Сәбидің алғашқы айларда дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 20:02, реферат

Описание работы

Өмірдің ол үшін белгісіз жаңа шарттарына бейімделе бастайтын, бірінші айы сәби дамуының жауапты кезеңі болып табылады. Қалыпты жүктілік барысында туылған сәбидің туылғандағы салмағы 3000-3500г, ал бойының ұзындығы шамамен 48-52 см құрайды. Жаңа туылған кезеңде сәбидің барлық органдарының қызметі жетілмеген, ағзаның негізгі қызметі қолайсыз жағдайларда әртүрлі органдар жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын, әлі орнықпаған тепе-теңдік жағдайда.Жас сәбидің терісі өте нәзік, жұп-жұқа, лезде жарақаттанады. Сүйек ұлпасында кальций тұзы аз мөлшерде, сүйек жүйесінің кейбір бөліктері шеміршек ұлпасымен берілген.

Содержание работы

1. Сәбидің алғашқы айларда дамуы..................................................3
2. Сәби өміріндегі алғашқы дағдарыстар.........................................7
3. Сәби тілінің шығуына байланысты дағдарыстар..........................8
4. Сәбидің алғашқы алты айда тамақтандыру..................................11
5. Алты айдан асқан баланы тамақтандыру......................................12
6. Қорытынды..................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................

Файлы: 1 файл

айко реферат бала.docx

— 37.67 Кб (Скачать файл)

                         Сәби тілінің шығуына байланысты  дағдарыстар.

Сәбидің тілінің шығуына  байланысты дағдарыс түрін қарастырып көрейік. Сәбидің тілінің шығуы  жайында біріне-бір қарама-қарсы  және бірін-бірі жоққа шығаратын  екі түрлі көзқарас және үш түрлі  теория бар. Оның біріншісі – құрамдык (ассоциация) негізге тіректелген  тілдің бірте-бірте шығуы.

Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада тілдік байланыс пайда болады, бүл байланыс баланың «сағат»деген сөзді естіген  соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсіреміз.

Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың  тілін одан әрі дамытып отыру  үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің  болатындығын аңғартып, оларды одан әрі  қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік  ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуінежетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады қалады.

А.Валлон көзқарасы. Сәбилік  кезенде бала шын мәніңде жаңалық  ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ па – ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «керемет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін ашьш біледі.

Өзге адамдардың көмегімен  әрекет ету -сәби қызметінің негізгі  түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап  қана жүретін «тілсіз» кезеңінен  тілді меңгеретін кезеңге өту  кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз»кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дарвин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерекше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгеріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.

Дарвин назар аударған екінші бір ерекшелік баланың  дербестік тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын  Дарвинкелтіріп кеткен мысалдар:бірде оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны «уа» деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көргсн ксзде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілген сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған соң бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Бір кезде оны да «уа» деп атай бастайды. Бұдам кейіи тиынды еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль) «уа» дсп атайтын болды.

Сонымен, егер біз бұл  сәбидің «уа» деген сөзінің мағынасын  жазсақ, оңда оның өзі атаған атаулардын бастағы ұғымына (судағы үйректі) келіп тірелер едік. Бұл ұғым әрқашанда күрделі болып келеді. Ол атаған сөзінін мәні жекелеген сипаттарға бөлініп жіктелмейді. Мұңдай ұғым тұтас бір көріністі бідіреді

Сонымен, баланың, дербестік  тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі  екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші  ерекшелік – тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық  жағы.

Осыдан баланың дербестік  тілінін үшінші ерекшелігі келіп  шығады, оны Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык  жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен  қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындағы жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді.

                        Cәбидің алғашқы алты айда тамақтандыру

Нәресте үшін алғашқы алты айда ең жақсы қорек – ананың сүті. Емшек сүті – құнарлы қорек, бұнда нәрестенің қалыпты дамуы  үшін қажетті тағам түрлері керекті  мөлшерде және лайықты сәйкестікте  жинақталған. Нәресте алты айға дейін  қосымша сұйықтар мен басқа тамақты  қажет етпейді.Бұдан да, ана сүтінің  құрамында нәрестенің өсуіне ықпал  ететін бір қатар заттар (гормондар, ферменттер), сондай-ақ сәбиді инфекциялардан қорғауды қамтамасыз ететін (микробтарға  және вирустарға қарсы факторлар, лизоцизм, антиденелер) бар. Емшек еметін сәбилер, қосымша тағамдар, немесе сиыр сүтін  ішетін нәрестелерге қарағанда, сирек  ауыратындары анықталды.

Әйел сүтінің құрамы тұрақты  емес және ана денсаулығына, тамақтануына, жүкті кездегі еңбегіне және демалыс  жағдайына тәуелі. Ол, сондай-ақ лактация барысында нәрестенің қажеттеріне  сәйкес өзгереді. Босанғаннан кейін  бірінші 2-3 күнде емізетін әйелде жоғары дәрежеде 7% дейін ақуыз және минералдық заттар бар, көмірсулар мен майлардың  қатыстығы аз, уыз өндіріледі. Лактацияның 4-5-ші күндерінен бастап – жетілген сүт өндіріледі. Әйел сүтінің ақуызы биологиялық бағалы болып табылады. Ол жақсыериді, сәбидің асқазанында  сүттің іруін, қоюланып ұюын, асқазан  сөлінің белсенді әрекетін қамтамасыз етеді, астың қортылуын және сіңуін жеңілдетеді.Әйел сүті майларының тамақты  жоғары дәрежеде сіңуін қамтамасыз ететін ерекше касиеттері бар. Бұдан басқа  емшек сүтіне нәресте асқазанында  майларды ыдырататын және оның қортылуына ықпал ететін липаза ферменті бар. Әйел сүті майларының артықшылығы нәрестенің дұрыс және инфекцияларға қарсы  күресінде маңызды рөл атқаратын  А және Е витаминдерінің жоғарғы  дәрежеде шоғырлануы.

Емшек сүтінің көмірсуларының негізінде бифтдогендік қасиеті  бар сүт қанты – лактозамен берілген, атап айтқанда нәрестенің ішегінде ауру туғызушы микробтардың өсуіне кедергі  ететін пайдалы бактериялардың (бифидум-бактериялар) дамуына ықпал етеді.Әйел сүтінің  минералдық құрамы ерекшеліктерінің бір  қатар артықшылықтары бар. Кальций  мен фосфор дұрыс сәйкестікте (2:1) және жақсы сіңеді. Ана сүтін еметін сәбилер рахитпен сирек ауыратыны  белгілі. Тірлікке керекті микроэлементтердің азғана үлесіне қарамастан, жаңа туған  жас сәбиледің қажеттілігі толығымен  қамтамасыз етіледі.Емшек сүтінің әлдеқайда артықшылығы тазалығы және нәресте үшін оңтайлы температурасы болып табылады.

 

Алты айдан асқан баланы тамақтандыру

Емшектегі сәби үшін ана  сүті ең теңдесі жоқ тамақ болса  да, сәби дамуының белгілі бір кезеңінде  бір ғана емшек сүті негізгі тағам  түріндегі баланың өскен қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Қарқанды өсуіне және дамуына байланысты, оған ақуыздың, майдың, көмірсудың, көмірсудың, витаминдердің  және минералдық тұздардың көп мөлшері  қажет. Сөйтіп, екі жасқа дейін  емшекпен емізумен қатар қосымша  тамақтандыруды енгізу керектігі пайда  болды.Қосымша тамақтану ретінде  берілетін тамақ, өте құнарлы  және құрамында нәрестеге керекті  мөлшерде құнды заттар болуы тиіс. Қосымша тамақтануды әдетте нәрестенің 6 айынан бастап тағайындайды.

Қосымша тамақтануды енгізгенде келесі негізгі ережелерді сақтайды:

Оны емшек емізгеннен кейін  беруді;

Қосымша тамақтану енгізген кезең бойына ана сүтін негізгі  тамақтану түрі етіп қалдыруды;

Кез келген жаңа тамақ түрін  беру көлемін біртіндеп өсіріп, аз ғана мөлшерден бастауды;

Емшек емізуді жалғастырумен  қатар, қосымша тамақтандыру консистенциясы, дәмі және сыртқы түрі бойынша әртүрлі  тағам түрлерін енгізу тағам түрлерін енгізу процессі болып табылуы керектігін;

Қосымша тамқты қасықпен беруді сақтау керек.

6-7 айда нәрестеге ботқа  етіп пісірелеген: көкөністерден  (сәбіз, асқабақ, картоп); жемістерден  (банан); клейковинасы жоқ дақылдардан  (күріш) әртүрлі пюрелер беру  ұсынылады.

7-12 айда нәресте жақсы  пісірілген, ет турағышпен туралған  бауыр еті мен етті; теркадан  өткізілген көкөністер мен жемістерді  тұтынады.

Сәбиді тамақтандыр рационыныда витаминдер мен минералдық заттар көзі ретінде шырындар міндетті түрде болуы керек. Қосымша тамақтандыруды енгізуде, баланы толғанша екіге толғанша емшекпен емізуді жалғастыру ұсынылады. Егер емшек сүті бұрынғыдай көм мөлшерде өндірілетін болса, басқа сүт түрлерін енгізудің ешқандай себебі жоқ. Тоғыз айдан кейін емшек сүтінің мөлшері 50мл аз болса, қышқыл сүт өнімдерінің басқа түрлерін, мысалы айранды, қасымша енгізу мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе негізінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.

Бұл кезең түрлі жастағы  дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ  оның пайда болу себебі мен мәніне жете зейін аударылмаған. Осы орада  сәбидің қаз-қаз басып жүруі  туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын  да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден тәй-тәй басып жүріп кете алмайды, дегенмен, бірен-сараң болса да ондай  балалар бар. Бірден жүріп кететін  сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның бойында әлі де анықтала қоймаған жасырын ерекшеліктері бола-болатындығын көрсетеді. Алайда құпия сыр сәби жүре бастағаннан жоғалатынын байқаймыз. Сәби тым жас кезінде-ақ жүре алады, бірақ ол әлі нәзік қозғалып, кеңісікте  өз бойын билей алмайды. Сәбидың  бойындағы мұндай қасиет оның алғашқы  дағдарысының мәнін анық байқатады.

Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны  кейбір деректерден мәлім. Сәбидің  үш айға дейін тілі шықпайды, бұл  сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның  мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы  тәрбиенің өктемдігіне сәбидің  қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл  көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар  ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін  ажырату қиын.

Дағдарыс жасында сәбидің  мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс  тәрбие бермейтін семьяларда пайда  болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады. Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей қойса немесе оның тілегін түсінбесе, ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге жат қалып аунап үздіксіз жылайды. Егер жүретін болса, қозғалуда бас  тартып, еденді аяғымен тепікілейді. Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық, езуінен сілекей ағып, серейіп  қаларлықтай белгілері байқалмайды. Бұл тек баланың бойындағы  мен-мендік мінез көрінісі, кежірлік белгісі. Тілегінің орындалмай қалғанын көрсеткен қарсылығы мен наразылығы. Мұндай көрініс сөбидің нәрестелік шарындағы аяқ-қолын тарбаңдату бейнелерін ғана елестетеді.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991

2.Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.

3.Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.

 

4.Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.

 

5.Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.

 

6.Смирнова Е.О. Психология ребенка. - М., 1997.

 

7.М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.

 


Информация о работе Сәбидің алғашқы айларда дамуы