Оқушылардың жас ерекшеліктерін
елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының
қыры мен сырына жете мән беріп, оларды
жете бағаламау салдарынан болатын
табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан
мұғалімге қойылатын талаптар, олардың
рухани тілектерін қанағаттандырмауға
байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім
оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ
ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына
сирек қатысады. Оқушылар ұжымының
сан алуан жұмыстарына, ұжымдық
пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай
жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға
деген наразылық, қанағаттанбау
сезіміне орай тартыстың туындауына
себеп болады.
Оқушылардың даралық ерекшеліктеріне
тән жағымсыз қасиеттері мен мінез-құлқына
орай туатын тартыстар. Оқушылар арсындағы
ұшқалақ мінезді, қызу қанды, айтқанынан
қайтпайтын өжет, жан дүниесіеің шеңбері
тар өзін қатар құрбыларынан жоғары
санайтын балалар да бар.Олардың
сөйлеген сөзі, істеген қылығы өзгелердің
зығырданын қайнатып тұрады. Ондай
балалармен қарым-қатынас жасау
мұғалімдерге оңай тие қоймайды. Негізгі
мақсат мінезі ерекше оқушылармен қалыпты
қатынас орнатудың тиімді әдісі
– оларды ұжымдық өмірдің ыңғайына
қарай бейімдеп, олардың іс-әрекеттерімен
үйлестіру. Дегенмен, мұндай жағдайда
ұстаз бен шәкірт арасындағы айырым
шығатын жәйттер жиі болып
тұрады. Мұндайда ұстамды ұстаздар
шыдамдылық пен тапқырлық көрсетіп,қалайда
шәкірттермен тиімді қарым-қатынас
орнатудың әдіс-тәсілдерін ізденеді.
Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз
қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір
оқушының даралық ерекшеліктеріне
баса көңіл аударады.
Мұғалім мен оқушылар арасында
кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара
келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер
кездеседі. Мұндайда баланың даралық
ерекшеліктері мен жан дүниесінің
сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық
ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала
психикасының қарқынды дамып отыруына
орай түрлі тілек талаптары мен
қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын
білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие
ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының
дамуындағы саналы өзгерістерді ескеріп,
оларды дұрыс жолға пәрменді бағыттап
отыратын болса, онда шәкірт мінезінің
ұнамды қасиеттерін бірізділікпен
қалыптастыруға болады.
Ұстаздар мен шәкірттер
арасында дұрыс қалыптаспаған қарым-қатынастар
тәлім-тәрбие істерінің жемісті
жүргізілуіне елеулі нұқсан келтіреді.
Мұндай жәйттер арнайы іздестірілген
тәжірибелер арқылы анықталды. Біріншіден,
бір кластағы оқушылардың жеке пән
мұғалімдеріне қатынасы; екіншіден,
сабақ жүргізген пән мұғалімдерінің
ерекшеліктері; үшіншіден, оқушылардың
жеке пәндерге деген ықылас-ынтасы;төртіншіден,мұғалімдердің
класс ұжымымен қарым-қатынасының
сипат Мұғалім мен оқушылар арасындағы
кездесіп отыратын наразылық пен
дау-дамайдың туындау себептерін психологиялық
тұрғыдан ашып көрсетудің маңызды екендігіне
жете түсініп, мектеп тәжірибесінен
жинақталған материалдарды топтастыра
отырып іздестірілді. Мысалы, кейбір пән
мұғалімдері өз сабақтарын қызықты
етіп ұйымдастырып өткізетін болса,
онда сабақтарға оқушылар да белсене
қатысып, өтілген материалдарды
тиянақты меңгеруге ұмтылады. Ал, кейбір
сабақтарда оқушылардың бірсыпырасы
оларға енжарлықпен қатысып, кейбір
реттерде оғаш қылық көрсетті. Әдетте
мұндай сабақтарда мұғалім мен оқушылар
арасында наразылық тудыруға себеп
болады. Мәселен, осы мектептің 5-класында
өтілген орыс тілі сабағында кластағы
оқушылардың басым көпшілігі
бөгде нәрселермен шұғылданып, өзара
дабырлап сөйлеп отырды. Мұғалімнің тәртіпке
шақырған ескертуіне де миығынан қарап
немқұрайлы күйін байқатты.
Сабақты талдап, оқушылардың
оғаш мінездерін көрсетудің басты себептері
неде екеніне келсек, біріншіден, мұғалім
класқа басшылық ету ролін көрсете
алмады. Бұл оның даярлығындағы методикалық
елеулі олқылылығын аңғартты. Екіншіден,
мұғалімнің өз қызметіне немқұрайлы
қарайтынын көрсетті. Үшіншіден, оқушылардың
бағдарламалық материалдарды тиянақты
меңгеруінің тиімді жолдарын іздестірмейтінін
сездірді. Керісінше, бұл сабақта
оқушылардың ықылас-зейіні сабақтың
бітуіне де бағытталды. Төртіншіден,
оқушылардың мінез-құлқына байланысты
көтермелеу мен кінәләу талаптары да
орындалмады. Содан келіп мұғалім мен
оқушылар арасында дау-дамай етек алады.
Өйткені, бұл сабақта мұғалімнің білім
дәрежесінің төмендігі мен әдісінің шалалығы
оқушылардың мұқтаж-тілектерін қанағаттандыра
алмады.
Мұғалімдер мен оқушылар
арасында кездесетін наразылықтар мен
керіс-жанжалдар мұғалімнің жеке басындағы
мінез-құлық мен қызметіндегі кәсіби
олқылықтарына байланысты екенін аңғартты.
Мұғалімнің мінез-құлқы
өз мамандығының талаптарына сай
болса, онда мұндай қолайсыз жағдай болмас
еді. Қолдан келгенше өзара қақтығыстар
мен реніштерді тудырмаған жақсы. Ондай
жәйттер кімге де болса абырой
әпермейді. Болашақ ұстаздар мұндай
жағдайлардың мән-жайын терең барлап
түсінгені дұрыс.
Қорытынды
Іс-әрекет пен қарым-қатынас
бірлігі жайлы пікір, сонымен
бірге, осы құбылыстар байланысының
сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын
ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік
болмысы жағынан (Б.Ф. Ломов), қарым-қатынас
іс-әрекет түрі сияқты тек - түр қатынасында
болатын құбылыс ретінде қарастырылуы
мүмкін (яғни, Г.П. Щедровицкий, А.А. Леонтьев,
В.В. Рыжов, Г.В. Гусев және т.б.). Соңғы
жағдайда ол қандай іс-әрекет, даралық
па әлде ұжымдық па деген сұрақ
туындайды. Біз іс-әрекеттің екі
формасы да мүмкін дегенді негізге
аламыз, бірақ қарым-қатынастың өзі
іс-әрекет емес, ол қоғамдық-еңбектік катынаста
әр түрлі іс-әрекетпен айналысатын
адамдардың өзара әрекеттесу формалары
болып табылады.
Мұндай түсіндірме Б.Ф. Ломовтың
жалпы позициясымен сәйкес келеді,
бұл позиция бойынша қарым-қатынас
- «бір-бірімен қатарлас (симметриялы)
дамушы іс-әрекеттердің бірінің үстіне
бірі қосылуы, жапсырылуы емес, ол оған
серіктестер ретінде қатысушы субьектілердің
өзара әрекеті». Алайда, түсіндірмелердегі
айырмашылық мынада: Б.Ф. Ломов үшін
қарым-қатынастың өзі өзара әрекеттесу
болса, оқулықта келтірілген анықтама
бойынша қарым-қатынас оның формасы
болып табылады.
Қатал қарым-қатынас баланы
ұрып-соғу арқылы ашық көрінеді не жасырын,
яғни эмоционалдық дұшпандық пен
суықтықтан көрінеді. Жоғары моральдық
жауапкершілік бала болашағының
ерекшелігіне үміт артып, баладан жоғары
моральдық тәртіп талап етуден болады.
Тәрбиенің мұндай түрін ұстанатын
ата-аналар балаға отбасының басқа
мүшелеріне қамқоршы, қорғаншы болуды
жүктейді.
Адамның қоғамдық болмысы
жан-жақты əрi көп деңгейлi аралық
қатынастардан құралады. Ал осы
қатынастар арасында өзiнiң ерекше мəнi
мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс
- бұл тiлдестiк қатынастар.
Тiлдесу барысында адамдар
өзара əрекеттiк байланысқа келiп,
тұрмыс-еңбек тəсiлдерi мен нəтижелерiн, əрекетке
орай туындаған болжамдар мен идеяларын,
ниеттерiн, қызығулары мен сезiмдерiн
жəне т.б. өзара белiседi, алмасады. Тiлдестік
қатынас бiршама дербес құбылыс ретiнде
қабылдануымен, субъектi белсендiлiгiнiң
ерекше бiр формасы ретiнде көрiнедi. Тiлдесу
қызметiнiң нəтижесi - өзгертiлген, болмаса
қайта жасалған дүниелк не идеалдық
өнiм емес, ол адам мен адамның, адам мен
қауым арасында орныққан байланыс қатынасы.
Тiлдесудiң жеке адам деңгейiндегi
сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның
қызмет үш түрге бөлi недi: ақпараттьың
тiлдесу, реттеу тiлдестгi жəне сезiм бiлдiру
тiлдестiгi. Осыдан тiлдестiк қатынастң
ұш түрлi мазмұны ашылады: ақпарат алмасу,
адам аралық өзара ықпал жəне адамдарды
бiрiн-бiрi түсiнуi.
Қарым-қатынас мәселесі бұл
әлеуметтік психологияның негізгі
проблемалары. Бірақ, қарым-қатынас
проблемасымен тек психологтар,
педагогтар айналысып қана қоймайды, оны
философтар, социологтар, политологтар
да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен
жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді
(сөз) және вербальді емес (ым не ишара)
қарым-қатынастың түрін пайдаланады.
Қарым-қатынастың қай түрі
болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне
байланысты деп айтамыз. Психологтар
педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі
мұғалімнің баланы біліп-тануына және
әр баламен диалогқа түсуіне байланысты
деген.
Күнделікті өмірде адамдар
келесі адамның мінез-құлқының негізгі
себебін білмейді немесе аз біледі.
Мәліметтің аздығына байланысты адамдардың
мінез-құлқының себебін, кейде үлгі
мінез-құлықты немесе жалпы мінездемелерді
бір-біріне жапсыра бастайды. Әлеуметтік
психологияның ерекше бір саласы
каузальды атрибуция осы процестерді
талдайды. Атрибуция теориясы өзіміздің
және басқа адамдардың мінез-құлқының,
жүріс-тұрысының себебін қалай түсінетіндігімізді
түсіндіреді.
Басқару стилі мұғалімнің
оқушылармен қарым-қатынас жүйесінің
барлығына: мұғалімнің өз оқушыларын қалай
қабылдайтынына, шәкірттерімен келіспеушілігінің
жиілігіне, балалар ұжымындағы психологиялық
жағдайға т.б. әсерін тигізеді.
Бірінші топқа балалармен
тұрақты араласатын мұғалімдерді жатқызуға
болады. Және бұл қатынас оқытушының
күнделікті тәлімгерлік міндеттерінің
шеңберінен анағұрлым кеңейіп, қарқындылық
пен сенімділіктің үлкен дәрежесімен
ерекшеленеді. Мұндай педагогтар өте
жиі кездеседі. Оларға басшылықтың
демократиялық стилі тән.
Екінші топты оқушыларға
сыйластықпен қарайтын, олардың сенімі
мен сүйіспеншілігіне ие болған мұғалімдер
құрайды. Бірақ түрлі себептермен
оқытушылардың балалармен қатынасының
оқу процесінен тыс тұрақты сипаты
болмайды. Алайда қайсыбір мектеп оқушылардың
өздері ажырата алмайтын қиындықтар
туған жағдайда, шәкірт осы педагогқа
барады, сонда қатынас шын көңілдік
пен сенушіліктің ең жоғарғы деңгейінде
әдеттегідей өтеді. Бұл топта
сондай-ақ демократиялық басқару
стиліндегі мұғалімдер басым болады,
бірақ аздаған өктемдік стилдегі
мұғалімдер де бар.
Үшінші топқа мектеп оқушыларымен
жақын араласун ашық тырысатын, алайда
араласы жоқ мұғалімдерді енгізуге
болады. Бұл әр түрлі себептермен
өтеді. Біреуінің уақыты жетпегендіктен,
екіншісінің оқушылар олармен сенімді
араласа алмайтындығынан, себебі бұл
мұғалімдер я тәрбиешілік кейіп
қана білдіреді; не оларға сеніп айтылған
сырларды сақтауды білмейді, не балалар
оны жақсы көрмейді. Мұндай мұғалімдердің
арасында айнымалы және демократиялық
стильдер кездескенімен, басқарудың өктемдік
стилі бар педагогтар көбірек
ұшырасады.
Төртінші топқа оқушылармен
араласатын іс мәселелерінің тар
шеңберімен шектелетін педагогтар жатады.
Бұлар көбінесе басқарудың автократтық
және елемеушілік стиліндегі мұғалімдер.
Мұғалімдердің оқушылармен
қалыптасатын өзара қарым-қатынастары
педагогтардың мектеп оқушыларының
жас ерекшеліктерін, атап айтқанда,
жеткіншектер мен жоғары ересектікке
ұмтылушылықты қалай ескеретініне
байланысты. Мұғалімдерге жеткіншектер
мен жасөспірімдердің өз ересектігін
мойындату жиі қиындыққа түседі
(әсіресе басқарудың демократиялық
стилі жоқтардан). Ал, бұл сенімділік
қатынасына жетуге белгілі тосқауыл
тудырады. Мысалы, орта және жоғары сынып
оқушыларында ата-аналармен және балалар
кейбір мүшелерде тәуелді ересек
адамдармен (яғни, ең алдымен, мұғалімдермен)
қатынастарында қобалжулық дәрежесі көбейе
түсетіндігін эксперимент-зерттеулер
көрсетіп отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Білім туралы 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы.
- Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.-А., 1991 ж.
- Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. - А., 1999 ж
- Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы,2005 ж
- Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. «Ана тілі», 1992 ж.
- Педагогика. Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедрасының ұжымы, Оқулық-Алматы,2005 ж.
- Қалиева М. Білім беру технологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісінде енгізу жолдары. Алматы.2002 ж.
- Хмель Н.Д., Хайруллин Г.Т., Муканова Б.И. Педагогика: Оқулық/Абай атындағы Ұлттық Педагогикалық Университетінің педагогика кафедралар авторлар ұжымы.- Алматы. 2005 ж.
- Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика: Университеттер студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 2004 ж.
- Кузнецов И.Н. Настольная книга практикующего педагога. Москва, 2008 ж.
- Макаренко А.С. Шығармалар . 5 том М.РСФСФР АПН Баспасы 1995 ж.
- Самоукина Н.В. Психологический тренинг для учителя. Москва, 2006 ж.
- Сухомлинский В. Коллективтің
құдіреті күші Алматы «Мектеп» 1989 ж
- Щуркова Н.Е. Практикум по педагогической технологии — Москва, 2001 ж.
- Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. -Алматы, Қазақ университеті, 1989 ж.
- Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991 ж.
- Алмаханова Х. Жас өспірімдерге эстетикалық тәрбие беру. /Методикалық нұсқау. А., 1990 ж.
- Ақназарова Б. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1973 ж.
- Әбенбаев С. Оқушы жастарға эстетикалық тәрбие беруді жетілдіру. -А., 1992 ж.
- Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999 ж.
- Әбілова З. Этнопедагогика. -А., 1997 ж.
- Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.
- Болдырев Н. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -Алматы, 1987 ж.
- Болдырев Н. Класс жетекшісі. -А., Мектеп, 1980 ж.
- Богословский В. т. б. Жалпы психология -А., Мектеп, 1980 ж.
- Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетін тарихи-әдеби кештер. -А., Мектеп, 1968 ж.
- Бержанов Қ. Тәрбие мен оқытудың бірлігі. -Алматы, 1973 ж.
- Бабанский Ю. Педагогика. -Москва, 1988 ж.
- Батышев С. Научная организация учебно-воспитательного процесса. -М., 1975 ж.
- Елеманов С., Күктілеуов А. Жастарға арналған праволық білім беру негіздері. -А., 1985 ж.
- Егембердиев Ж. Мектеп жұмыстарын жоспарлау /Методикалық ұсыныстар. -А., Мектеп, 1975 ж.
- Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері. -А., 1985 ж.
- Ильина Т. Педагогика, -М., 1984 ж.
- Керімов Л. Праволық тәрбие жүйесі. (11-лекция). -А., 1991 ж.
- Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. -А., 1983 ж.
- Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994 ж.
- Жарықбаев Қ, .Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995 ж.
- Жарықбаев Қ,Базарбаев Ж. - Алматы, 1995 ж.
- Қалиев С. Этнопедагогика:оқулық [кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына ұсынған]/С. Қалиев, Ж. Молдабеков, Б.Иманбекова.-Астана:Фолиант,2010 ж.
- Азаров Ю. Педагогика любви и свободы/Ю. Азаров.-М.:Топикал,1994 ж.
- Беленький Г. И. Приобщение к искусству слова (Раздумья о преподаваниии литературы в школе)/Г. И. Беленький.-М.:Просвещение,1990 ж.
- Березняк Е. С. Руководство современной школой/Е. С. Березняк.-М.:Просвещение,1983 ж.
- Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002 ж.
- Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық. Алматы, -2005 ж
- Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық. Алматы,2005 ж.
- Алдамұратов А. Жалпы психология. Алматы,1996 ж.
- Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы ,1993 ж.
- Илина Т. А. Педагогика. Алматы, 1977 ж.
- Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика. Алматы,2002 ж.
- Педагогикалық психология. Алматы,1995 ж.
- Әбиев Ж., Бабаев Ж.,Құдиярова А. Педагогика. Алматы. 2004 ж.
- Педагогика және психология сөздігі. Алматы, 2002 ж.
- Марцинковской Т.Д., Гардарикиетская : практическая психология. / под редакцией проф. Т.Д Марцинковской .М.:2003 ж.
- Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. «Мектеп» баспасы, Алматы, 1976 ж.
- Сманов. Б. Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдары. /Құраст. Алматы: Мектеп, 1989 ж.
- Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985 ж.
- Бабанский Ю.К Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / под. Ред. П.И. Пидкасистый. - Общество, 1998 ж.
- Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992 ж.
- Нұрғалиева Г.Қ. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996 ж.
- Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері 1991 ж.
- Айтмамбетова Б., Бейсенбаева. Тәрбиенің жалпы әдістері. - А., 1991 ж.