Тәрбие жүйесіндегі дарынды балалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2014 в 09:57, реферат

Описание работы

Қазақта «білекті – бірді, білімді мыңды жығады» деген мақал бар. Сол секілді дарынды балалар елміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық болып саналады. Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға да – дарынды балалар. Баланың дарынды болып дүниеге келуі, оның қабілетін анықтау, талантын жүре дамыта алуы – әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Оның үстіне қазір ХХІ ғасыр – білім мен ғылым, ақпарат пен технологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өзге елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіретіңді мойындататын рух пен алапат күшжігер қажет.

Содержание работы

1. Дарынды балалар
2. Дарындылық
3. Дарындылықтын түрлері
4. Дарынды оқушымен жұмыстын негізгі мақсаты
5. Дарынды шәкіртті талантты ұстаз тәрбиелеуі
6. Қорытынды
7. Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Айдана дарынды балалар.docx

— 36.13 Кб (Скачать файл)

    Жан-жақты ақпараттандыру;

    Коммуникативті  бейімдеу;

    Дарынды оқушының  шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі  жарнамалауына көмек көрсету.Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай жұмыс түрлерін өз іс-тәжірибелерінде пайдаланса өз өнімді нәтиже алмақ.

    Икемді және  ұтқыр оқу жоспарын құру;

   Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;

   Дарынды оқушының  өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;

   Дарынды оқушының  қызығушылығына байланысты оқу  жоспарын құру;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда ұстаздар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

 Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;

 Дарынды оқушылардың  білім деңгейі мен олардың  өз мүмкіндіктерін пайдалану  көрсеткішін арнайы әдістемелер  бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға:

  Сабақтан тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға - пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуалдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізуге;

    Білім беру  мекемелерінде дарынды оқушылар  үшін арнайы сыныптар мен топтар  құрып, оқу балдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға;

Ал енді бұл мақсаттармен міндетттердің нәтижесі дарынды оқушымен жұмыстағы өткізілетін пән олимпиада жетістіктерінен байқалатыны белгілі. Ғалымдардың айтуынша, жалпы адамның қолынан келмейтiн нәрсе жоқ. Талпынсаң вундеркинд болу да, полиглот болу да өз қолыңда. Дарындылықты қалыптастыруға болады. Ой еңбегiмен жиi шұғылдансаң, данышпандықтың да ауылы алыс емес.Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту – ұстаз, ата-ана және қоғам қауымының міндеті.

Дарынды шәкіртті талантты ұстаз тәрбиелеуі тиіс. Егер оқушы дарынды болса, мұғалімге екі есе қабілеттілік қажет. Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесіндегі негізгі тұлға -мұғалім. Мұғалім – баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Бала білімін тереңдетуге, өз бетімен білімін арттыруға ақыл кеңесін береді, көмектеседі. Көп жағдайда оқу­шының болашақ кәсіптік тағдыры мұғалімге байланысты. Сондықтан әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Ұстаз болу - жауапты әрі қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жанжақты дамыту – осы күннің басты талабы. Сол себепті әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады. Жан-жағында ынталы оқушылардың жинақталуы, мектептің негізгі миссиясы мен білім беру бағытында ұстанған мақсаттары, материалдық-техникалық базасы, ата-аналардың талаптары оқушылардың мотивациясын арттыруға өз үлесін қосады. Осы жүйені дамыту жолында жұмыс істеуіміз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Бала дарындылығы сияқты күрделі де көпаспектілі құбылысқа тұтас амалды көрсетеді. Мұнда дарындылыққа өмір бойы дами беретін психиканың жүйелі сапасы ретінде түсінік беріледі. Дарындылықтың негізгі белгілерін әрекеттің – инструменталдық және ынталандырушылық сияқты екі аспектісінде жүйелеу тәртібі берілген. Дарынды балалармен жүргізілетін нақты практикада көбінесе байқалған дарындылықтың түріне назар аударылады. Бұл бала дарындылығына деген тар прагматикалық амалдың көрінісі болып табылады. Сондықтан да концепцияда дарындылықтың әлеуеттік және жасырын түрлері болатынына тоқтала келе, осындай дарындылық белгілері байқалатын балалармен жұмыстың ерекше, ғылыми негізделген әдістерінің қажеттігі атап өтіледі.

Дарынды баланы анықтау бұл қасиетті идентификациялаудың кешенді және дербестендірілген бағдарламасы аясында жүзеге асырылуы тиіс.

Бұл Концепцияны жүзеге асыру дарынды балалармен жұмыс істейтін мамандарға ерекше талаптар қояды, себебі дарынды балалармен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың адамзат өркениетінің маңызды ресурсы болып табылатын дарынды адамға айналуына ықпал жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

    А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.

    А.С. Макаренко. Психология  труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

    В.И. Андреева. Педагогика  творческого саморазвития. Казань. 1996.

    Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

    Қазақстан Республикасында  2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

    Краткий словарь  иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б

    Советский энциклопедический  словарь// М., Издательство «Советская  энциклопедия», 1984. 613-б

    С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь  русского языка» // М., 2004. 288-б

    Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

    С.Е. Шишов. Понятие  компетенции в контексте проблемы  качества образования // «Государство  и образование», 2002. 88-б

    В.А. Хуторской. Ключевые  компетенции как компонент личностноориентированной  парадигмы образования. // «Народные  образования», №2, 2003. 58-94-б

    Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

    К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының  сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б


Информация о работе Тәрбие жүйесіндегі дарынды балалар