Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 22:40, курсовая работа
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Кіріспе
а) Тәрбие туралы жалпы түсінік
б) Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері
в) Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері
г) Тәрбие процесінің принциптері және заңдылықтары.
д) Өзін-өзі тәрбиелеу жіне қайта тәрбиелеу.
Негізгі бөлім
а) Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
б) Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері
в)Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану
г) Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары
д) Баланың дамуы
е) Баланың психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары
ж) Баланың дамуында отбасының рөлі
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
а) Тәрбие туралы жалпы түсінік
б) Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері
в) Тәрбиенің жалпы теориялық және әдістемелік негіздері
г) Тәрбие процесінің принциптері және заңдылықтары.
д) Өзін-өзі тәрбиелеу жіне қайта тәрбиелеу.
Негізгі бөлім
а) Педагогика ғылымындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
б) Қазіргі кездегі білім беретін оқу орындарындағы тәрбиенің ерекшеліктері
в)Тәрбие әдістеріне сипаттама, оларды таңдау және тиімді пайдалану
г) Тәрбие құрал – жабдықтары мен формалары
д) Баланың дамуы
е) Баланың психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары
ж) Баланың дамуында отбасының рөлі
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» - деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама - философ «Әбу Насыр Әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте
- мәдени құбылыс;
- педагогикалық ықпал ету;
- балалардың әрекетін ұйымдастыру;
- қарым – қатынас құралы
ретінде жан – жақты
Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- әлеуметтік мағынада
– бұл аға буын жинақтаған
тәжірибені жас ұрпақ
- педагогикалық мағынада
– бұл тәрбиеленушіге ықпал
жасау үшін ұйымдастырылған
Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық - әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
2.Тәрбие процесі, оның мәні мен өзіндік ерекшеліктері.
«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).
«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).
«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский).
«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).
«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).
«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х.Й.Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі.
Н.К.Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929ж.): «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие» деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез – құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында «... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский
«... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар –
адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері
емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және
әлдеқайда күшті әдейі
Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата – аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін – оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым – қатынас жасай білуге үйрету.
Олай болса тәрбие процесі деп – қоғамның талап – тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл – ойын, сана сезімін, ерік – жігерін, мінез – құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.
Тәрбие – біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке – дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі
процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей
бір ұзақ дәуірді қажет етеді.
Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге
дейін тәрбиенің ықпалында
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
3. Тәрбиенің әдістері,
тәсілдері және құралдары туралы ұғым.
Қазіргі педагогикалық теорияда “Тәрбие
әдісі” ұғымы әліде жете зертелмеген
мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде
әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда.
Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне
берген анықтамаларының өзі – ақ дәлел
бола алады. Т. Е. Конникованың анықтамасы
бойынша – бұл педагогикалық жұмыстың
тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына
жету. И. С. Макаренконың анықтамасы бойынша,
тәрбие әдісі – бұл жеке адамға тікелей
және жанама түрде ықпал жасау. В. А. Сластенин
тәрбие әдісін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
іс - әрекетінің өзара байланыс тәсілдері
деп тұжырымдайды.
Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа
да бір сыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға
қарағанда шамасы, әрбір автор тәрбие
әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының
нәтижесіне сүйеніп түсіндіретін сияқты.
Бірақ, біздің байқауымызша, әртүрлі анықтамалар
бір мақсаты көздейді, демек бұл сананың
дамуына, баланың мінез – құлық тәжірибесінің
қалыптасуына әдістің тәрбиелік ықпал
жасауы.
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына
сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады.
Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
өзара байланыс іс - әрекетінде оқушылардың
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына
бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Мұндай анықма ынтымақтастық педагогика
талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық
педагогика мұғалім мен балалардың бірлесу
еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне
бөлейді, табысқа жеткізеді.
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің
мақсатына, принциптеріне және мазмұнына
, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне
, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты.
Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары
және мазмұнымен анықталады, ал мақсат
әдістің бас критерийі.
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске
асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық
нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас
жасауға және олардың іс -әрекеттеріндегі
құнды тәжірбиелерін пайдалануға бағытталуы
қажет.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші
оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын
тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да
қолданады.
Тәсіл әдістің құрамы бөліктері, әрбір
әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету
мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері
нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма
т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен
тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол
құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің
түрлері көрнекі, құралдар, көптеген комуникация
құралдары, педагогикалық ықпал жасау
құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың
сөзі, олардың өнегесі т.б.) жатады. Тәрбие
мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды
тиімді пайдалану қажет.
Оқушы тұлғасы қалыптасудың басқарылуын
қамтамасыз ету-тәрбиенің негізгі құралдарын
толық және тиімді пайдалана білу. А.С.Макаренко
өз тәжірбиесінде тәрбиедегі шешуші роль
атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар
емес, керісінше, олардың үйлесімді құрылған
жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.
Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың
субъектісі ретінде іс-әрекет барысында
қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан
дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып
келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет
түрлері құралдары болып табылады.
Тәрбие әдістері
мен тәсілдеріне сипаттама.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін
жасау үшін 40-жылдардың соңында 50-жылдардың
басында көп күш салды. Тәрбие әдістері
проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар
Н. К. Гончаров, Т. Е. Конникова, И. Т. Огородников,
Н. И. Болдырев, И. С. Марьенко, Г. И. Шукина,
В. А. Сластенин т.б.
60- жылдардың екінші жартысынан бастап
педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде
“Советская педагогика” журналының беттерінде
бірнеше талас пікірлер айтылып келеді.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің
ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде
Т. Е. Конникова, Г. И. Шукина және В. С. Сластенин
жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік
байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып
келеді.
Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік
педагогикалық институтының ғалымдары
(Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) жасаған тәрбие
әдістерін жіктеу үш топқа бөлінеді.
Бірінші топ-
тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі,
қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы
жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері:
талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру,
арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі,
балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.
Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары
бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты
бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың
жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың
бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны
іс- әрекеті, процесінде орындау қажет.
Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі
– бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және
күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың
тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық
нормасына сәйкес оқушыларды қажетті
дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден
басталады. Мысалы, баланың мезгілімен
жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке
келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайлылық
(инабатылық), мұқияттылық, табандылық
сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың
өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған
сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын
жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы,
бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі ситуацияда
оқушылардың моральдық тапсырмаларды
орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының
мүдесімен, талаптарымен қабысуы қажет.
Мысалы, кез – келеген тәрбиелік шараларды
мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке,
ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың
өндірістік бригадалары, шефкеалу жұмыстары
оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке
жаттықтырады.
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері:
нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.
Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның жағымды
әрекеттерінің және қылықтарының қалаыптасуына
ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және
тәрбиенушілер арасындағы қарым – қатынасқа
қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп
біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа,
ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру,
сыныпты, демалтын орындарды дайындау,
яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші
ситуацияда іске асырылады.
Өз екркімен таңдау ситуациясының тәрбиелік
мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып
орын беру немесе үндемей қалу, шынын айту
, немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуацияларда
балалар көп ойланады, қайғырады.
Екінші топ. Жеке
адамның санасын қалыптастыру әдістері
(ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру,
сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық
әңгіме, әңгімелесу пікірталас, лекциялар,
өнеге.
Бұл әдістердің балалар санасына ықпал
жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды
өмірдің , еңбектің қоғамдық нормасына
қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы
нормалар жөнінде білімді, байымдауды,
баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке
адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын
сипаттайды.
Әрбір әдістің мақсаты мен мазмұны педагогикалық
оқу құралдарында жақсы жазылады. Сондықтан
мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас
әдістеріне тоқталамыз.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру
әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде
саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді
талдауға белсене қатысады, олардан тиісті
қортынды шығару үшін ойланады, ақылға
салып түсінеді. Әңгіме әдісі кез – келген
мәселелерде ұқыпты дайындықты талап
етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды
ескеру керек: