Сабақтың жаңа түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2014 в 07:20, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-гуманитарлык салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау -соның айқын айғаш. Соған орай жалпы білім. беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім.

Содержание работы

КІРІСПЕ.................................................................................................3
1 Оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың түрлері..............................4
2 Қазіргі сабақтың жаңа түрлері..........................................................9
3 Білім берудегі инновациялар............................................................10
4 Оқушылардың оқу-танымдық әрекетін тексеру және бағалау.....12
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................25

Файлы: 1 файл

Сабактын жана турлери.doc

— 108.50 Кб (Скачать файл)

Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның кәрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметін нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

Күнделікті  бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жаң-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.

Күнделікті бақылау  мүғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.

Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезендері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мүғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материаддарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғыңда өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады.

Тарау бойынша бақылау  нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың  жыл бойында алған теориялық  және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.

Машинасыз бағдарламалап  бақылау әдістері бойынша перфокарталар  және бақылау карталарын қолданып оқушылардың  теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мүғалім оқыту және білім  беру мазмұны бөлім бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сүраққа вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұрақка ғана дұрыс жауап беріледі. Калған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді (1, 269 бет).

Бақылаудың тағы бір бөлігі,  кейбір жағдайда тапсырмалар түрі деп ұғынылады  (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зсртханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бірі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалі; тұрағына жауап беру т.б.).

Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік.

Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) — бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар   оқу   әрекстінін   басқа   буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді. Түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау; тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.

Жеке-дара қатынас - әрбір  оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оку әрекеті т.б.) қарастырады.

Жан-жақтылықта - бақылау оку бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Диффериенциалдык қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мүғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:  ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).

 

- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).

-  практикалық бақылау  (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).

-  машиналы бағдарламалап  бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).

- езін-өзі бақылау, бағалау (кателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сейкес балл

кою).

 

Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдык, топтық  және дербес формалары қальштасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.

Фронтальдық (жаппай) бақылау жатдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей талсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек бірігу іс-әрекетіңде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.

Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысыңда мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.

Бақылаудың дербсс формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда окушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса коңіл аудару керек.

Оқыту процесінде оқушылардың  өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бакылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысынын беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді.  Өзін-езі  тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындағаны жаттығу, есеп шығару жөне тәжірибе -жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал,

Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқүрайлылыкқа салынуға болмаиды,

Баға "балл" есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.

 

"5" бағасы - оқу материалын  толық, дәл логикалық, бірізділікпен  айтылған жауапқа қойылады;

"4" бағасы - оқу материалын  толық біледі, бірақ болар-болмас  кемшілігі бар жауапқа қойылады;

"3" бағасы - жауабы  негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;

"2" бағасы — оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;

"1" бағасы — тексерілген оқу материалы бойынша білімі жок, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.

 

Зачет (сынақ)-  қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жүмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді. Емтихан - оқушылардың білімін корытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) окушылардың, білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оку жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.

Емтихан мен жылдық үлгерім  бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады

Оқыту - динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда кызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міңдеттерінің өзекті

мәселелерінің бірі.

Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін аныктап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік түрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарыңда оқыту процесіндегі рейтинг - тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

Рейтинг - ағылшын тілінде  "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген үғымды білдіреді.

Рейтинг жүйесінің мақсаты:

 

- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;

-  оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру және әділдігін орнықтыру;

-  оқу-таным әрекетіндегі  білім,  білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылауда жүйелілікті қамтамасыз ету;

- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін, белсенділігін арттыру;

- тексеруде уақытты  үнемдеу.

 

Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті мен студенттердің оку әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады, оқу процесінің барлық кезендерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бакылау және бағалаудың ікімділігін арттырады.

Тест - оқытудың белгілі  бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытын көп жолғалтпас үшін көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қандай болса, солай түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінше жариялылығын, тапсырма мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамасыз етуді т.б. талап етеді.

Бақылауда рейтинг-тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік," немесе тарау болып саналатын модульдерге (блоктарға) біріктіріледі. Модульдердің саны оқу пәндерінің мазмүнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің құрылымы оқу материалының белгілі бір бөліктсрінен (порция) тұрады. Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өзбетінше тереңдетіп оқу тақырыптары мен тапсырмаларынап құрылады.

 

Рейтинг-тестік бақылау  түрлеріне:

 

а)  күнделікті немесе ағымдық (текущий),  аралық (рубежный),

б)  қорытынды (итоговый) бақылау жатады.

 

Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модулдер бойынша жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тарулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезекде ұйымдастырылады.

Аралық бақылау әрбір модульдер аяқталған кезенде жүргізіледі. Осы аралықта коллокниум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын қолдануға болады. Дегенменде, тестік жұмыстарын қоршалау артықшылығы басым болады. Себебі:

 

- тест бағалау нәтижесін  нақты көрсетеді;

- уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік туғызады;

- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол

жеткізеді;

- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тсң жағдайда Ъолады

 

Қорытынды бакылау: зачет, емтихан.

- Зачет - сынақ) жұмыстары бақылаудын дәстүрлі тәсілдері арқылы жүргізіледі.

- Емтихан тестік форма негізінде жүргізіледі.

Тестік тапсырманың  түрлері бақылау нысанасы мен тапсырмасын сипатына сай анықталады. Ол бірнеше нұсқада

жасалуы қажет.

 

Қорытынды бақылауға  тек күшелікті және аралық бақылау  қорытындысын жинақтап орта есеппен 41% жоғары балл жинағанда ғана жіберіледі.

Оқушылардың білімін  бағалау процесінде күні бүгінге дейін субъективизм (формализм) әлі де бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Информация о работе Сабақтың жаңа түрлері