Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 18:18, реферат
Қазіргі кезеңде отандық білім беруді модернизациялаудың жарқын ерекшеліктерінің бірі жеке аймақтық, сондай-ақ тұтас Қазақстандық білімдену кеңістігіндегі инновациялық үдерістердің белсенділігі болып отыр. Білім беру мекемелерінде, әдістемелік қызметте, басқару ұйымдарында инновациялық әрекеттің көптеген бірегей өнімі қордаланды, түптің-түбінде олар білім берудің сапасын арттыруға, баланың тұлғасын дамытуға бағытталған.
Білім беру саласында жұмыс істейтін болғандықтан білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі қадамдарға айрықша ден қойдым. Есептеп отырсам, Президент Н.Назарбаев жүктеген 20 тапсырманың үштен бір бөлігі білім беру жүйесіне қатысты екен. Елбасының «білім беру жүйесі жалпыұлттық күйінде қалуға тиіс» деген пікіріне толықтай қосыламын. Елімізде барған сайын жекеменшік балабақшалары, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, діни оқу орындары, т.б. оқу орындары көбейіп бара жатыр. Олардың бәрі де Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету керек. Кейбір жекеменшік мектептерде Ресейдің жоо-на түсуге көмектесетін бағдарламаларды қолданғандығы туралы деректер анықталған. Орыс тілді лицейлердің түлектері түгел дерлік дейін Ресейдің жоо-на оқуға кетіп жатқандары да белгілі. Вальдорф бағытындағы гимназиялардың оқушылары мемлекеттік тестілерді тапсырғанда қиыншылық көретінін балалардың ата-аналарынан естіп жүрміз.
Еңбекте «орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет» деп көрсетілген. Бұл тапсырманы орындауда үстіміздегі жылдың мамыр айында қабылданған Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының көмегі болатыны сөзсіз.
Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта елімізде 146 жоғары оқу орны бар. Ондағы студенттер саны – 629,5 мың адам. 1992 жылы жоғары оқу орындарының саны 60 болса, 2005 жылы олардың саны 185-ке жетті. Қазір олардың саны 146-ға қысқарды, дегенмен, жеке меншік жоғары оқу орындары қағаз жүзінде ғана бірікті. Жоо-ның көп болуының кадр даярлауда келеңсіз тұстары баршылық. Егер әлемде орта есеппен 10 мың адамға 232 студенттен келсе, бізде 377 студенттен келеді. Біз бұл көрсеткіш жағынан әлемдегі бірінші ондыққа кіреміз. Алайда, экономиканы қажетсіз кадрлармен толтыруға және жоғары білімнің сапасын төмендетуге жол бермеу керек.
Елбасы Н.Назарбаев «
Байжан МОЛДАҒАЛИЕВ,