Алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 07:44, доклад

Описание работы

Бұл мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығына байланысты жас өспірімдер арасындағы суицидтік белсенділікті ерте анықтаудың салыстырмалы бағыттарын өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл аталған мәселені шешу үшін пән аралық бағытты ұстанған жөн (құқықтық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық бағыттар). 2004 жылдың 9 маусымындағы Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар және балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» заңына сәйкес девиантты мінез-құлықты кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау және олармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу білім органдарының құзырында. Бұл жұмыстарға әр мектеп психологы тікелей қатысуы керек.

Файлы: 1 файл

Алдын Алу.doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)

Алдын алу

 

Қазақстанның  қазіргі дамуы жағдайындағы өскелең  ұрпақтың әлемдік қауымдастықтағы  еліміздің бәсекеге қабілеттілігі  факторына ерекше орын беріледі. Өз-өзіне  қол жұмсау (суицид) – адамның  өзінің өмірін саналы түрде қиюы, бүкіл  әлемдегі демографиялық жағдайдың күрт төмендеуіне алып келетін әлеуметтік маңызды жәйттардың бірі.

Бұл мәселенің  өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығына  байланысты жас өспірімдер арасындағы суицидтік белсенділікті ерте анықтаудың салыстырмалы бағыттарын өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл аталған мәселені шешу үшін пән аралық бағытты ұстанған жөн (құқықтық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық бағыттар). 2004 жылдың 9 маусымындағы Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар және балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» заңына сәйкес девиантты мінез-құлықты кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау және олармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу білім органдарының құзырында.  Бұл жұмыстарға әр мектеп психологы тікелей қатысуы керек.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, бұл әдістемелік ұсыныстардың мақсаты жалпы білім беретін оқу орындарындағы оқушылардың суицидтік белсенділігін анықтау бойынша диагностикалық шараларды ерте айқындау болып келеді.  

Жас өспірімдер мен жастардың суицидті мінез-құлқының негізгі факторлары

Суицид – (латынның sui caedere — өзін өлтіру) – өзінің өмірін саналы түрде қиюға бағытталған әрекеттер және өлімге итермелеу. БДҰ (ВОЗ) анықтамасы бойынша  (1982), «суицид – фаталды салдарға алып келетін өзін-өзі өлтіру; өзін-өзі өлтіруге итермелеу (парасуицид) – фаталды салдарға қатысы жоқ әрекет».

Парасуицидтер көп жағдайда адамның саналы түрде өмірден кетуімен байланысты емес. Әдетте парасуицидтің мотиві физикалық өзгерістер немесе өз-өзіне зиян келтіру арқылы жас өспірім өзінің көздеген мақсатына қол жеткізу болып келеді, бірақ оның ұмтылыстарының қазаға әкелуі екіталай.   Парасуицидтерді демонстративті-бопсалау суициді деп атайды.

Антисуицидальды факторлар – суицидтік ойды жүзеге асыруға кедергі болатын немесе суицидтік әрекетті шектейтін факторлар. Антисуицидті кедергілер ретінде этно мәдени, діни, әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық факторлар, ата-ана мен балаларға эмоционалды түрде тәуелді болу, жүзеге аспаған шығармашылық ойлар, эстетикалық сезімдер (суицидті жүзеге асырғаннан кейінгі адамның жағдайы туралы алдын ала елестету) аурудан қорқу, мүгедек болып қалудан қорқу және т.б.

Суицидтік әрекеттердің себебі көптеген жағымсыз және жас  өспірімнің отбасымен, жеке қасиеттерімен, мектеппен, қоршаған жақын адамдарымен (достары, қазіргі кездегі әртүрлі субмәдениеттер) және макросоциуммен (БАҚ, ғаламтор, қоғам және т.б.) байланысты эмоционалды маңызды факторларға негізделеді.

Суицидтік мінез-құлық өзара дамытушы кезеңдерді қамтиды:

  • пассивті суицидтік ойлар (болуы мүмкін өлім туралы ойлар, қиялдар);
  • суицидті ойлар (әрекет ететін уақыт пен орынды ойластыру);
  • суицидті тілектер (жоспар мен еріктік компоненттің қосылуы);
  • суицидті әрекет (шынайы, демонстративті-бопсалау);
  • постсуицидті кезең (1 жылға дейін бұл әрекеттің қайталануы мүмкін).

Суицидті мінез-құлықтың бұл кезеңін анықтау аутоагрессивті әрекеттерді жасау тәуекелін бағалап, оның ары қарайғы дамуының алдын алу үшін өте қажет. 

Суицидті бейімділік факторларлары

Суицидті қауіпті болжау үшін келесі факторлар өте маңызды

(В.В. Нечипоренко, 1991):

    1. сезімталдық, әсерленгіштік;
    2. конфликтілердің гипореактивті эмоциональды болуы;
    3. өзін-өзі бағалауының төмен болуы;
    4. жағымсыз жағдайлардан қашу;
    5. қарапайымдылық, пайымдаулардың толық қалыптаспағандығы;
    6. физикалық артта қалуды бастан кешіру, күйзелу;
    7. фрустрацияға деген толеранттылықтың төмендеуі;
    8. мектептегі конфликтілер;
    9. әлеуметтік қоршағандардан қашу, оқшаулану;
    10. құндылық бағдарлардың қайта құрылуындағы қиындықтар;
    11. жалғыздыққа ұмтылу, тұйықтық;
    12. суицидалды ойларды жиі айтуы.  

Суицидтік әрекеттерді жасау мүмкіндігіне әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін: жас өспірімнің жеке психологиялық ерекшеліктері мен ұлттық дәстүр, жасы, отбасы, мәдени құндылықтары мен психоактивті заттарды қолдану деңгейі және т.б.  Барлық суицидті бейімділік факторларын әлеуметтік – демографиялық, медициналық, табиғи, жеке – психологиялық деп бөлуге болады  (И.Г. Малкина-Пых, 2006).

 Әлеуметтік – демографиялық факторлар

Жасы. Суицидті әрекеттер кез-келген жаста кездеседі, бұл тұлғаның осы жастағы бейімделу механизміне қойылатын талаптарымен байланысты.

Жынысы. Ер балаларға қарағанда қыз балалар өздеріне көп қол жұмсайды, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері ауыр, күрделі, көп жағдайда аяқсыз болуы мүмкін. Ал ұл балаларда суицидтік ой пайда болса, міндетті түрде аяғына дейін апарады.

Білімі. Парасуицидтер деңгейі бойынша әлеуметтік статусы жоғары емес және орта білімділер саны көп кездеседі.

Тұрғылықты  жері. Өзіне қол жұмсау саны бойынша ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары ішінде көп кездеседі. Халық саны мен өзіне қол жұмсау арасында тікелей тәуелді байланыс бар.

Отбасы. Отбасы мен отбасы аралық қатынастар суицидалды әрекетке алып келетін маңызды фактор болып табылады. Суицидтік әрекеттерге барушылар арасында асыранды балалар, интернатта тәрбиеленушілер немесе ата-анасының бірінсіз тәрбиеленген балалар жиі кездеседі. Көп жағдайда суицидті жағдайлар төмендегідей жағдайларда кездеседі:

  • интеграциясы жоқ (эмоциональды және рухани ауыз біршілігі жоқ),
  • дисгармониялық (отбасы мүшелерінің мақсаттары, қажеттіліктері мен мотивациясының сәйкес келмеуі),
  • корпоративті (отбасы мүшесі өзіне жүктелген жауапкершілікті басқалары қалай орындаса солай орындауға тырысады),
  • консервативті (сыртқы маңызды авторитеттің әсер етуіне қарамастан отбасы мүшелерінің коммуникативті құрылымын сақтай алмауы),
  • жабық (отбасы мүшелерінің әлеуметтік байланыстарының шектеулі болуы).

Суицидент-жас  өспірімдердің ата-ана отбасы аффективті қатынастармен және конфликтілердің  ашық болуымен сипатталады. Аналарының мінездері истероидты болып келеді.  Әкелеріне шизоидты және эпилептоидты белгілер тән. Бұның барлығы отбасындағы суық қатынасты, балалардың қараусыздығын, ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық ара қашықтықтың болуын сипаттайды. Бұндай отбасында ата-ана жеке мәселелерімен жүріп, балаларына қажетті деңгейде жылы қатынасты толық бере алмайды. Кейде ата–аналар ашық негативизмді ұстанады.  Шырқы бұзылған отбасыларында балаға қойылатын талаптар өте жоғары болатыны белгілі. Суициденттер өзін қоршаған адамдарға қажетсізбін деп сезінеді.

Жеке-психологиялық факторлар

Тұлғалық және мінездік ерекшеліктер жас өспірімдердің суицидті мінез-құлқының қалыптасуында маңызды роль атқарады. Бірақ тұлғаның суицидті мінез-құлқы мен «суициденттің психологиялық портреті» арасындағы байланыс маңызды емес болып шықты. Тұлғаның суицидті мінез-құлқы үшін маңыздысы бұл тұлғаның нақты мінезінің ерекшеліктері емес, тұлға құрылымының тұтастығы, оның әр қасиеттерінің,  сонымен қатар,  оның адамгершілік ұстанымдары мен құндылықтарының орны ерекше. Өзіне – өзі қол жұмсау әдетте дисгармониялық  тұлғаға тән, бұл жеке интеллектуалдық, эмоционалды және ерік сипаттамаларының дамуымен және олардың қажетті деңгейде дамымауымен байланысты.

Жас өспірімдердің суицидті мінез-құлқының алдын алатын  бірқатар психологиялық психиатриялық факторларды көрсетуге  болады (Ц.П. Короленко, Т.А. Донских, 1990). Оларға:

  • қажеттіліктердің жоғары шиеленісте болуы, эмоционалды жылылыққа ұмтылу, психологиялық қорғаныс механизмдерінің қалыптасу деңгейінің өте төмен болуы, фрустрацияны төмендете алмауы;
  • импульсивтілік, эксплозивтілік және эмоциональды тұрақсыздық, жоғарғы сенгіштік және өмір тәжірибесінің жоқ болуы;
  • кінәлілік сезімі және төменгі өзін – өзі бағалау деңгейі;
  • конфликт кезіндегі гипореактивті эмоционалды көріністері, құнды бағдарды қайта құрудың қиындығы.

Суициденттердің келесі тұлғалық тәсілдерін бөлуге болады (А.Н. Моховиков, 2001).

  1. Импульсивті: белгілі бір мәселелер, стресстік жағдайлар  туындағанда қайғылы салдары бар шешімдер қабылдау.
  2. Компульсивті: барлық сферада үлкен жетістіктерге жету ұмтылыс ригидті және шынайы мақсаттар мен тілектерді сәйкестендіруде суицидке алып келуі мүмкін.
  3. Тәуекелшіл: қауіпсіздік жағдайындағы теңестіру («өліммен ойын») өте қызықты және қозу процесін туғызады.
  4. Регрессивті: психологиялық бейімделу механизмдерінің себептері бойынша, эмоционалды  сферада жеткіліксіз даму,  инфантильдік және қарапайымдылықпен сипатталады.
  5. Тәуелді: пассивтілік, дәрменсіздік, әрқашан да басқалардың қолдауын күту, іздеу.
  6. Амбиваленттілік: өлімге итермелейтін екі фактордың қатар болуы.
  7. Жоққа шығарушы: магиялық ойлаудың басым болуы, ерік – жігер бақылауының төмендеуі.
  8. Ашу: маңызды адамдарға деген ашуды жеткізу қиындап, салдарынан өзіне-өзі көңілі толмайды.
  9. Кіналаушы: болып жатқан мәселелердің бәріне кінәлілерді іздеу.
  10. Қашушы: дағдарыс жағдайларынан өзіне қол жұмсау арқылы қашу, психологиялық түрде қауіп төндіруші жағдайдан қашуға тырысу.
  11. Сезімсіз: эмоционалды күйзелістердің жоғалуы.
  12. Тастанды: айналадағы бостық, көңіл-күйінің төмендігі.
  13. Шығармашыл: шешімі жоқ жағдайларда өзіне қол жұмсау олар үшін өте ыңғайлы. 

Суицидті тәуекелдің жеке факторларына адамгершілік-этикалық нормаларды жатқызуға болады. Суицидті әрекеттердің жоғары болуы  адамгершілік нормалары бойынша оның жасайтын әрекеттері дұрыс деп қабылдауына алып келуі мүмкін (суицидті мінез-құлық жастар арасында адалдық пен ерліктің дәлелі ретінде).

Медициналық факторлар

1. Психикалық денсаулық. Суициденттер келесі диагностикалық категориялармен сипатталады:

  • психикалық түрде сау;
  • психикалық бұзылулары шекаралас;
  • психикалық ауру.

Психикалық  аурулардың суицидті мінез-құлығының келесі варианттары бар.

  • Ситуациялық (психогенді), суицидтік тенденциялар психогенді және тұлғалық факторлардың өзара әрекеттестігі нәтижесінде пайда болады.
  • Психотикалық (психопатологиялық), суицидті көріністер аурудың психопатологиялық сипаттамасымен және пациенттің оларға деген реакциясымен байланысты. Ситуациялық факторлар екінші жоспарда болады және катализатор ролін атқарады.
  • Аралас,  ситуациялық және психопатологиялық механизмдер аутоагрессивті мінез-құлықтың қалыптасуына бірдей әсер етеді.

2. Соматикалық аурулар – ауыр созылмалы аурудың болуы:

 Табиғи факторлар

    Зерттеулердің көбісі өзін-өзі өлтірудің көктемде жиілеуінің ұлғаюын көрсетеді.Соған қарағанда бұл заңдылық оқшауланған жағдайдағы ауыр соматикалық ауруы бар науқастарға таралмайды. Өзін-өзі өлтірудің жиілігін апта күніне (көбіне дүйсенбі және апта соңына қарай біртіндеп төмендеу) және тәулік уақытына (көбінесе кешке, түннің басында және таң алдында) байланыстылығын анықтауға  әрекеттенді, бірақ бұған қатысты мәліметтер қарама–қайшы. Географиялық кеңдіктің, Ай фазаларының, жер магнитінің қарқындылығы өзгерістерінің, Күн дақтарының саны мен суицид актілерінің арасындағы байланыстарды зерттеген авторлар, бұл факторлардың суицидтік мінез-құлыққа әсерін таппады.

   Әрине суицид әрқашан ерекше. Өзін-өзі өлтірудің бірдей себебі немесе себептердің жиынтығы  болмайды. Бірақ суицидтік тәуекелділіктің жоғары дәрежесі туралы болжамдайтын көрсеткіштер қатары бөлініп шығарылады.

Суицидтік бейімділік индикаторлары

       Суицидтік бейімділіктің жоғары дәрежесі туралы куәлік ететін,  суицидтік бейімділік индикаторларына қалыптасқан жағдай, көңіл күй, жасөспірімнің танымдық іс-әрекеттері мен әңгімесі жатады.

Информация о работе Алдын алу