Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:34, реферат
Қоғамның тұрақтылығы балансының негізгі талаптарының бірі -әлеуметтік жүйені құрайтын адамдық әлеуетті қалыптастыру. Адамдық әлеует дегеніміз тек қана халықтың демографиялық әлеуметтік жағдайы ғана емес, сапалы әлеуметтік капиталдың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жастардың әлеуетін арттыру және оны елдің дамуы бағытында қолдану – мемлекеттің негізгі міндеті. Ал адамдық әлеует дұрыс әлеуметтену үдерісінен өткен индивидтерде көрініс табады.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660.
Кіріспе..........................................................................................................3
Негізгі бөлім.
Жастар әлеуметтенуінің ерекшелігі.....................................................4
Жастар саясатының негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрсету....................................................................................................6
Жастардың құндылықты бағдарлануы................................................7
Қорытынды................................................................................................10
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................
Жастардың әлеуметтенуі барысында ХХІ ғасырда төмендегідей құндылықты бағдардың болуы нәтиже береді. Себебі, жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жаһандану процесінен тұмшаланып тыс қала алмайтын болса, еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс деп санаймын. Демек, әрбір жастың Отанын шексіз сүюінің астары бос қуыс болмауы керек. Елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар.
Бәсекеге қабілеттілік – жастардың жаңа заман жаңалығын меңгере отырып, Қазақстан азаматы ретінде дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілетті болып, әлем жастарымен терезесін теңестіруі. Техниканың құлағында ойнап, қазақ тілін меңгеріп, ал әлем тілдерінде еркін сөйлеген азаматтың алар асуы алда. Ол өзін ғана жетілдіріп қоймай, Абай айтпақшы, «атасының ғана емес, адамның баласы болып», адамзат игілігі, ел дамуы үшін еңбек етері сөзсіз.
Білім, кәсібилік –«жастардың және еліміздің басты капиталы».
Елімізде сауаттылық деңгейі жоғары көрсеткіштерге ие екені белгілі. Халықтың 99,5 пайызы сауатты, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 177 елдің ішінен 14-орынды алады. Қазақстан соңғы 12 жылда адамның даму индексінің орнықты артуы нәтижесінде 20 тұғырға алға басып, әлем бойынша 73-орында тұр. Ал білімді сипаттайтын жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 11 құрамдас бөлігінің тек бір ғана “Жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер саны” индикаторы бойынша еліміз елу үздік ел қатарына кіріп отырмыз. Бір парадокс бар. Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім айтқандай, «еліміздегі адамдардың сауаттылық деңгейі экономикаға, әлеуметтік жағдайға, рухани өмірге әсер етпей отыр» [4]. Салыстыру үшін, Түркияда сауаттылық көлемі 0,1 пайызға артса, жалпы өнім бір пайызға артады екен. Түркияда халықтың 76 пайызы ғана сауатты. Ал американдықтардың 52,5 ғана жоғары толық білім алса, 27,3 пайызының бакалавр дәрежесінде ғана білімі бар. Ал Қазақстанда жоғары білімді адамдар көп болғанымен, әлі күнге дейін техникалық, медициналық салаларды айтпағанның өзінде, барлық салаларда кәсіби, білікті мамандар тапшылығы айқын білінеді. Мәселен еңбек нарығында, нақтырақ айтар болсақ, құрылыста – 9,9 мың адам, ауыл шаруашылығында – 9,6 мың адам, машина және жабдықтар технологиясында – 7,6 мың адам, қызмет көрсету саласында – 6,8 мың адам жетпейді. Жыл сайын 12-14 мың университет түлегі жұмыссыз қалуына қарамастан, экономика техникалық қызмет көрсету еңбегінде қосымша жүз мың жұмысшыны талап етеді. Демек, мақсатты бағдарланған түрде сапалы білім алу бүгінгі жастар алдындағы негізгі міндеттердің біріне айналып отыр.
Іскерлік, креативтілік – ( ағылшын тіл. ауд. creative - шығармашыл) мақсатты түрде қалыптасқан және дәстүрлі нормалардан тыс жаңа идеяларды жаратуға жаны жақын индивидтің шығармашылық қабілеті. А.Маслоу бойынша, бұл адам туылғаннан барлығында болатын, бірақ көп жағдайда ортаның әсерімен жойылып кететін шығармашылық бағыт болып табылады. Демек, креативті жас тәрбиелеу, шығармашыл, сыншыл болып жетілу адам әлеуетінің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Соңғы кезде жастардың нигилист, көп құбылыстарға немқұрайлықпен немесе аса толеранттылықпен қарау тенденциясы басым блып отыр. Жастардың экономикалық белсенділігінің деңгейі 52,2 пайызды құрайды. Бұл жалпы көрсеткіштен 18,4 пайызға төмен. Жастар арасындағы жұмыссыздық ел бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен 1,3 пайызға артық. Мұның негізгі себебі жастар біліктілігінің аздығынан немесе біліктілігінің болмауына байланысты түсіндіріледі. Ал жас жұмыс кадрларының төмен жалақы үрдісі тұрақты сақталып келеді. Жұмыс істейтін жастардың 21,5 пайызының табыс деңгейі ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен; жастардың 41,5 пайызының айлық табысы орта жалақы көрсеткішінен төмен.
Денсаулық сақтау – ұрпақ алмасуда денсаулық сақтау мәселелері өсіп келе жатқанда көкейкесті мәселе болып табылады. Мұның себебінен болашақта ұлт денсаулығы ауыр зардап шегуі мүмкін. Сонымен қатар, қауіпті ықпалдарға бүгінгі жасөспірім мен жастардың репродукциялық әлуетін төмендету қауіп-қатерлі ықпалдарына апарып соғатын қауіпті мінез-құлық салалары жөнінде ақпараттанулықтың төмен деңгейі, ұрпақ жаңғырту нұсқамаларының қалыптаспағандығы, сондай-ақ, емдеу-профилактикалық мекемелеріндегі медициналық-санитариялық сүйемелдеу кемшіліктері жатады.
Жасөспірім мен жастар денсаулығының үлкен әлеуметтік маңызы бар, себебі олар қоғамның репродукциялық, парасаттық, экономикалық, әлеуметтік, саясаттық және мәдени резервы болып танылған. Сондықтан да «Жас отан» жастар бағытының съезінде сөйлеген сөзінде Н.Ә. Назарбаев тәуелсіз Қазақстан жастары елдің ең басты дәулеті деп ескеріп қойды [5].
Қорытынды
Еңбекке бейімделу жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын, еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастырады; адамның жеке шеберлік, белсенді және болмысымен беріліп іс-әрекет жасау, қажетті ресурстарды жұмылдырып, істің мәнісін дұрыс бағалап, өз іс-әрекетінің қажетсіз қалмауына мән беріп, олардың түпкілікті тиімділігін тиянақтап жаңа өндіріс және қоғам жасауды көздейді. Жастар саясатының мақсаты - жастардың бойында еңбектің ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары құндылық ретінде қалыптастыру болып табылады.
Қорытындылай айтқанда, жастардың құндылықты дұрыс бағдарлануы біршама әлеуметтік мәселелердің шешім табуына көмектеседі. Әсіресе, білім, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, іскерлік, креатив, еңбек, денсаулық сақтау секілді маңызды дүниелерді ұстаным еткен жастар өздерінің өмірін дұрыс ұйымдастырумен қатар, мемлекет дамуына елеулі үлес қосатыны анық. Осылайша, сәтті әлеуметтену үдерісіне қол жеткізген кез келген жас өмірде өз жолын тауып, Абай айтқандай, «өмірге кірпіш болып қаланады».
Пайдаланылған әдебиеттер: