Сынып жетекшісінің тәрбие жҧмысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2013 в 20:32, реферат

Описание работы

Педагогикалық ғылымдардың дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да ӛзіндік бет- бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып кӛрсету, педагогтарға тәрбие беру ӛнерін меңгеруге кӛмектесу.
Тәрбиені комплексті түрде жүргізу идеялық- тәрбие жұмысының бәрін жоғары ӛнімді еңбекке және белсенді қоғамдық- саяси қызметке қабілетті жан- жақты дамыған жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді.

Файлы: 1 файл

тарбие тех.docx

— 117.11 Кб (Скачать файл)

Педагогикалық ғылымдардың  дамуы барысында тәрбие беру жұмысы методикасы да ӛзіндік бет- бағдары  бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып келеді. Оның міндеті  – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып кӛрсету, педагогтарға тәрбие беру ӛнерін меңгеруге кӛмектесу.

Тәрбиені комплексті түрде  жүргізу идеялық- тәрбие жұмысының  бәрін жоғары ӛнімді еңбекке және белсенді қоғамдық- саяси қызметке қабілетті жан- жақты дамыған  жеке адамды қалыптастыруға бағдар тұтуды білдіреді.

Жеке адамды жан- жақты  дамыту жас ұрпақтың тіршілік қызметінің алуан түрлі - ӛндірістік, қоғамдық- саяси, рухани, адамгершілік салаларында  барлық қабілет дарындарын дамытуды қарастырады. Біздің еліміздегі мектеп оқушыларының шамамен жартысы оқитын селолық мектептерде мұғалімнің міндеті,ең алдымен ауыл шаруашылығы  еңбегіне деген ынта мен сүйіспендікті  тәрбиелеуден,ауыл шаруашылық кәсіптері  әлеміне ендіруден,ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта жарақтандыру перспективаларын ашып кӛрсетуден,техниқалық творчество мен тәжірибе жасауға  деген талғамды бойға сіңіруден  тұрады. Тәрбие диалектикасы дегеніміз -- жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу.

Тәрбиенің құрамды бӛліктері:

- Адамгершілік тәрбиесі

- Патриоттық тәрбиесі

- ақыл

-ой тәрбиесі

- құқық тәрбиесі

- еңбек тәрбиесі

- экологиялық тәрбие

- Эстетикалық тәрбиесі

- экономикалық тәрбиесі

- дене тәрбиесі

Адамгершілік  тәрбие берудың негізгі мазмұнын патриотизм және интернационализм,коллективизм және гуманизм,еңбекке және қоғамдық меншікке деген кӛзқарас,тәртіптілік және ұйымшылдық,принципиалдылық және ӛзіне сын кӛзімен қараушылық, шыншылдық және әділеттілік жоғары жауапкершілдік және қоғамдық парызды сезінушілік сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру құрайды. Оларды қалыптастырудың алдында қарапайым мінез- құлық дағдылары мен әдеттерін меңгеру, ӛзін кӛпшілік ішінде ұстай білуді бойға сіңіру, қоғамдық тәртіп пен тәлімді сақтау тұрады. Саналы тәртіпті тәрбиелеу тілалғыштық пен ұйымшылдық, дәлдік пен инициативалылық, ұстамдылық пен белсенді творчестволық іс- әрекет сияқты моральдық қасиеттер мен мінез сипаттарын қарастырады. Мектеп оқушыларына еңбек сүйгіштік пен әділеттілік,қарапайымдық пен сыпайлық үлкенді сыйлаушылық пен кішкентайларға қамқоршылық сияқты адамгершіліктің ӛте қарапайым нормаларын сіңіру қажет. Адамгершілік тәрбиесін беру мазмұнында жігіттер мен қыздар арасында дұрыс ӛзара қарым – қатынас орнату, оларды жеке ӛмірге даярлау едәуір орын алады.

Адамгершілік тәрбиесі- белсенді процесс. Ол жағымды қасиеттерді  қалыптастыруды ғана емес, жағымсыз қасиеттерді  жеңуді. Маскүнемдікке, бұзақтылыққа, бейпіл ауыздылыққа, тоғышарлық кӛңіл  күйге, тұтынымпаздық психологияға тайсалмай қарсы шығуының маңызы үлкен.

Патриоттық тәрбиенің негізгі міндеттері- Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық мақтаныш сезімін жетілдіруге, бейбітшілік пен демократия ісіне берілгендікке, кез келген сәтте Отанды қорғауға дайын болуға, тәрбиелеу.

Мағжан  Жумабаев ӛз халқының патриоты ретінде оны халқының, ұрпағының болашағы үнемі толғандырып, тәрбиенің басты міндеттерінің бірі бала бойында ұлттық сезімдерді ерте қалыптастыру оларды халықтың рухани мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен кеңінен қарулардыру қажет деп санайды. «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, бұрын қолданып келе жатқан тақтық жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сӛз жоқ үлгі тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деп, ата-анаға отбасында балаға ұлттық тәрбие беру қажеттігін ерекше айтып отеді.

Еңбекке тәрбиелеудің мазмұнында еңбекке әзірлікті бойға сіңіру, ойдағыдай еңбек ету үшін қажетті моральдық- еріктік қасиеттерді қалыптастыру үлкен орын алады. Еңбекке тәрбиелеу процесінде үнемшілдік сезімі дамиды, мектеп оқушылары халық игілігін сақтау және молайту жӛнінде қамқорлық жасауға үйренеді, мектеп бұйымдарын, оқулықтарды күтіп ұстайды. Соңғы жылдарда мектеп оқушыларының табиғаты қорғау жұмысына араласуы едәуір қанат жайды. Бұл туған табиғатты білуді оны қорғау жӛніндегі творчестволық және мақсаты еңбекпен үйлестіруге, оқушыларды табиғат байлықтарына ысырапсыз, шаруақор кӛзқараспен қарауға жәрлемдеседі. Сондықтан экологиялық тәрбие беру, табиғи ресурстарды қорғауға және орынды пайдалануға дағдыландыру. Праволық тәрбие беру мазмұнына праволық білім, праволық сенім және праволық мінез- құлық сияқты құрылымдық элементтер кіреді. Мектептегі жастарға праволық тәрбие беру –право бұзушылықты алдын алу шараларының бірі. Заңдарды білмеу оларды бұзушыларды кіналарын жеңілдетпейтіні белгілі. Ол право бұзушылықтарды ақтай алмайды. Қоғамның ғылыми – техникалық прогресс жағдайында Экономикалық білім мен тәрбие үлкен мәнге ие болады. Бұл, ең алдымен, оқушыларды экономикалық білім негіздері мен қаруландыру, экономикаға деген ынтаны ояту және жетілдіру, иегерлік сезімді тәрбиелеу. Экономикалық білім мен тәрбие берудің аса маңызды міндеті- экономикалық, еңбек қарым –қатынастары саласына енуге даярлау.

Эстетикалық тәрбие оқушылардың кӛркемдік талғамдарын, алуан тҥрлі творчестволық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Эстетикалық тәрбие процесінде табиғат пен ӛнердегі әсемдікті ғана емес, адамдардың әрекет – қылықтарындвағы, ӛзара, қарым- қатынастарындағы әсемдікті ұғына білудің маңызы үлкен. Адамгершілік ұғымдары мен тығыз байланысып жатады адамдар қарым- қатысы, тәртіп, еңбек пен тұрмыс әсемдігі ерекше үлкен мәнге ие болады. Ӛмірдегі, ӛнердегі және табиғаттағы әсемдікті кӛре білу, сезіну және ұғыну сәбилік шақта пайда болады. Мектепте мұның бәрі одан әрі дамиды, онды болмысқа деген эстетикалық кӛзқарастың негіздері қаланады. Мектеп оқушылары табиғаттағы, ӛнердегі, адам қарым- қатыстарындағы әсемдікті ұғынуға және бағалауға дағдыланады. Олар әсемдік заңы бойынша ӛмір сүреді үйренеді. Мектептегі кездің ӛзінде жігіттер мен қыздарды ӛздерінің эстетикалық талғамдары мен творчестволық қабілеттерін дамытуға үйретудің маңызы бар. Дене тәрбиесі дененің қалыпты жетілуін, денсаулықтың нығаюын қамтамасыз етуде, жастарды еңбекке, социалистік Отанды қорғауға даярлауды кӛздейді. Дене тәрбиесі еркі мықты, тәртіпті, батыл және инициативалы, еңбекке және ӛз Отанын қорғауға дайын адамдар әзірлеуге кӛмектеседі. Балаларға және жасӛспірімдерге ұйымдастырылған тәрбиелік әсерді кеңейтуге мектептен тыс мекемелердің де ролі зор. Олар әр түрлі тәрбиелік жұмыстар жүргізеді, оқушылардың демалуын ұйымдастыруға кӛмектеседі, олардың жан- жақты дамуына үлес қосады. Бұқаралық информация құралдары. Баспасӛз, радио, телевизия, кино- идиологиялық ықпалетудің қуатты қҧралдары. Оладамның ӛз бетімен білім кӛтеруіне және ӛзін- ӛзі тәрбиелеуіне аса бай материал береді. Біздің елімізде газеттердің, журналдардың және басқа мерзімдік басылымдардың тиражы жыл сайын ӛсіп келеді.

Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі түрде қалыптастыру. Тәрбие процесін тәрбиешілер мен  тәрбиенушілердің мақсатты бағыттағы  және ӛзара байланысты қызмет процесінде жеке адам мен коллективтің қалыптасуы мен дамуына себепші болатын  қарым- қатынастары ретінде анықтауға  болады.

Тәрбие беру процесінің кӛп факторлы процесс екенін есте сақтау керек. Ол тек мектептер емес, семьяда да, мектептен тыс мекемелерде де жүзеге асырылады. Тәрбие процесінің екінші ерекшелігі – оның ұзақ процесс екендігінде. Ол балалар мектепке түсерден кӛп бұрын басталады да мектеп бітіргеннен кейін де жалғасады.

Тәрбие процесінің ҧзақтығын оның нәтижесі бірден байқала қалмайтындығы да дәлелдейді. Мектеп оқушысы қысқа мерзім ішінде арифметика ережелерін жаттап, тарихи фактілерді, оқиғаларды, даталарды еске сақтай алады. Бірақ оны тез арада коллектившіл, жақсы жолдас, сергек және қарапайым адам болуға үйретіп шығару қиын. Бұл ұзақ уақытты қажет етеді.      Тәрбие процесінің үшінші ерекшелігі – оның сатылы сипатта болатындығы. Оны шар-тты түрде бірқатар кезеңге бӛлуге болады. Бірінші сатысында балалар семьядағы, мектептегі тәртіп ережелерінің бастапқы ұғымдарын игереді. Оларда қарапайым сезімдер ояна бастай-ды және мінез- құлықтың аса қарапайым дағдылары бойға сіңеді. Екінші сатысында оқушыларда тәртіп туралы бастапқы ұғымдардың негізінде этикалық түсініктер қалыптасады, белгілі бір жағдайда дұрыс қылық кӛрсете білу, қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін сақтау дағдысы бойларына сіңеді. Сонымен бірге жағымды сезімдердің одан әрі дамуы және жағымсыз сезімдерді жеңу процесін жүріп жатады. Үшінші саты кӛзқарастардың қалыптасуымен, мінез- құлықтың тұрақты әдеттерінің бойға сіңуімен және сезімдердің одан әрі дамып, баюымен сипатталады. Осы сатыда мектеп оқушыларының идеялық, адамгершілік принциптерімен анықталған іс- әрекет мотивтері әлдеқайда айқын кӛрініс береді. Бұл сатылардың арасында үзілді- кесілді шек болмайды, олар тығыз байланы-сты болады. Тәрбие процесінің келесі, тӛртінші ерекшелігі – тәрбие жұмысы мазмұнындағы концентризм. Бұл тәрбие процесінде жеке адамның бір қасиетінің ӛзіне бірнеше оралып соғуға тура келетінін білдіреді. Бірақ бұл тектен – тек қайталау емес, ал жас шамалық ерекшеліктерге және тәрбие деңгейіне сәйкес одан әрі кеңейту және тереңдету бағытындағы қайталау.

Тәрбие беру процесінің бесінші  ерекшелігінің мәні – оның екі – жақты және белсенді процесс екендігі. Оны тәрбиелеушілерге педагогикалық ықпал жасаумен ғана шектеуге болмайды. Тәрбиешілердің ықпалы тәрбиеленушілердің ішкі бесенділігін оятудың ын-та- жігерін жұмылдырудың, олардың ішкі белсенділігін оятудың, олардың дербестігін дамытудың маңызы үлкен.

Тәрбие процесінің алтыншы  ерекшелігі – онда балалар коллективі мен ұйымдастырушылық жұмыс жүргізудің үлкен орын алатындығы А. С. Макаренко  тәрбие беру жұмысы, ең алдымен, ұйымдастырушының жұмысы деп кездейсоқ айтпаған. Тәрбие процесінің ұйымдастырушылары ролін  мектеп басшылары, кластан тыс жәнемектептен  тыс жұмысты ұйымдастырушылар, класс  жетекшілері, мұғалімдер атқарады. Олар оқушылар коллективтерінің, пионер және комсомол ұйымдарының іс - әрекеттеріне бағыт береді, бала тәрбиесіне ата- аналар мен жұртшылықты тартады. Тәрбие процесінің тиімділігі кӛбне  мұғалімдердің тәрбиенушілік күш  – жігерін үйлестіруге, оқушылар коллективінде дұрыс қарым –  қатынастар тудыруға, оқушылардың үлкендермен  және ӛз құрбыластарымен арала-су сипатына да тәуелді. Мұның бәрі педагогтық үлкен  шеберлікті, тәрбиелеу ӛнерін меңгеруді  талап етеді. Тәрбие нәтижелері кӛбіне тәрбиешінің жеке басына, оның тәрбиеленушілермен қарым- қатынастарының сипатына тәуелді  екені белгілі.

Тәрбие процесінің жетінші  ерекшелігі- оның нәтижелерін сырттай қарағанда бірден аңғарыла қоймайтындығы.Олар оқу жҧмысындағыдай ӛзін кӛзге тез тҥсірмейді. Тәрбие берудің аяқталғанын аңғару және анықтау қиын. Жеке адамның кез- келген қасиеті шексіз дамып, жетіле белуі мүмкін.

Мектеп ӛмірінде мұғалім  басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды  оқытып қана қоймай,сонымен бірге  оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір  сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі  ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып  саналады.Сондықтан да ол қиын да әрі  жауапты міндетті іс.Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі ӛздерінің  білім беру қызметіне қосымша  іс ретінде қараса, ал басқалары  оны негізгі педогогикалық әрекет ретінде қарастырады.Дегенмен сынып  жетекшісінің тәрбиелік қызметі  қаншалықты қиын болғанымен де, әрине  ол балаларға ӛте қажет.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға

бейімделуі олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі соған  сәйкес сыныптың жағымды кӛңіл - күй  жағдайы жүзеге асырылады. Олай болса  сыныпта оқушылардың оқу тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып  жетекшілеріне жүктеледі.Ол оқушыларға қатысты мектеп ӛміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы кӛмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады. Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп жан - жақтаы жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс.

Сынып жетекшісінің тәрбие жҧмысы.

Тәрбиенің қоғамдағы жалпы  қызметі,біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа  әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық  нормаларына қатысты білім,білік  және дағдыларын беру процесі болады.Екіншіден,адам баласында адамгершілік сапа жүйесін  қалыптастыру. Сондықтан,тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жӛн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына  жағдай тудыруды кӛздейді. Мұндай кӛзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады:оқу,еңбек,қарым-қатынас,ойын,практикалық әрекеттер т.с.с.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы біріңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты  нәтижелі дамуын,соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары  мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1. Оқушыға тікелей ықпал жасау: -оның дара даму ерекшелігін,қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу; -тәрбие ықпалын алдын ала болжау,жобалау; -жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру; -тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру: -оқушылар ұжымын қалыптастыру; -онда жағымды кӛңіл-күйді қалыптастыру; -оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру; -қушылардың ӛзін-ӛзі басқаруын дамыту.

3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әртүрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау:

Отбасы және жұртшылыкпен жұмыс: .оқушылардың ата-аналарымен байланыс ор-нату,ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналыстарының тақырыбын,мерзімін, олардың отырыстарын т.с.с. шараларды ӛзінің жоспарында кӛрсете отырып,олардың ӛзара байланысын қамтамасыз ету сияқты жұмыстар белгіленеді.

Жеке оқушымен жұмыс:бұл бӛлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.

Жеке оқушымен жұмыстағы  мақсат - оның тұлғалық дамуына педагогикалық  тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының  жан - жақты қалыптасуын және күш  жігерінің артуын қамтамассыз ету.Соған  орай, оқушымен жеке жұмыстын мәні –  оның

тұлғасын әлеуметтендіру, оның ӛзінің жетілуі мен ӛзін - ӛзі  тәрбиелеуге деген қажетсінуін  тәрбиелеу.Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әр түрлі формалары  немесе әдістерін тыңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның ӛзін қатыстыруымен жемісті болмақ.

Информация о работе Сынып жетекшісінің тәрбие жҧмысы