Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 14:17, курсовая работа
Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты – балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру.
Жазу дағдысының психологиялық негізгі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы, ерте дәуірде адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең – идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады
КІРІСПЕ...........................................................................................................3
І ТАРАУ. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1.Сауатты жазудың негізгі мәселелері......................................................5
ІІ ТАРАУ. ЖАЗУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
2.1.Көшіру........................................................................................................8
2.2.Диктанттың бастауыш мектепте жүргізілетін түрлері........................10
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................14
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................16
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоғам мен жалпы білім беретін мектептердің сұранысына сәйкес бастауыш мектеп буында көркем жазу пәнінің мәні зор. Оқушылардың жазу дағдысы қалыптастыру оны кейінгі сыныптарда жетілдіру үшін, жазу әрекеті мен психофизиологиялық әрекеттерін ескеру жазуға үйренудің әр тәсілдерінен қарулану тек көркем жазу сабағында жүзеге асады. Ол үшін бастауыш сынып оқушыларында графикалық каллеграфиялық жазу дағдыларын қалыптастыру процессінің психологиялық физиологиялық дидактикалық негіздерін ашукерек.
Сонымен қатар оқушыларды жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс қолданып, көркем әрі сауатты жазумен бірге, айтылған ойды жылдам жазуға, оқылған тексті есте сақтап жазуға үйрету де өзекті мәселелердің бірі.
Бір қарағанда алфавиттегі санаулы дыбыс таңбаларын әдемі және жылдам жазуға балаларды үйрету онша көп қиындық келтірмейтін сияқты. Шын мәнінде бұл дағдыларды оқушылар бойында қалыптастыру барысында мектептің алдында көптеген қиындықтар кездеседі. Жазба жұмыстарын көптеп орындатуға қарамастан, кейбір оқушылар дыбыс таңбаларын, олардың бір – бірімен байланысу жолдарын жазу кезінде қолдана біледі. Дыбыс таңбаларын көркем әрі айқын жазуға дағдыланса да, жылдам жазуға әдеттенбегендіктен, айтылған ойға ілесе алмайды әрі жазу сауаттылығы мен анықтығы төмендейді.
Графикалық
– каллеграфикалық дағдыны
Бірінші сыныптағы жазу сабақтарының дамытушылық мүмкіндіктерін білу мұғалімнің, қазақ тілі сабағындығы көркем жазу минуттарын жоспарлай білу сияқты жазуға үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктеріне сүйену қажет.
Оқу тәрбие жұмысында оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, өз бетінше еңбектенуге, ізденуге және өз ойларын ауызша жазбаша жеткізе білуге үйрету – алға қойылып отырған мақсаттардың бірі болды. Бұл жұмысты қалыптастыруда жат жазу, мазмұндама, шығарма жұмыстарының маңызы зор екенін көрінді. Жазуға үйретудің оқудан бөліп қарауға болмайды. Оқуға үйретудің алғашқы күннен бастап жазуға қойылатын талапты естен шығармау керек. Әліппе кезеңінде алғаш білімдерін пысықтап, оқу және жазу дағдыларын дамыта түсу мақсатында арнайы мағлұмат беру. Бірақ бұл мағлұматпен шектелмей, балалар кітапшаларынан, журналдарынан алу, ертегі, әңгіме оқытып, жазғызған жөн. Жазуға төселдеру үшін шығармашылық пен ізденіс шеберлік керек. Бұл жұмыс жеңілден ауырға күрделеніп отырады. Алғашқы сабақтарда дыбыс саны аз сөзді, кейін дыбыс саны көп сөзді естіп жазуға төселдірілген дұрыс.
Сауатты көркем
жазудың негізі - әліппенің сауат
ашу кезеңінде қалыптасады. Бұл
жұмыс шығармашылықпен
Әріп диктанттынан
кейін қатемен жұмыс
- өткен дыбысты есту бойынша жаза алмаса, суретші дидактикалық материал, жетекші сурет көрсетіп, алфавиттен таңбалануын көріп жазу немесе әр түрлі зат суретін көрсетіп, сол дыбыстан басталатын затты табу, әріпті жазу, білмесе оқушылар көмегімен орыдап дәптерге жазғызып, жаттықтырып, есінде сақталғанша жұмысты жалғастыру – алфавиттін берілген әріпті іздеп табу, жеке кассада жинау. Бұл үшін « Кім көп тереді? », « Теруге қатыс », « Жарысқа түс » деген ойындар ұйымдастыру нәтижесін көрсетті. – Бас әріппен кіші әріпті аралас беріп тауып жазу астын сызу жұмыстарында: « Қатем бар ма? », « Өзіңді байқа », « Іздеріңді тап » сияқты ойындар арқылы жұмыс істеу қолайлы.
Әріп жат жазуын жазуға үйренген оқушылар да сол әріптерден құралған буын диктантын жаздыру қажет. Алдымен буын кестесімен жұмыс жасап оқушы дағдысын жетілдіреміз.
Буын жат жазуда мынадай үлгіні ұсынады:
Бастауыш сыныпта жазуға
үйретуді машықтандыруда әріп буын жат
жазуларын дұрыс жазып
Жат жазу жиі болса оқушылардың сауаты артады. Жат жазудың мақсаты – оқыған ережені оқушының қаншалықты меңгергенін, қосымша қандай жұмыс жүргізу керек екенін анықтау. Баланың жазу дағдыларын жүргізуде жат жазу жүргізу жұмысына қоса қатені түзету жолдарын да ұсынамыз. Олар: үйрету жат жазуы және көшіріп жазу жат жазуы.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ