Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:23, реферат

Описание работы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда,

Содержание работы

Ақынның өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрімнің педагогикалық көзқарасы
Шәкәрімнің психология саласына қосқан үлесі
Мәнді сөздері
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

шакарим.docx

— 41.16 Кб (Скачать файл)

Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары

  • Ақынның өмірі мен шығармашылығы
  • Шәкәрімнің педагогикалық көзқарасы
  • Шәкәрімнің психология саласына қосқан үлесі
  • Мәнді сөздері

       Қолданылған әдебиеттер

 

Артына мол мұра қалдырған  Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының  Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан  ақындығына қоса, жазушы, аудармашы  әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы  Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда, Шәкәрім  жеті жаста екен. Ұлы Абайдың «атадан  алтау, анадан төртеу» дегендегі  аталас ағасы осы Құдайберді болады. Жастай жетім қалған Шәкәрім атасы  Құнанбайдың бауырында өсіп ержетеді. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы  Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосқады. Бес жасынан  оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан  зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп  ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Араб, парсы, түрік тілдерін өзінің туған анасы Дәметкеннен (шын  аты Төлебике. – М.Ж.) үйренсе әкесі  Құдайберді ескі кітаптарды, қазақтың көне қисса–дастандарын, ақын, жыраулардың  өлең, жырларын жатқа айтатын кісі болған деседі. Осындай тәрбие көріп  өскен Шәкәрімнің өлеңге деген құштарлығының  оянуына осы үлгі қолайлы жағдай жасайды

Өлең сөз нәрі өзгеше безбенді керек ететін, мүнда кәдеге сан  емес, сапа жүретіні ежелден белгілі  жайт. Жалан атқан жанын, жүрегінің қанын сарп ете жүріп, ол қазақ поэзиясы көгінде Шәкәрім жұлдызын жақты. Талай жылдар бетін бүркеген қара бүлт бүгін сейілгеңде біз Шәкәрім сынды жұлдызға сүйсіне қараймыз, таңырқаймыз, табынамыз. Сонда да сағындырған сұлу жырына көңіл сусыны қанар емес.

Қазақ әдебиетінің даму процесі  мен халықтық рухани өмірінде көрнекті роль атқарып педагогика мен психология тақырыбына өзінің шығармаларын арнаған  бірден-бір тұлға. Өзінің туып қалыптасуында қазақ поэмасы жанрлық жүйенің баюы мен жаңаруына, оның поэтикасы мен проблематикасының тереңдеуіне әкелген күрделі дамуды бастан өткерді. Тарихи тұрғыдан алып қарағанда қазақ поэмасының жанр ретінде сипаты бұдан сан ғасырлар бұрын белгілі болды десек те, бергі дәуірде қалыптасқан түрге енді. Поэманың қалыптасуына, дамуына көз салсақ, онда осы түста Шәкәрім Қүдайбердиевтің ерен еңбегін атауымыз қажет. Жылдар қатпарында көміліп, саясат бұғауына, әміршілдік зынданына салынса да алыс қиырдан естілгендей талдаусырап жететін әсем сазды, сұлу ырғақты, мейірбан жүректі ойлы ақын үні зүлмат заманда өз кезеңінің көкейтесті міндеттерін шешіп, өмір өзгерістерін қалт жібермей, дәуір шындығын дәл бейнелеуге талпынған көркемдік ізденістер танытты. Шәкәрім шығармаларының табиғатына үңілу, бейнелеу тәсілдерін айқындау, кейіпкерлер тағдырын саралау біз алып отырған тақырыптық өзектілігін, көкейтестілігін көрсетсе керек.

Шәкәрім Қүдайбердиевтің  педагогикалық көзқарасы

XIX ғасырдың екінші жартысы  мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде  қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене  араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық,  ағартушылық идеяларды уағыздаған  Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырып,  артына мол мәдени мұра қалдырған.

Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының ішкі заңдылықтарына қарай  әлеуметтік, экономикалық қайшылық, қақтығыстар, күрес-тартыстар шиеленісте, қазақ  даласында қалыптасқан қоғамдық ой-сана тынымсыз ізденіске түскен, орталықта революциялық дүмпулер туған кездері Шәкәрім әдеби өмірге құлшына араласып, Шоқан, Абай, Ыбырай салған ағартушылық арна-дәстүрін әрмен қарай жалғастырды.

Жастайынан өнер-білімге, қаршыға, бүркіт салуға, домбыра тартып, ән салуға қүмар болып, он бестен былай  қарай өз бетімен ғылым жолына ойысып, білім өрісін кеңейтеді. Бірнеше тілдерді (араб, түрік, парсы, орыс т. б.) меңгеріп, төл шығармалар жазумен қатар, басқа халықтардың рухани байлығына бойлайды, олардың кейбірін казақ тіліне аударады. Ол Географиялық орыс қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болады. 1905-1906 жылдары Меккеге сапар жасап оралады, жолда Стамбул кітапханаларындағы рухани асыл мүралармен танысады. 1909-1910 жылдары оқу, жазу мен алаңсыз айналысу үшін ел ортасын тастап, оңаша елсіз жерге барып мекендейді. Сол жылдары оның қаламынан көптеген төл еңбектер туындайды. Солардың бірі «Түрік, қырғыз, қазақ ьәм хандар шежіресі» атты шығарма (1911). 1912 жылы «Қазақ айнасы», ертеректе жазылған «Қалқаман- Мамыр» мен «Еңлік -Кебек» поэмалары жеке кітап болып жарық көреді (1912). Осы жылдары «Томағайдың балағанын», Л, Н. Толстойдың қысқа әңгімелерін қазақ тіліне аударады. Шәкәрім көптеген философиялық, психологиялық (көбісі өлеңмен жазылған) шығармалардың авторы. Ал ән мен күй, музыка саласында жазған еңбектерінің өзі бір төбе. Қазан төңкерісі әкелген жаңалықтар мен дүрілдей келген өзгерістер, бірі қирап, бірі түзіліс тауып жатқан құбылыстар аясында Шәкәрім белгілі себептермен әр түрлі көзқарастар ықпалында бола тұрса да негізінен ұстазы Абай салған гуманистік, демократиялық, ағартушылық көзқарасқа, өркениет жолында қызмет ету мақсатына берілгендік, бекемдік танытты. Кеңес дәуірінде де оның жекелеген шығармалары жарық көрді. Мәселен, «Абай» журналында «Хафизден аударма» және Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы (ол «Шолпан» журналының 1922-1923 жылғы 2-8-сандарында жарияланған) кейінненСәкен Сейфуллиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы жеке кітап болып басылып шықты.

Ұзақ жылдық үзілістен  кейін 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» және 1978 жылы Ленинградта орыс тілінде  шыққан «Қазақ ақындары» атты жинақта  Шәкәрімнің бір топ өлеңдері жарық  көрді. Шәкәрімнің ақындық, аудармашылық еңбектері мен тарих шежіресін жасаудағы игі істері жайында соңғы жылдары газет-журнал беттерінде көптеген мақалалар жазылып, шығармаларының толық жинағы 1988 жылы «Жазушы», «Жалын» баспаларынан шықты. Алайда әлде де болса Шәкәрім жайында қомақты     ғылыми     еңбектер     жоқ.     Әсіресе,     оның     психологиялық,  педагогикалық көзқарастарын арнайы зерттеп сөз етуді қажет ететін тың тақырып.

Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді:

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа  жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге  тарлық...

Асыл сол - ақыл, білім  бойда барлық,

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.

Мен де анаудай болсам деп таласарлық,-

деп оларға қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім ал, талаптанып, талпын, бойыңдағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен акылсыздың, адалдық пен арсыздың ара жігін былай ашып көрсетеді:

Ақылды сол- ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол - адамдықпен жан сақтайды.

Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды,-

деп соқырға таяқ ұстатқандай  көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл  алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, үрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу- сүм болма, өзгеден айлаңды  асыр, азғырушылардың «ақыл-кеңесін» алсаң  оңбайсың, қор болып азып-тозып  адамдық қалыптан айрыласың дей  келе:

«Өнер қылма ар сатып, жалданбақты,

¥лық болып ,елді жеп малдан бақты.

Біреуді жеп, біреуді табамыз  деп,

Қашан жаксы көруші-ек алданбақты.

Өлсең де ондай сөзге қүлақ  салма,

Ардан күсіп, ақылдан қүры қалма,

Әкең түгел, арғы атаң айтса-дағы

Білімі жоқ наданның тілін  алма!»

Залымдықпен санға кірмейсің, кісі акысын жеген адамның ісі  не құдайға, не адамға жақпайды, «ажал  оғы бір күні-ақ оған да тиеді», обал бар жерде сауап бар, қу-сұм  атану, алдап-арбау, кісі ақысын жеумен ұзаққа бармайсың, «арамдық пен жамандық көрінбей қалмайды», «Шөлмек мың  күнде емес, бір күнде сынады»  дегендей, ондайлар қақпанға өзі-ақ келіп  түседі деп ақылғөй ағасы Абайға ұқсап әділет жолын сілтегенді. Шәкәрім  жүрегі егіліп, жастарға жаны ашып, жігерленсін, оң-солды білсін деп ашына жазады. Бірақ ол кездері ақылшы ағаның ақылын ұғайын деген талап қылып талпынған  қазақты не жастан, не үлкендерден  көрмегеніне налиды.

Ақынның    жастарға үсынған адамгершілік жолы - адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан қүтқарады, надандықтан арылтады, адамгершілік тезге салады. Осыған орай, ақын жастарға арнап:

Байладым белді бекем  буайын деп,

Жүректі адалдықпен жуайын деп.

Талпынған мақсат іздеп мақұрым  қалмас,

Адамдық ғылым жолын қуайын деп

ойын түйіндейді. Шәкәрім  осы ойды «Арман» атты өлеңінде әрмен  қарай жалғастырып, адам дүниеге  келген күннен, көз жүмып о дүниеге  аттанғанға дейін алдына мақсат қойып, соған жетсем екен деп арман-тілекпен ғүмыр өткізгені абзал дейді. Арман алға жетектейді, «мақсатсыз өмір тұл», арманның үлкені бар, бай  да, кедей де, хан да, қара да, үлкен  де, бала да, еркек те, әйел де арманмен өмірін өксіп өткізеді. Арман деген  қусаң жеткізбес сағым сияқты, арман біткен күні өмір де бітеді дегендей үлкен пәлсапалық толғаныс жасайды.

Ақын   жастарға   ғибрат   алуға   ылғида   ақылмен   ойлап   іс   қылуға,

құлқынның  құлы   болмай,   «адамдық  борыш-   ар   үшін   қызмет   етуде» «жаным арымның садағасы»,

..Мал да аяулы, жан да аяулы болса, жаның үшін малыңды сат! Ал жан да аяулы, жар да аяулы болса жар үшін жаныңды қүрбан ет!»- дейді.

Адалдық пен адамдық борышым деп сана, дүниедегі не сұмдықтың бәрі араны ашылған қу нәпсіден, тойымсыздықтан туады, Абай айтқандай, «адамның адал ұлы болам десең, алдыменен өзіңнің нәпсіңді ти, оны жең», «нәпсіге еріп болма мат», «бақ келсе аспа, сор келсе қашпа», «қиянат кылма адамға, таза еңбек ет қоғамға, бүгінгі ар билейтін заманда», «адалдың арқаны үзын», «адал жан өлмек.емес ешқашанда» дегендей терең тұжырым жасайды.

Шәкәрім  өзінің  осы   идеясын  «Дүние  мен   өмір»  деген  өлеңінде  де тереңдете   түседі.    Ол    жастарға   байлық,    кедейлік,    қулық,    сүмдық, алдамшылық,   жақсылық,   жамандықтың   «бәрі   де   қүдай   ісі»,-   деп   өз бойындағы мініңді қүдайға жауып күнәдан пәк болғың келеді, «дүние алдамшы, өмір қу» дейсің, бойыңды мінінді біреуден көрмей, өз бойыңнан ізде «тумақ, өлмек, қартаймақ» табиғи қүбылыс; «себепсіз нәрсе жаралмақ емес», дүние сырын ұғу, мінездегі мінді түзеу өзіңе байланысты, ол үшін талаптан, талпын, адал еңбек ет, өз мініңді өзің көріп түзете біл дейді:

«Бейнет көрме, біреуге бейнет берме,

Дүние- алдамшы, өмір қу деп  елерме.

Қамдан, сақтан, қағып бақ  бәле келсе,

Бәрін кұдай қылды дегенге  ерме»,—

деп ұлы  Абай  көтерген  ғылыми  пәлсапалық ойды жалғастырып,  оны поэзия тілімен өзінше өрнектейді. Ол «Міндеу мен күндеу» деген өлеңінде жастарға тағы да былайша ой тастайды: бұрыңғы ғүламалар көп мүра, өсиет қалдырды, сол байлықты оқып, ұға білсең өміріне жетер таусылмас рухани азық. Олар айтқан әрбір ақыл-накылды ой елегінен өткізіп, соған қарап, өз мініңді түзе, ақыл біткенді талғаусыз-таңдаусыз ала бермей ой сарабына сал» дейді. Әдептен озба, сабырлылық, салмақтылық қасиетіңді сақта, өмірдегі байлық пен бақыт еңбекпен келеді, тек талаптанып, талпынсаң, ерінбей еңбек етсең ғана ол сенің қолыңа өзі келіп қонады дегенді айтады.

Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,

Жаратқан жоқ жатсын деп  бір құдайың.

Ойласын деп ой берді, көруге көз,

Аяқ берді,  тапсын деп басқан сайын.

Ылғида біреуге телміріп, көзіңді сатып өмір өткізбей теріңді  төк, адалдан мал жи, Абай айтқандай, «егіннің ебін, сауданың тегін үйрен», «қолөнерін кәсіп қыл, мал жұтайды, өнер жұтамайды, ол үрім-бүтағыңа өмірлік  азық болады» дейді.

Ақын «Өкінішті өмір»  атты өленінде ел ішінде мақтан сүйіп, дау қуып партияласумен жұрттың  шырқын бүзып жүрген жандарды өткір  мысқыл, ащы тілмен шаншып «ез, еріншек, қорғалақ, шабан болсаң, не мақтан-шақ, дарақы, надан болсаң кайда барып  оңасың, сенің хайуаннан қай жерің  артық» деп, мінеп-шенейді. «Насихат»  атты өлеңінде өмірдің түтқасы- өнер мен білімде ғана, өнерлі озады, білімді  ғаламды билейді, ғылым таусылмас  кең, сол кенді жас күніңде  үйреніп, игеріп бақ дей келе:

Онан да өнер үйрен тек жүрсең де,

Ақы алмай, тамақ қана жеп  жүрсең де.

Өнер білсең- он күнде  жүзді аласың,

Басыңда пайда алмай-ақ көп  жүрсең де...

Жастарым, құмар болма  көрінгенге,

Жас күнде бойды үйретпе  ерінгенге. –дейді.

Ғылым тап жас күніңде  буын қатпай,

Басында байқамассың дәмін  татпай.

Менің көрген жәйімді сендер білсең,

Ғылым үшін жүрер ең тыным  таппай,- деп, өмірін жастарға үлгі-өнеге  етіп, ғылым жолының аса қиындығын, жасында еркелікпен өмірді өткізіп  алып, есейе келе оны іздеп, бүкіл  дүниені шарлап, өмір азабын кешуіне  ағасы Абай сияқты өкінішін білдіреді. Ақын тіпті елуге аяқ басқан шағының  өзінде де ғылым-білім жолын қуудан жалықпай, ұзақ жол азабын шегіп, 1905- 1906 жылдары дүние жүзі ойшылдарының еңбектерін оқуға Меккеге, одан Стамбул  кітапханасына барып қайтуы, онан келе жатып «Ясная полянадағы» орыстың  үлы жазушысы Л. Н. Толстойдың қора-жайын  барып көріп, онымен дидарласуы, Салтыков пен Толстойды, Гоголь мен Пушкинді, Лермонтов пен Некрасовты бүкіл  қазақ жұртына «пайғамбар» етіп ұсынуы оның нағыз гуманист, демократ, ағартушы екеніне айқын айғақ.

Шәкәрім Құдайбердиевтің  психологиялық көзқарасы

Психологиялық қөзқарастары. Ш. Құдайбердиевтің педагогикалық, пікірлері әр кезде жол-жөнекей  сөз еткен адамның жан сыры, психологиясы туралы айтқандарымен  орайласып жатады. Мәселен, ақынның  психологияға байланысты көзқарасын «Анық  пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттар» т. б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұғып, , танып-біл, оның өлшеусіз байлығын мұратына, қажетіңе жарат, бұл  үшін жаратқан адамға ми берді, білу, нану, ұғыну, тану бәрі ақыл ісі, олар мидан  шығады деп тұжырым жасайды.

Ми қызметі адамның  сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы, адамның әділетті, әділетсіз  болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі, сондықтан әр нәрсені сарапқа  салып, байыбына барып, терең ойлап, топшылап ақылмен іс қылу адамдықтың басты парызы дейді. Шәкәрім өзінің пәлсапалық сипаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жалғастырып: жер  жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәр-бәрі де жаратылыстың. ішкі сырын үғып білуге ынтық, бірі «дүниені жаратушы тәңірі- күн» тіршілік күн  нұрынан жаралды десе, енді бірі-«қү_дай  жоқ» деп жар салады, үшіншісі көп  қүдайға табынса, төртіншісі міне құдай  деп суретке табынып, ойын он саққа  жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын  білуге үмтылушылық, «нағыз тәңірі жолы-қиянатсыз  ақ жүрекпен адал еңбек ету»,- деп  ой түйіндейді. Ақын «Тәңірі мен  жан» деген өлеңінде туу, өсу, өлу, сондай-ақ өлген жанның топырақка, өсімдікке  нәр болып тіршілікке қайта айналып  келуі табиғи құбылыс, бар зат  мүлде жоғалып кетпейді, жоқтан бар  пайда болмайды, тек заттың, қү-былыстың түрі ғана өзгереді, жан мен тәннің байланысы, тіршіліктің негізін  ғылыми көзқарас түрғыдан дәлелдегісі  келеді.

Информация о работе Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары