Жоғары білім беру жағдайында педагогикалық мамандар даярлаудағы Жұмағали Есекеевтің көзқарастары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2015 в 05:47, статья

Описание работы

Жұмағали Есекеев еңбек қадамын, ұстаздық жолын соғыстан кейінгі ауыр жылдарда бастап, өзінің саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ғалым. 1950 жылы Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын бітірген.1950 жылдан бастап Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының педагогика және психология кафедрасында ассистент оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарған. Институттағы бұл жетекші кафедраның құрылуына профессорлар мен білім саласындағы көрнекті өкілдер Ж.Даукеев, Нечаев А.П., доценттер Алеев И.В., Ужгина З.Ч., Журавлев В.И., А.П.Романов, Г.И.Айманов және Ж.Есекеев белсене қатысты. Ж.Есекеев қызмет барысында өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, педагогика, педагогика тарихы пәндерінен жоғары дәрежеде дәріс оқыған.