Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 09:03, реферат
Жоғары cынып оқушыларының тәрбиелеу мәселелерін де бірінші жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сипаттама беріп өтейік. Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі үрдіс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдік тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері.
Баланың жасқа лайық психологиялық даму заңдылықтарын және оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық заңдылықтарын білу мұғалім үшін өте қажет. Бала психикасының даму үрдістері әр жас кезеңіндегі маңызды ерекшеліктері, түрлі оқу жағдаяттарындағы мектеп оқушыларының өзіне тән ерекше іс-әрекеті, мінез-құлқы мен психикалық күйлерінің өзгешіліктері оқыту мен тәрбиелеу процесінде осы ерекшеліктер мен заңдылықтар ескеріледі.
Жоғары cынып оқушыларының тәрбиелеу
мәселелерін де бірінші
Жасөспірімдік шақтан аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді және олардың жүзеге асырылу мерзімі жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді.
Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кезіндегідей шапшаң өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле береді. Күрделі интеллектуальдық операцияларды меңгеру және ұғымдық аппараттың баюы жас жігіттер мен қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым орнықты әрі пәрменді етіп, оны бұл тұрғыдан ересектің іс-әрекетіне жақындатады. Ақыл-ой қабілетінің саралануы қыздардан гөрі ер балаларда ертерек басталып, неғұрлым айқын көрінеді. Қабілеттер мен мүдделердің мамандануы нәтижесінде басқа да көптеген барлық айырмашылықтар неғұрлым елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады. Осыны, сондай-ақ жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауға даярлану қажеттігін ескеріп, жоғары сыныптарда оқытудың даярлығын күшейту қажет, оқушылардың дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін мектеп шеңберінде біраз мамандануға мүмкіндік жасау керек.
Мектеп
қабырғасында өзіндік сананың
дамуы. Өзіндік сана – күрделі
психологиялық құрылым,ол
І -ден: өзінің теңдестігін ұғыну;
ІІ -ден: белсенді іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;
ІІІ -ден: өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;
ІV –ден: өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.
Жоғары сынып оқушыларының
Біріншіден, бұлар ұйымдасқан мектеп ұжымдары;
Екіншіден, бұлар да ұйымдасқан, мектептен тыс ұжымдар (спорт қоғамы, клуб,үйірме);
Үшіншіден, жеке қарым-қатынас үрдісінде қалыптасатын ресми емес стихиялы топтар.
Тәрбие жұмысына көшедегі
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени ағарту ұйымдарының қызметі толықтырады.
Егер жеткіншектерде стихиялы топтар ерекше көбіне мектеп ішіндегі ұжымдарды толықтырып, бұлардың екеуінде де көшбасшы болатын балалар бірге болса, жоғары сыныпта жағдай өзгереді. Жасөспірімнің көше тобындағы беделі оның мектептегі статусына кері қатынаста және керісінше болады. Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге болмайды.
Жасөспірімдік шақ ымырасыз
Жоғары сынып
оқушыларында дүниетанымдық ізденістер
өмірлік жоспарларда орнығып, нақтыланады.
Жеткіншектердің өмірлік
Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдауға байланысты пікірлерін, ойларын, құндылықтарын, даярлық дәрежесін білу үшін анкета әдісін қолдануға болады.
Онда мынадай сұрақтар болуы мүмкін:
1. Сізге қандай мамандық ұнайды?
2. Мамандықты таңдадыңыз ба? Неге осы мамандықты таңдадыңыз?
3. Мамандық таңдауға байланысты ата-анамен әңгімелесесіз бе?
4. Мамандық таңдауға байланысты мектепте қандай іс-шаралар өткізілді?
5. Мамандықты дұрыс таңдаудың адам өмірінде қандай ролі бар?
Осындай анкета жауаптары оқушыларда қандай құндылықтарының бар екенін анықтауға мүмкіншілік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
3. Сахаров В.Ф., Сазонов А.Д. Профессиональная ориентация школьников. М., 1989.
Информация о работе Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің ерекшеліктері