Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:11, лекция
Сөзді «қызметсіз» жұмсап, тіл шұбарлаудың тағы бір түрі бар. Ол біреуге байқалса да, біреуге байқала бермейді.
«Мал төлдету ісін шығынсыз іске асыруды қамтамасыз еттік». Мұнай көзін іздестіру жұмыстары одан әрі жалғасын табуда» тәрізді сөйлемдерді радио, телевизия хабарынан кездестіреміз. Осындай тіркестерді «қызметсіз» сөздерден арылтып, етек-жеңін ықшамдап құруға болар еді. Малтөлдету шығынсыз аяқталды. Бұл – аудандағы ірі көрсеткіштің бірі, мұнай көзініздестіру одан әрі жалғастырылуда деп, тізбекті басы артық тіркестерден арылтсақ, орны ойсырап қалмайды.... Болып табылады, болып саналады, бірінен саналады дегендер қызметсіз тұрған қыстырындылар.