Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2014 в 17:02, отчет по практике
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және ол басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлексивтік есеп
Әр елдің болашағы – білімді ұрпақ деп есептеймін. Ал сол ұрпақты тәрбиелеп, білім бере отырып қалыптасуына ықпал ететін тұлғалардың бірі – ұстаз. Мұғалім оқушылардың қандай тұлға болып қалыптасуына көп ықпал етеді. Сондықтан мұғалімнің өз пәнін терең меңгеруі ғана емес, сонымен қатар кәсіби біліктілігінің жоғары болуының да маңызы зор.
Кәсіби біліктілігімді артыру курсына келген кезде алғаш менде осы оқу маған не береді,оқытудағы өзгерістер қандай болмақшы деген сұрақтар туылды.Себебі жаңа затты қабылдау әрқашан оңай болмайтыны рас. . «Мен неге өзгеруім керек?» деген сұраққа күн сайын жауап ала бастадым.Жетекшіміз айтқандай «Адамның түбіне жететін нәрсе-сенімсіздік».Осы бағдарламаны өз тәжірибеме кіріктіруіме сенімсіздікпен қарауымды ойлаудан арылуым осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін түсінгеннен соң пайда болды.
Мен алдын оқуды үйрету,білім беру,білім алу деген ұғымдарды білетін болсам,енді сол оқу үшін, оқыту үшін үйрету керек екендігін білдім.Оның өзі жеке бір үдеріс екенін түсіндім.
Осы деңгейлік курстан өту барысында мұғалімдік ұстанымым өзгеріп, шешім қабылдауда өзіме деген сенімділіктің артқанын байқадым. Мұғалімнің көшбасшылығы оның терең білімділігінде екеніне көз жеткіздім.
Оқушы болып көрмеген ,оқытушы бола алмайды дегендей,шынында да біздер оқушы болып,оқушыға қолданатын барлық әдіс тәсілдерді өз басымыздан өткіздік.Топтық ұйымдастырылған жұмыстар,топқа бөліну , мұның бәрі жұмыс жасау, өз білгеніңмен бөлісу үшін маңызды ынтымақтастық атмосферасын қалыптасуына алып келеді екен.
Мектептегі іс-тәжірибе басында көшбасшылық жасау мен үшін қиындау болды. Себебі дәстүрлі сабақ беріп үйреніп қалған тәжірибелі ұстаздар мен білікті мамандар бұған алғашында мойын ұсына қоймады. Мен ол кісілермен сөйлесе келе курстың маңызын түсіндіре келе біраз болсын оң әсер қалыптастыра бастадым. Ұстаздардың әрқашан жаңадан-жаңаны тауып отыру керек екенін басып айттым.
Сөйтіп мектептегі тәжірибе кезінде бірден сабақты бастап кеткен біртүрлі көрініп, басындағы «біртүрлі» деп ойлаған жұмыстарды (тренинг, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, топтастыру, ситуациялық және проблемалық тапсырмаларды) жасата келе оқушыларымды қалыптастырып, содан сон сабаққа кіріскенімді біраз қиындықтар мен түсініспеушіліктерді артқа қалдырғанымды түсіндім.Мұғалім сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын,олардың мазасыздануының себебін анықтау,оны басуға болатын жолды іздеу мен шығармашылық жұмыс үшін қажетті орта құруы тиіс.Топтық жұмысты оқытушы ұйымдастыра отырып,оларға әрқашан қолдау көрсетіп отыруы керек.
Әрине,сыныпта бірден топта жұмыс жасау дағдылар қалыптаспайды. Алғашқында оқушылар абдырап,неден бастарын білмей отырды.Топқа бір бірімен жұмыс істеуіне , мінез ерекшеліктеріне бейімделуіне көп уақыт керек. Олар не жасап жатқандықтары туралы ойланғанымен,әлі де бәрін түсінбейтіндіктерін жасырмады.Сондықтан топ мүшелеріне ортақ ереже басшылыққы алынуы тиістігін айтып,сол себепті топта жұмыс жасау ережесін бірлесе отырып құрып алдық.Оқушылар топта жұмыс жасау ережелерін құрап,сол ережеге мойынсынды. « Яғни,ынтымақтастық оқыту барысында білім алушылар құрбы -құрдастарымен қарым- қатынасқа түсуге,өз пікірін айтуға және қорғауға мүмкіндік алады» (Үлестірмелі материалдар , 8 –бет)Топтағы жұмыстың нәтижелі болмауының тағы да бір себебі,мен оқушыларға орындайтын тапсырмаларды жете түсіндірмегенім,сондықтан топтық тапсырманы толық орындамады.Болашақта міндетті түрде әрбір оқушыға тапсырманы орындауға арналған нұсқаулық беруді,немесе белгілі уақыт ішінде орындау керектігін айтуды ескеремін,сонда сабақ табысты болады деп сенемін.
Өзгерісімнің одан әрі өрбуіне тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарлауы болды.Ал орта мерзімді жоспарлау- оқытудың әрбір кезеңінің басынан бастап,соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етудің ,барлық оқушылардың қамту үшін асқан ептілікпен жоспарлау.
.Оқушылар диалог әдісі
бойынша оқу барысында
Жоспарланған нәрседен оқушылар арасында қызығушылық тудырған мәселеге ауысу қажет болған жағдайда мен өзімді қаншалықты жайлы сезіндім?
Мысалы бірінші сабағымда ( Морфология.Части речи ) жаңа тақырыпты қолдану кезеңінде «Қалам стол ортасында» әдісі бойынша топтық мәтінмен жұмыс барысында мәтінге берілген тапсырмалардан ауытқып оқушылар мәтіннің мазмұнына қызығушылық танытып,Египет пирамидаларының құпиялары жайлы өз ақпараттарын ортаға салып кетті. Осындай кез болуы керек пе? Ондайда не істеу керек деген сұрақтар туыла бастады.Жайлылық сезімі болмағанымен, оқушыларға қызығушылық тудырған мәселе жөнінде сөйлесуге мүмкіндік беріп көрдім Себебі балаға өз бетімен зерттеуге,өзара сұхбаттасуына мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түсетінін ескердім.Кейін біртіндеп тапсырманы орындауға «итермеледім». «Мұның өзі үнемі ұлғайып,артып отыратын қолдау.Жетекшінің оқушы жетістігіне деген реакциясы да қолдау ретінде қарастырылады» (МАН,45 бет)
Алғашқыда дайын білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, әдемілікті сезінуге ұмтылыс байқатты Демек білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді,өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізеді.Практика кезінде сабақтарымда қолданған стратегияларды пайдаланып бойынша әртүрлі сұрақтар қолдандым.Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақ қою арқылы байқағаным оқушылар тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге , зерттеуге ынталанды. Өз тәжірибемде оқытудың диалогтық тәсілдерін қолдану алғашында бірқатар қиындықтар да туғызды. Оқушылардың дұрыс жауапты тұжырымдап шығаруы үшін көп уақыт қажет болды.
Мысалы,печь,течь деген сөздер қандай сөз табына жатады деген сұрағыма оқушылар ойлануға екі секунд емес,одан да көп ойланды.Харгривс пен Гэлтонның күту уақыты жеті секундқа созылып кетсе,оқушыларға өз жауаптарын түзетуге,нақтылауға мүмкіндігі бар деп топшылағанындай,дұрыс жауапты ұзағырақ күтуге тырыстым.
Кейде оқушының дұрыс емес жауабына түзету жасағанымды да байқадым. Бұл менің бұрынғы дәстүрлі оқыту тәсілімен білім берудегі тәжірибемді көз алдыма елестетті. Ол кезде мен оқушыларға жауап бергенде қате жіберуіне қарсы болдым. Ондай жауапты құптамай, сол жерде аяғына жеткізбей тоқтатып тастайтын едім. Ал дұрыс жауап алғанда, керісінше, басқа оқушыларға да түсінікті ету мақсатында кей кезде қайталап, мұндай жауап берген оқушыны мадақтайтын едім. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. (1, 39 бет). Бірақ келесі сабақтарда өзімнің кемшіліктеріме талдау жасап, ол қатемді жоюға тырыстым. Оқушыларды дұрыс жауапқа бағыттау үшін өзіне сенімді болуын сұрадым, оның пікірін тыңдауға қызығушылығымды көрсеттім, ынталандыру жасап, ойын айтуға жетелеуге тырыстым.
« Сұрағым келеді» «Миға шабуыл» , « Ыстық орындық» «Серпілген сауал» әдістері бойынша сұрақтар дайындадым.Сауал қою ынталандыру, түсіну, тексеру, дайындау, назар аудартқызу, нығайту үшін пайдаланылады.« Жақсы сұрақ оқушылардың тартылу деңгейін қолдайды , ойлауды ынталандырады және сезімдерді оятады.» (Морган және Сакстон,1991жыл)
Оқушыларға тек қана еске түсіретін сұрақ қою білім алуын ынталандырмайды. Мен өзімнің « Имя существительное» тақырыбындағы сабағымда оқушылардан кейбір сөздердің зат есім екендігін анықтайтын дәлелдер келтіруін тапсырдым.Мұнда оқушылар тек қана бір ғана жауапты сұрақтара ғана емес,сыни тұрғыдан ойлауға алып баратын ,зерттеуге ынталандыратын сұрақтар төңірегінде ойланды.
Тәжірибе кезінде өткізген сабақтардың барлығында да оқушылардың тұжырымдамалық түсінуін дамыту үшін сабақ кезінде қойылған немесе берілген тапсырмаларға байланысты берген жауаптарын оқушының өзінің білімі мен тақырыпты түсінуі үшін тиімді қолданып отырдым. Әрине , көп оқушылар берілген сұрақтарға қысқаша , кітап тілімен ғана жауап беруге үйренген.Әрбір сабақтың жоспарына оқушылардың жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту үшін арнайы сұрақтар дайындалуы қажет.Осы сұрақтар сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дайындауға тырыстым.
Мен оқушыны сұрақтарыма берген жауаптарының негізінде ғана бағалай отырып , оның сабақтың барлық кезеңдерінде бақылып отырдым.Мысалы тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы « МОРФОЛОГИЯ.Части речи» тақырыбының кіріспе бөлімінде менің – Морфологияны не үшін үйренуіміз қажет деген сұрағыма екі оқушым Динара мен Жансая дәлелді ойларымен жауап берді.Олар морфология , яғни сөз таптарын білу жазу сауаттылығы екенін, және де пунктуациялық сауаттылық та сөз таптарын білумен байланысты екенін айтты.Мұнда ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар кою мағызды екенін түсіндім.
Мен осы оқушыларды осы жауаптарының негізінде бағалауым формативті баға болды.Себебі , мен осы оқушылардың осы тақырып бойынша білімдерінің жүйелі болуын есте тұтып, олардың практика жүзінде осындай білімдерін көрсете алатындарын бақылауды жөн көрдім.
Оқушылардың нені үйренгендіктерін бағалау үшін мен әр сабақта қорытынды кезеңдерде түрлі сұрақтар қойып отырдым.
Оқушыларға мен , егерде мәтіннен зат есімді алып тастап оқып көрсек не болады деген талдау сұрақтарын қойдым.Зат есім маңызды ма?Неге?
Олар бұл сұрақтарыма сабақтың эпиграфымен жауап берді.Онда « Зат есім тілдің наны» делінген еді. Себебі , нансыз өмір жоқтығы сияқты , зат есімсіз тілдің де болуы мүмкін еместігін айтып өз ойларын тұжырымдады.
Мектептегі тәжірибе кезінде дарынды және талантты ,және өзгеше деңгейдегі оқушыға арналған тапсырмасы бар жоспар дайындап сабақ өткіздім.
Әртүрлі деңгейдегі үш оқушыны бақылап,олардың топта қалай жұмыс жасайтындықтарын анықтадым.
1 деңгейлі оқушы: Мурзагулова Жансая ынтасы жоғары
2 деңгейлі оқушы Куламанов Батыр ынтасы орташа
3 деңгейлі оқушы Амангелдиева Гүлжаз ынтасы төмен
Осы аталған оқушылар өздерінің оқуға деген қатысымен ерекшеленеді.Гулжаз бен Батырда оқуға деген ішкі кедергілер кездеседі.Олар оқуға достарымен кездесу және баға алу үшін келеді.Ал Жансая болса керісінше өте белсенді,зерек ,тапқыр оқушы.
Ынтасы жоғары оқушыма мен мәтін бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар түзуді тапсырдым.Ал орташа деңгейлі оқушыма мәтіннің мазмұнын екі үш сөйлеммен жеткізуді тапсырсам, төмен деңгейлі оқушыма мәтінді аударуды тапсырдым.
« Міндет қоя отырып жұмыс істеу оқушыларды жайлылық аймағынан аздап шығатын деңгейде жұмыс істеуге міндеттейді
Тапсырмаларды орындау кезінде, алынған сауалнамаларға талдау жүргізудің барысында менің байқағаным:Жансая мәселені шешуде алынған алдыңғы ақпараттарын пайдалана отырып,мәніне жету үшін баламалы шешімдерді қабылдай алады. Ал орташа деңгейдегі оқушы Батыр өзінің тапсырманы орындау да көп уақыт жұмсап, өз бетінше орындауды ұнатады, есте сақтау қабілеті жоғары.Осы оқушылардан алынған оқуға деген ынтасы,ішкі уәж,және сабақтар топтамасынан кейінгі пәнге деген көзқарасын анықтау сауалнамаларын талдай келе олардың білімнің болашақта керек екенін,талқылауға мүмкіндік берілген сабақтар ұнайтынын,топта жұмыс жасау қызықты болғанын,және топтағы жұмыстарда жанындағылардың жұмыс жасауға кедергі келтірмейтінін айтқанын білдім.
Дәстүрлі сабақ беруде бұрын тек бағалаудың бес балдық жүйені ғана білген болсақ, білім жетілдіру курсында бағалаудың екі түрі бар екенін түсіндім. Қалыптастырушы (формативті) бағалаудың түрлерін сабақ барысында қолдандым. Сонымен қатар оқушылардың көңіл-күйін смайликтер арқылы белгілесек ,өзін өзі бағалау,өзара ,топтық,жұптық бағалаулар бағалау экранына бағаларын белгіледі. Мұндағы өзгеріс бұрын оқушы бағалауға араласпайтын, ал бұл тәжірибеде оқушылар жолдасын және өз бетінше көрсетілген критерий арқылы өздерін бағалады.Оқыту үшін бағалауды пайдалану арқылы оқушылардың алға қойған мақсатқа жету таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып,кері байланыс арқылы өз білімін қадағалауға және бағалауға көмектеседі.
Бірінші сабағымда мен оқушыларға өзін өзі бағалауды ұсындым.Оқушылар барлығы дерлік жақсы деген бағалалар қойыпты.Сондықтан мен келесі сабақтарымда арнайы өлшемдермен бағалау түрін дайындауды қолға алдым.Және осы өзін бағалау парақшасын топта бір бірімен ауыстырып ,бір бірінің бағаларына түзету енгізулерін тапсырған кезде,топтағы кейбір өзіне асыра баға қойған оқушылар салыстыру арқылы тиісті бағасын қойып жатты.Осындай бағыттағы жұмыстардың нәтижесі оқушылардың өзін реттеуге,сыни тұрғыдан ойлануына ықпал етті.
Информация о работе Өзгеріс енгізілгендігі және басқарылғандығы туралы рефлесивті есеп