Сауатты жазуға үйрету мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:17, курсовая работа

Описание работы

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І ТАРАУ. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1.Сауатты жазудың негізгі мәселелері......................................................5
ІІ ТАРАУ. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
2.1.Көшіру........................................................................................................8
2.2.Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері........................10
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16

Файлы: 1 файл

Мол.Жансая.doc

— 115.00 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................3

 

І ТАРАУ. САУАТТЫ  ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

1.1.Сауатты жазудың  негізгі мәселелері......................................................5

 

ІІ ТАРАУ. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

 

2.1.Көшіру........................................................................................................8

2.2.Диктанттың  бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері........................10

 

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.

 Жазу дағдысының  психологиялық негізгі мидың  үлкен жарты шар қабығындағы  анализатор ұштарының бір-бірімен  күрделі байланысқа түсуі, екінші  сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.

 Жазу тілі  ауызша сөйлеуден кейін шықты,  сондықтан да ол үнемі ауыз  тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы,  ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру рөлін атқарады.

 Кейінірек  иероглифтік жазу шықты. Бұл  заттарды немесе тұтас ойды  білдірген. Біздің қазіргі қолданып  жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан.

 Жазудың  құрамына алфавит, графика және  орфография (емле) енеді. Алфавит  – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика – дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса солай таңбалануы. Ал орфографиялық тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.

 Алфавит  пен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны (немесе жазу, сауатты жазу) игеруді қажет етеді.

 Бастауыш  сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре береді, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталды.

 Жазбаша  сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері  бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің  қабылдаушыға әсер ететіндей  қосымша құралдары жоқ; ол бүкіл  оқушы қауымға арналады; онда  автордың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы реніші т.б.с.с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі; жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын қажет етеді т.с.с.

 Бұл айтылғандар  бастауыш сынып оқушыларының  жазу тілін дамыту мәселесінің  күрделі екендігін көрсетеді,  яғни балалардың жазу тілін  дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.

 Бұл кезеңде  бала басымен, бүкіл денесімен  жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп,  екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.

 

 Алайда мұғалім  тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы  қозғалыстарын жинақтап, азайта  түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін  аса күш салмай-ақ қосып жаза  алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде  жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.

 Дей тұрғанымен  балалар жазуға лезде дағдыланады  деудің жөні жоқ. Себебі олардың  кейбіреулері бір, тіпті екі  жылға дейін жазу дағдысын  толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.

 Жазу қимылдары  автоматталғаннан кейін жаңа  міндет – сауатты жазуға (немесе  орфографияға) үйрену міндеті туады.

 Орфография  жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді.  Оған тілдің ережелері (әріп  таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады.

 Оқушы ереже  бойынша саналы түрде, түсіне  отырып жазу арқылы алған білімдерін  бірте-бірте дағдыға айналдыра  түседі.

 Бір орфографиялық  амал автоматталғаннан кейін  екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.

 Қазақ тілі  орфографиясының негізгі қағидасы  – морфологиялық қағида, яғни  түбір сөздің соңғы дыбысы  қосымша аралығында да (бас-шы, башшы  емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.

 Тілімізде  орыс тілінен енген, аяғы үнді  дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра  сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог  т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді  дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға  айналады, яғни д, г, б, дыбыстары  қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.

 Қазақ тілінде  фонетикалық қағидаға сүйеніп,  естілуінше жазылатын сөздер  көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.

 Қысқасы,  жазуға үйрету әдістемесі тіл  ғылымының ерекше бір саласы  болып табылатын жазу теориясына  сүйенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1.Сауатты  жазудың негізгі мәселелері

 

 Сауатты  жазуға үйрену жұмысы грамматикаға  сүйенеді. Мектепте грамматиканыы  оқыту неғұрлым жақсы жолға  қойылса, оқушылардың сауаттылығы  да соғұрлым жоғары болады. Олай  болса, белгілі бір жазу ережесінде негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мұғалім тіл  құбылыстары мен жазу ережелерін анық етіп түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастыруы тиіс. Мысалы, қандай да болмасын сөз немесе оған жалғанған қосымшалар басқаша болмай, неге солай жазылғанына оқушы түсініп және оқыған ережесіне сүйеніп оны дәлелдей алатын болса, оның ережені саналы меңгергені. Ал ережені мүдірместен айтып бергенімен, неге солай жазылып тұрғанын дәлелдей алмаса, оқушы ережені механикалық түрде меңгерген болып шығады да, ол білгендерінің сауатты жазуға пайдасы шамалы болады. Сондықтан балалар мұғалімнің басшылығымен, тіл құбылыстарын, емле ережелерін бақылап, талдауға оларды бір-бірімен салыстыруға, ой жүгіртуге, сипаттауға, өз беттерімен жазған жазу жұмыстарында қолдануға міндетті.

 Грамматиканы  оқу барысында оқушылар тіл  құбылыстарын саналы түсінумен  қатар, тілдің нақты фактілерін де білулері қажет. Мысалы, сөйлемдегі сөздерді жалғаулардың байланыстыратынын балалар есте қалдыра алады; сөйлемдегі сөздердің жалғауларын ажыратып айтып бере алады. Бірақ өздері сөйлем құрауға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрағанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметін көңіл аударып дағдыланса, мұндай байланысты өздері сөйлем құрағанда да сақтауға тырысады. Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылану қажет. Мысалы, мен (кім?) мектепке (қайды?) барамын т.б.

 Сауатты  жазуға үйрену үшін аналогия  арқылы жаза білудің де маңызы  зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе  түсінік береді. Яғни онда нақты  бір сөзді қалай емес, бір топтағы  сөздердің жазылуы көрсетіледі.  Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтіннен ұқсас мысалдарды таба білуге немес өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады.

 Дұрыс сауатты  жазуға үйрену үшін сөздерді  дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату  жұмысы әріп қалдырып кетпеуге, әріп алмастырып алмауға бірсыпыра  көмектеседі. Мұндай жаттығулар  ІІІ- ІV сыныптарда да жүргізіліп  отырады.

 Тіліміздегі  жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздері тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма-бар ма т.б.).

 Сөйтіп, сауатты  жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының  іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

 Әрине, сауатты  жазуға үйренуде қол қозғалысы  арқылы қабылдау мен елестетудің  алатын орны ерекше екені белгілі.  Көп оқитын тіпті ережені тамаша  білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз  жазуда қатені көп жібереді  және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш класс балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушылардың  сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін  жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:

 Мұғалім  жазылатын сөздің немесе сөйлемнің  мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне  әбден көзі жеткеннен кейін  барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде  мағынасына жете түсінбегендіктен  қате жібереді).

 Сөзді дұрыс  айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.

 Үнемі талдау  жасау: түбірлес сөздер табу, сөз  тіркестері арқылы сөйлем құрастыру,  ұқсастығы мен айырмашылығын  салыстыру – мұның барлығы  оқушының ойлауын арттырып, материалды  меңгеруге жағдай жасайды.

 Дыбыстық  талдау, сөз құрамына жаттығу,  сөз табының қызметі, синтаксистік  талдаулар іске асырылып, сөйлеуге  үйрету жұмыстарымен байланыстырыла  жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық  жаттығулар (көшіру, диктант) тіл  дамыту жаттығулары мен (мазмұндама мен шығарма) кезек жүргізіледі.

 Сөздік жұмыс  үздіксіз жүргізіліп отырады.  Әр оқушының жазудан да басқа  әлсіз жақтары болады (кей сөздерден  қате жіберу т.б.) Мұғалім ондай  балалармен сөздік жұмысын жеке  жүргізеді.

 Сауатты  жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала жинақтау, талдау жұмысы.

 Белгілі  бір жағдайға дағдылану біраз  уақыт жаттығуды қажет ететіні  сияқты, сауатты жазуға жаттығу  дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.

 

 Жазуға үйренуде  уақытша нерв байланыстарын шартты  рефлекс арқылы емес, операнттық  рефлекс арқылы қалыптастырудың  мәні ерекше болып табылады. Мұның мәнісі балаға дайын жұмысты орындату арқылы дағдыландырудан гөрі., өздеріне тапқызу, оларды ізденіп, қиналуға мәжбүр ететіндей тапсырмалардың тиімді нәтиже беретіні мәлім. Мұның барлығының да мақсаты қалыптасқан уақытша нерв байланыстарын (дағдыны) сақтау (сауатты жазу дағдысын) екенін жақсы түсініп, білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін ұштап отырған мұғалім ғана жұмысын ойдағыдай ұйымдастыра алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ  тарау. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР

2.1.Көшіру

 

 Орфографиялық ережелерді түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдардың арасында қандай айырмашылық бар? «пен» қайсысында бөлек, қайсысында бірге жазылуға тиіс? сияқты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.

 Жазуға байланысты  жаттығу жұмыстары әр түрлі  факторларға негізделеді:

    • Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.
    • Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған тексті жазу. Бұған диктант, мазмұндама жұмыстарын алуға болады).
    • Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.

 Жазу жұмыстарының  бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мұғалімдер көңілін аудару мақсатында ғана көрсетіліп отыр.

Информация о работе Сауатты жазуға үйрету мәселелері