Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:02, реферат
Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады. Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды. Жаңа туылған кезеңде сәбидің барлық органдарының қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі қызметі қолайсыз жағдайларда әртүрлі органдар жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын, әлі орнықпаған тепе-теңдік жағдайда.Жас сәбидің терісі өте нәзік, жұп-жұқа, лезде жарақаттанады. Сүйек ұлпасында кальций тұзы аз мөлшерде, сүйек жүйесінің кейбір бөліктері шеміршек ұлпасымен берілген.
1. Сәбидің алғашқы айларда дамуы..................................................3
2. Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыстар.........................................7
3. Сәби тілінің шығуына байланысты дағдарыстар..........................8
4. Сәбидің алғашқы алты айда тамақтандыру..................................11
5. Алты айдан асқан баланы тамақтандыру......................................12
6. Қорытынды..................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................
Мазмұны
Сәбидің алғашқы айларда дамуы
Бала өмірінің алғашқы жылдарын екі кезеңге бөлуге болады:нәрестелік және сәбилік.Сәбилік кезең 4 – 6 аптадан 1 жасқа дейін созылады.
Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады. Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды.
Жаңа туылған кезеңде
сәбидің барлық органдарының
қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі
қызметі қолайсыз жағдайларда
әртүрлі органдар жұмысының
Ми сауытының сүйегі икемді, туу кезінде сәби басының әйел жыныс жолдары арқылы жеңіл өтуін қамтамасыз ететін және өмірдің бірінші жылында ми сауыты мен мидың пара-пар дамуына ықпал ететін үлкен және кіші "еңбегі" болады. Үлкен "еңбектің" мөлшер шамамен 3,3 см-ден 1,5-2 см дейін және қалыпты жағдайда бір жасқа дейін жабылуға тиіс.
Жас сәбидің ас қорыту жүйесінің қызметі жетілмеген. Ішек қабырғалары жұқа, микробтар және улы заттар өтуіне қолайлы тамақтандыру кезіндегі бұзылыстар кезіндегі бұзылыстар негізінде көптеп түзілетін газдармен жеңіл созылады. Бұл жиі жағдайда іш ауыруының себебі болады. Туғаннан кейін бірінші күндері сәби ағзасынан алғашқы қоңырқай - жасыл, созылмалы, ас қорыту жолдары бөлінділерінен, эпителиден және ішілген ұрық жаны суларынан құралатын иіссіз масса - меконий бөлінеді. Содан кейін қоймалжын текті ауыспалы деп аталатын қоңыр-жасыл нәжіс, ал тағы 1-2 күннен кейін сарғыш түсті қалыпты дәрет пайда болады.
Сәби жарық пен қараңғылықты айыра біледі: жап-жарықта ол көзін жұмады, ал көмескі жарықта ашады. Түстерді ол кейінірек айыра бастайды, алайда туғаннан бастап оның назарын ашық, қызыл, жылтыр түстер аударады. Иіс сезу, есту, терімен қабылдаушылық сезімдері едәуір тез дамиды. Мысалы, сәби туғаннан кейін 3 күн өткен соң өз анасын иісі арқылы таниды.Өмірдің жаңа шарттарына бейімделу нәтижесінде, жас сәбидің ағзасында көптеген өзгерістер болады. Олра ауруға ұқсас жағдайламен қабаттасады, алайда, уақытша қылық танытады және емдеуді керек етпейді. Мысалы, бірінші күндері дене салмағының физиологиялық жоғалту деп аталатын, 5-7% азаюы белгіленеді. Дене салмағының азаюы негізінде тері және өкпе арқылы тыныс алғанда суды жоғалту себебінен, кіндік қалдығының құрғауының, меконидің, зәрдің бөлінуінен болады. Сәбиді дұрыс тамақтандыру барысында 8-10-шы күнге қарай оның дене салмағы қалыпқа түседі.
Физиологиялық сарғышытық – сәбилердің көбінде өмірінің 3-4-ші күндері пайда болатын терінің, шырыншы қабаттарының сары түске боялуы. Бұл кезде қанда билирубиннің көптігі, ал нәжіс пен зәр түсі дағдылы қалыпта екені байқалады, сәбилердің физиологилық сарғыштығы ешқандай емдеуді талап етпейді және жеті күн ішінде өз өзінен кетеді.
Кей кезде нәрестенің жиі жағдайда жая, құйымшақ, бөксе тұстарының терісінде орналасқан көкшілсұр пигменттік дақтар байқалады. Дақтар нәресте өмірінің бірінші жылы ішнде жоғалады.Сәбидің желкесінде, маңдайында, жоғарғы қабақтарында эмбрион қантамырларының қалдықтарымен берілген тері капиллярладың кеңейюі байқалуы мүмкін. Жасы есейе келе бұл кетеді, кейде сәби айқайлағанда және мазасызданғанда ғана білінуі мүмкін.Сәби кезеңінде жыныстық криздер деп аталатын көрінстер жиі байқалады, бұл сүт бездерінің ұлғаюымен, қаздардаң жыныс органдарының бөлінетін шырышты және қанды бөлінділермен және ұлдардың жыныс органдарының өсуімен білінеді. Сүт бездерінің ұлғаюы сәби өмірінің алғашқы күндері байқалады және 8-10-шы күндерде ең көп мөлшерге жетеді. Қыздардың жыныс органдарынан бөлінетін бөлінділер және ұлдардың жыныс органдарының ісігі 3-7-ші күндері пайда болады және бірнеше кен сақталады. Жыныстық криздерге “айыпты” сәби ағзасына түскен ананың гормондары.Сүт бездерінің ұлғаюында дәрігер кеңесімен құрғақ жылуды пайдаланады(дәкелі – мақта таңғыш). Қыздардың қынабынан бөлінділер бөлінгенде, жылы сумен ашық –қызыл калий-марганец қышқылы ерітіндісін қосып жыныс органдарын жуады.
Сәбиге екі ай толғанда дененің салмағы шамамен 800г, бойы 3 см өседі.Сәби бұл кезеңде ішінде жатып, басын көтере, аз уақыт ұстап және оны әр жаққа бұра алады. Ағзаның қызметі көбірек жетіледі, сәби көбінесе ояу болады, қосымша машықтар үйренеді. Нәресте үстінде ілулі тұрған ойыншықтарды қарастыра бастайды. Егер онымен еркелете сөйлессе, ол қуаныш күлкімен жауап береді және қолдары, аяқтарымен күшті қозғайды.
Үшінші ай – сәби дамуындағы өзгерістердің біліну уақыты. Бұл жағдай әсіресе нәрестемен тілдескенде, оны қолға ұстағанда білінеді. Анасының таң қалуына және қуанышына қарай, нәресте оған саналы түрде қарайды. Нәрестенің жауабы жымиыспен, қолдарын белсенді түрде қозғаумен, әлі белгісіз дыбыстармен білінеді. Ояу кезінде ол ойыншықтарға қарайды, қозғалған затты көзқарасымен бақылайды, оған қолын тигізуге талпынады.
Сәби жақсы және ұзақ уақыт бойы басын ұстайды, басын қатты дыбыс шыққан, ашық түсті ойыншық жағына қарай бұрады.Үшінші айдағы дене салмағының артуы орташа 800г, бойының өсуі 3 см құрайды.
Төрт ай толғанда нәресте арқасында жатқан жағдайда басын көтере алады. Ішінде жатып, ол шынтағы мен білегіне сүйеніп көтеріледі. Бұлшықеттер қозғалыстары анығырақ жетілген: сәби денесінің жағдайын өзгертуге, арқасынан қырына бұрылуға талпынады. Нәресте көбірек ойыншықтармен айналысады, ол тек қарап қана қоймай, сонымен қатар қызығушылықпен оларды қозгайды және ұстайды. Ойыншықтарын баланың қолдарын созғандағы қашықтықтықта іліп қою керек.Бұл жаста сәби заттардың түстерін және түрлерін айыра бастайды. Сондықтан, сәбидің қолына ұстауға және ойнауға қолайлы ашық түсті, дыбысты, көлемі кішігірім оыншықтарды беру абзал.
Төртінші айда сәби денесінің салмағы 750г орташа, бойы 2,5 см өседі.
Бесінші айда сәбидің қозғалыс машықтарының жетілуі жалғасады. Ол тек басын ғана емес, сонымен қатар алақандарына сүйеніп, денесін де көтере алады, арқасынан ішіне еркін бұрылады, егер оған азырақ көмектессе, отырады. Денесін шамалы демесе, түзу және нық тұра алды, аяқтарын басады.Психикалық дамуы жедел жағдайда өтеді. Сәбидің ересектермен қарым-қатынады. Әрбір ай сайын өзгереді, едәуір саналы бола бастайды. Егер 3-4 айлық сәби кез келген адамның мейірімді тілдесуіне жымия жауап берсе, ал 5-6 айында ол алдымен сөйлескен адамды анықтап қарап алады, содан кейін ғана жауап береді. Бұл жаста сәби өз анасын, әкесін басқа да жақын адамдарды жақсы таниды, дауыстарына анық жауап береді. Ұзақ уақыт әуезді гулейді, сазды әуенді рахаттана тындайды.
Бесінші айдағы дене салмағының артуы 700г, бойының өсуі 2,5 см құрайды. Бесінші ай – тәндік дамудың алғашқы шебі, бұл кезеңде дені сау сәбидің дене салмағы туғандағымен салыстырғанда екі есе артық.
Алтыншы айда нәресте қозғалыстарының үйлесімділігі анығырақ бола бастайды, ол ойыншықтарды еркін алады және ұзақ уақыт олармен ойнайды, манежде жылжи алады, тіпті өзін кейде қызықтырағн затқа еңбектеп барады. Алты айлық сәби тек арқасынан ішіне ғана емес, сондай-ақ ішінен арқасына аударыла алады, буындарға ұқсас дыбыстар шығарады, анасының қалында тұрақты отырады. Әйтседе сәби өз бетімен әлі отыра алмайды. Жастықтармен қаршап, она отырғызуға болмайды, өйткені бұл омыртқаның қисаюына әкеліп соғады. Сондықтан, сәби өзі отырмайынша, оны отырғызу керегі жоқ.Баланың алты айға толғанынң маңыздыерекшелігі сүт тістерінің шығуы. Алдымен төменгі орталық күрек тістер шығады, содан соң жоғарғы орталық, әрі қарай төменгі бүйірдегі және жоғарғы бүйірдегі күрек тістер. Бір жасқа толу қарсаңында баланың 8 тісі болады. Алты айлық нәресте қасықтан жақсы тамақ ішеді, тамақ көргенде аузын ашады. Алты ай ішінде нәресте 2,5 см өседі, дене салмағы 650г артады.
Жетінші айда нәрестенің қозғалу үйлесімділігінің дмуы жалғасады. Сылдырмақ ойыншықты сермеу оны қанағаттандырмайды, нәресте оны жан-жақтағы заттарға ұрғылауға талпынады. Егер ол бұрын ойыншықтарды түсіріпалатын болса, енді ол ойыншықты жиірек лақтырады. Әр күн откен сайын нәресте ептірек бола бастайды. Ол енді жақсы еңбектейді, екі қолынан демесе тік түрады.Бұл кезеңде нәресте белгілі бір буындарды қайталап, ұзақ уаұыт бойына былдырлайд, ересектердің өтініші бойынша таныс заттарды табады. Ол кеседен жақсы ішеді, бірақ оны өз бетімен қолында ұстай алмайды.Жеті айда нәресте шамамен 2 см өседі және салмағына 600г қосады.
Сегізінші айда нәресте ересектермен рахаттана тілдеседі, өз отбасының мүшелерін таныс емес адамдардан айыра алады, үлкендердің өтініші бойынша әртүрлі әрекет-қимылдар орындайды: отыру, жату, қолын беру, қоштасарда қолын бұлғау және т.б. көптеген дыбыстар ішінен ол қағаз жырту дыбысын жақсы көреді және бұл «жұмыспен» рахаттана айналысады.Бұл жастағы сәби сенімді түрде, өз бетімен отырады, жатады, манеждің қабырғасынан ұстап тұруға талпынады және ұзақ уақыт бойы еңбектейді. Сегіз айда нәресте 18-20 см қосады, ал салмағы 9 кг таяу
Тоғызыншы айда бірдеңеге сүйеніп жақсы тұрады, екі қолынан, ал кейде бір қолынан адам ұстаса адымдайды. Тегіс жермен еркін еңбектеп, бір затқа мысалы жастыққа немесе кітапқа шыға алады. Кез келген жағдайда ол тұрып, отыра алыд. Оның ептілігі артады, қолдарын еркін қозғауға, денесін бұруға мүмкіндік беретін, отырып ойнауды жақсы көреді.Бұл жастағы нәресте заттардың түсін, түрін ғана айырып қана қоймай, олардың көлемін де айырады. Ол өз атын шақырған адамға бұрылады, дауыс ырғағын сондай-ақ кейбір сөздердің мағынасын сезе бастайды. Нәресте «кис-кис» мысық, «ав-ав» ит, «би-би» машина сияқты белгі сөздерді түсінеді, игереді, ал кезде айтады.Оның дене салмағы 500г артады, ал бойы 2 см өседі.
Оныншы айда нәрестенің салмағы орта есеппен 450г өседі, ал бойы шамамен 1,5 см. Бұл кезеңде дененің салмағы мен бойының өсуі бәсеңдейді, сонымен қатар, сәбидің дене машықтары мен психикасының жедел дамуы белгілінеді. Ойнаған кезде сәби тізелеріне тұруға, бір қолымен ұстапеңкеюге, қолынан ұстаса жіберуге қабілеті бар. Ол қарапайым сөйлескенді түсінеді, басқа балаларға үйір, ересектердің «тиісуін» ықыласпен қабылдайды.
Сәби тіршілігінің он бірінші айы – бұл дене дамуының екінші шебі. Бұл уақытта нәресте денесінің салмағы туғандағымен салыстырғанда шамамен 3 есеге артық. Бұл кезеңде сәби өз бетімен ұзақ уақыт тұрады және бірдеңеге сүйеніп жүруге талпынады. Сәби диваннан ішімен, көлбеу жазықтықпен түсуге талпынады. Он бірінші айда қолдарының саусақтары қимылдарының үйлесімділігі анығырақ білінеді. Сәби күрделі әрекеттер жасайды: пирамидкалардан шеңберлерді алады және қайтадан кіргізеді, қорапшаларды ашуды және жабуды, оларға зат салуды, бар затты шағаруды, қағазды жұмырлауды және жыртуды ұнатады. Он бір айлық нәресте жақын адамдардың аттарын жақсы біледі, бірінші екі буынды сөздерді “ма-маң”, ”па-паң” айтады.
Он екінші ай сәби тірлігінің бірінші, ең қиын және жауапты жылын аяқтайды. Күнтізбелік жыл шартты шекара. Бұған дене салмағы мен бойының, тәндік және психикалық даму көрсеткіштерінің деректері ұштасады. Сәби дамуында он екінші ай өзгерісті болмайды, ағзада қалыптасқан біліктер мен машықтардың әрі қарай шыңдалуы өтеді.Дене салмағының қосылуы және өсу динамикасы азаяды. Он екінші айда нәресте 1 см, денесінің салмағы 350г өседі.
Сәби өміріндегі алғашқы
Бала психологиясының мәселелері, сәби өміріндегі алғашқы дағдарыс. Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе жүзінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп саналған.Бұл кезең түрлі жастағы дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада сәбидің қаз-қаз басып жүруі туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай балалар бар. Бірден жүріп кететін сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте өз бойын билей алмайды. Сәбидың бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы дағдарысының мәнін анық байстайды.
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гипобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс тәрбие бермейтін отбасында пайда болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға қүрт ерік беріп, еденге жатақалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы мен-мендік мінез көрінісі.Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.