Сындарлы оқыту-заман талабы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2014 в 22:36, доклад

Описание работы

Мектептегі тәжірибе жүргізу аясында әрине, дәстүрлі оқытудағы жасалған күнтізбелік жоспарымды басшылыққа ала отырып, жаңа әдіс тәсілдерді кіріктіріп сабаққа жоспар құрудан бастадым. Жоспар құру әрине маған қиынға соқты. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын «Орта мерзімді жоспарлау» жасадым. Дәстүрлі оқытуда күнделікті сабақ жоспарын тізбектеп жазудан қиналған емес едім. «Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модуль аясында сараланған.

Файлы: 1 файл

мақала.doc

— 949.50 Кб (Скачать файл)

Мен тәжірибе кезінде барлық сабақтарымда да интербелсенді тақтаны, фотоаппарат, ұялы телефон арқылы интернет желісін қолдандым.  Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикaлық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, eсту, oйлау, эмоционалды қабылдау. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолданғанымда,  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының ерекше артқанын байқадым.

Бұрынғы дәстүрлі сабақ өткенде оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон ұстауға тиым салынатын. Ағылшын тілі сабағында шетел әдебиеті немесе шетел мәдениеті оқушылардың күнделікті кездесіп жүрген салт-санасына жат болғандықтан, олар ақпарат алу үшін, интернет желісін пайдаланғысы келетін. Бірақ, тиым салынғандықтан ұялы телефондарын жасырын пайдаланып отыратын. Бұл Бағдарламаның модульдерінің бірі АКТ-ні тиімді пайдалану болғандықтан оқушыларыма сабақ үстінде ұялы телефонды тек сабаққа қатысты мақсатта пайдалануға мүмкіндік жасадым.

 

Оқыту  туралы   сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің  өз  сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  арналған, ықпал  ететін  міндеттерге  сай  ұйымдастыруды  талап  етеді. (МАН 12-бет).

     «Мұғалімге  арналған  нұсқаулықта»  негізгі   материал  тиісті  жеті  модульге  сараланған. Алайда,жеті  модульде  құрастырылған  идеялар  сабақта  пайдаланатын  жекелеген   стратегиялар  мен  тәсілдер  сияқты  өзара    байланыста  болады. (МАН  12-бет).

 

Әсіресе, оқушыларға сергіту сәттері ұнады. Сабақ соңында сыныпқа “Say Good Bye” әуенімен сергіту сәтін жасаттым. Оқушылар қимылмен биледі. Осы кездегі оқушылардың көңіл-күйлері өте жоғары болды.

Сабақтың сәтті шыққан тұстары:

  • Оқушылар сабаққа белсене қатысты;
  • Теорияларға тоқталғанда өз ойларын толықтырып, ортаға салды;
  • Постер арқылы өз ой-түіндерін ашық ортаға салды.
  • Сұрақ-жауап әдісі арқылы топпен жұмыс жасалды, әдістер қолданды.
  • Оқушылар өте жақсы көңіл-күйде болды

Сабақтың сәтсіз шыққан тұстары:

                   Кeмшіліксіз нәрсе болмайды. Қателіктерді көріп, біліп, оны келесі жолы жібермеуге тырысамын. Сол арқылы өз білімімді, тәжірибeмді жетілдіріліп отырамын.  Сaбағымда топқа бөлу сәтсіз болды деп есептеймін. Топпен жұмыс барысында шу басымдау болды. Бір-біріне келіспеушіліктер болды. Топтастырып болған соң, топтар арасында бәсекелестік болды. Уақыт жетіспеушіліктер болды. Жеті модульді бір сабаққа кіріктіру қиындық туғызды, деңгейлік тапсырмалар берілмеді.

       Алдағы уақытта оқушыларға әр сабағымда түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, сыни ойлай білетін оқушы дайындауды, оқушыларға сапалы білім беру, оқу сапасын  арттыру, мектептің өзін-өзі бағалау үдерісіне қолдау көрсеткім келеді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беруді жүзеге асырамын.

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сындарлы оқыту-заман талабы