Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2015 в 11:48, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мүгалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырзшіысы өрі ұстазы,ақылшы-кеңесшісі болып саналады, Сондықтан да ол қиын да өрі жауаіпты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады.,
Кіріспе.............................................................................................................................3
1.1 Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны.........................................................................................................................4
1.1Сынып жетекшісінің қызметі міндеті..................................................................4
1.2Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы.................................................................12
ІІ.Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі...............................14
2.1 Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары.............................14
2.2 Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары..........................................................18
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу...............................24
Қорытынды................................................................................................................35
Әдебиеттер тізімі.......................................................................................................
Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де ол үшін шеше беруге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі - бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылып. Әрбір баланың өзі сүйетін істері болады. Біреуі сурет салуға әуестенсе, екіншісі ойын-сауықты, үшіншісі спортты, төртіншісі мәдени сауықты ұнатып, кейбіреулері ұйымдастыру ісіне ынғайлы болып келеді. Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштастыру, бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Тәрбие жұмысын жоспарлау оқушылар ұжымының бүгінін ойлауға, ертеңінің негізін қалауға көмектеседі.
Мектептеп сынып жетекшілершің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей,, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сондай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілері де бар.
Жоспарлауда тәрбиенің жүйелілік және бірізділік ұстанымдары да барлық жағдайда бірдей ескерілмейтіп кездері де болады. Баланың жан-жақты үйлесімді қалыптасуына әсер ететін тәрбиелік шаралар, олардың мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері жылма-жыл бірізділікпен жүйелі түрде құрылмай, керісінше жеке-дара, үздік-создық әрекеттер басым болып келеді Өткен мен бүгінгіні салыстыра отыра шығармашылықпен, ғылыми тұрғыда нақтылы міндеттерді белгілеудің орнына, тіпті сол сынып өміріне қатысы жоқ саны көп, сапасы аз міндеттерді ойша, жылма-жыл өзінің тәрбие жоспарына көшіріп отырады.
Тәрбие жоспары - сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Олай дейтініміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру - одан да қиындық туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандык жоспарының айлық жәие апталық жоспар кұрып адады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.
Мектеп тәжірибесінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп. Олардын ішінде сынып өміріне тиімдісі де, тиімсізі де бар. Кенестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистік тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.). Бүгінгі күні олай емес. Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім. Олай болса, тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектепегі қолдандлып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен журналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата-аналардьн-әрекеттерін үйдесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарпайым әрі ыңғалы формасы деп есептейміз.
Тәрбие жоспарының үлгісі
Негізгі бөлімдер |
Апта аралығын көрсету | ||||
Тәрбиелік шаралардың мазмұны |
Формасы мен тәсілі |
Мерзімі, уақыты |
Жауапты адамдар |
өтілген тұралы белгі | |
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру |
|||||
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару
ұйымдары және балалардың |
|||||
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс |
|||||
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс |
|||||
5. Жеке оқушымен жұмыс |
1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы - сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар кнференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңлділер мен танқырлар клубы (КВН), еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер т.б. бұқартлық шаралар жатады.
2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы - сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбың олардың күн тәртібін белгілейді сонымен қатар, сынып жетекшісі әртүрлі үйірмелер мен клубтар жұмыстарының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру т.с.с. оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
9. Жоспардагы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірзділікпен құрылуы тиіс.
10. Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.
Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен тәрбие міндеттерін анықтайтын мемлекетгік құжаттармен танысу; Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогикалық, әдістемелік әдебиетгерді оқу.
II. Балалардың жас ерекшелігі, сынып ұжымының
даму деңгейі, мектеп, мұгалімдер ұжымы,
отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие
мекемелерінің ерекшеліктерін ескере
отыра мақсат пен міндеттерін анықтау.
Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері
белгіленеді. Мысалы: Мақсат
"Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы
жоғары сынып оқушыларының (911) рухани
дамуын ынталандыру. Оның міндеттеріне:
4. Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақыттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін. Дегенмен, жоғарыда келтірілген әрекетер барысында жоспарлау процесі тоқсанға немесе жарты жылға, тіпті бір жылга кұрылуы мүмкін.
2.3 Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті - оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетгі орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы - оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірліті, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі т. б.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрган міндеттерді орындау мүмкін емес.
Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыкқаннан кейін олар әртүрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсібір әрекеті нәтижелі болады. Сынып ұжымында бала өзінің үлкендермен қарым-қатынастағы қабілетін тәрбиелейді. Соған орай ұжымдағы өзара қарым-қатынас жүйесі бір-бірімен байланысты іскерлік және достық жағдайында болып келеді. Олар негізінен ұжым болып қалыптасу кезеңінің алғашқы мерзімінен бастау алады. Аристотельдің айтуынша, адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қогамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады. Олай болса, ол қарым-қатынас жасау барысында өмір сүруге және ғылымға қатысты білімдерді алады, әр түрлі әрекетке қатысты білік пен дағды қасиеттерін меңгереді, қоршаған ортаның тылсым құбылыстарын түсіне бастайды және соған өзгелер де бейімделеді
Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы - тұрақты көңіл-күйді, бір-біріне сенім мен сыйласымдылықты қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас - өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік, достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамуына мүмкін туады. Ол үшін, адамға қолайлы жағдай жасау қажет. Оқу-тәрбие процесінде мұндай жағдай негізінен оқушының жолдастары арасында өзара достық қарым-қатынаста мүмкін болады. Осындай қарым-қатынастағы балалар тобын - оқушылар ұжымы деп атауға болады.
Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жылдардан бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр.
Қазіргі қоғамды реформалау идеясы, нарық жағдайында жиі-жиі сынға алынуда. Ондағы негізгі себеп, ұжымдық қатынас тұлғалық ерекшелікті басады, оның пікірін көпшіліктің пікіріне бағындырады. Соның негізінде тұлғаның өзінің белсенділігі азайып, ұжымга жалтақтау, яғни, конформизмнің тууына ықпал етеді. Демократиялық, жариялық, тұлга дамуындағы еркіндік идеяларымен үйлеспейді деген көзқарасты дәлелдейді. Мұндай көзқарас кейбір мектептердегі мұгалімдердің октемдік әрекетінен туындайды. Себебі, 80 жылдардың орша кезеңіне дейін мұгалімдер оқушылардың нақты өмір жағдайына қатысты қызығушылығын, талап тілектерін көбінесе ескермей, біржақты қатаң жүйемен оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып келді.
Бүгінде жагдай бөлек. Көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалақ-бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен псіхологиялық жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастады. Олай болса нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, шынайы әлеуметтік өмірге сай балалардың қажеттілігін ескеріп, мұгалімдермен өзара әрекеттесуінде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық.
А.С.Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым - ол тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, "қозғалыс - ұжымның өмір сұру формасы", "тоқтау - оның өлу формасы". Ұжымнын ондағы әрбір мүшесіне - ол "тұлғаға әсер ету құралы". Олай болса ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: қоғамдық маңызы бар ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; оның әрбір мүшесінің өзара тіршілік егуінде (белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; жоғары адамгершілік шежлері мен жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді; оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге т.с.с.
"Ұжым" латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с Нақтылағанда - оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.
Информация о работе Сынып жетекшісіның оқу-тәрбие процесіндегі міндеттері мен жұмыс жүйесі