерін зерттеп, өздерінің үлестерін қосқан қазақ ғалымдары аз емес, бірақ дегенмен де пунктуациялық теория және практикалық мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешу аса зор еңбекті қажет етеді.

     Пунктуация  жүйесіндегі белгілерді мағынаға  қарай дұрыс қолданудың маңызы  зор, себебі бір тыныс белгісінің беретін бірнеше мағынасы болады. М.Н.Петерсон: «один знак может иметь несколько употреблений и, наоборот, одно и то же явление может обозначаться различнями знаками» – деп, өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін, мүмкіндігі болғанша, олардың әрқайсысының қызметін даралап, оларға берілетін ережелерді бірыңғайластыру керек. Тыныс белгілерінің ережелерін бірыңғайластырумен бірге әрбір тыныс белгісінің бір ғана атпен аталуын да бір ізге түсірген жөн. Мысалы, нүктені біреу «ноқат» десе, біреулер «ұлы тыныс» дейді.; үтірді «қайырма», «кері үтір» десе, нүктелі үтірді «үтірлі ноқат», «үтірлі нүкте», «нүктелі үтір» дейді; қос нүктені «екі нүкте», «екі нүкте», «екі ноқат», «қабат белгі», «қос нүкте» деп, төрт түрлі айтады т.б.

   Біздіңше, тыныс  белгілерінің қалыптасқан мынадай терминдерін қолданған жөн: нүкте, көп нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, сұрау белгісі, леп белгісі және жаңа жол (немесе абзац).

   Тыныс белгілерінің  дұрыс қойылмауы да кездеседі.  Мысалы, кейде дефис пен сызықша  бір көлемде қойылады. Бұдан мағынаға онша нұқсан келмейді. Бірақ дефистің морфологиялық белгі екендігін айыру керек. Тыныс белгісіне кірмейтін морфологиялық дефис сызықшаның жарты сызығындай ғана көлемде қойылуға тиіс. Осы тәрізді, тырнақшаның алғашқы сыңарын тырнақшаға алынатын сөздің я сөйлемнің бірінші сөзінің төменгі жағынан ашудың орнына, оны сөздің жоғырғы жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің я сөйлемнің соңғы сөзінің нүкте қойылатын жерінен төменірек қоюшылық бар. Мысалы: «Мүмкіндік», «реальность» дегенді мен де білемін дегенде тырнақшаның бірінші сыңары жоғары қойылмай, «мүмкіндік» сөзінің төменгі жағынан, ал екінші сыңары сөздің жоғарғы жағынан қойылады.

   Жазба түрде  берілген ойды қағазға айқын  түсіру үшін, ойымызды екінші  біреуге жазба түрде дұрыс айтып беру үшін, әрбір дыбыстарды, әрбір тыныс белгілерін орын-орнына қоя білуіміз керек. Орфография мен пунктуацияны білмейінше, сауатты жазу мүмкін емес.

   Бұл туралы  К.Белинкский мен М.Уваров: «...только  наличие единой орфографии и  пунктуации в языке дает возможность читателю понимать пишущего» – деп, өте дұрыс айтқан.

Тыныс белгілері дұрыс  қойылған сөйлемді оқу да, ұғыну  да жеңіл. Тыныс белгісін дұрыс қою  арқылы жазушы өз ойын, сезімін жазба  түрде дәл жеткізеді және айтпақ ойын екінші адамдардың сондай дәрежеде дұрыс түсінуіне жәрдемші болады.

 Пунктуацияны дұрыс  қоя білудің бір критерийі  – интонация болып табылады. Мұнсыз  ешбір мағына айқындығы болмайды. Пунктуация жазу тіліміздің құралы  болса, интонация – ауызекі  тіліміздің құралы. Бұл екеуі  бір-бірімен байланысты. Сөйлеген сөзіміз екінші біреулерге түсінікті, құлаққа жағымды болу үшін, сөздерді мәнеріне келтіріп айта біліп, тыныс белгісі дұрыс қойылған текстерді айқын етіп оқи алатындай болуымыз керек, өйткені бір сөйлемді әр түрлі интонациямен оқу салдарынан сол сөйлемнен әр түрлі мағына туады, яғни адамның шындыққа, әр түрлі оқиғалар мен құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан аңғарылады. Қысқасы, сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы беріледі.




Информация о работе Пунктуацияның қолданылу тарихы