Жоғары білім беру жағдайында
педагогикалық мамандар даярлаудағы Жұмағали Есекеевтің көзқарастары
Жұмағали Есекеев еңбек қадамын, ұстаздық
жолын соғыстан кейінгі ауыр жылдарда
бастап, өзінің саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне
арнаған ұлағатты ғалым. 1950 жылы Крупская атындағы Семей педагогикалық
институтының қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығын бітірген.1950 жылдан бастап
Крупская атындағы Семей педагогикалық
институтының педагогика және психология
кафедрасында ассистент оқытушы, аға оқытушы
қызметін атқарған. Институттағы бұл жетекші
кафедраның құрылуына профессорлар мен
білім саласындағы көрнекті өкілдер Ж.Даукеев,
Нечаев А.П., доценттер Алеев И.В., Ужгина
З.Ч., Журавлев В.И., А.П.Романов, Г.И.Айманов
және Ж.Есекеев белсене қатысты.
Ж.Есекеев қызмет барысында өз міндеттерін жауапкершілікпен
атқарып, педагогика, педагогика тарихы
пәндерінен жоғары дәрежеде дәріс оқыған.
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында
дәрістер оқып, жас мамандарға кеңестер
беріп отырған.Институттың тыныс-тіршілігінен
де тыс қалмай қоғамдық жұмыстарда белсенділік
танытып, оқытушы мен студенттер арасында
өз мәртебесі жоғары болған. Соның дәлелі Ж.Есекеевтен дәріс
алған қазақ жеріне танымал ірі тұлғалар, қоғам қайраткерлері: Еспенбетов
Арап Сләмұлы-филология ғылымдарының
докторы, профессор. Қазақстан Республикасының
білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Ғарифолла Есім-ҚР Ұлттық ғылым академиясының
академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты. Қалиев Наубәт- саяси
ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық университетінің профессоры.
Теміров Бекен Мұқанұлы-Семей қаласының
тарихи-өлкетану мұражайының директоры.
Есенжолов Ерғали Қабдоллаұлы-педагогика
ғылымдарының кандидаты, профессор. Ж. Есекеев қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан, дала
қоңырауы атанған Ыбырай Алтынсаринның,
ұлы ағартушы Абай мен Шоқанның орыстық
озық мәдениетінен сусындап, оның оқу-ағарту
саласындағы озық идеяларын қазақ жеріне
таратушы екендігін түйіндеп, ол бүгінгі
Қазақстан мектептеріндегі үлкен өзгерістер
ұлы орыс мәдениеті және орыс-қазақ достығының
нәтижесінде қол жеткен теңдесі жоқ табыс
екенін дәлелдейді. Білім беру саласына
қосқан тынымсыз еңбегінің арқасында
Қазақ ССР Оқу Министрлігі 1957 жылы «Қазақ
ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»
куәлігін берді. 1967 жылы «Педагогическое
образование в Казахстане 1917-1930г.г» тақырыбында
кандидаттық диссертация қорғаған. Өзінің
зерттеу жұмыстарының негізгі мазмұнында
басты назарды 1917-1930 жылдардағы Қазақстандағы
педагогикалық білім беру жүйесіндегі
мәселелерге аударды. 1969 жылы педагогика
және психология кафедрасының меңгерушісі
қызметін атқарған. 1970-71 жылдар аралығында
институттың дайындық бөлімінің деканы,1971-73
жылдары Крупская атындағы Семей мемлекеттік
педагогикалық институтының тарих-педагогикалық
факультетінің деканы қызметінде болған.
Ж.Есекеев педагогика ғылымдарының кандидаты
бірнеше ғылыми мақаланың авторы Педагогқа тән ізгі қасиеттердің
қасиеттердің барлығын бойына сіңіріп,
шәкірт үшін жанын берген, ұлағатты
ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Есекеев Жұмағали Есекейұлы