Жастар әлеуметтенуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:34, реферат

Описание работы

Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі -әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік капиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3

Негізгі бөлім.
Жастар әлеуметтенуінің ерекшелігі.....................................................4
Жастар саясатының негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрсету....................................................................................................6
Жастардың құндылықты бағдарлануы................................................7

Қорытынды................................................................................................10
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................

Файлы: 1 файл

Реферат педагогикадан.docx

— 31.65 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

  1. Кіріспе..........................................................................................................3

 

  1. Негізгі бөлім.
    1. Жастар әлеуметтенуінің ерекшелігі.....................................................4
    1. Жастар саясатының негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрсету....................................................................................................6   
    2. Жастардың құндылықты бағдарлануы................................................7

 

  1. Қорытынды................................................................................................10

       IV. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................11

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қоғамның тұрақтылығы  балансының негізгі талаптарының бірі -әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық  әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз тек қана халықтың демографиялық  әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік капиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі  қозғаушы күші ретінде жастардың  әлеуетін арттыру және оны елдің  дамуы бағытында қолдану –  мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену  үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.

«Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жастар саясаты туралы  2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660.  Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стратегиялық мақсаттарды ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс. Осы тұста жастардың  дұрыс әлеуметтенуінің маңызы зор.

Әлеуметтену дегеніміз –  үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге  дейін жүреді. Қоғамға қалыпты  бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену  алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену  отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену  бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену  үдерісінің негізгі агенттеріне  отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол (Кесте-1). Отбасыда алған – тәрбие, білім  беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған  түрлі оң құндылықтар адамның  өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі. Ал қоғамда отбасыда туылмаған, отбасы институтынан тыс  адамдар да бар (жетім балалар, көше адамдары, т.б.). Немесе белгілі бір  объективті, субъективті факторларға  байланысты білім беру институттарынан тыс қалғандар да бар (орта немесе жоғарғы білімі жоқ азаматтар). Сондықтан да қоғамда адамдардың әлеуметтену үдерісі өте күрделі және өзекті мәселелердің біріне жатады. Адам өмірінің циклін қарастырғанда өсу, өрлеу шағы болып табылатын жастық шағының негізгі субъектілері болып табылатын жастардың дұрыс бағдарлануы олардың келесі өмірінің жартылай іргетасы болады десек қателеспейміз. Жартылай деп айтуымыздың бір себебі, адам бойындағы біршама құндылықтардың негізгісі балалық шақта қалыптасатыны жасырын емес.

 

 

 

  1. Жастар әлеуметтенуінің ерекшелігі

 

 

Әлеуметтену агенттері

Функциялар

Проблема

І деңгей -алғашқы реттік әлеуметтену

Отбасы институты

құндылықтарды игеру;тәрбие;

жастар арасындағы қылмыс, нашақорлық, алкоголизм, суицид, жұмыссыздық  көлемінің артуы мен жастардың  рухани құндылықтарының төменденуі немесе еңбекке қатысты жастар қатынасының  деформациясы, нигилизм

ІІ деңгей -Екінші реттік әлеуметтену

Білім беру түрлі институты,  әлеуметтік орта

білім;тәрбие;құндылықтар;кәсіп;


 

 

Әлеуметтену үдерісінде адамды өзіндік мақсат ретінде Г.Абдикерова  қарастырады [1]. Тәрбиелеу мен білім беру институттарынан өткен адамның одан әрі жетілу, яғни әлеуметтенуі барысында адамның өзін мақсат ретінде қоя білуі маңызды рөл атқарады. Мысалы, адамның өзін өзі басқару, игеру, жетілдіру деңгейі жоғары болған сайын, сыртқы орта әсері аз болады. Ал керісінше жағдайда сыртқы ықпалдың деңгейі мол. Осы тұста жастардың өз уақыттарын дұрыс ұйымдастырмауы, өзін-өзі игере алмауының салдарынан түрлі орта әсерлеріне ұшырап отыр. Мәселен, субмәдениет, секталар, қылмыстық топтардың, т.б. дұрыс әлеуметтенбеген немесе маргинал жағдайдағы жастарға ықпал етіп отыр. Дегенмен бұл жастардың құндылықты бағдарланған жолы болуы да мүмкін. Бірақ осының әсерінен, қоғамда дисбаланс жағдайы орнап, жастарың теріс жолға түсуі артып отыр. Енді, өзін- өзі игреген, яғни өзін басқара білген әлеуметтену үдерісінде адам өзіндік мақсаттарын жүзеге асырады. Дәл осы орайда тағы да жастарға үңілсек, өзін басқара білген жас өзін жетілдіруге бағытталады. Үздіксіз білім алу, отбасы құру, қоғамға қызмет ету, т.б. ортақ классикалық құндылықтарды жүзеге асырады. Әрине, жастардың өзін-өзі басқаруы мен сыртқы орта ықпалына түсуі әсерінің салдары – бұл бүгінгі жастардың әлеуметтенуін ашатын тек бір ғана өлшем екенін еске салғым келеді.

Сәтті әлеуметтенудің нәтижесі әлеуметтік байланыстар, қоғамдық қатынастар және жалпы жұртпен қабылданған  мәдени құндылықтар орнату мен оның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін нормаланған әлеуметтенумен түсіндіріледі. Әлеуметтену нормасы индивидуальды деңгейде бұл – адамның  жас ерекшелігі және индивидуальды-психологиялық сипаттамаларын ескеріп жан-жақты әлеуметтенуіні. Ал қоғамдық деңгейде ұрпақтан ұрпаққа әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды берудің ережелерінің қалыптасқан жиынтығы. Әлеуметтену нормасы әлеуметтік нормамен тығыз байланысты. Әлеуметтік нормаларға индивидтің бейімделуі мен интериоризациясымен жүзеге асады.

Ковалева А.И әлеуметтену  нормасы 3 түрлі типін көрсетеді: идеальды; нормативті, шынайы жағдай [2].

Әлеуметтену нормасының идеалды  типі тұлғалық дамуға бағытталған қоғамдық идеалдармен анықталады. Бұл –  шынайы жағдайдан алыс, бірақ соған  жақындастырылған тип. Көбіне манифест, саяси бағдарламалар, т.б. құжаттарда идеологиялық немесе тәрбиелеу мақсаттарында  идеалды тип әлеуметтенуі қолданылады.

Нормативті әлеуметтену  индивидтің қандай болуы керек, оған сәйкесінше әлеуметтік институттар  индивидтің қоғамға интеграциялануын қамтамасыз ету шараларын көрсетеді.

Шынайы әлеуметтену –  қоғамдағы адамдардың нақты жағдайда әлеуметтенуінің жиынтығы. Шынайы әлеуметтену  нормативті типке ұқсас, кейде қарама-қарсы  болып та кездесе береді. Әлеуметтенудің бұл түрі түрлі бағытта болуы  мүмкін. Ол адамның қоғамдағы оры, әлеуметтік мәртебесі, құндылығы, т.б. сияқты объетивті немесе субъективті  себептердің әсері болады.

Осы мәселелерден байқағанымыздай, әлеуметтену әрқашан да сәтті  бола бермейді. Осы тұста, ауытқыған  әлеуметтену феномені туындайды. Қоғамдық және тұлғалық деңгейде де күнделікті өмір, тәжірибе барысында идеалды  немесе нормативті деңгейге жете бермейді. Бәрібір адамның тұлғалық деңгейінде бойында пайдаланбай қалған немесе дұрыс бағытталмаған мүмкіндіктер резерві қалып қояды. Немесе адамның  тұлғалық дамуында психологиялық жағдайына  байланысты қоғамға тиімсіз тұстары  шығып қалуы мүмкін. Жалпы тәжірбиеден  индивидтің әлеуметтенуі көбіне ауытқушылық  болады. Сондықтан, әлеуметтенудің мынадай  түрлерін көрсете аламыз: сәтті, нормативті, кризистік, ауытқыған, мәжбүрлеу, оңалту, уақытынан бұрынғы, жеделдетілген, кешіккен түрлері. Отбасы, білім беру болып табылатын негізгі әлеуметтену  институттарының трансформациясы  мен қоғамда әлеуметтік реттеу болған дәстүрлі және заманауи құндылықтардың деформациясы әсерінен жастардың әлеуметтену  үдерісінде өзекті мәселелер туындап  отыр. Нақтырақ айтатын болсақ, отбасы, білім беру институтары, еңбек ұжымы  және тағы басқа әлеуметтену агенттерінің жастардың тәрбиесі мен тұлғалық қалыптасуында үлес салмағы азайып, керісінше БАҚ-тың әсері күшейіп  отыр. Оның салдары оң әрі теріс  әсер етіп отыр. Жаһанданудың қарқынды ықпалынан жастар арасындағы қылмыс, нашақорлық, алкоголизм, суицид, жұмыссыздық  көлемінің артуы мен жастардың  рухани құндылықтарының төменденуі немесе еңбекке қатысты жастар қатынасының деформациясы, нигилизмнің етек алуы көрініс тауып отыр [3].

 

  1. Жастар саясатының негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрстету

Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету  арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзінөзі дамытуын қалыптастыру. Әлеуметтену процесі  барысындағы жастардың жиі ұшырасатын қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет.  
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топқа жата отырып, қамқорлық жасында бола отырып ең аз баспанамен қамтылғандар қатарына жатады. Осы проблемалардың барлығы қысқа және ұзақ мерзімдік перспективада барлық деңгейдегі жастардың белсенді азаматтық өзін-өзі тануын тәрбиелеу, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенділіктерін арттыруға бағытталған жастардың инициативасын қолдау үшін мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптасыруды талап етеді.  
Жастарды әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі дағдыландырудың негізінде жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың негізгі өлшеміне бүгінгі нарықтық қатынастың жағдайына икемдей отырып, олардың кәсіби деңгейін қалыптастыруы жолында жеке кәсіпкерлікті дамыту жатқызылады. Осыған байланысты бизнес-орталықтарын құру, жастардың білім алуы мен несие алулары бойынша шұғыл жобаларын жасау қажет. Жастарды жұмыспен қамту мәселесінің басты шешімі сапалы білім мен жастардың елдегі ғылыми-оқу процестеріне белсенді қатысуы болып табылады. 

Ал енді, ХХІ ғасырды  дарынды және еңбекшіл жастардың ғасыры деп еш күмансыз айта аламыз. Жастар ғана белсенді өмірге қадам баса отырып, өз елін, жанұясын қорғауды үлкен жауапкершілікке алады. Жаңа қоғамдағы тенденциялар, жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиесіне қоғам мен мемлекет тарапынан қолдау табу жастар саясатын құруда сапалы қадамдарды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі күні жастар саясаты жас ұрпақты қоғамға әлеуметтік интеграциялаудың ең басты механизмі болып табылады.

Қазақстандағы жастар саясатының негізгі мақсаты жастарға қоғамдық және мемлекеттік қолдау көрсету  арқылы әлеуметтік жағдай жасау, жастарды әлеуметтік қорғау, оның шығармашылық белсенділігін, қабілетін, бейімділігін, сонымен қатар өзінөзі дамытуын қалыптастыру. 
Әлеуметтену процесі барысындағы жастардың жиі ұшырасатын қиындықтарын болдырмас үшін жастар саясатын жүйелі өткізу қажет. 
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топқа жата отырып, қамқорлық жасында бола отырып ең аз баспанамен қамтылғандар қатарына жатады. Осы проблемалардың барлығы қысқа және ұзақ мерзімдік перспективада барлық деңгейдегі жастардың белсенді азаматтық өзін-өзі тануын тәрбиелеу, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенділіктерін арттыруға бағытталған жастардың инициативасын қолдау үшін мемлекеттік органдардың жүйесін қалыптасыруды талап етеді. 

Жастарды әлеуметтік-экономикалық өзін-өзі дағдыландырудың негізінде  жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың  негізгі өлшеміне бүгінгі нарықтық қатынастың жағдайына икемдей отырып, олардың кәсіби деңгейін қалыптастыруы  жолында жеке кәсіпкерлікті дамыту жатқызылады. Осыған байланысты бизнес-орталықтарын құру, жастардың білім алуы мен  несие алулары бойынша шұғыл  жобаларын жасау қажет. Қазіргі кезде жастарды жұмыспен қамту мәселесінің басты шешімі сапалы білім мен жастардың елдегі ғылыми-оқу процестеріне белсенді қатысуы болып табылады.

 

  1. Жастардың құндылықты бағдарлануы

Абдраймова Г.С. мынадай  мәселелерді анықтады. Жастардың  жеке өмірге бағдарлануында құндылықтар  жүйесінде – ақша, материалдық  сәттілік бірінші орында тұрғандығы білінген.  Дегенмен, жастардың 56 пайызы өздерінің еңбегімен материалдық игілілікке жетуге болады деген тоқтамға келген. Ал 27 пайыз жастар еңбектен гөрі, статусты «ақшалы» мамандықтарды материалдық игілікке бастар жол ретінде көрсетеді. Сонымен қатар, мансап жасау, жұмыстағы сәттілік секілді бүгінгі жастардың бойында индивидуалистік қасиеттер басым.  Дегенмен, отбасы бақытын жастардың  52 пайызы өмірдің маңызы деп түсінеді. Бұл көбіне 18-19 жас аралығындағылардан гөрі, 25 пен 29 жастағылар үшін көбірек маңызды. Ал отбасы құру мәселесінде көпшілік жастар ата-анасына  қаржылай тәуелсіздік жағдайы, жеке көлемді табыс болуы керек екендігін атап көрсеткен. Ал жас отбасы ата-анасынан бөлек тұрғаны дұрыс деп есептейді (тек 7 пайызы ғана ата-анамен тұруға келіскен).  «Сізге бақыт үшін не керек?» деген сұраққа 39 пайызы жеткілікті деңгейде қаражат, 35 пайызы-махаббат, 18 пайызы – сенімді дос, ал 8 пайызы – аман-есендік деп белгілеген.   Ал бос уақытты тиімді пайдалану мәселесінде жас ерекшелікте айырмашылықтар пайда болды. Ересектерінде бос уақыт аз болса, жастарында көп болып шықты. Бос уақытты пайдалану мәселесінде «ештеңе жасамау» көрсеткіші жоғары болып отыр. Ал «Қаншалықты Сіз театр, концерт, музыкалық үйірме. т.б. жиі барасыз?» деген сұраққа оң жауап бергендердің де үлес салмағы аз.  Ал жастардың мінез-құлық қалыптастыруы мен өмірді қабылдауында теледидар ерекше орын алады. Мәселен, тек 11 пайыз жастар жарнамаға назар аудармаушылықпен қарайды, 15-20 пайыз жастарға барлық ролик, клиптер қызық.  Профессор Абдрайымованың пікірінше, бүгінгі қазіргі заманғы жастар алдыңғы буынға қарағанда өте күрделі кезеңде өсіп жетіліп келеді. Сондықтан жастарға бағытталған мемелкеттік саясат біріншіден, қоғамдық өмірдің маңызды салаларын: денсаулық, білім беру және тәрбие салаларын қамтуы керек. Бұл бағытта мемлекеттік жастар саясаты жүйелі жұмыстар атқаруы керек.

Информация о работе Жастар әлеуметтенуі