Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2012 в 18:06, реферат
Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қолданылып жүрген тәрбие әдістерінің бірыңғай жүйесі қалыптасқан. Әдістерді тиімді пайдалану және тұлғаға жасалған ықпалдың нәтижелі болуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп топтастырады. Әрбір әдістің өзіне тән белгілері, ерекшелігі, міндеті, бір-бірімен байланысы да топтастыруды, жіктеуді қажет етеді.
I.Кіріспе.----------------------------------------------------------------------------
II.Негізгі бөлім --------------------------------------------------------------------5
1. Тәрбие әдістері, анықтамасы, жіктелуі.-----------------------------------------5-6
2. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері.----------------6-8
3. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: үйрету, жаттықтыру, ойын, тапсырма, педагогикалық талап.---8-10
4. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау, оған қойылатын талаптар.---------------------------------------------------------------10
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.-------------------------------------11
III. Қорытынды----------------------------------------------------------------------12
IV. Пайдаланған әдебиеттер.---------------------------------------------------13
3. Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру; оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен
бейімділігін ескере отырып, оның
көңілінен шығатын, шамасы
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты. Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б. міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы,
жұмыс барысында кеңес беру, балалардың
ынтасын арттыру. Жұмыстың
4. Тәрбие әдістерінің үшінші тобы: тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттерін ретке келтіру, дер кезінде түзету және ынталандыру қызметін атқаратын әдістер. Олар мектеп оқушыларының қылықтары мен іс-әрекеттерін қуаттау немесе айыптау, олардың жағымды қылықтарын мақтау, ал теріс қылықтарын тежеу мақсатында қолданылады.Бұл әдістерді қолдануда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ескеретін жағдайдың бірі - бала тәрбиенің тек қана объектісі емес, тәрбиенің субъектісі болып табылатындығы.Баланың табиғатында "Мен өзім" деген белсенділігі бар, ол тәрбиеленушілердің әрекетіне және өздерінің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне тәрбиешілердің берген бағасына енжар қарамайды. Сондықтан, тәрбие мен баланың өзін-өзі тәрбиелеуі үнемі қатар жүреді.
Мадақтау - оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы.Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез-құлқы мен көңіл-күйіне бақылау жасауға, өзін-өзі тәрбиелеуге көмектеседі. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.Мадақтау түрлері: алғыс айту, мақтау, сыйлық беру, марапаттау. Жазалау - жағымсыз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің теріс екендігін балаға үғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
• жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
• жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
• жазаның әділдігі, әділетсіз жаза балаларды тәрбиеленушілерден алыстатып, ұжымнан бөлектенуіне әкеліп соғады;
• жаза қолдануда педагогтік
әдепті сақтау. Тәжірибелі педагогтар
оқушылар ұжымының көмегіне, қолдауына
сүйеніп, тәртіпсіз оқушыны жазалайды.
5. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері.
Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері тобындағы әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.Балаға өмірде әр түрлі жағдаяттарды шешуге тура келеді. Зерттеулер бұл жағдайда баланың дайындығы жеткіліксіз екендігін дәлелдеді. Автобуста отырғанда жаныңа келген қарт кісіге орын бересің бе? Ескертуді естімеген боласың ба? - деген мұғалімнің сұрағына оқушы өзінің көзқарасына, мінез-құлқына сүйеніп жауап беруі жаңа талаптарға сай іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын өзгертеді.Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалану
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.
Тәрбие әдістеріне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
• оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу-тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
• тәрбие процесінің үздіксіз, әрі кешенді ерекшелігін ескеру.
• педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.Тәрбие әдістері бір-бірін толықтырады, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады. Әдістермен бірге мұғалім тәрбиенің тәсілдерін және құралдарын қолданады.
Қорытынды.
Тәрбие жұмысының табыстылығы, оның қорытындысына дұрыс баға берумен байланысты. Тәрбие қорытындысын анықтап оған баға беру үшін тұлғаны және ұжымды жан-жақты зерттеу, оның ішкі дүние әлеміне ену, тәрбиешіге тәрбие жұмысының әдістері мен формаларын таңдауға шығармашылықпен қарауға мүмкіндік береді. Мектепте іске асырылатын жалпы тәрбие міндеттері бірдей болғанмен, оны орындау жолдары, әдістері, формалары әр түрлі болады. Оқытушылар оқушының тәрбиелік деңгейін білмесе, тәрбие жұмысында қателіктер жібереді, оқушының шамасы келмейтін, жоғары талап қояды немесе қойылатын талап төмендетіледі. Тәрбие міндеттерін нақты шешу үшін әрбір оқушыны зерттеп, тәрбиелік деңгейін анықтау керек.
Тәрбие қорытындысын дұрыс бағалау үшін де, оқушының тәрбиелік деңгейін білуіміз керек. Тәрбие қорытындысы оқушының тәрбиелік деңгейімен, тұлғаның санасындағы, тәртібіндегі нақты өзгеріспен анықталады. Кей жағдайда тәрбие жұмысының қорытындысы өткізілген тәрбиелік шаралар қорытындысымен анықталады. Әрине, шаралар өтілуі қажет, бірақ ол оқушының дамуына, санасына, тәртібіне қалай әсер етті, қандай сапалық қасиеттер қалыптасқанына көңіл аударуымыз қажет. Мұны анықтау шараларды өткізуге қарағанда қиын. Тәрбиелік іс-әрекет қорытындысына нақты баға беру үшін, оқушының тәрбиелік деңгейінің өзгерісі туралы нақты білуіміз керек.
Әдебиеттер:
1.Тәрбие жұмысының әдістемесі «Фолиант » баспасы Астана 2007
2. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1991.
3. А.О.Пинт. Ата-аналар сіздер үшін. - Алматы, 1990.
4. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 1994.
5. Қ.Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
6. Қ.Жарыңбаев, Ж.Базарбаевт.б. Инабат. - Алматы, 1995.
7. С.Қалиев, т.б. Қазақтың салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994.
8. Наурыз. Жаңарған салт-дәстүрлер. - Алматы, 1991.