Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 09:03, реферат
Жоғары cынып оқушыларының тәрбиелеу мәселелерін де бірінші жасөспірімдерге әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан сипаттама беріп өтейік. Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі үрдіс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әркелкі болып өтеді. Жасөспірімдік тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.