Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:18, реферат
Қазіргі кезеңде отандық білім беруді модернизациялаудың жарқын ерекшеліктерінің бірі жеке аймақтық, сондай-ақ тұтас Қазақстандық білімдену кеңістігіндегі инновациялық үдерістердің белсенділігі болып отыр. Білім беру мекемелерінде, әдістемелік қызметте, басқару ұйымдарында инновациялық әрекеттің көптеген бірегей өнімі қордаланды, түптің-түбінде олар білім берудің сапасын арттыруға, баланың тұлғасын дамытуға бағытталған.
Қазіргі кезеңде отандық білім беруді модернизациялаудың жарқын ерекшеліктерінің бірі жеке аймақтық, сондай-ақ тұтас Қазақстандық білімдену кеңістігіндегі инновациялық үдерістердің белсенділігі болып отыр. Білім беру мекемелерінде, әдістемелік қызметте, басқару ұйымдарында инновациялық әрекеттің көптеген бірегей өнімі қордаланды, түптің-түбінде олар білім берудің сапасын арттыруға, баланың тұлғасын дамытуға бағытталған.
Білімденудегі инновациялық үдерістің мақсаты –дәл тұжырымдалған және нақтыланған шынайы инновациялық жобаның міндеттері және ол тұтас алғанда білім беру жүйесінің әрі қарай жетілуі мен модернизациялануына ықпал жасайды, сондай-ақ оның өтуі берілген параметрлер мен тәжірибелік жағдайларға сәйкес инновациялық әдіс-тәсілдерді, құралдарды пайдалануды талап етеді. Республикада білім беру тәжірибесін өзгерту бойынша білімдену әрекетінің басым бағыттарында инновациялық бастамалар негізінде жаңа сапаға жеткізетін білім беру мазмұнын мәнді жаңартуды талап ететін инновациялық қозғалыс дамуда және ол мейлінше жаппай сипат алуда. Соңғы уақыттағы қазақстандық білім беру жүйесіндегі инновациялар арасында атап кетерлігі:бірінші Президенттің Зияткерлік мектептер желісі; білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі; көптілділік оқыту; халықаралық зерттеулерге қатысу; мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары; 12 жылдық білім беру; электрондық оқытуды енгізу.
Біліктілікті арттыру жүйесі бұл жағдайлардан тысқары қалмайды.2012жылы құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық» АҚ құрылуының өзі-инновация, өзіндегі өзгерістермен бірге біліктілікті арттыру институт құрылымын, оның материалдық-техникалық базасын нығайтуды және біліктілікті арттырудың білімдену үдерісіндегі ұйымдастыру форматы мен тұрғыларын мәнді өзгерістерге әкелді.Сонымен қатар педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі-бір жағынан, білім беру жүйесінің инновациялық әрекетіне қолдау көрсетсе, екінші жағынан, өзі бастамашы бола отырып,білім беру ұйымдарында және өзінің ішкі дамуында инновациялық тәжірибені құрушы.Осы бағыттағы әрекеттің нәтижелері қарашаның 22күні Павлодар қаласында өткен біліктілікті арттыру жүйесіндегі инновациялық білімдену жобаларының Республикалық көрме-жәрмеңкесінде көрсетілді. Бұл шара М.М.Катаев атындағы оқушылар Сарайында өтті, ұйымдастырушы - «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты. Жәрмеңке-көрме Павлодар облысының білім беру жүйесіндегі әлеуметтік-педагогикалық маңызы зор уақиға болды.Себебі осы жәрмеңке-көрме форматында педагогикалық қоғамдастықты толғандыратын, құзіреттілікті сұрақтарды талқылау мен презентациялауға мүмкіндік туады.
Жәрмеңке–көрменің
негізгі мақсаты-Қазақстан
Жәрмеңке-көрмеге қатысушылар арасында - Татенов А.М. - «Өрлеу»БАҰО АҚ инновациялар мен қоғаммен байланыс департаментінің директоры, Бексейітова Б.М.-Павлодар облысы білім беру басқармасының бастығы, Шаймарданов Ж.К.-Павлодар облысы білім беру сферасындағы бақылау бойынша департаменттің директоры, Қапенов Қ.Қ-М.-Павлодар облыстық маслихатының депутаты,Павлодар технологиялық колледждің директоры, Аршабеков Н.Р. - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, Павлодардың ЖОО-ның жетекші ғалымдары, аудандық/қалалық білім беру бөлімдерінің бастықтары, аудандық/қалалық әдістеме кабинеттерінің меңгерушілері, Павлодар облысының білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері болды.Жәрмеңке-көрмеге қатысушыларына күннің бірінші жартысында Презентациялық сесия кезінде конкурстық жұмыстармен танысуға, ұсынылған инновацияларды білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесінде қолдануды көрсететін сайыскрлердің шеберлік-сабақтарын тамашалауға мүмкіндік жасалды.Конкурстық жұмыстарды бағалауды іске асырған сараптау комиссиясы құрамында: С.Торайғыров атындағы ПМУ, ИнЕУ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының жетекші ғалымдары, ғылым докторлары мен кандидаттары болды.
Жәрмеңке-көрмені
ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға
конкурстық жұмыстарды - «Ардақтау» сыйлығының
номинанттарын таңдауға жағдай жасады.
Күннің екінші жартысында жәрмеңке-көрмеге
қатысушылар үшін үшдеңгейлі курс бағдарламасы
бойынша сертификатталған мұғалімдердің
шеберлік-сабақтары өткізілді. Салтанатты
жабылу рәсімінде «Ардақтау» сыйлығыме
- Мұғалім мен оқушы портфолиосы: мүмкіндіктері мен артықшылықтары, Рахманова Қ.Б., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ;
- 12 жылдық білім беру мазмұнына сәйкес мектеп психологінің жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы моделі, Утепкалиева А.К., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ;
- Көктал ауылдық аймағының экологиялық жағдайы, Абдикеримова Н.Ж., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ;
- Қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбие жұмысы, Касымбекова Э.М., Кошкмибаева Ж.С.,«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ.
3-дәрежелі дипломдарға ие болған жобалар:
- 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында талантты және қабілетті балалардың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын бейнелеу өнері сабағында қолдану, Дуздыбаева А.Б., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ;
- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға педагогтердің кәсіби–тұлғалық дайындығын қалыптастыру, Кушнир М.П., Досова Л.А., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚБАИ;
- Бүгінгі мұғалім және АКТ: проблемалар мен оларды шешу жолдары, Бектенгалиев А.Х., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ;
- Жаһандану дәуіріндегі рухани - адамгершілік тәрбиенің ерекшеліктері, Тлеужанова М.А., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ;
- Арнайы құралдармен жабдықтылған, бейімделген дидактикалық жинақтамаларды қолдану арқылы, инклюзивтік мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру, Ишбулатова Л.В., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ;
- Бастауыш мектептерде оқушылардың дарындылығын қалыптастыру жағдайлары мен мүмкіндіктері, Займолдина Ж.Г., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ.
2-дәрежелі дипломдарға ие болған жобалар:
- Білім беру кеңістігінде функционалдық сауаттылықты арнайы тұрғыдан дамыту, Кабылова А.Б., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚБАИ;
- ТжКББ студенттерін зерттеушілік қызметке дайындау, Клименко Н.А., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚБАИ;
- Курстан кейінгі дайындық барысында педагогке тьюторлық жетекшілік жасауды ұйымдастырудың жолдары, Берекполова Г.О., Жаксылыкова Г.И., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ;
- Тәңіршілдік - жалпыадамзаттық құндылықтардың бастауы, Ахмедова Р.Б., Рай Қ.М., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ;
- Облыс білім беру мекемелерінде денсаулықсақтаушы ортаны ұйымдастыру, Жалмагамбетова Б.Ч., Сеременко Н.П., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ;
- Біліктілікті арттыру жүйесінің жағдайында мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің этнотолерантты құзыреттілігін қалыптастыру, Ионова С.П., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ;
- Вальдорф педагогикасыныңадамгершілік бағыттары, Никифорова Т.П., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚБАИ.
Жәрмеңке-көрменің жеңімпаздары - 1-дәрежелі дипломдарға ие болған жобалар:
- Медицина колледжінің базасында білім беру процесіне денсаулық сақтау технологиясын енгізу, Кузнецова И.С., Мейрамгалиева М.Г., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ;
- Қазақ тілі мен әдебиетін тоғыстыра оқыту арқылы оқушының шешендік қабілеттері мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, Ахмедова Р.Б., Рай К.М., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ;
- «Алтын бесiк» электронды жүйесі, Дарбаева М.Т., «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша ПҚБАИ;
-
Жәрмеңке-көрменің қатысушылары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы, осы шараның Павлодар облысының педагогикалық қоғамдастығы мен «Өрлеу» БАҰО АҚ барлық филиалдары кең қолдау танытқанын көрсетті. Жәрмеңке-көрмеге қатысушылардың бағалауы мен коментарийлері ішінде « тамаша идея», «педагогикалық қоғамдастықтың өзекті мәселелерін жәрмеңке-көрме форматында талқылау консруктивті маңызға ие», «тәжірибені презентациялау формасы авторға да, қатысушыға да көп мүмкіндік жасайды» деген сипатта болды. «Өрлеу» үлкен де қызықты сапардың бастауында тұр, бірақ біздің жүйеміздің алдындағы болашақ шынымен шексіз.
«Өрлеу»БАҰО АҚ инновациялар мен қоғаммен байланыс департаментінің директоры Татенов А.М. орталық аппарат арқылы ұсынылған «Пәндер бойынша виртуалдық лабораторияларды оқыту процесіне ендіру» атты жаңа жобаны Павлодар облысы бойынша ПҚБАИ лабораториясына алғаш рет орнатты.Бұл жаңа жобаның жетекшілері Ахметова Г.К , Татенов А.М..Жаңа жоба пән мұғалімдерінің біліктілігін жоғары сапада арттыруға және мұғалім мен оқушының осы пәндерді игеру уақытын көп мөлшерде үнемдеуге көмектеседі.Сондай-ақ бұл жаңа жоба түсінуге қиын физика,биология пәндерінің тақырыптарын түсіндіруде мультимедиялық көрнекі құрал ретінде қолдануға өте қолайлы және білімді іздену кезеңінде творчестволық белсенділігін арттырады.
Жәрмеңке-көрме педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінде инновациялық білімдену үдерісін дамытудың тиімді формасы ретінде келер жылдары өз жұмысының жалғасын табады деп сенеміз.
Биікке бастар тапсырмалар
Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:34
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегін оқып, өзімді толғандырып жүрген біраз сұрақтарыма жауап алдым. Ең алдымен, Ұлт көшбасшысының дүние жүзінде, елімізде не болып жатқанын бүге-шігесіне дейін білетініне және жинақталып отыратын мәселелердің қалай шешілуі тиісті екенін көрсетіп, бағыт-бағдар бере алатынына көзім жетті.
Еңбектен «патернализмнен
Қоғамда келеңсіздік жағдайларының болу себебі, оны реттейтін заңның жоқтығынан. Осыған орай, Елбасы Н.Назарбаевтың жаңа заңдарды шығарып, бар заңдарды жаңарту қажет деген ойы өте орынды. Мысалы, Елбасы Ұлттық бірыңғай тестілеуде орын алатын тәртіп бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершіліктің жоқтығын айтты. Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Дәулетов ҰБТ-да болатын кемшіліктердің, тәртіп бұзушылықтардың түрлерін көрсетіп, «Алтын белгі» алған түлектердің қаптап кеткенін, тестілерді жетілдіру қажеттігін біраз жылдан бері айтып та, жазып та келеді. Тек қана үстіміздегі жылы көптеген кемшіліктің алды алынды, тестілерге логикалық ойлауды талап ететін тапсырмалар енгізілді. Енді, осындай жұмыстардың нәтижесін көрелік. Облыс бойынша орташа балл – 77,39-ды құрады, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 87,48 болған еді. «Алтын белгіге» 237 үміткер болса, олардың тек қана 86-сы өз білімдерін қорғады. Ал өткен жылы үміткерлер түгел дерлік «Алтын белгіні» алған еді. Тәртіп күшейсе де, профессор Н.Дәулетов басқаратын оқу орны талап биігінен көріне білді. Осы мектептің түлегі Ғалимат Наил ең жоғары ұпай – 124 балл жинады. Түлектер ҰБТ-дан республика бойынша ең озық – 117,38 көрсеткіш көрсетті. Мектепті 13 оқушы – «Алтын белгіге», 7 оқушы – «Үздік атттестатқа» аяқтады.
Жекелеген адамдар мемлекеттік меншікті жекешелендіріп алып, оның жұмысын өркендете алмай отыр. Осыдан келіп еңбек даулары пайда болады. Ал не Еңбек, не Әкімшілік, не Қылмыстық кодекстерде еңбек дауларын туындатқаны үшін жұмыс берушілер, жауапты және басқа да тұлғаларды жауапкершілікке шақыру баптары қарастырылмаған.
Еліміздегі экономикалық болсын, басқа да сәтсіздіктердің болуының бір себебі – басшылардың дұрыс жұмыс істемеуі. Облысымыздағы Янайкино мал бордақылау кешенінің нашар жұмыс істейтіні жөнінде хабардар едік. Енді, міне, «Мой город» газетінен (25 июль 2012 ж.) оның директорының тұтқындалғанын білдік. Қаржы полициясы директорға 1,5 млрд. теңге жымқырды деген айып тағып отыр. Өкінішке қарай, қоғамымызда осындай жағдайлар толастамай тұр. Сондықтан да болар Елбасының жергілікті билік қоғамның қалтқысыз назарында болуы тиіс, олардың жұмыс тиімділігіне электронды баға беру жүйесін құру қажет деген пікірі басшыларды аяқ-қолын тартып жүруге мәжбүрлейтініне сенеміз.