Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 22:36, доклад
Мектептегі тәжірибе жүргізу аясында әрине, дәстүрлі оқытудағы жасалған күнтізбелік жоспарымды басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс тәсілдерді кіріктіріп сабаққа жоспар құрудан бастадым. Жоспар құру әрине маған қиынға соқты. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын «Орта мерзімді жоспарлау» жасадым. Дәстүрлі оқытуда күнделікті сабақ жоспарын тізбектеп жазудан қиналған емес едім. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модуль аясында сараланған.
Қызылорда облысы, шиелі ауданы
№48 Ә.Қоңыратбаев атындағы орта мектеп
Ағылшын тілі пән мұғалімі
Мыханова Баян Мейірбекқызы
Сындарлы оқыту-заман талабы
Мектептегі тәжірибе жүргізу аясында әрине, дәстүрлі оқытудағы жасалған күнтізбелік жоспарымды басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс тәсілдерді кіріктіріп сабаққа жоспар құрудан бастадым. Жоспар құру әрине маған қиынға соқты. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын «Орта мерзімді жоспарлау» жасадым. Дәстүрлі оқытуда күнделікті сабақ жоспарын тізбектеп жазудан қиналған емес едім. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модуль аясында сараланған.
Дүниежүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқыту жұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды да нәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте жеткілікті деңгейде кездеседі.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды [МАН, 6-бет] деп атап көрсетілген. Сындарлы оқытудың мақсаты–оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [МАН, 6-бет], - деп атап көрсетілгендей Бағдарламадағы жеті модульді басшылыққа ала отырып, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарланған, тізбектелген сабақтар топтамасын жасадым.
Мен екінші кезеңді мектепте өткіздім.Орта мерзімді жоспар мен Қысқа мерзімді жоспарды құруда қиындықтар туындады. 7 модульді сабаққа кіріктіру мен үшін қиын болды. Соның ішінде оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуде мен көптеген жаңа өзгерістерге тап болдым және тиімділігіне көзім жетті.
Мектептегі екінші «Бетпе-бет» кезеңінде 10 сыныптың ағылшын тілі пәнінен тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімдік жоспарын күнтізбелік жоспарға сәйкестендіріп, “Travelling” (Саяхат) тақырыбындағы тарауға сәйкестендіріп, 4 сабаққа жасадым. Сабақтарымның негізгі ортақ мақсаты оқушыларға саяхат түрлерін, саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережелерін, әлемдегі танымал саяхатшылар жайлы ақпараттар беру болды.
Осы сабақтарымда қолданған әдіс-тәсілдерім: сыни тұрғыдан ойлау, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту «Конверт-сұрақ» әдісі, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау және оқытуды басқару және көшбасшылық, АКТ-ны пайдалану. Оқушылардың сабақты қалай түсінгенін, білгенін, жеке тапсырмалар беріп, өздерінің пікірлерін стикерге жазғызып нені үйретуім керектігіне бағыт алып отырдым.
Енді осы сабақтар топтамасынан өзіме ұнаған, балаларға қызықты болған, мақсатына жеткен бір сабағыма тоқталып өтейін. Бағдарламадағы жеті модуль бір-бірімен тығыз байланысты. Барлығын бір сабақта түгел қамту оңай болған жоқ. Сабақтарымда модульдердің кейбір элементтері кіріктіріліп отырды. Бағдарлама идеясы мен сындарлы оқыту теориясының тәсілдері осы екінші сабағымда көрініс таба бастады. «Travelling» (Саяхат) бөліміндегі «Ballooning for fun» (Қызыққа әуе шарымен самғау) тақырыбы. Сабақтың негізгі мақсаты: оқушылар әуе шарлары туралы толық мағлұмат алады, әуе шарларының шығу тарихын, қауіпсіздік шараларын анықтайды.
Сабақтың әр бөлігіне жұмсалатын уақыт мөлшерін көрсете отырып, жаңа жүйе бойынша қысқа мерзімді жоспарымды жасадым. Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы 4 кезеңнен тұрады:
1. Кіріспе
2. тұсаукесер
3. негізгі бөлім
4. Қорытынды
Осы сабағымда жаңа тәсілдер арқылы оқытуда мұғалім-оқушы және оқушы – оқушы арасындағы диалог көрініс тапты, мысалы, ең бірінші ұйымдастыру кезеңінде ашықхаттар арқылы топқа бөліп алдым. Ол үшін: Moon, Sun, Star деген топ аттарын стикерлерге жаздым және оқушылар таңдап алды.
- Ал, балалар енді осы аспан денелері атауларына сәйкес үш топқа бөлініп отыра қойыңдар, деп сыныпты үш топқа бөліп отырғыздым да, жеті модульдің ішінде диалог пен сыни тұрғыда ойлауға топпен бірлесе отырып, жұмыс жасауға бағыт бердім.
Сабақта «конверт-сұрақ, лездеме, бұл мәлімет шындық па әлде жалған ба, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, жұптық жұмыс әдіс-тәсілдерін пайдаландым. Бұл менің осы тәжірибе кезіндегі екінші сабағым болғандықтан, әлі де болса бағыт-бағдар беруші рөлінде болдым.
Топтық жұмыс
Сабағымды сыныпта жағымды ахуал жасаудан бастадым. Сабағымды бастамас бұрын, сынып атмосферасын қалыптастырып алдым. Бұл маған оңай болмады. Себебі топтастыру барысында оқушылар топ мүшелерін өздері таңдап отырғызғылары келді. Бір-біріне келіспеушіліктер болды. Топтастырып болған соң, топтар арасында бәсекелестік болды. Оқушыларға топпен жұмыс жасаудың тиімділігін түсіндіріп, олар сол топтарда қалып қоймайтындығын, келесі сабақтарда тапсырмалардың қажеттілігіне қарай, топ мүшелері ауысып отыратындығын түсіндірдім. Балалар топтық жұмыстарға асқан қызығушылықпен кірісіп кетті.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алу үшін оқушылардан пән бойынша өткен сабақтарда не өтілгендігі сұралды. Оқушылар өткен сабақтардың тақырыбын, тарау аттарын белсенділік таныта отырып айтты. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айтылғаннан кейін, сабақ үдерісі өз жалғасын тапты.
Сабақтың алғашқы кезеңінде лездеме әдісі бойынша өткен сабақтарда өтілген жаңа сөздерді қайталау тапсырылды. Оқушылар тапсырманы асқан бір қызығушылықпен орындай бастады. Жаңа сабақтың тақырыбы ашылған соң, оқушыларға мәтінді бөліп, үш топқа оқып, аударма жасауға тапсырма бердім. Тапсырманы орындауға уақыт мөлшерін алдын ала жоспарлап алғанмын. Әр топтан баяндамашы оқушыдан басқа оқушыларды басқа топтарға «өкіл» ретінде барып, тексттің басқа бөлімдерін тыңдап, қайта өз топтарына келгенде әр оқушы өзі барып қайтқан топқа берілген бөлігін топтың қалған оқушыларына әңгімелеп береді.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналадыжәне де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. (МАН 41-бет)
Мәселен: «Ballooning for fun» тақырыбын өткенде қолданған сұрақтар – әуе шарлары неліктен спорттық ойын болып есептеледі? (1оқушыдан сұраған соң) Ал, Б сен қалай ойлайсың? т.б сияқты оқушылардың өздеріне болжату кезінде өзара пікірлерін таласа айтып, қызығушылықтарын арттырып алып енді сендер айтқан пікірмен автор пікірін салыстырып көрейік кімнің пікірі сәйкес келер екен деген салыстыру тәсілдері баланың құлшынысын, белсенділігін арттырды. Көп үндемейтін балалардың өзі өз болжамдарымен бөлісіп,ашылды.
Сабағымның келесі кезеңінде оқушыларға «конверт-сұрақ» әдісі арқылы балаларға ресурстар таратылды, түрлі сұрақтарға түрлі жауаптар алдым. Ойынның шарты бойынша оқушылар сұрақтарға жауап жазған парақшаларын, конверттің ішіне салып, бағалау үшін мұғалімге жібереді. Мұғалім әр топтан бір оқушының жазған жауабын оқушының атын атамастан, оқып береді. Оқушылар ол жауапты дұрыс бұрыстығын талқыға салды.
Оқушылар сыни ойлауға қалыптассын деген мақсатта қойылған төмендегіше сұрақтарға:
1-топ оқушылары In many ways it is back where it was two hundred years ago-деп жауап берсе, 2-топ оқушылары The first balloons used hot air and were flown just for fun and the excitement of seeing earth glide by below-деген жауаптар берген. Ал, 3-топ оқушылары Since hot-air ballooning is one of the fastest growing sports, many new pilot licenses are issued every year және Most balloons used today are of the hot-air variety- деген жауаптар берген.
Осы тапсырманы орындау кезінде, Н есімді оқушы 1-ші топтан, Г есімді оқушы 2-ші топтан, Ж есімді оқушы 3-ші топтан көшбасшылық танытты.
1-ші топ
2-топ
Сыни тұрғыдан ойлау-
«Ballooning for fun» (қызыққа әуе шарымен самғау) тақырыбында оқылып, талданып болған текстті «бұл мәлімет шындық па әлде жалған ба» әдісі бойынша ойын ойнатып жібердім. Бұл ойынға балалар ерекше қызығушылық танытты. Себебі ағылшын тілі пәні кітабында осындай тапсырмалар жиі кездеседі. Бірақ бұл тапсырманы бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда үнемі жазбаша дәптерге жазғызып қоятынмын. Бұл жолы өзгеше ойын түрінде өтті. Бұл ойыннан соң, балалар бір-бірін басбармақ арқылы бағалады. Балалар ерекше көңіл-күйде болды. Топтар өзара жарысып, өздері кім неше сөйлемнің дұрыс, бұрыстығын жылдам әрі нақты тапса, соны өздері бағалап, балдарын қойып отырды.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады. (МАН 72-бет)
Қазіргі таңда дaрынды, тaлантты оқушылaрдың қaбілеттерін шыңдaу - әрбір ұстaздың шeберлігіне бaйланысты дeуге болады. Көптeген жaғдайда дүниeсіне үңілe алмаймыз және диагностикалық әдістерді білмегендіктен, дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетіп жатамыз. Осындай қиындықтарды жеңу үшін өзіндік дайындығы бар тәжірибелері бар ұстаздардан тәлім үйрену керек деп ойлаймын. Мектеп тәжірибесінде жүргенімде, дарынды және талантты оқушылармен жүргізген жұмыстарым белгілі бір нәтижеге жете ме, әлде жетпей ме, қалай көрініс табатындығы жайлы сұрақтар көкейімде тұрды. Зерттеуге қатысқан оқушылар: А деңгейлі-Б,сыныптың бетке ұстар үздік оқушысының бірі, ашық мінезді, сыныптың лидері, жан-жақты қыз. В деңгейлі–Г сыныптағы екпінділер қатарынан, С деңгейлі–үлгірімі орташа, мінезі тұйық. Б барлық пәндерден өте жақсы оқиды, оқуға ынтасы зор, кең өрісті қабілетке ие, тапқыр, шығармашылық жұмысқа бейім, адамдардың көңіл- күйін байқағыш. Г мінезі басқа балалардан ерекшеленеді,ауызша сабақтарда белсене қатысып, жақсы нәтиже көрсетеді. Г-да математика, жаратылыстану пәндерінен аздап қиындықтар болады. А мінезі тұйық болғандықтан сыныптастары арасында достары аз, тіл табыса бермейді. А-ға және басқа да тұйық балаларға сыныптастары арасында жылы ынтымақтастық атмосфера құру арқылы жаңа ортаға бейімдеймін.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын,түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.
Сабағымның келесі
кезеңіне постер қорғауды
Оқушылар осы критерийлер бойынша топтық бағалау жүргізді.
Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқыту үшін бағалау–оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс. Ашық сауалдар, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістер оқушылардың өз біліміне белсенді қатысу қабілетіне қатты әсер етеді. Егер бұл тиімді жүзеге асырылса, оқушыларда рефлексияға жеткілікті уақыт қалады. Оқушылар жұппен де, өз беттерімен де өз білім деңгейлерін бағалауға және оған қалай жеткенін түсінуге мүмкіндіктері бар. Олар өзін және бірін-бірі бағалайды, бұл тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар өзінің оқу үлгерімінің деңгейін біледі және алдағы мақсаттарға қарай жылжиды. (МАН. 36-бет)
Сабағымның
қорытынды бөлімінде
Оқушының сабақ барысында ұялы телефонмен интернет желісіне қосылуы
Жоғарғы технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпараттар келіп түседі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып, қолдана білу бейімділігін қажет етеді. Сабақ барысында АКТ-мен жұмыс жасау (интербелсенді тақта, ұялы телефондар арқылы интернет желісіне қосылып, аударма жасап немесе қызықты ақпараттар алу), оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра түсетінін байқадым.