Толерантность

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2012 в 15:20, реферат

Описание работы

ХХ ғасырдың соңғы ширегінде техника мен технологияның қарқынды дамуы қоғамның жаңаруына, экономикалық өсуіне арқау болып, әлемнің әл-ауқатын көтереді, әлеуметтік, дінаралық, ұлтаралық, мәдени қайшылықтардың алдын алады, оны түгел жоймағанымен, азайтады, өзара жарастық пен келісім орнайды деген үміт ұялатады. Алайда, іс жүзінде ол толық деңгейде ақтала қоймады. Жаһандану қордаланған қайшылықтардың шешімін түгел дәрежеде таппады. Мәселе тек кедейшілік пен қайыршылықтың деңгейінде ғана емес, ұлттар мен ұлыстар, діндер, әлеуметтік топтар, мемлекеттер арасында сенім орнамады, оның орнына “жаңа ұлт”, “жаңа отаршылдық” проблемасы пайда болды. 1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Толеранттылық қағидаттары туралы декларация қабылдады. 1996 жылды ЮНЕСКО Толеранттылық жылы деп жариялады. Бірқатар ТМД елдері оқу орындарында толеранттылық тәрбие бағдарламаларын енгізді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3
1. Толеранттылық – өзара сыйластық.....................................................5
2. Саяси сенім бостандығы мен толеранттық үйлесім..........................9
Қорытынды..........................................................................................................16
Қолданылған әдебиеттер...................................................................................17

Файлы: 1 файл

Толеранттылық. РЕФЕРАТ.doc

— 101.50 Кб (Скачать файл)

     1995 жылы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Толеранттылық қағидаттары туралы декларация қабылдады. 1996 жылды ЮНЕСКО Толеранттылық жылы деп жариялады. “Толерантность” (“толеранттылық”) сөзі латын тілінен аударғанда “төзімділік” деген мағына береді. Шындығында, оның мәні қазақ тілінде терең: төзімділік, шыдамдылық, ымыраластық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, кемелін таңдау, келісімін табу т.т./2/  

     Қазақстан қоғамында  саяси үдерістердің дамуы, сөз бостандығы, адам құқы мәселелері өткір қойылып, билік пен оппозицияның, діндер мен этностардың, салт-дәстүр мен мәдениеттердің бәсекелестігі мен бейбіт өмір сүруі үнемі назарда болып келеді. Қоғам  дамуындағы көптеген  мемлекеттердің саяси сахнадағы рөлін  зерделей  қарасақ миссонерлік  ағымдардың  артуы  арқылы  аталмыш  мемлекеттің  болашағына  ықпал  ету  жедел  іске  асырылып,   мемлекеттік  идеологияның  баяуы тез арада басқа өңге  айналатындығына  куә болуға  болады.  Оған  дәлел  сол  елге  діни  ағымдар  арқылы  саяси-идеологиялық  ықпалды  күштердің  кіргізілуіне байланысты.  Міне,  бұл миссионерліктің кез-келген  қоғамдық  ортаға  ықпал етудің  ең  арзан,  ең  аз  көрінетін,  ең тиімді  де  ұзақ  уақыттарға  қызмет  ету  құралы  бола алатынын  көрсетеді. 

     Қазақстан  діндер  арасындағы  татулықтың үлгісін  көрсетуде  аянбай еңбектенуде. Еліміз жас мемлекет болғанына қарамастан, біздің қоғамдағы сонау дала демократиясынан арна тартатын бастаулар елімізде өзара төзімділік және сыйластық қағидаттарының әу бастан көрініс табуына негіз қалағаны белгілі.

     Конфессияаралық  диалогты жоғары  деңгейге  жетілдіру идеясының авторы да  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әсіресе 2003 жылы Астанада өткен  «Әлемдік  және дәстүрлі діндер лидерлерінің» І-съезінен бастап  Қазақстан  діндер және мәдениеттер   арасындағы  диалогқа қосып келе жатқан үлесі арқылы әлемдік көрнекті  дін қайраткерлері мен саясатшылардың  үлкен қолдауына ие  болуда. Бүгін біз бұл бастама өзінің қажеттігін нақты дәлелдеп отырғандығын айта аламыз. Дін көшбасшыларының 2006 жылғы Астанадағы арнайы салынған  Бейбітшілік және келісім сарайындағы өткізілген ІІ-съезінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін  130-дан аса ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық пен өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. Барлық көршілерімізбен тату-тәтті қарым-қатынас орнатып, жаһандық қауіпсіздікті сақтауда өңірдің көшбасшысы атандық»,- дейді./3/. Рухани, адамгершілік, гуманитарлық ағарту – мемлекет пен діни бірлестіктердің ортақ міндеті екенін жете түсінген қоғамда этностық, діни жанжалдардың  және қазіргі дүниенің басқа да әлеуметтік жөнсіздіктерінің алдын алуға мүмкіндік мол. Бұл жердегі Қазақстан Республикасының бірден-бір мақсаты адамзат қоғамының үйлесімді дамуына қол   жеткізуге,  қазіргі заманғы дүниені құрудың өзекті   мәселелерін түсіне  білуде  Шығыс пен Батысты жақындастыруға   бағытталған бастамаларды   қолдауға  дайын  екенімізді  көрсету. Қазақстандықтар үшін  толеранттық – академиялық  ұғым  емес,  тәжірибелік  ұғым. Құрмет, төзімділік пен  бірлік  Қазақстанның  табысқа  жетуі  мен  гүлденуін  қамтамасыз  етудегі  мықты құралымыз екендігін өмір көрсетуде.   

            Астанада болған сапарында ЕҚЫҰ төрағасы Карл де Гюхт “бүкіл әлемде өркениеттер қақтығысы деп аталатын құбылыс байқалып тұрғанда, Қазақстанда қазір орын алып отырған толеранттылық ахуалын” атап өтті. Саяси мәдениеті жаңа қалыптасып келе жатқан біздің мемлекетімізде саяси толеранттылық орнығып болды деу қиын. “Бізде демократиялық мәдениеттің терең дәстүрлерінің жоқтығы, еркіндікті ойыңа келгенді істеуге болады деп түйсіну елді тұрақсыздыққа ұрындыруы, біздің болашаққа арналған барлық жоспарларымызды белінен басып, өзімізді алысқа кері серпіп тастауы әбден мүмкін екенін мойындауымыз керек”, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында./4/

     Мемлекет  басшысының бұл пікірін Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында “Сіздерді бірден өзара толеранттылық пен сындарлылыққа шақырғым келеді. Тек солай ғана – консенсус пен өзара түсіністік арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкін болады” деген тұжырымын нақтылай түседі.

     Толеранттылық туралы ой қозғағанда біз дінаралық қатынастарды айтпай кете алмаймыз. Қазақ жерінде ислам және басқа да діндер кеңес заманында қудалауға ұшырады, мешіттер қиратылды, діни әдебиет өртелді. Дін қызметкерлері жаңа демократиялық заманға енді-енді бейімделуде, халықтың рухани талаптарын толық деңгейде қанағаттандыра алмай жүргені де белгілі.

       Десек те Қазақстан  тәуелсіздік  алған  кезден  бастап  дінаралық  қатынастар  саласында  байыпты  мемлекеттік  саясат  жүргізіліп  келеді. Еліміз  халықтар  мен  діндер  арасындағы  татулық  пен  келісімге  қол  жеткізуге  толық  бола-тындығын  өзінің  үлгісімен  көрсете  алуда. Бұл  үшін тек қана  сенім мен өзара үнқатысқа  ұмтылыс қажет болатындығын   еліміздегі   байсалды  өмір  қалпы дәлелдеуде. Толеранттылықтың басты қағидаты адамдар арасында өзара сыйластықты, мейірбандықты қалыптастыру. Сондықтан, толеранттылық екі жақты сана: мемлекеттер, діндер, этностар, жеке адамдардың бір-біріне шапағат жасай білуі.

     Өзара төзімділік, бөтенді шеттетпеу, толеранттық мінез таныту мәселесі ХVІ ғасырда Еуропада діни қозғалыстар мен діни жіктерге байланысты туғаны белгілі. Лютеран, протестант пен католиктерді бір-бірін жатсынбауға арналған декреттер, заңдар қабылданып, бөтен діндерді қудалауға, үстемдік жүргізуге тыйым салынған. Бірте-бірте діни конфессиялардың біржақты төзімділігі өзара діни төзімділікке, діни салт-жораларды еркін атқаруға, діни сенім еркіндігіне негізделе бастаған. Бөтен дінге рұқсат беруден оны сыйлауға, адамның діни сенім құқының маңызды тірегі ретінде мойындалған. Өзара сыйластық, толеранттық сананы әкімшілік, авторитарлық жолмен енгізуге болмайтындығына Еуропа осылайша көз жеткізген еді.

     Дегенмен  де қазіргі  дүниеде дін  саяси  идеологияның  құралына  айналуда. Мыңдаған  жылдар  бойы  адам  жанының  тазартушысы, күрделі  дүниедегі  бірден-бір  құтқарушы  фактордың  теріс пиғылды  саясат  қаруына  айналуына  шектеу  қою  мақсатында  әлемдік қауымдастық, халықаралық ұйымдар, өркениетті  дамуға  бағыт алған мемлекеттермен  қатар  Қазақстан  Республикасы  да  өз  үлесін  қосуда.

     Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді  Айталы айтып өткендей: «Толеранттылық идея сырт көзге қарайып көрінгенімен, шындығында, жай төзімділік қана емес. Ол өмір талабынан туып отыр, әр түрлі салдарға апарып соғады. Өзінен бөтенге, дербес пікірі бар, өзге тілде сөйлейтіндерге, бөтен дінге жататындарға, бөтен құндылықтарды мойындайтындарға деген ашу, ыза, төзімсіздік кектесушілікке айналады. Ол жеке адамнан бастап, ұлттарға, дінге, мемлекеттерге қауіп төндіреді. Демократия – ол тек еркіндік қана емес, ол ісің мен сөзіңе деген жауапкершілік, өзіңді өзің билей білу. Ойланбай айтылған сөз оқтан да қауіпті. Толеранттылық ой-пікіріміздің, наным-сеніміміздің шектілігін, әрқайсымыздың да қателесуімізге “құқымыздың” барлығын мойындатады. Татулықсыз, келісімсіз демократияның мүмкін еместігі секілді, демократиясыз, еркіндіксіз татулық мүмкін емес»./5/.

     Қазіргі  әлемнің  қайшылықтары,  жанжалдары  және  соғыстардың  көпшілігінде  діни  және  этностық сипат  басым. Халықаралық  саясаттың  негізі өзара үнқатыс  пен ынтымақтастық мәдениетін  барынша айқын талап етеді. Ал  оның   негізгі бастау  көзі – рухани  адамгершілік  құндылықтарда, демек дінге тікелей қатысты. Сондықтан да  бейбітшілік  пен тұрақтылықтың  бағытына  қызмет  етуші  маңызды  және  тиімді  халықаралық  саяси  құралымыз - өркениеттерді, халықтар мен  елдерді  жақындастыру  үшін  қызмет  етуге  тиіс. Қазақстан Республикасындағы  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлерінің  форумы осы бағыттағы  мәселелерді шешуге  бағытталған. Сондай-ақ  осы басқосуда қабылданған декларацияда  бүкіл әлемдегі  халықаралық және  аймақтық  ұйымдарды,  мемлекеттер мен  үкіметтерді  өркениеттер  үнқатысы  процесін  белсенді  түрде қолдап,  әлем  мәдениетін  нығайтуға бағытталған күш-жігерді жұмылдыруға шақырады.

     Дүниежүзілік  қоғамдастық  әлемдік  және  дәстүрлі діндер  лидерлерінің  Қазақстандағы  съезі конфессияаралық  қайшылықтарды  еңсеруге, мәдени  және  діни  ынтымақтастық  құралдарын іздеуге зор үлес  үлес  қосарын мойындайды.

     Республика  Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлының  бастамасымен  2010 жылды  «Мәдениеттер  мен  діндер  жақындасуының  халықаралық  жылы»  деп  жариялау  ұсынысы  қазіргі  таңда  ЮНЕСКО  тарапынан  пысықталуда.

     Жоғарыда  атап  өткеніміздей, рухани, адамгершілік  және  гуманитарлық  ағарту – мемлекет  пен  діни  бірлестіктердің  ортақ  міндеті. Мұндай  шаралар  діни  жанжалдардың  алдын  алу  ғана  емес, қазіргі  дүниенің  басқа  да  әлеуметтік  сырқаттарын  жөнге  салып отыруға  мүмкіндік  береді. Қорыта  айтқанда  Қазақстан  әлемдік  конфессияаралық  үнқатыс  алаңы болуымен  қатар,  қазіргі заманның  өзекті   мәселелері  бойынша сындарлы  үнқатысудың  лидеріне  айналуда.

     Діннің  еліміздегі бірліктің тірегі екендігі  мемлекет тарапынан үнемі  жоғары деңгейде ескерілетіндіктен, бүгінгі таңда елімізде мемлекет пен діни бірлестіктер арасында сенімді байланыс орныққан. Саяси сенім бостандығындағы біздің еліміздегі салиқалы  мемлекеттік саясаттың негіздері – либералдық заңнамалар мен сенім бостандығындағы өзара төзімділік пен плюрализм десе де болады. Бұл жердегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұстанар саясаты бейтараптық, өзара төзімділік (толеранттылық) және тепе-теңдік қағидалары болмақ. Өзара төзімділік, шыдамдылық дегеніміз басқа діни сенімге төзімділікпен қатар құрметпен қарау және оны шеттетпеу.

     Қай дін болмасын, олардың адамгершілік қағидаларының негізіне жалпыадамзатқа ортақ мұраттар алынатыны баршамызға аян. Діни қауымдастықтар қоғамда жақсы ахуалды, бейбітшілік пен келісімді, руханилықты байытуды насихаттап, көптеген игі істер атқаруда. Дінге идеологиялық қарсы тұрудан бас тарту бұл тұрғыдан алғанда кең мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

     Қоғамның  идеялық бірігуін нығайтуға тұрақтылық, азаматтық келісім ахуалын құру елеулі әсер ететіні белгілі. Бұл жерде мемлекеттің жаңа саяси

     институттармен  - саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстармен жақсы жолға қойылған өзара үнқатысуына көп нәрсе  байланысты болмақ.

     Елбасы  Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтар алдында әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндетін  қойғаны мәлім. Бұл көпұлтты Қазақстанда идеялық топтасу мен жалпыұлттық мүдделерді жүзеге асырудың жолы арқылы, қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін қамтамасыз ету арқылы іске асырылмақ. Осыған байланысты біз үшін өзекті идеологиялық міндет – ұлтаралық келісім мен сенім бостандығындағы төзімділік пен байсалдылық саясатын қамтамасыз ету.

         
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Әлемдік және дәстүрлі діндер Конфессияаралық  бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады.

     басшыларының  бірінші съезінде еліміздегі конфессияаралық  келісім мен диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, конфессияаралық келісім мен диалогтың негізгі қағидаттары айқындалды. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. Бұл туралы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: “Біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз”.

     Дін біріктірудің, интеграциялық үдерістердің күшті факторы бола алады. Ол үшін діндерден қайшылықтарды емес, керісінше, ортақ белгілер мен қағидаттарды, ортақ негіздер мен ортақ құндылықтарды, біріктіруші бастауды іздеуге міндеттіміз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         Қолданылған әдебиеттер:

     1. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына  жолдауынан. 2008 жыл.

     2. А.Айталы. Толеранттылық - өзара сыйластық.  Астана. 2008 жыл.

     3. Карл де Гюхт. Өркениеттер қақтығысы.

     4. Толеранттылық. Статья  Амангелді АЙТАЛЫ 
 


Информация о работе Толерантность