Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 11:48, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.,

Содержание работы

Кіріспе.............................................................................................................................3
1.1 Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.........................................................................................................................4
1.1Сынып жетекшісінің қызметі міндеті..................................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.................................................................12
ІІ.Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі...............................14
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.............................14
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары..........................................................18
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу...............................24
Қорытынды................................................................................................................35
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................

Файлы: 1 файл

Сынып жетекшісі.doc

— 238.50 Кб (Скачать файл)

 


 


Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі  міндеттері мен жұмыс жүйесі

 

 

 

 

                           Жоспар

 

 

 

Кіріспе.............................................................................................................................3

1.1 Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.........................................................................................................................4

1.1Сынып жетекшісінің қызметі міндеті..................................................................4

1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.................................................................12

ІІ.Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі...............................14

2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.............................14

2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие  жоспары..........................................................18

2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу...............................24

Қорытынды................................................................................................................35

Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................36

 

 

 

 

 

 

                      

 

           Кіріспе.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады., Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол — сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара: әлеуметтік қатынастары қалыптасады; Балаларднң болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, -олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дөрежесі, соған сәйкес сыныптың жағынды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырырады.

Олай болса, сыныпта оқушьшардың оқу-төрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбислік шаралардың ықпалын уйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады,

Ол    өзіне    қатысты    сыныпта    оқушыларр   ұжымын ұйымдастыра отьтрыи, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мүғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың   бала  тәрбиесіңдегі  ықпалын  біріктіріп,   балаға  деген. талаптарыи ортақтастырып отырады.

Зерттеудің нысаны:Сынып жетекшісінің жұмысының мазмұнын анықтау.

Зерттеу мақсаты:Сынып жетекшісі оның міндеттері мен жұмысын анықтау

Зерттеу міндеті:Сынып жетекшісінің қызыметті,сынып жетекшіның   тәрбие жұмысы.

Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік жоспары.

Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу.

Зерттеу әдісі:Сынып  жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі іске асады.

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       І.Сынып жетекшісі, оның міңцеттері мен жұмысының мазмұны

           1.1Сынып жетекшісінің қызметі міндеті 

Сынып жетекшісінің міндеті - сан алуап. Сол себепті ол жүргізетігі тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талам етеді.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?

  1. Сыныптағы оқушылардың талан-тілектері мен мүделерін және   олардың   жеке   басының   ерекшеліктерін   жан-жақты зерттеп білу.
  2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап,оларды   ынтымағы   жарасқан,    белсенді,    саналы   ұжымға ұйымдастыру.
  3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің жөне оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру,оқушыларға міндеттейтін педагогикадық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
  4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
  5. Оқушылардың   ата-аналарымен -үнемі   байланыс  жасап,отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
  6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
  7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие   қызметінің   тұтастығын,   жүйелігін,   тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызыметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру

Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.

Кеңес өкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек XIX ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.

Дегенмен, тәрбие мөселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда болды, Олар ақсүйек және ауқатты отбаеыларында бастапқы кезде "күтушілер/няньки/, кейіннен "гувернанткалар" ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы "Университеттік мекеме Жарғысына" сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші -ұстаздарға (ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүкгелген.

1828    жылғы    гимназия    және    училище    туралы Жарғыда,   оқушыларды   та4дау   мақсатында   олардың   жеке "басынтанып білу қажеттігі де баса көрсетілген.

Дегенмсн, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мөселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да ("надзиратели") жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау; оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-қүлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытында кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.

Сынып тәрбиесі қызметі 1871 жылғы « сынып тәрбиешісі» Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер есебінен тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.

Сынып тәрбиешілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүрғізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс еткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиеінілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды     сыйлауға,     Отанға    және     мемлекетке берілгендік  сезімдерін   тәрбиелеуге   міндетті   болды.   Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.

Бірақта, іс жүзінде сыпып жетекшілерінің әрекеті тек тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумсн ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтің мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен оқуға көптеп көңіл бөлінді. Соңдықтан, сынып тәрбиешілерінің төрбие жұмысымен айналысуға уақыттары да аз болды.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басқы кезеңіңде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығу-шылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың маңызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ үйымдастыру; үй тапсырмасын орындату т.с.с.

XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қыймылы (гамнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде кәңес бөліне басталды.

1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың  жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу, музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер; қойылым (спектакель) -қою, әдеби-музыкалық, би кештерін, көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.

Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда.Оның себебі, біріншіден бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістсрдің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретіде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсіддерін таңдауда оған мүмкіңдік береді. Мұндай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емес, сонымен бірге ұстаздар мсн оқушылар,мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасында қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеітігі басындылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық және тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. 

Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицсй т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық түрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мен сипаты да өзгеруде:

-пән мұғалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызыметін атқараты;

-сынып жетекшісі, аз  мөлшерде оқу жүктемесі бар  пән мұғалімі;

 Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуіне, сынып және мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне комектесе отырып, одардың дамуына қолайлы жағдай туғызу. Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұғалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатқа ие болада. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ. Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы оқушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлғаның дамуыиа қамкоршылық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға кәмектеседі

70-80   жылдардағы   мектептің   өзгешелігі,   тәрбиенің ықпал   ету   күші   негізінен   баладан   тысқары   байланыста болғаны, Бүгіңде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары  басқаша.  Яғңи,  тәрбиені  баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып тәрбие жұмысының бағыты мен жүйесі өзгереді.  Мұндай көзқараста   - баламен    жеке    жұмыс    жасау    мүмкіндішгі - күштейеді. Ол әрбір;баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда,бірінші   кезекге, . негізінен   сыныптың  ішкі  кеңіл ' күйін , көтеруте,   онда жағымды психологиның жағдай туғызуға,балалардың өзін~өзі баскаруын қалыптастырын дамытуға,әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға катысты ашылуына жағдай туғызуға, окушыларды шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді|

Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбеқке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының   бәрі   осы   мақсатқа   бағытталуы   тиіс.   Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиссіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пем сыныттың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.

Мұғалім,   белгілі   бір  сыныпқа  балалар   ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің  қызметін  сынып  ұжымына  әрі  жекелеген  оқушыға қатысты   жүзеге   асырады.   Соған   сейкес   оның   қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1. Педагогакалық және  әлеуметтік--гуманитарлық. Оның бұл    қызметі    балаға   барлық  бағытта   кемектесу:    оның әлеуметтік   қалыптасуы   мен   дамуына   жағдай   тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге қалыптастыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың  отбасы мен тәрбиенің басқа да мекемелерімсн тығыз байланыс орнату. Рухани-адамгершілік және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

  1. Ұйымдастырушылық    қызметі.    Тәрбие   процесің ұйымдастыру.  Балалардың орынды талап-тілектерін  қолдай отыра,  ынтымағы жарасқан,  саналы да белсенді  әрі  іскер сынып ұжымын қалыпттастыру. Олардың танымдық, еңбек, 
    эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын   ұйымдастыру.   Сыныптағы   өзін-өзі   басқаруды дамыту.
  2. Оқушылардың   жалпы   әрекетін    басқару.    Оған: диагностикалық мақсат     қоюшылық      (целеполагания),жоспарлау, болжам жасау немесе жобалау (проектировать),бақылау және  түзету  (коррекция)  енгізіп  отыру  қызметін жатқызуға болады.

Диагностикалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін. оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтал отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізуді; сыныптағы келеңсіз жағдайдың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында, біріншіден, өзінің педагогакалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, диагностика, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қабыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкімдіп туындайды. Бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі және сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіңе байланысты жүзеге асады.

Информация о работе Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі