Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 15:23, реферат

Описание работы

Артына мол мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылдың 24 шілдесі күні бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор болған. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі, нақтырақ айтсақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы. Құдайберді 36 жасында қайтыс болғанда,

Содержание работы

Ақынның өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрімнің педагогикалық көзқарасы
Шәкәрімнің психология саласына қосқан үлесі
Мәнді сөздері
Қолданылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

шакарим.docx

— 41.16 Кб (Скачать файл)

Шәкәрім Құдайбердіұлы адамның  жан дүниесінің дамып, қалыптасу  жолын эволюциялық (тіршіліктің  қарапайымнан күрделіге қарай 
біртіндеп дамуы) түрғыдан түсіндіреді. Осы айтқанымызға оның төмендегі пікірлері жақсы дәлел: «Жәндіктен адам жаралған... 
Айуаннан өсіп, болдық адам,- дейді ол. Сірә, ойшыл     ақын ағылшын табиғат зерттеушісі

Ч. Дарвиннің ілімімен жақсы  таныс болса керек. Ол сондай-ақ жанның сан алуан түрлері болатындығын, қандай жан болса да (жануар, ,адам) денемен, тәнмен байланыста болатындығын айтады («Табиғат неше түрлі жан  жаратты, жан тәнге, ақыл жанға матаулы  түр»).

Дегенмен оның жан мен  тән мәселелері жөніндегі пікірлерінің шындыққа келіңкіремейтін жерлері  де кездеседі. Мәселен, ол... дене сезіміне нанба... дене, сезім түгел алдайды... бәрін де тапқан таза ақыл... бар ғылымның түп атасы- таза ақылмен ойлану... жан мен дене екі басқа,- деп  келетін ақын  түйіндері   жан   мен   тәннің   байланысын   ғылыми-психологиялық тұжырымдармен үйлеспейді. Бірақ та ақын жан сыры мәселесіне келгенде кемеңгер   ұстазы   Абай   түжырымдарын   тереңдете   түскендей   жайтты байқатады. Егер бұрын-соңды қазақи қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірлердің даму   тарихында   жан    мәселесі   төңірегінде    жалпылама   пәлсапалық түжырымдар айтылып жүрген болса, Шәкәрімнің «психология» терминін қазақ   топырағында   тұңғыш    қолданғаны    белгілі.    Мәселен,    ол    бір шығармасында «Жан сыры деп жазылған психология деген пән»,- деген тіркесті колданып, осы ғылымның зерттеу объектісіне үңіледі. Оның     психологиялық     пікірлерінің     жүйесі     1919     жылы     қазақша тәржімаланған «Психология» дейтін кітапқа жазған сын-пікірінен жақсы байқалады.     Қол-жазба    түрінде     12-беттік     материалдың    жекелеген үзінділеріне назар аударатын болсақ оның психологиялық көзқарастары жайлы толығырақ мағлүмат алатынымыз хақ. «Тіршілік- жан туралы» деп аталатын    осы   мақаланың    жекелеген    қисындары    (тезистері)    мына төмендегідей: ...сонша білімді адамдар әлі күнге дейін өзінің кім екенін анықтап білген жоқ... Біз кім екенімізді білмек болып, жан тіршілігін тексеретін:   «психология»   сияқты   ғылым   кітаптарын   оқысақ,   жанның тіршілік   сырын   білмек  түгіл миымызды  қатырып,   ол  кітаптардан  не үғатынымызды   білмей   аң-таң   боламыз.    ...Міне   дәлел:    қазақ   тіліне аударылған психология кітабын оқып қараңыз       Тіршілік басынан бар. Бірақ, ол тіршіліктің бізге анық сезілетін кезі де бар, сезілмейтін кезі де бар. Оның себебі денесінің қандай күйде, қандай түрде болғандықтан... Айуандардың денесі, адамнан көрі кемдігі болғандықтан: еркіндік, мүше қаруы да, терең ойлары да кем болып отыр... адам өз жанының сырын әбден анықтап білмей түрып, өзінің кім екенін білмейді... Жан қасиетін анық білсе, сонда адам түзеледі... Дүние дозақ емес- бейіш. Табиғаттың байлығы барша жанға жеткілікті. Бірақ есіл бейішті дозақ қылып отырған адам. Егер адамдар түгелімен біріне-бірі қиянатсыз туысқан болып,   осы   ақылын   жүмсап,   еңбек   қылып,   табиғаттың   қасиетімен пайдаланып отырса, дүние бейіш болатынына ешкім дау айта алмас. Өз жанының қасиетін білмей тұрып, адамның құлқы түзелмейді... ақылдың анық деп тапқан ақиқатын айтпауға ар көнбейді... қай өнер, ғылым болса да оны табатын ақыл... Бар білімнің түп атасы - ақыл... Шәкәрімнің осынау психологиялық пікірлері алдағы жер-де арнаулы зерттеуді қажет етеді. Қорыта келгенде, Шәкәрімді мазалаған сауатсыздық пен мәдениетсіздікке, надандық пен жалқаулыққа, өтірік айтушылық пен ұрыс жанжалға қарсы күрес қазірдің өзінде де өз маңыздылығын жоймақ түгіл, одан сайын өзінің өзектілігін арттырып отыр.

Шәкәрімнің қазақ діліндегі  жақсы жақтары мен жаманын  айқындауы, адамгершілігі мен мен  зұлымдығын суреттеуі кейінгі жастарды тәрбиелеудегі маңызды қүралға  айналып отыр.

Шоқан, Ыбырай, Абай қазақ  ағартушылығы ойының классикалық үлгісін  жасаған болса олардың ізбасарлары  ретінде Шәкәрім, Абай салған жол  арқылы әлемдік философия Еуропа мәдениеті нәрінен сусындап қазақ  педагогикасын өзіндік үлттық ерекшеліктерімен таза кәсіби педагогика дәрежесіне көтере білді.

Қазақ педагогикасы мен психологиясын  одан әрі дамып, осы Шәкәрім салған көпір арқылы жүріп өтіп, ол жасаған  баспалдақтар арқылы жоғары көтеріліп, дами бермек. Сол Шәкәрім қалыптастырған педагогика дәстүрі Шәкәрімнен кейін  де жалғаса түсіп өз үндестігін тауып  отыр. Оның ізбасарлары, яғни Қазақстан  педагогикасы биік кәсіби ғылыми дәрежедегі жоғарыдан көрініп, ұлттық педагогиканың  дәстүрлі ерекшелігін сақтай отырып әрі қарай дамуына үлкен зерделі  істер жасау әрекетінде. Бүл бастама  өз қолдауын табуда.

Мәнді сөздері

Мен жетпіс екі жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін  өзім де істеп, басымнан өткізгендерім  көп. «Алдыңда өнегелі көрерің болсын»  дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, «мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн» деп, басымды шытырман шатақтан ерте босатып  алып, білім жолына түстім. Негізгі  алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы-ғалымдардың  жазғандарын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім.

Елу жасқа тақаған соң, оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғамын жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер жарағаннан үлгі алып, өнеге  үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болудан қалып  барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін.

Бұл айтқалы отырған ойымды жекелеп, сұрыптап жазбағаныммен, бұрынғы  жазғандарымда кездесіп отырады. Бұл  тараудағы ойды басынан аяғына дейін  түгел жазып, бәрін талдап, қорытып  шығуға бір адамның өмірі керек. Ендігі менің қалған өмірімнің жетпейтіні анық. Дегенмен, сол ойымды қысқаша  алдарыңа тартпақпын.

Бұл ойым - басқа келген қиял. Бірақ болмаған іс, құрғақ қысыр  кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз, барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыстан, табиғаттан бөлек  емес. Сондықтан адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені  ойлауының өзі мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады - бір. Екінші, сол қиял болмайтын нәрсе  деп отырғанымыз - ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы  мүмкін. Неге десеңіз, бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Әрине, қиялдың да шегі бар. Менше, айтқалы отырған ойым болмайтын  қиял емес, болуға мүмкін.

Адам өмірін қалай түзеуге  болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар. «Адам өмірін түзейміз» деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер «адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі» десе, кейбіреулері «үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе - түзеледі» деді. Ал, біреулер «оқу біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі» деді. Біреулері «бай, кедейді теңеумен түзеледі» десе, біреулері «тәрбиемен түзеуге болады» деді. «Өмірдің өзі - тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек» дегендер де болған. 
Біздіңше, бұларды жекедей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды.

«Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі» десе, жарат¬қан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, Құранды қақпан қып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз. Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтіп өмір сүрмек? Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас. Бірақ ол өнер-білімді қандай іске жұмсайды. Мен көрген адамдар үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар тауып, басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы. Бұған ең өнерлі, білімдіге саналатын Англия, Америка елдерін қараңыз. Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру - кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландырып жіберетін жол. «Тәрбие¬мен түзеуге болады» десе: менің ержеткен төрт ұлым болды. Бұлардың бәрі бір шешеден, бір әкеден туған, өскен жері, ішкен тамағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі - бір. Бірақ біреуі шыдамды, біреуі шыдамсыз, біреуі еңбекке құмар, біреуі жалқау, біреуі мейірімді, біреуі қатал, біреуі ашуланшақ.

Ақырында, «өмір - тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған» деген ой негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес. 
Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ.

Әрине, адам оқып, біліп үйренуі қажет. Білімсіз, ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адал еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. 
Ақ жүректің керектігі - мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. 
Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.

Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Міне, осы жаман әдеттердің барлығынан адамдар тату тұрып, жайлы өмір сүре алмайды. Олар - нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы, зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздіқ, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек. Ең алдымен барлық адамды адал еңбек ететін жолға салу керек. Ол үшін көптің қалауымен әкімшілік басына арлы, ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды жазалау керек. Оларға еңбек өнерін үйрету керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру қажет. Жоғарғы айтылған жаман әдеттерді жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал еңбек, білім үйренумен қабат «Ар білімі» деген білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды адамдар ойластырып, пән ретінде жазып, нәпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа болып қалу жағын көздеу керек. Адам бойындағы нәпсі кеселі кетсе, өзгерісі оңай.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Шәкәрім - ең алдымен ақын. Оның лирикасы - көркемдік бояуы  қанық, таңырыптық ауқымы кең, идеялық  нысанасы биік лирика. Абайдың реализміне тән белгілер Шәкәрімнің лирикасынан  мол ұшырасып отырады. Сонымен қатар  Шәкәрім Абай дәстүрін өзіндік өрнек-бояумен  байытқан жаңашыл ақын болды.

Шәкәрімнің реализмі-Абай реализмінің заңды жалғасы. Өзінің лирикалық шығармаларында Шәкәрім  өз заманының шындығын, қоғамдың құбылыстарды бейнелеуде шынайы реалистік қалыпта  көрінеді. Ол өз дәуірінің шындығын өзіне ғана тән тұрғыдан қабылдады, өзінше бейнелеуге ұмтылды. Жалған көрініс, әсіре бояу-Шәкәрімнің лирикасына жат  қасиеттер. Жеке адамды, оның қоғаммен арақатынасын, бүкіл өмірлік процестермен сабақтастығын суреттеуде ақын лирикасының  реалистік сипаты барынша мол  көрінді. Ақын өз қоғамындағы өзгенің  көзіне шалына бермейтін сырларды, жақсылық пен Жамандықтың ара  жігін, әділетсіздіктің, тоғышар жалқаулықтың ірілі-ұсақты нышан-белгілерін көре білді. Ақын реализмі тек қана кемшілікті әшкерелеумен шектелмеді, жақсылықтың  өзін жарқырата көрсете білді.

Өмір қүбылыстарын шынайы суреттеуге ұмтылу ниеті Шәкәрім  реализміндегі сыншылдық сипаттың өрістеуіне жол ашты. Әлбетте сынның мақсаты-қисықты түзету, кемшілікті жою. Шәкәрім сыншылдығының түп  төркінінде де осы мақсат жатыр. Ол айналасындағы кемшіліктерді, адамдардың мінез-құлқындағы, халықтық әдет-ғұрыптағы, қоғамның әлеуметтік өміріндегі кереғарлықты сынағанда өзін олардан бөлек  алып қарамайды, солардан безу үшін, өзін ақтап алу үшін сынамайды.

Шәкәрім өзін әрдайым халықпен бірге сезінеді. Оның лирикалық кейіпкері - халықтың қалың ортасынан шыққан, баршаның қуанышына қуанып, мүңына мұңаятын жан. Сондықтан өз шығармаларын педагогика мен психология тақырыбына арнаған.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

1.    Айтбаева А.     Шәкәрім Қүдайбердіүлының діни-этикалық 
көзқарасы: Автореферат / Абай атындағы Алматы мемлекеттік 
университеті.- Алматы, 1996.- 266.

2.    Дала даналары .Алматы: Қазақстанның даму 
институты, 2001.- 640 б.

3.    Жеті ғасыр жырлайды: XIV ғасырдан XX ғасырдың бас 
кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. Т. 2 
/ Құраст. Е. Дүйсенбайүлы.- Жазушы, 2004.- 394 б.

4.    Жолдасбекүлы М. ж.б.     Елтүтқа: Ел тарихының әйгілі 
түлғалары / Жолдасбекүлы М., Салғараүлы Қ., Сейдімбек А.- 
Астана: КУЬ ТЕСІМ, 2001.- 356 б.

5.    Келімбетов Н.     Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ 
әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы:.- Алматы: Б.ж., 
2002.- 60 б.

6.    Қазақ тарихындағы Ұлы Тұлғалар: Портреттер.- Алматы: Өнер, 2003

7.    Қазақтың ақын - жазушылары .Алматы: Дәуір, 2006.- 16 б.: суретті

8.    Тілеуханова А.Т.     Шәкерім шығармаларындағы шеберлік 
пен таным бірлігі: Автореферат / Әл-Фараби атындағы 
ҚазМҮУ.- Алматы: б. ж., 1995.- 256.


Информация о работе Шәкәрім Құдайбердіұлының педагогикалық ойлары