Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2013 в 18:31, контрольная работа
Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдаларына бейімдеу үшін орфоэпикалық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арықлы іске асуға тиіс. Оқушыға мәнерлеп оқытудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, граммофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар.
Үйірме көбінесе бір сынып оқушыларына немесе екі-үш сынып оқушыларына арнайы ұйымдастырылады. Үйірмеге оқушылар өз еркімен , таңдап қатысатын болғандықтан, онда сынып оқушылары түгел болмайды. Үйірмеге қатысушыларын саны көбіне 10-15 шамасында болады, кейде одан көбірек болуы мүмкін. IV-IX сынып оқушыларын «Қызықты грамматика», «Драмалық қойылымдар», «Қызықты фонетика», «Қазақша ән-күй», «Халық ойындары», «Лингвистикалық өлкетану» сияқты үйірмелер қызықтыратыны байқалып жүр.
Х-XI сынып оқушыларын «Сөз сыры», «Сөз маржаны», «Шешендік өнер», «Туған өлкем», сияқты үйірмелер қызықтыратыны анықталды.
Үйірменің түрлі болуы оқушының таңдау мүмкіндігін арттырады. Ал, оқушының үйірмелерге көбірек қатысуын қамтамасыз етеді. Мұны мұғалім есте ұстағаны дұрыс.
Үйірме жұмысының жоспарын жасау - өте жауапты іс. Өйткені жоспарда үйірме жұмысының түрлері, тақырыптары, мерзімі белгіленеді. Онда оқушының қызығушылығы, жас ерекшелігі, білім деңгейі ескеріледі. Мұнын бәрі оқушыға байланысты. Сондықтан жоспар оқушының қатысуымен жасалуы керек.
Мысалға «Сөзтанға саяхат» үйірмесінің жоспарын келтірейік:
Мұнда үйірме мәжілістерінің жылдық тақырыптары ғана берілді. Жоспарда тағы да мәжілістін нақтылы мерзімі, орындаушылары көрсетілуі керек. Әрине, жоспарды басқаша да құруға болатыны сөзсі. Пән мұғалімі үйірмесінің әр мәжілісіне дайындыққа ерекше мән беруі қажет. Үйірменің әр жиналысына дайындық мерімінде жасалып, тапсырма алған оқушылар оны дайындап үлгергенін мұғалім қадағалап отырады. Қажет жерде көмек көрсетеді. Үйірме мәжілісіне дайындық мерімінде жасалмай, үйірме мәжілісі белгілінген мезгілде өткіілмесе, ол оқушылардың қызығушылығын кемітеді, ынтымасын төмендетеді. Ол бара-бара үйірме жұмысының тоқтап қалуына да әсер етеді.
Үйірменің әр мәжілісінің әр түрлі өткііліп, оқушы қызығушылығын күшейтіп отырған дұрыс. Үйірменің бір мәжілісінен екінші мәжілісінің айырмасы болмаса, ол оқушыны жалықтырады. Ал үйірменің әр мәжілісі әр түрлі ұйымдастырылса, ол оқушының қызығушылығын арттырады. Алайда бір мәжілістін өзі іштей түрлі құрамда болған дұрыс. Айталық «Иақал-мәтел - сөз мәйегі» тақырыбына арналған үйірме мәжілісінің жоспарын келтірейік:
Қазақ тілі мұғалімнің оқушыға тіл үйрету ынтасының күштілігі, тапқырлығы үйірмелерді дұрыс, тиімді үйымдастыруға көмектеседі. Пән мұғалімі үйірмелерді белгілегенде, өз аймағының материалдарымен байланыстыруға тырсуы қажет. Сонымен бірге оқушылардың сұрнысын, қабілетін есепке алу өте қажет.
Викторина. Бұл – сыныптар арасында өтетін сұраққа жауап ойыны. Сұраққа дұрыс жауап беру үшін оқушылар көп оқуы және көп іздену керек. Бұл – жарыс.
Викториналарды әр түрлі өткізуге болады.
Дұрыс жауапты әділ қазылар алқасы бағалайды. Жауап ұпаймен бағаланады. Көп ұпай жинаған оқушы (не топ) жеңімпаз атанады.
Мазмұнына қара викториналар екі түрлі болып келеді:
Олимпиада. Олимпиада да викторина сияқты сұраққа жауап болып келеді. Викторинадан айырмашылығы: бұл – мектеп оқушыларының қазақ тілінен бөлімін жинақтау, бекіту, тексері. Олимпиадалар: мектепаралық, аудан (қалааралық), республикалық (облыстық) болып өтеді. Ұлттық мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылатын олимпиада мынадай міндеттер қояды:
Олимпиада өткізу тәртібі. Олимпиаданы өткізудің жауапкершілігі білім беру жүйесіне жіктеледі. Бірінші (мектепшілік) кезең мектепте өтеді. Оған IV-XI сынып оқушылары қатысады. Өткізу мезгілі – қараша. Аудандық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді. Аудандық (қалалық) олимпиада мезгілі – желтоқсан. Олимпиада тапсырмаларын облыстық ұйымдастыру комитеті бекітеді. Үшінші кезең (облыстық) өткізу мезгілі – қаңтар (демалыс кезі). Олимпиада республикалық ұйымдастыру комитеті бекіткен тапсырмалар бойынша өтеді.
Облыстық білім беру әкімшілігі
15 күн бұрын республикалық
Респуликалық ұйымдастыру комитетінің өкілі жергілікті ұйымдасту комитетімен әділ қазылар алқасы құрамына кіреді.
4-ші кезең – республикалық олимпиаданы өткізу мерзімі – наурыз.
Мектеп олимпиадасына қатысуына ниет білдірген IV-XI сынып оқушыларының бәрі енгізіледі.
Аудандық, облыстық олимпиадаға
қатысуға бұрынғы кезеңінің
Қазақ тілінің ертеңгіліктері.
Ертеңгілік бұл маңызды да күрделі сыныптан тыс мейрамның бірі болып табылады. Ертеңгілікті маңыздылығы бүкіл оқушыларды қамтуы болып табылады. Ертеңгіліктер бастауыш сыныптарда жиі өтеді.
Қазақ тілінің апталығы.
Бұл апталыққа алдымен ала әзірленген жөн. Ол үшін жабдықтау бөлімін мектеп мұғалімдеріне бөліп берген дұрыс. Қазақ тілі апталығы болған кезде мектеп бойынша қазақтың халық әндерін тындауға, қазақ тілінде радиохабар беруге болады. Мектептің маңдайшасына апталық туралы мәлімет жазып қою керек.