Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 15:20, реферат
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде техника мен технологияның қарқынды дамуы қоғамның жаңаруына, экономикалық өсуіне арқау болып, әлемнің әл-ауқатын көтереді, әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, мәдени қайшылықтардың алдын алады, оны түгел жоймағанымен, азайтады, өзара жарастық пен келісім орнайды деген үміт ұялатады. Алайда, іс жүзінде ол толық деңгейде ақтала қоймады. Жаһандану қордаланған қайшылықтардың шешімін түгел дәрежеде таппады. Мәселе тек кедейшілік пен қайыршылықтың деңгейінде ғана емес, ұлттар мен ұлыстар, діндер, әлеуметтік топтар, мемлекеттер арасында сенім орнамады, оның орнына “жаңа ұлт”, “жаңа отаршылдық” проблемасы пайда болды. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Толеранттылық қағидаттары туралы декларация қабылдады. 1996 жылды ЮНЕСКО Толеранттылық жылы деп жариялады. Бірқатар ТМД елдері оқу орындарында толеранттылық тәрбие бағдарламаларын енгізді.
Кіріспе...................................................................................................................3
1. Толеранттылық – өзара сыйластық.....................................................5
2. Саяси сенім бостандығы мен толеранттық үйлесім..........................9
Қорытынды..........................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................17
Жоспары
Кіріспе.......................
1.
Толеранттылық – өзара сыйластық.....................
2.
Саяси сенім бостандығы мен толеранттық
үйлесім.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде техника мен технологияның қарқынды дамуы қоғамның жаңаруына, экономикалық өсуіне арқау болып, әлемнің әл-ауқатын көтереді, әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, мәдени қайшылықтардың алдын алады, оны түгел жоймағанымен, азайтады, өзара жарастық пен келісім орнайды деген үміт ұялатады. Алайда, іс жүзінде ол толық деңгейде ақтала қоймады. Жаһандану қордаланған қайшылықтардың шешімін түгел дәрежеде таппады. Мәселе тек кедейшілік пен қайыршылықтың деңгейінде ғана емес, ұлттар мен ұлыстар, діндер, әлеуметтік топтар, мемлекеттер арасында сенім орнамады, оның орнына “жаңа ұлт”, “жаңа отаршылдық” проблемасы пайда болды. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Толеранттылық қағидаттары туралы декларация қабылдады. 1996 жылды ЮНЕСКО Толеранттылық жылы деп жариялады. Бірқатар ТМД елдері оқу орындарында толеранттылық тәрбие бағдарламаларын енгізді.
Қазақстан қоғамында да саяси үдерістердің дамуы, сөз бостандығы, адам құқы мәселелері өткір қойылып, билік пен оппозицияның, діндер мен этностардың, салт-дәстүр мен мәдениеттердің бәсекелестігі мен бейбіт өмір сүруі үнемі назарда болып келеді.
Жуырда Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында Нұрсұлтан Назарбаев шешілуге тиісті міндеттер қатарында “қоғамда толеранттылыққа және этносаралық, конфессияаралық келісім жағдайларына кепілдік беруді” де атап көрсетті. Қазақстан жас мемлекет болғанына қарамастан, біздің қоғамдағы сонау дала демократиясынан арна тартатын бастаулар елімізде өзара төзімділік және сыйластық қағидаттарының әу бастан көрініс табуына негіз қалағаны белгілі.
Айта
кету керек, Қазақстан діни толеранттылық
пен конфессияаралық келісім ісінде
игі дәстүрлерге ие. Қазақстан көне заманнан
бері саналуан мәдениеттер мен діндердің
тоғысу мекені болған. Қазіргі Қазақстанның
аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік,
зороастризм, манихейлік, буддизм, христиандық
(оның әсіресе нестериондық және яковиттік
тармақтары) және ислам сияқты әртүрлі
нанымдар бейбіт қатар өмір сүрген, яғни
толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің
үлгісі болған. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев атап айтқанындай: “...бізге
төзімсіздік немесе діни фанатизм жат.
Бұл рухани дәстүр, бұл қандай шеңберде
болмасын Құдайдың Сөзіне деген ашықтық.
Бұл — Қазақстандағы конфессияаралық
келісімнің ең маңызды негіздерінің бірі.
Біз әлемге өзіміздің толеранттығымызбен,
ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен
диалогты сақтауымызбен танылдық. Біздің
еліміздің өскелең дүниетанымдық әлеуеті
бұдан әрі қарай да сақталуға, дамуға тиіс”.
1. Толеранттылық – өзара сыйластық
“Толерантный” (“толеранттылы”), “толерантность” (“толеранттылық”) сөзі латын тілінен француз тіліне, кейін еуропа тілдеріне енген. Оны “төзімділік” деп аударып жүрміз.
Шындығында, оның мәні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу деп жалғастыра беруге болар.
Толеранттылық
рухани, адами, идеялық, діни көзқарастар
менің ұстанымдарыма жат болса
да, қабылдаймын дегенді білдіреді.
ХVІІІ ғасырдағы француз
Толеранттылыққа қарсы “
Қарама-қарсы беталыс, бағыт, пікір, идеялар қай мемлекет пен қоғамда да бар. Халықтың даналығы, ел басқарудың өнері осы үрдістерді белгілі мәмілеге келтіріп, асауға тұсау салып, үйлесім, жарасым таптыруда. Толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді: күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, ешкімге бұра тартпай, шынайы жанашырлықпен, халықпен ақылдаса отырып, олардың шешімін табуды талап етеді. Сондықтан “толеранттылы”, “тұрақты қоғам” деген ұғымдар шартты түрде ғана қолданылып, жайбарақаттылыққа жол берілмеуге тиіс.
Өзара төзімділік, бөтенді шеттетпеу, толеранттық мінез таныту мәселесі ХVІ ғасырда Еуропада діни қозғалыстар мен діни жіктерге байланысты туған. Лютеран, протестант пен католиктерді бір-бірін жатсынбауға арналған декреттер, заңдар қабылданып, бөтен діндерді қудалауға, үстемдік жүргізуге тыйым салынған. Бірте-бірте діни конфессиялардың біржақты төзімділігі өзара діни төзімділікке, діни салт-жораларды еркін атқаруға, діни сенім еркіндігіне негізделе бастаған. Бөтен дінге рұқсат беруден оны сыйлауға, адамның діни сенім құқының маңызды тірегі ретінде мойындалған. Өзара сыйластық, толеранттық сананы әкімшілік, авторитарлық жолмен енгізуге болмайтындығына көз жеткізілген. Сөйтіп, дінді уағыздаушылардың билігіне шек қойыла бастады.
Толеранттылықтың барлық
Әуелі тоталитаризм жүйесінен, бодандықтан құтылсақ, мәселе өзінен өзі бола қалатындай көрінді. Ел халқы, қай этносқа жататынына қарамай, болашағымызға сенді. Бұл жерде өмір бойы төзімділікке тәрбиеленген қазақ халқының топтастырушылық рөлін, оның адал ниетіне қарай басқа этностардың Қазақстанды екінші отаным деп санауға құлықтылығын, елде экономиканың жедел қарқынмен дамуын, Елбасы Н.Назарбаев жүргізіп отырған көреген саясатты атап өткен жөн. Елдің басын қоса білдік, дау-жанжалдардың алдын алдық, жинақы болдық. Шекарамызды айқындадық. 7591 шақырым шекарамызды бекіттік. Ішкі қауіпсіздігімізді, әскерімізді жасақтадық. Экономикаға инвестиция тарттық, еліміздің заңдылық негізін қаладық. Әлеуметтік бағытты да айқындадық. Мүгедектер, көп балалы аналар, зейнеткер, барлық әлжуаз топтар мемлекеттің қорғауында. Сөз жоқ, халық төзімділік танытты, көрегендігін паш етті. Елбасы олардың алдында әруақытта да басын иеді. Жақсылықтың бәрін үйіп-төгіп жасап тастай қоймады деу орынсыз делінеді.
Жуырда Астанада болған
Саяси
мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан
біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық
орнығып болды деу қиын. “Бізде
демократиялық мәдениеттің
Мемлекет басшысының бұл пікірін Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында “Сіздерді бірден өзара толеранттылық пен сындарлылыққа шақырғым келеді. Тек солай ғана – консенсус пен өзара түсіністік арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болады” деген тұжырымын нақтылай түседі.
Толеранттылық туралы ой
Шет ел діни конфессияларының ықпал жасау технологиясы бізге таныс емес, біздің дәстүріміз, тарихымыз, тіпті заңдарымыз оларға жат. Олармен үйлесім табу бізге де қиын. Оларды жау деп қарау да дұрыс болмас, дос деп айтуға да асығыс.
Олардың қаржысы мол, нарықтық экономика жағдайына бейімделген, бұқараның психологиялық ерекшеліктерін меңгерген және өздерін жарнамалай да біледі. Сондықтан діни сауатсыз, атеистік идеологияның ығынан шығып болмаған біздің халықты діни секталар өз ықпалына түсіруде. Шындығын айтсақ, тәуелсіздікпен келген демократияның жемісін шетелдік діндер пайдаланып кетті. Олар үгіт-насихатқа өте бейімді, аңқау елдің отбасына, мәдениетіне жік салып жатыр. Барлық діни секталар мейірбан, шапағат әкеледі деуге келмейді. Тек ұлттың болмысымен, наным-сенімімен, мәдениетімен, дүниетанымымен берік, тығыз байланысқан дін ғана өміршең. Ұлт діннен қуат алып, дін ұлттан қолдау тапқанда ғана дін ізгілік дарытады. Бүгінгі шетелдік діни бірлестіктердің басты мүддесі біздің жастарды кемелділікке емес, батыс құндылықтарын санаға сіңіру үшін қызмет жасап жатыр. Сондықтан дінаралық қатынастарда толеранттылықтың да, байсалдылықтың да шегі бар. “Менің дүние-мүлкіме қол сұққан адам қандай қылмыс жасаса, менің ар-намысыма, ұлтымның жан-дүниесіне, сеніміне, имандылығына ақшамен, жалған ақпаратпен қол сұғу сондай қылмыс” деген қағиданы барлық діндер ұстанады.
Толеранттылық идея сырт көзге қарайып көрінгенімен, шындығында, жай төзімділік қана емес. Ол өмір талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады. Өзінен бөтенге, дербес пікірі бар, өзге тілде сөйлейтіндерге, бөтен дінге жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза, төзімсіздік кектесушілікке айналады. Ол жеке адамнан бастап, ұлттарға, дінге, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Демократия – ол тек еркіндік қана емес, ол ісің мен сөзіңе деген жауапкершілік, өзіңді өзің билей білу. Ойланбай айтылған сөз оқтан да қауіпті. Толеранттылық ой-пікіріміздің, наным-сеніміміздің шектілігін, әрқайсымыздың да қателесуімізге “құқымыздың” барлығын мойындатады. Татулықсыз, келісімсіз демократияның мүмкін еместігі секілді, демократиясыз, еркіндіксіз татулық мүмкін емес.
2. САЯСИ СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ
МЕН ТОЛЕРАНТТЫҚ ҮЙЛЕСІМ.
Мемлекеттік дамудың жалпыұлттық идеясы Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен күн тәртібіне қойылғандықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Тарихтың жаңа оралымы сәтінде Қазақстан халықтары өздерінің батыл таңдауын - өркениетті демократиялық қоғамды таңдап алды. Бізге шын мәнінде өмірдің бүкіл әлемдік экономикалық укладын түбегейлі түрде ауыстыру міндеті тұр. Ал ол тарих айқын танытқандай, тек бірыңғай идеямен ғана, сол үшін адамдар уақытша қиындықтарға, тіпті жекелеген сәтсіздіктерге дайын болу ниеті итермелеген қоғамда ғана ойдағыдай өтеді» - деп нақтылады./1/. Тәуелсіздікпен қатар келген саяси сана жаңаруындағы басты қағидат - сенім бостандығы толеранттық үйлесімде дамыған қоғамның негізгі саяси жетістіктерінің бірі де, бірегейі болмақ.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған кезеңдегі ең бірінші болып қолға алған заңдылық жүйелерінің бірі 1992 жылы 15-қаңтарда қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы болды. Бұл еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен небары бір-ақ айдан кейін қабылданған, былайша айтқанда ең алғашқы заңы деп атасақ та болады. Еліміздің тәуелсіздік алу жылдарындағы саяси-әлеуметтік, құқықтық жағдайы мен қазіргі кезеңді салыстыра алмайтынымыз себепті, соңғы жылдары бұл заңның өзгертілу қажеттігі туралы мәселе күн тәртібінен түспеуде. Оған себеп заңға уақыт талабы мен Қазақстан Республикасы Конституциясына сай реттеулер қажеттігімен қоса қазіргі таңдағы әлемдік (діни) миссионерлік ағымдардың қазақ жеріне қоныстану мүмкіндігі мен өз ықпалын жүргізудегі шексіз еркіндігінің артуын атасақ та болады. Республика тәуелсіздігінің бары 16 жылының ішінде «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» қабылданған заңы бірнеше рет өзгертуге ұшырағандығымен де толыққанды деңгейге жете алмағандығына куә болудамыз. Бұл біріншіден, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қажет болса, екіншіден, діни саладағы іс-әрекеттердің сапасын көтеру үшін туындап тұрған мәселе. Ол үшін әрине, діни бірлестіктер мен діни ағымдарға занды шектеулер енгізу ұсыныстары басым болуда.