Ыбырай Алтынсарин

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 14:59, дипломная работа

Описание работы

Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», - деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.

Содержание работы

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3-5


І тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛЫ
ПЕДАГОГ, АҒАРТУШЫ, ЖАЗУШЫ

Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты_ _ _ _ _ _ _ _6 - 12

Ыбырай Алтынсарин мұраларының зерттелуі және ағартушылық –

педагогикалық, аудармашылық қызметтері_ _ __ _ _ _ _ _ _ __ _13 - 20


ІІ тарау ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН
ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕТІН ТӘРБИЕ

Ыбырай Алтынсарин – ақын, жазушы, балалар әдебиетінің

атасы _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21 -30

Бастауыш сыныпта оқылатын Ыбырай Алтынсарин шығармаларын

оқыту арқылы берілетін тәрбие._ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _31 - 54


Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 55 - 56


Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57 - 58

Файлы: 1 файл

Дип.-Ы.Алтынсарин-ұлы-Педагог-Ағартушы.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

Бір кішкене қыз әжесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына

40

отырып ақыл айтты:

    • Балам, дүниедегі жаратылған жанды, жансыздардың  ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды, - деді...

Жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастайды да:

    • Ана, осы қиқымның ешнәрсеге керегі болмас, - деді...
    • Мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны не қылады? – деп сұрады.
    • Көрдің бе балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол мақтаны жас балапандарына мамық етеді – деді.

Әңгіменің мазмұнын мұғалім  түсіндіріп болған соң, мынадай тәрбиелік  сөз айту керек:

  • Әрбір оқушы кішкене күнінен ұқыпты болып, ата – ананың тапқан еңбек ақысын босқа шашпай, таза жүріп, оқулықтарына, дәптерлеріне таза қараулары керек. Қаламсап, оқу құралдарына ұқыпты қарап, оқу жылының аяғына дейін кітаптарын жоғалтпай таза ұстау, дәптерлерін аяғына дейін жазып аяқтау – сияқты ұқыптылыққа үйрету керек.
  • «Мақта қыз бен мысық» (134 – бет бірінші сынып, «Әліппе») ертегісінің мазмұнын түсіндірумен бірге сыныпта көрініс көрсеткен дұрыс. Сиырдың, мысықтың ....маскасын бастарына кигізіп соларша сөйлетуге болады. Бұл ертегі арқылы әрбір дүниедегі жаратылған жан – жануарға, өсімдікке тіршілік үшін өздеріне қажетті күтім керектігін балаға жеткізу қажет. Жануарларға мейірімділікпен қарап, күту – баптау керек. Өсімдіктерді арам шөптен тазалап, әр уақытта күте білсең, ол өз жемісін береді. Қорытынды түйіні «Ерінбей еңбек етсең, мақсатыңа жетесің» -  дегенді айтып отыр.

1 сыныптың  ана тіліндегі «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесін оқушыларға мәтінді түсіндіріп болған соң, ата – анаңа жәрдемдес, іні – қарындасыңа қара, сынып бөлмесін таза ұстауға ат салыс. Жора –

41

жолдастарыңа көмектес. Босқа жүрме – деп ақыл айту керек. Үйге тапсырмаға «Менің күн режимім», «Ата – анама көмегім», «Менің еңбегім» - деген тақырыпта шығарма жазып  келуді тапсыруға болады. Осындай  жұмыстар арқылы оқушыны отбасында  ата – ана, мектепте ұстаздар жастайынан еңбек етуге тәрбиелеулері керек.

3 – сыныпта өтетін  «Өзен» өлеңі арқылы табиғат  байлығы «Су – адамның тіршілік  көзі» екенін айтамыз. Өзен, көл,  тоған суларын ластамай, шөп –  шаламнан тазарту әрбір адамның  азаматтық борышы екенін түсіндіре отырып, суды үнемі үнемдеп пайдалану керек екенін ұғындырамыз.

Сабақта пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін өлеңді оқытып болған соң сыныпты үш топқа  бөліп:

1 – топқа -  таудан  басталған өзен көрінісіне байланысты  сурет салуды тапсырамыз. Бұл  бейнелеу өнерімен байланыстылығы.

2 – топқа - өлеңдегі  етістік сөз табын тауып дәптерлеріне жазғызамыз: мыс, сарқырады; жарқыраған... Бұл қазақ тілімен байланысты.

3 – топқа – «Табиғаттың  пайдасы» деген шағын шығарма  жазады. Бұл дүниетану пәнімен  байланыстылығы.

Ыбырай Алтынсарин шығармаларын  бастауыш сыныпта  өту жолына зерттеу  – тәжірибелер жасадым. Тәжірибелі мұғалімдердің, озат студенттердің  іс – тәжірибе кезінде өткен сабақтарына  қатысып, өзім бірнеше сабақ өтіп, солардың қорытындысы негізінде  курстық жұмыс жазып қорғадым. Толықтырып осы диплом жұмысымды жаздым. Енді бастауыш сыныпта өзім тәжірибе (эксперимент) жасаған Ыбырай Алтынсариннің 1, 3, 4 – сыныптарда өткен өлеңдері мен әңгімелеріне тоқталсам. Мысалы, бірінші сыныпта «Әліппе» оқулығы «Кел, балалар, оқылық» атты өлеңмен ашылған. Үшінші сыныпта «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі берілген. Төртінші сыныпта «Ана тілі» оқулығында «Таза бұлақ» атты әңгімесі бар. Енді осы сабақтарға жеке – жеке талдау жасасам;

 

42

1 – сынып.  Әліппе.

Сабақтың  тақырыбы.

Ы.Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық!»

Сабақтың  мақсаты:

Ыбырай Алтынсаринді таныту, өлеңмен таныстырып, мазмұнын ашып беру, мәнерлеп оқуға, шапшаң жаттатуға  үйрету.

Білімділік: осы өлең арқылы балаларды оқуға, көп білуге тарту.

Тәрбиелік: өлеңнің мазмұнын түсіндіру арқылы балаларды білімділікке, адамгершілікке және өнегелі болып өсуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушыларға сұрақтар беру арқылы сөздік қорларын, тіл байлығын, білімге деген құштарлық, дүниеге көзқарастарын дамыту.

Әдісі, түрі: танымдық сабақ.

Пәнаралық байланыс: тарихпен, ән сабағымен.

Ғылыми  ізденіс: ауызша сұрақтар, эксперимент сабақ.

Көрнекілік: Ыбырай Алтынсариннің портреті, ойын кестесі, плакатқа жазылған мақал – мәтелдер. Плакатты сурет.

Сабақты бастамас бұрын  Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі кезеңдегі сауатсыздық мәселесі туралы кіріспе әңгіме айтамын.

    • Балалар! Қараңдаршы біз өмір сүріп отырған заманда  жоқшылық, сауатсыздық бар ма?

Жоқ, біз қазір көркейген, дамыған, гүлденген бейбіт заманда, егеменді  елімізде өмір сүріп отырмыз. Оқуға да, жұмыс жасауға да жолымыз ашық. Ал, ерте кезде, яғни, Қазан төңкерісіне дейін ешқандай оқу, сызу болмады, елімізде сауатсыздық болды. Ата – бабаларымыз кедейшілікте, жоқшылықта өмір сүрді. Олар күнделікті жейтін тамағы мен киетін киімін ғана біліп отырған, кей кезде ол да болмаған. Сондықтан, байлардың малын бағып, күндік тамағын тапқан, ал сендер сияқты балалар қабырғалары қатаймай жатып байлардың жұмысына аяусыз түскен, олар да мал соңында аш, жалаңаш жүріп күн көрді. Міне, балалар, оқу – тоқудың жоқтығынан

43

осындай күйді халық  басынан кешірді. Бірақ соның  өзінде сол кезде  қызыл тілді  шешен, сөз ұсталары, ақындар, жыршылар, күйшілер, әншілер, даналарымыз көп  болған. Олардың аузынан шыққан шешендік сөздері, өлең, күйлері халық аузында  жатталып бізге жеткен. Халықтың осындай жұпыны өмірін көріп, қараңғылықтың шырмауынан алып шығуға әрекет жасаған, күрескен ағартушылар көп. Олар – Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев т.б. – ұлы ақын, ағартушы аталарымыз (суреттерін көрсетемін).

Осындай қараңғылыққа шырақ жаққан, тұңғыш қазақ мектебін ашқан, қазақ алфавитін құрастырған, алғаш әліппе жазған ұлы ағартушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин. Ол 1841 жылы Қостанай облысы, Затобал ауданында туған.

Сендерге арнап көп  әңгіме, өлеңдер жазған. Оның өлең, әңгімелерінің берер тәрбиесі мол. Сол еңбектерінің ішінен бүгін сендермен «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқып танысамыз.

Мәтінмен  жұмыс.

- Мен сендерге өлеңді  жатқа айтып беремін, сендер  дұрыс отырып, мұқият тыңдаңдар.

«Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей – ақ табылар!

Сиса көйлек үстіңде,

Тоқуменен табылған!

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған!

44

Өнер - білім бәрі де,

Оқуменен табылған!

Балалар! Бұл өлең атына байланысты неге шақырып тұр?

  • Оқуға шақырады. «Берген білімді ала білсең, көңіліңе тоқи білсең көзің ашылады, көкірегің оянады, керек нәрсенің барлығы осы білім арқылы келеді», - дейді.

- Балалар, бұл өлең  сендерді өнерлі – білімді  болуға шақырады. Ол үшін біз не істеуіміз керек? Ол үшін ерінбей оқуымыз керек.

Сауысқан да ерінбей  шоқып тамағын табады, ал сендер оқып өз орындарыңды, керек нәрселеріңді табасыңдар дейді.

Сергіту сәті.

- «Кел, балалар, оқылық!»  атты өлеңін айтып тұрып түрлі  қимылдар жасау \мазмұнына сай\. Әуелі өзім айтып тұрып, оларға қимылын көрсетіп, содан соң оларға айтқызып тұрып, қимылын өзіммен бірге қайталатамын. Осы сергіту сәті арқылы өлеңді әрі  жаттатқаным, әрі сергіткенім болып табылады.

Оқулықпен жұмыс.

Балаларға өлеңді оқытамын. Сонан кейін бірінші сыныпта балалар жүгіртіп оқи алмайтын болғандықтан өлеңді естеріне сақтату үшін, жаттату үшін ән сабағымен байланыстырдым. Ән сазымен айтып, балаларға қосылдырып бір – екі рет айтқыздым. Ән сазымен айтқанда балалар өлеңді жаттай бастайды, әрі тілдері жаттыға бастайды. Мысалы, «Оқысаңыз, балалар» деп бастасаң олар одан кейін «Шамнан шырақ жағылар» келетінін біліп өздері айта бастайды.

«Адасқан  сөзді өз орнына қой».

Плакатқа сөздердің  орны ауыстырылып жазылып тақтаға  ілінеді.

Кел, балалар                                                              көңілге

Оқығанды                                                                  тоқылық

Ықыласпен                                                                оқылық

45

Балалардың назарын көрнекілікке аударып, өзім оқып беріп, бұрыс – қатесін  тапқызамын. Кім дұрыс оқиды сол жеңімпаз атанады.

Мақал – мәтелмен жұмыс.

Оқу – инемен құдық  қазғандай.

Білімді – мыңды жығар,

Білімсіз – бірді  жығар.

Сабақты қорыту.

- Ал енді, балалар,  біз кімнің өлеңімен таныстық?

- Ыбырай Алтынсариннің   өлеңімен.

- Ыбырай Алтынсарин  кім?

- Ағартушы – ұстаз.

- Бүгін қандай өлеңімен  таныстық?

- «Кел, балалар, оқылық!»  атты өлеңімен оқып, таныстық, ән  сазын үйрендік.

- Балалар, бұл өлең  бізді неге  шақырады?

- Оқуға, білім алуға, өнерлі болуға, ерінбеуге, еңбектенуге тәртіпті болуға.

- Өте дұрыс, балалар.

- Ал кімнің есінде  осы өлең аз да болса жатталып  қалды, кім айтып бере алады?

Осылай сұрап сабақты  аяқтаймын.

Үйге  тапсырма.

- Балалар, осы өлеңді  үйден түгелдей жаттап келіңдер, келесі сабақта тағы да ән сазымен айтамыз. Сонда  жаттамаған бала айта алмай қалса ұят болады. Ол үшін барлығымыз да өлеңді жаттап келейік.

Бағалау.

 

 

 

46

ІІІ сынып. Ана  тілі.

Сабақтың  тақырыбы: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

Сабақтың  мақсаты: еңбек туралы түсіндіру, әңгіменің мазмұнын ашу, плакаттағы сурет арқылы проблемалық ой тастап, әңгіменің тақырыбын таптыру. Кеспе қағаз арқылы шығарманың тілін талдату, шығарма жаздыру.

Білімділік: әңгімені оқытқанда олардың назарын әңгіме ішіндегі қолданылып тұрған көркем сөз айшықтарын талдау арқылы білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, мейірімділікке, еңбек адамдарын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: әңгімені талдату арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын, тіл байлығын, сезімін дамыту.

Әдісі, түрі: сахналық сабақ.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі \грамматика, морфология\ , биология, еңбек.

Ғылыми  ізденіс: кеспе қағаз арқылы тіл ерекшелігін талдау, шығарма жаздыру, сұрақтарға жауап беру.

Көрнекілік: ұстаз портреті, өрмекші, құмырсқа, қарлығаштың суретті плакаты, кеспе қағаздар, шие, таға, балға, тиын.

Жаңа  сабақ.

- Балалар, Ыбырай Алтынсарин  кім?

- Ұлы ағартушы –  ұстаз.

- Кімнің есінде 1 –  сыныпта біз Ыбырай атаның  қай өлеңін оқыдық?

- «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін оқыдық.

- Ал осы өлеңді кім  жатқа айтып бере алады?

\ 1 – 2 оқушыға жатқа  айтқызу\

- Бұл өлең бізді  неге үйретеді?

- Дұрыс оқып, білім  алуға үйретеді.

- Балалар, осы оқудың  өзі – еңбек деп аталады.  Біз оқымасақ,

47

еңбектенбесек бізге  еш нәрсе дайын күйінде келмейді екен. Ол үшін еңбектенуіміз қажет. Ыбырай Алтынсарин тек қана оқуға, өнерлі болуға шақырмайды, сонымен бірге еңбектенуге, ерінбеуге шақырады екен. Сондықтан, біз өзіміз еңбектенуіміз керек. Ал, енді, балалар, біз бүгін Ыбырай Алтынсариннің еңбек тақырыбына жазылған әңгімесімен танысамыз. Ол үшін әуелі Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін есімізге түсірейік.

Қандай әңгімелерін  білесіңдер?

- «Асыл шөп», «Түлкі  мен ешкі», «Асан мен Үсен»,  Әке мен бала», «Бір уыс мақта», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

- Ал, енді мына суретке  қарап бүгінгі сабағымыздың тақырыбын  табайық.

Суретте өрмекші тор  құрып жүр, қарлығаш аузында тістеген шөбі бар, ұшып бара жатыр, құмырсқа аузымен  дән тістеп, ініне бара жатыр.

Ал, сонымен тақырыбымыздың аты не болды?

«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш». Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылды. Енді әрі қарай оқып тақырыптың мазмұнын ашып көрейік.

Оқулықпен жұмыс.

Бір – екі оқушыға  оқытамын. Содан кейін сұрақ –  жауап арқылы тақырыптың мазмұнын ашамын.

- Ал, балалар, мұнан біз не түсіндік? Әңгіме не туралы, басты кейіпкерлерді кім айтады?

- Басты кейіпкерлер:  өрмекші, құмырсқа, қарлығаш.

- Әкесі баласына нені  үлгі етіп тұр?

Үш жәндіктің еңбегін  әкесі баласына түсіндіріп, сен де еңбектен деп тұр.

- Кім айтады, әңгімеде өрмекші, құмырсқа, қарлығаш не істеп жүр?

- Өрмекші – тұзақ  құрып, маса – шыбын аулап  жүр.

- Құмырсқа аузына тістеген  бидайы бар, қуанып, балаларына  апарып 

48

беруге асығып, ініне  бара жатыр.

Информация о работе Ыбырай Алтынсарин