Жоғары педагогикалық білім мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2015 в 15:28, доклад

Описание работы

Әлемдегі жаһандану үрдістері қазақстан қоғамын да алға жетелеуде. Осы үрдістен қалмау үшін ең алдымен білім саласын дамыту, қайта құрау, жаңғыртып жаңартып отыру қажеттігі туындауда. Бұл, Елімізді өркендету саясаты «Қазақстан - 2050» [1] даму бағыты, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» [2] бағдарламасы, «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған бағдарламасы» [3] секілді құжаттарда нақтыланған.

Файлы: 1 файл

астан жмп журн-15.docx

— 23.50 Кб (Скачать файл)

             Жоғары педагогикалық білім мәселелері.

Педагогика ғылымдарының

 докторы,профессор  И.Р.Халитова

Абай атындағы ҚазҰПУ.

 

Тірек сөздер: педагогикалық практика, жоғары  білім жүйесі, педагогикалық білім жүйесі, педагогикалық емес оқу орындарындағы педагогикалық білім.

 

Әлемдегі жаһандану  үрдістері қазақстан қоғамын да алға жетелеуде. Осы үрдістен қалмау үшін ең алдымен білім саласын дамыту, қайта құрау, жаңғыртып жаңартып отыру қажеттігі туындауда. Бұл, Елімізді өркендету саясаты «Қазақстан - 2050» [1]  даму бағыты,  «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» [2]  бағдарламасы,  «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жж арналған бағдарламасы» [3] секілді құжаттарда нақтыланған.   

«Қазақстан - 2050» жаңа бағытында «Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу» делініп мұндағы жоғары оқу орындарының атқаратын қызметі атап көрсетілген.

Қазақстандағы жоғары білім, ғылымының әр саласына сәйкес құрылған. Айталық педагогикалық білім беретін жоғары педагогикалық университеттер, жалпы оқыту мен тәрбиелеу, мәселесіне байланысты ғылыми білім беруді және   ғылыми-педагогикалық зерттеуді көздейді.  Осыған орай оқыту мен тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық негіздерін ғылыми тұрғыда танып –білуге жол ашатын ғылым  «Педагогика».  Оған қатысы бар басқалары осы ғылымның салалары болып табылады. Мысалы, жоғары мектеп педагогикасы болашақ педагог мамандарды оқыту мен тәрбиелеу, б.а. студенттермен жұмыстың ғылыми негіздерін қарастырады. Педагогика ғылымының басқа салаларының  өзіне тән   танып білу нысаны мен пәні бар.

Оны оқыту жоғары педагогикалық оқу орындарында бакалавриаттан басталады. Стандарт бойынша пән «Педагогика» деп аталғанымен онда «Педагогиканың жалпы негіздері»-  оқытылады. Өйткені пән ретінде «педагогика», «педагогиканың жалпы негіздері»,  «жалпы педагогика»,

« жоғары мектеп педагогикасы» деп аталатын пәндер қарастыратын нысаны мен пәні,  мазмұны жағынан олардың әр қайсысы  өзгешеленеді.

Магистратурада осы пәннің жалғасы «Жоғары мектеп педагогикасы» (Стандартта «Педагогика») оқытылады. Демек, бұл пәннің мазмұны алдыңғы бакалавриатта оқыған жалпы педагогикадан гөрі күрделі, тереңдетілген ауқымы кеңейтіліп әрі жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне арналады.   Бұл пән  болашақта  әлеуметтік педагогиканы,  педагогиканы оқытуды  кәсіп қылатын және психологияны, басқа да мұғалімдік кәсібін таңдағандар мысалы, математика пәні мұғалімі, биология пәні мұғалімі т.с.с үшін жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін қарастырады.

Магистратурада оқитын «Жоғары мектеп педагогикасы» (магистратураға арналған стандартта «Педагогика»-делінген) пәні  оқыту мен тәрбиелеудің жоғары мектепке арналған тараптары б.а. стдуенттерді немесе болашақ педагог мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі, жоғары мектеп педагогикасын ғылыми зерттеу, ересектерді оқыту ерекшеліктері, формалары мен әдістері, технологиялары және басқа да теориялық мәселелр қарастырады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда  жоғары білім берудің бүгінгі мәселелеріне байланысты әрине жинақталған ғылыми-педагогикалық тәжірибелерді ескеру көзделеді. Сонымен қатар осы уақытқа дейінгі жоғары мектеп педагогикасы бойынша  жаңалықтарды қамтуға ұмтылыс жасалып  шетелдік ғалымдар, отандық ғалымдардың еңбектерінің сәйкес тұстары келтірілуі тиіс.

Осы жерде айтпақшы болған  бір пікіріміз, стандартқа байланысты. Педагогикалық колледж, бакалавриат, магистратаруға арналған стандарттың барлығына бірдей пәннің атаулары түгелдей «Педагогика» деп дұрыс көрсетілмейді. «Педагогика»-   осы салаға қатысты  ғылымның аталуы б.а. оқыту мен тәрбиелеудің қыр- сырын теориясы мен практикасын зерттейтін  ғылым. Барлық ғылымдар арасында оның өз орны бар.  Педагогика  ғылым, салаларына байланысты пәндерге бөлінеді, мысалы,  «Бастауыш мектеп педагогикасы»  пәні, «Әлеуметтік педагогика» пәні, «Жоғары мектеп педагогикасы» -пәні,  «Педагогиканың жалпы негіздері» пәні, «Жалпы педагогика» -пәні, «Әскери педагогика» пәні, «Инженерлік педагогика» пәні, «Мектепке дейінгі педагогика» пәні, т.с.с. педагогиканың әр пәнінің өз атауы бар. Демек стандартта сол пәндердің ғылымда қабылданған атаулар  көрсетілсе кейбір жаңсақтықтар мен шатастыраулар болмас еді.

Магистратураға арналған «Педагогика (Жоғары мектеп педагогикасы)» - деп аталатын бұл пәннің мазмұны еліміздің жаңа экономикалық және әлеуметтік даму бағдарларын қамтумен қатар білімге байланысты шетелдік материалдармен толықтырылса, өз атауына сәйкес келетін еді.   Оқулық мазмұны қоғам талаптарына сәйкес келуін көздеп Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы (2010),  Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 арналған бағдарламасы, «Қазақстан-   2050» Жаңа стратегиясы  мен  «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» т.б. құжаттарынан жоғары білімді және ғылымды дамыту, педагог  кадрлар даярлауда, олардың білімі мен тәрбиесіне қатысты және басқа да қажетті тұстары  сәйкес жыл сайын жаңарап отруы тиіс.

 Оның үстіне кейінгі кезде педагогикада зерттелуі тиіс жаңа ұғымдар пайда болды, мысалы, «адам капиталы», «адам ресурстары», «функционалды сауаттылық», «жаһандық құзыреттілік» т.с.с. Бұлар педагогика пәндері тмен оның салаларын оқытуда қандай сипатта болуы тиіс? Деген секілді басқа да жаңалықтар әлеуметтік педагогика, педагогика пәндері тұрғысынан зертте бойынша  өз кезегін күтіде.

Сонымен қатар бәскеге қабілеттілік, әр маманның өз ісіндегі жай ғана сауаттылығының жеткілісіз екені, ендігі жерде «ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс істеу машығын меңгеруге дайын болуы тиіс» [4]делінген. Жоғары оқу орындарында білім берумен ғана шектелместен қолданбалы  және ғылыми зерттеулер жүргізуі міндеттелген. Осы уақытқа дейін  ғылыми жетістіктерді практикаға ендіру мен қолданбалы зерттеулердің жеткіліксіз екендігі айтылып келсе, енді  мәселенің шешімі н табу жолдары көрсетілген.

Белгілі болғандай алған білімін іс жүзінде қолданып, одан айта қаларлықтай нәтиже шығару осы заман талабы. Демек педагогикалық практиканы ұйымдастыру тәсілдері мен жүзеге асыру жолдарын қайта қарау қажеттігі туындап отыр. Педагогикалық практиканың нәтиже көрсеткіші болашақ педагогтың  өз ісін тыңғылықты атқаруға дайын болуы.

Әрине оның басты көрсеткіші мектеп тарапынан қойылған баға. Десекте болашақ мұғалімнің  оқыту мен тәрбиелелу әдістемесін меңгергендігі, ол істеген жұмысының ғылыми негізділігін  қалай аңғаруға болады. Педагогикалық практика бойынша емтихан ұйымдастырылмайды. Не істеу керек? Осыған орай ұзақ жылдық тәжрибе мен ғылыми зерттеулерге сүйене огтырып өз пікірімізді айтуды жөн көрдік.

Педагогикалық практиканың мазұмны мән ұйымдастыру тәсілдерін жаңғырту  мәселесіне назар аудару қажет. Мысалы, педагогикалық практиканың мерзімінің қысқалығы, диплом жұмысының мазмұнының көп жағдайда педагогикалық практикаға байланысының жоқтығы және ғылыми жетілдіруді қажетсінетіндігі. Осы диплом жұмысының орнына студенттер  педагогикалық практикаға байланысты «ғылыми есеп» жазғаны дұрыс болатын секілді. Сонда ол бір жағынан өзінің істеген жұмыстарының ғылыми негізін пайымдайды, екіншіден педагогикалық практикаға болған мәмілесі өзгеріп, оның сапалық жақсаруына түрткі болар еді.

Стратегияда, Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру алдағы атқаратын жұмыс ретінде белгіленген.   Жоғары білім жүйесін- қоғам талаптары мен адамдардың осы талаптарға сәйкес келуі үшін әр түрлі кәсіп бойынша жоғары білім алуына арналған оқу орындарының жүйесі құрайды. Бұған Қазақстанда білім саласын қайта құру арқылы, оны тәмамдаған түлектердің білім, білік, дағдылары мен кәсіби құзыреттілігін жаһандық талаптарға сәйкестендіру үшін құрылған арнайы  жоғары оқу орындары кіреді. 

Қазақстандағы педагогикалық білім жүйесін екі бағытта қарастыруға болады: біріншісі, педагогикалық емес оқу орындарында берілетін педагогикалық білім жүйесі, айталық, әскери саладыға педагогикалық білім, қауіпсіздікті сақтау саласындағы, өнер саласындағы, аграрлық,  дене шынықтыру, технология мен техникалық оқу орындарында  берілетін педагогикалық білім, заң оқу орындары секілді педагогикалық емес оқу орындарындағы педагогикалық білім жүйесі.

Педагогикалық емес оқу орындарында педагогикалық білім берудің мақсаты- ұстаздар, студенттермен  жұмыс істеуде олармен қарым –қатынасты педагогиканың заңдылықтары мен ұстанымдары негізінде орнату арқылы оң ықпал ету, болашақ осы сала қзыметкерлерінің сана, сезімі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда адамгершілік ережелерін ұстануларына шарт түзу.

Педагогикалық емес оқу орындарында педагогика пәнін оқытудың міндеттерін төмендегіше белгілеуге болады:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың дұрыстығын ғылыми қамтамасыз ететін ұстанымдар, әдістер, тәсідер, технологиялармен  болашақ ұстаздарды қаруландыру;
  2. Студенттер, магситаранттар мен қарым –қатынас орнатуда ұстаздың педагогика заңдылықтарын ескеруіне шарт түзу;
  3. Ұстаздың өз болмысы, педагогикалық шеберлігі, мамандарға тән қасиеттерімен білім алушыларға  ізгілікті ықпал етуінің негізін қалау;
  4. Болашақ мамандарға қажетті өзіндік ізденіс, танымдық қызығушылық, тапқырлық пен іскерлік, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру;

     Келтірілген міндеттер  жоғары оқу орындарының  білім  беру бағыты, кәсіптік бағдарына  байланысты атқаратын міндеттерімен  астараласуы істің табыстылығының  кепілі[5]. 

Әр оқу орнында педагогикалық білім берудің өз ерекшеліктері де болуы қалыпты ахуал, мысалы, заң және әділет университеттерінде  олар адамдармен жұмыс істейтін болуы себепті және азамттарды дұрыс жолға салу  олардың басты қызметі екені ескеріле келе  ондағы педагогикалық білімнің мақсаты, міндеттері мен мазмұны өзгеше.

 Заң қызметкерлерін даярлайтын  жоғары оқу орындарындағы  педагогикалық  білімнің мақсаты- болашақ заңгер  мамандарға тәрбиелеу, түзету, қайта  тәрбиелеу, қатарға қосу  жұмыстарын  педагогиканың заңдылықтары негізінде  ұйымдастыру жолдарын меңгерту. Педагогикалық білімнің бір саласы  әлеуметтік педагогика, дәл осындай  адамдармен жұмыс істейтін мамандар  үшін аса маңызды болуы себепті  ондағы педагогика пәнінің мазмұнын  осы бағытта кеңейту әбзал. Өйткені  олардың қызметі белгілі бір  себептердің салдарынан әр түрлі  мінез –құлық, жүріс-тұрыс ауытқуларына  душар болған адамдармен жұмыс  істеуге,  қоғамдық –ұйымдастырушылық, заңның орындалуын қадағалау, бақылау  секілді істерге қатысты.

Архитектура және құрылыс бағытында кадрлар даярлайтын оқу орындарында болашақ архитекторлар да педагогика пәнін оқуы тиіс. Себебі олар тұрғын үйлер, адамдар қызмет істейтін жұмыс мекемелері, балалар және ересектер оқып-тәрбиеленетін мекемелер, денсаулық сақтау орындарын жобалайды, салады. Адамдарға олар өмір сүретін, қызмет істейтін, оқитын, емделетін орындар қолайлы, қызмет бабына сәйкес, өмір сүру үшін ыңғайлы болуы педагогика мен психологияны архитекторлардың білуі керек екенін көрсетеді. Сол секілді азық –түлік әзірлейтін фабрикалар мен зауттар үшін кадрлар даярлауда педагогиканың талаптарын ескеру қажеттігі бар. Демек олар да педагогиканы пән ретінде оқиды. Сол себепті бұл да өзінше педагогикалық білім жүйесіне кіреді.

Әскери педагогика, бұл да жасөспірім  жастағы бозбалар мен бикештерді(бойжеткен) тәрбиелеумен тығыз байланысты болуы себепті онда қызмет істейтін  сардарлар(офицер), басқарушылар педагогика мен психология негіздерін білуімен қатар жүмыс әдістемесі, технологияларын меңгеруі талабы қойылады. Осы уақытқа дейін әскерилер арасындағы «ақсақализмнің»(Ә.Нұршайықов) орын алуы әлі де болса әскери педагогиканы жете меңгерудің болмай отырғанын, практикада оның мүмкіндіктерін пайдалана білмеуден болса керек.  Демек әскери педагогиканы жетілдіру, оның мазмұнын халық педагогикасымен байыту қажет. Онда, халық педагогикасын кеңінен насихаттау маңызды.

Мұнда педагогикалық біліммен қатар әлеуметтік– педагогикалық білім қажет. Педагогикалық емес оқу орындарының барлығы  педагогика не болмаса әлеуметтік педагогиканың негіздерін оқуын міндеттеу, қазіргі заман талабы. Бұл әлеуметтік мәслелердің қоғамның барлық қатпарларында орын алуына байланысты. Әлеуметтік педагогикалық білім оларға туындап тұратын әр түрлі мәселелерді сауатты шешеге көмектеседі.

Қазақстандағы педагогикалық білімің екінші бір жүйесі, «мамандығы» педагог, кәсібі «мұғалым»(математика мұғалімі, музыка мұғалімі т.с.с.) тұлғаларды оқытуп, тәрбиелеу бағыты. Әрине бұны - мектеп оқушыларын педагог мамандығына бағдарлау жұмысынан бастауға болады. Мектептерде оқушыларды педагог мамандығына бағдарлау жұмысын қажетті деңгейге көтеру дұрыс болмақ.

Бұл жүйе педагогикалық колледждердегі педагогикалық білім,   педагогикалық институттар мен университеттер және жалпы университет құрамындағы педагогикалық білім беруді де қамтиды. Мысалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде педагогика факультеті жоқ және олар педагог мамандар даярлауды мақсат тұтпайды. Алайда түлектердің бір пәресі мектеп, орта және жоғары оқу орындарында педагогикалық қызмет атқаратыны себепті олар педагогика пәнін айтақаларлықтай тереңдете оқиды және мектепте педагогикалық практикадан өтеді.

Педагогика университеттерінде іргелі және жүйелі түрде жоғары деңгейдегі педагогикалық білім беру көзделеді. Ол жалпы педагогика, педагогиканың тарихы, тәрбиелеу әдістемесі мен технологиялары, ұстаздық шеберлік, әлеуметтік педагогика секілді басқа да педагогика пәндерін оқыту арқылы  іске асады.

Жоғары оқу орындарында оқитын  педагогика пәндерінің жүйесін заман талаптарына сай, жаһандық үрдістерге байланысты, қоғамдағы әлеуметтік педагогикалық мәселелерге байланысты қайта қарау керек. Педагогикалық оқу орындарында оқытылатын «Жлпы педагогика» пәні білім мен  тәрбиенің жалпы негіздері ретінде аса маңызды. Десек те қазіргі заман тәлім тәрбиесіндегі көптеген мәселелерді шешуде әлеуметтік -педагогикалық білімнің практикалық мүмкіндітеріне назар аударып, осы пәннің көлемін кеңейту қажет.

Информация о работе Жоғары педагогикалық білім мәселелері