Тәрбие жүйесіндегі дарынды балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 09:57, реферат

Описание работы

Қазақта «білекті – бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Сол секілді дарынды балалар елміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық болып саналады. Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға да – дарынды балалар. Баланың дарынды болып дүниеге келуі, оның қабілетін анықтау, талантын жүре дамыта алуы – әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Оның үстіне қазір ХХІ ғасыр – білім мен ғылым, ақпарат пен технологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өзге елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіретіңді мойындататын рух пен алапат күшжігер қажет.

Содержание работы

1. Дарынды балалар
2. Дарындылық
3. Дарындылықтын түрлері
4. Дарынды оқушымен жұмыстын негізгі мақсаты
5. Дарынды шәкіртті талантты ұстаз тәрбиелеуі
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Айдана дарынды балалар.docx

— 36.13 Кб (Скачать файл)

              Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.   

 

 

 

   

    Реферат

 

Тақырыбы: Тәрбие жүйесіндегі дарынды балалар!

 

 

 

 

 

                                                                          Орындаған: Ербол Айдана

                                                                          Тексерген: Жакиенова А

                                                                          Баға:

 

 

 

 

 

                                                    2014

 

Жоспар:

  1. Дарынды балалар
  2. Дарындылық
  3. Дарындылықтын түрлері
  4. Дарынды оқушымен жұмыстын негізгі мақсаты
  5. Дарынды шәкіртті талантты ұстаз тәрбиелеуі
  6. Қорытынды
  7. Пайдаланған әдебиеттер

 

 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Қазақта «білекті – бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Сол секілді дарынды балалар елміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық болып саналады. Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға да – дарынды балалар. Баланың дарынды болып дүниеге келуі, оның қабілетін анықтау, талантын жүре дамыта алуы – әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Оның үстіне қазір ХХІ ғасыр – білім мен ғылым, ақпарат пен технологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өзге елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіретіңді мойындататын рух пен алапат күшжігер қажет. Елбасының қазақстандық білім беру жүйесіне қойып отырған талап-тілегі де – осы сапалы әрі өркениетті білім. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дарынды балаларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми тәжірибелік орталығы құрылды. Дарынды балалар үшін арнайы гимназия, лицей, дарын және Назарбаев интеллектуалдық мектептері ашылды. Осылайша, бұрын жалпы білім беру жүйесінің мақсаты елді жаппай сауаттандыру болса, қазір ол мақсат өзгеріп, жалпы жүйені дарынды балаларға қызмет етуге бұру идеясы қо­йылған. Ал мектептерде дарынды балалардың көп болуы үшін мұғалімдердің біліктілігі жоғары болуы қажет. Ғұламалар «адам баласының бойындағы дарындылық тек бір ғана пайызды құрайды, ал қалғаны оның тәрбиесі мен өзінің өсіп жетілгеніне байланысты» дейді. Бұған қарағанда, адам бойындағы дарындылық қасиет барлық адамда болса керек. Тек білікті ұстаз оқушының осы қасиетін тауып, оны әрі қарай жетілдіру үшін дұрыс бағыт бере білуі керек. Бұл ретте балабақшадан бастап, мектеп, ЖОО-лардағы ұстаздарға дейін дарынды балалардың санын арттыру, шығармашылық білімін жетілдіру төңірегінде мақсатты түрде жұмыс жүргізулері керек.                                             

                                     Дарындылық

Жалпы «дарындылық» феноменін алғаш зерттеуден бастап-ақ ғылымда екі бір-біріне қарама-қарсы «био» және «социо» бағыттары қалыптасқаны аян. Дарындылықтың негізгі басымды қозғаушы күші тек қана генетикалық нышандар болып табылады деген пікір Ф. Гальтон, Г. Айзенк еңбектерінда айқын көрінген. Екінші бағытты ұстанған ғалымдар негізгі фактор ретінде қоршаған ортаны қарастырған. Ал қазіргі таңда А.Т. Асмолов негіздеген ұстаным әлдеқайда өміршең екендігін дәлелдеп отыр. Л.С. Выготскийдің теориясын негізге алған бұл бағыт «дарындылықты» білімді өз бетінше игеру, ашу, жаңа жағдайда көшіре білу, мәселені мақсатты шешу, бір сөзбен айтқанда, «интеллектуалды дарындылық» ретінде зерттейді.

Педагогикалық энциклопедияда: «Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерін жете жақсы дамуының жоғары сатысы», - деп атап көрсетіледі. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық – сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады.Көптеген ғылымдардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Балалардың келешегі жөнінде ойланбайтын, балалардың қабілетті, дарынды, талантты болып, болашақ қызметтерінде үлкен жетістіктерге жетуін армандайтын ата-аналарды табу өте қиын. Бірақ сөйте тұра солардың барлығы бірдей қабілет деген не, оны қалай дамытуға болады және бұл жұмыста жанұя қандай міндет атқару керек дегенді біле бермейді. Қабілеттілік туа бола ма, жоқ әлде жүре бола ма? Олар тұқым қуалай ма, жоқ па? Қабілеттілік барлық балада бірдей дамыту мүмкін бе? Оған қалай жетуге болады? «Қабілеттілік деп – белгілі бір іс-әрекетте ең тәуір нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін адамның жеке-дара психологиялық ерекшеліктері айтылады». Қабілеттілік жалпы ақыл қабілетті және арнайы қабілет болып бөлінеді. Жалпы қабілет негізінен ойлауға қатысты болып келіп, оның аңғарғыштық, ойланғыштық, дербестік, сыншылдық, икемділік т.б. қасиеттерінен көрініп отырады. Жалпы қабілет адамның өзін ой-әрекеттерінің түрлі салаларынан көрсете білуге мүмкіндік жасайды.Жалпы қабілеті дами білген оқушы математика, физика, биология, әдебиет сабақтарын бірдей жақсы игеріп, мектеп шеберханасы, тәжірибе алаңы, лабораториядағы түрлі еңбек тапсырмаларын да сәтті орындап отырады.

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Дарындылық түрлерін анықтау критерийлері ретінде мыналарды атауға болады:

1) әрекет түрі және  оны қамтамасыз ететін психиканың  салалары;

2) дарындылықтың қалыптасу дәрежесі;

3) байқалу формасы;

4) әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі;

5) жас ерекшелігі дамуының ерекшеліктері.

Әрекеттің негізгі түрлеріне: практикалық, теоретикалық (баланың жасын ескеретін болсақ), көркем-эстетикалық, коммуникативтік және рухани құндылық жатады.

Психиканың салалары интеллектуалдық, эмоционалды және ынталандырушы-еріктік болады. Әрбір саланың аясында психикалық ұйымдастырудың мынадай деңгейлерін атап көрсетуге болады. Яғни, интеллектуалдық саланың аясында сенсомоторлық, кеңістік-көру (визуалды) және ұғымдық-логикалық деңгейлер. Эмоционалды саланың аясында – эмоционалдық қабылдауы мен эмоционалдық қайғыруының деңгейі. Ынталандырушы-еріктік саланың аясында – ой шақыру, мақсат қою және мағынаны ұғыну деңгейлері. Сәйкесінше, дарындылықтың мынадай түрлері айқындалады:

– практикалық әрекетте, көбінесе, қолөнері, спорттық және ұйымдастырушылық дарындылықтарды айтуға болады.

– танымдық әрекетте - әрекеттің пәндік мазмұнына қатысты интеллектуалдық дарындылықтың сан түрі айқындалады (жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласындағы, интеллектуалдық ойындар саласындағы, т.б. дарындылықтар);

– көркем-эстетикалық әрекетте – хореграфиялық, әдеби-поэтикалық, бейнелеу және музыкалық дарындылықтар;

– коммуникативтік әрекетте – лидерлік және аттрактивтік дарындылықтар;

– рухани-құндылық әрекетте – жаңа рухани құндылықтар туғызудан және адамдарға қызмет етуден байқалатын дарындылықтар.

Дарындылық түрлерін «Әрекет түрі және оны қамтамасыз ететін психиканың салалары» критерийі бойынша жіктеу дарындылық табиғатының сапалық болмысын түсінуде анағұрлым маңызды. Бұл критерий бастапқы болып табылады.

Бұлай жіктеудің аясында мынадай екі мәселені шешуге болады:

– Дарындылық пен жекелеген қабілеттердің арақатынасы қандай?

– Дарындылықтың «шығармашылық дарындылық» деген ерекше түрі болады ма?

«Дарындылық» және «шығармашылық дарындылық» ұғымдары мәндес болып табылады. «Шығармашылық дарындылық» шартты түрде айтсақ, бұл – кез келген әрекетті жоғарғы деңгейде орындау ғана емес, сонымен қатар оны қайта жасау және дамыту болып табылады.

«Дарындылықтың қалыптасу дәрежесі» критерийі бойынша дарындылықты былай жіктеуге болады:

– актуалды дарындылық;

– әлеуеттік дарындылық.

Актуалды дарындылық – бұл жас ерекшелігі және әлеуметтік нормалармен салыстырғанда нақты пәндік салада іс-әрекетті орындаудың жоғары деңгейінде байқалатын психикалық дамудың белгілі бір көрсеткішіне қол жеткізген баланың психологиялық сипаттамасы. Актуалды дарынды балалардың ерекше категориясын талантты балалар құрайды. Таланты бала – бұл қол жеткізген табысы объективті жаңашылдық пен әлеуметтік маңызды талаптарға сай келетін бала деп есептеледі. Әлеуметтік дарындылық – бұл әрекеттің белгілі бір түрінде жоғары нәтижеге жетудің психикалық мүмкіндігі бар, дегенмен сол сәтте өз мүмкіндігін оның функционалды жетімсіздігінен жүзеге асыра алмайтын баланың психикалық сипаттамасы. Бұл әлеуеттің дамуына бірқатар келеңсіз себептер (қиын отбасы жағдайы, ынталандырудың аздығы, өз әрекетін реттей алмау, қажетті білімдік ортаның болмауы, т.б.) кедергі болады. Әлеуеттік дарындылық баланың бастапқы психологиялық мүмкіндігіне нақты дамытушы ықпалды қамтамасыз ететін жағымды жағдайда байқалады.

«Байқалу формасы» критерийі бойынша айқын және жасырын дарындылық туралы айтуға болады.

Айқын дарындылық баланың әрекетінен нақты көрінеді. Баланың дарындылығы күмән тудырмайды, оның жетістігі көзге ұрып тұрады.

Жасырын дарындылық атиптік, жасырын формада байқалады, оны айналасындағылар байқамайды. Нәтижесінде бала дарынды емес деген қате қорытынды жасалуы мүмкін. Ол «болашағы жоқтардың» қатарына жатқызылып, қажетті көмек пен қолдаудан ажырауы мүмкін. Көбінесе «сүйкімсіз үйректен» көп адам «ғажайып аққуды» көре алмайды, дегенмен осындай «болашақсыз балалардың» жоғары нәтижеге жеткені жиі кездеседі.

Жасырын дарындылық феноменін тудыратын себептерді бала қалыптасатын мәдени ортадан, оны қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау ерекшелігінен, оны тәрбиелеп, дамытудағы ересектердің қателіктерінен іздеу керек. Жасырын дарындылық – табиғаты жағынан күрделі құбылыс.

Жасырын дарынды балаларды анықтау бір сәттік психодиагностикалық бақылаумен шектелмейді. Мұндай типтегі дарынды балаларды идентификациялау – баланың мінез-құлқын талдаудың көп деңгейлі әдістер кешеніне негізделген ұзақ процесс.

«Әрекеттің сан алуан түрінде байқалу кеңдігі» критерийі бойынша жалпы және арнайы дарындылықты көрсетуге болады.

Жалпы дарындылық әрекеттің сан түрінен байқалады және олардың өнімділігінің негізі болып табылады. Жалпы дарындылықтың маңызды аспектісі – ақыл-ой белсенділігі және оның өзіндік реттілігі.

Жалпы дарындылық баланың мақсаттылық дәрежесін, әрекетке ынты-шынтысымен берілу деңгейіне сәйкес анықталады.

 

Арнайы дарындылық әрекеттің нақты бір түріне (поэзия, математика, спорт, қарым-қатынас, т.б.) қатысты болады.

«Жас ерекшелігі дамуының ерекшелігі» критерийі бойынша ерте және кеш байқалатын дарындылық деп жіктеуге болады.

Ерте дарындылыққа мысал ретінде «вундеркиндтерді» атауға болады. Вундеркиндтің сөзбе-сөз аудармасы «ғажайып бала». Олар - жасына лайық емес мүмкіндіктерімен таң қалдыратын, психикалық дамуы ерекше балалар.

Мектеп балаларымен жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

    Баланың жеке  ерекшелігін, дарынын зерттеу;

    Балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;

    Игерілген нәтижелерді  бақылау.

Яғни осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке жеткен соң, оның шығармашылық қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады. Дарынды баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашылады және дамиды.Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді.“Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. «Бұлақ көрсең көзін аш» - дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа «субъект-субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек.Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады.

Дарындылықтын белгілері.

Дарындылықтың белгілері дарынды баланың мінез-құлқының екі аспектісін қамтиды: инструменталдық және ынталандырушы (мотивациялық).

Инструменталдық аспекттің белгілері:

 

1)Іс-әрекеттің арнайы стратегиясының болуы. Соған сәйкес іс-әрекеттің нәтижелілігінің негізгі үш деңгейі анықталады:

– іс-әрекетті тез игеру және оны орындаудың жоғары нәтижелілігі;

– берілген жағдаяттан шешім қабылдау жағдайында әрекеттің жаңа тәсілдерін ойлап табу және қолдану;

– пәнді терең меңгеру есебінен жағдаятты жаңаша бағалауға мүмкіндік беретін әрекеттің жаңа мақсаттарын ұсыну.

2) Дарынды баланың өзін-өзі реттеу жүйесінің болуына қатысты «бәрін өзінше жасау» бейімділігіен байқалатын өзіндік дербес сапалы іс-әрекет стилінің қалыптасуы.

3) Дарынды баланың білімін  ұйымдастырудың ерекше типі: жоғары  құрылымдылық; сан алуан байланыстар  жүйесінен оқылатын пәнді тани білу қабілеті; нақтылық сипат (жалпы идеяларға құмарту, жалпы заңдылықтарды тауып, құрастыруға бейімділік).

4) Оқытылудың өзіндік  типі. Дарынды балалар кіші жастан  бастап, оқуға деген құмарлықтарымен  ерекшеленеді, сондықтан оларға  мақсатты түрде ықпал ете отырып, вариативті, байытылған дербестендірілген білім беру ортасын құру жөн.

Дарынды бала мінез-құлқының ынталандырушылық аспектісі мынадай белгілермен сипатталады:

1) Пәндік әрекеттің (белгілерге, дыбыстарға, түстерге, техникалық құралдарға, өсімдіктерге) немесе өз белсенділігінің (дене, танымдық, көркем-мәнерлі, т.б.) белгілі бір тараптарын таңдауда жоғары сезімталдық.

2) Білуге құмарлықтан  көрінетін жоғары танымдық қажеттілік.

3) Нақты бір сабаққа немесе әрекет саласына деген айқын байқалатын қызығушылық.

4) Стандартты, типтік, дайын  жауаптарды қажет етпеу, қайшылықты, анық емес ақпараттармен жұмыс істеуді ұнату.

5) Өз еңбегінің нәтижесіне жоғары талапшылдық, қиын мақсаттар қоюға, соған жетуге талаптануға бейімділік.

Дарынды баланың мінез-құлқы жоғарыда аталған белгілерге сәйкес келуі міндетті емес. Дарындылықтың мінез-құлықтық белгілері вариативті әрі әлеуметтік мазмұнға тәуелді болады. Дегенмен осы қасиеттердің біреуін бала бойынан байқасаңыз, оны маманнның көмегімен ұзақ уақыт бойы мұқият зерттеп талдау қажет.

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін oқушының дарындылығын анықтап,дамыту үшін әр пән мұғалімі өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;

Информация о работе Тәрбие жүйесіндегі дарынды балалар