Алдын алу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2013 в 07:44, доклад

Описание работы

Бұл мәселенің өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығына байланысты жас өспірімдер арасындағы суицидтік белсенділікті ерте анықтаудың салыстырмалы бағыттарын өңдеу қажеттілігі туындап отыр. Бұл аталған мәселені шешу үшін пән аралық бағытты ұстанған жөн (құқықтық, медициналық, педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық бағыттар). 2004 жылдың 9 маусымындағы Қазақстан Республикасы «Кәмелетке толмағандар және балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» заңына сәйкес девиантты мінез-құлықты кәмелеттік жасқа толмағандарды анықтау және олармен жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу білім органдарының құзырында. Бұл жұмыстарға әр мектеп психологы тікелей қатысуы керек.

Файлы: 1 файл

Алдын Алу.doc

— 61.00 Кб (Скачать файл)

Жалпы білім беретін мекемелердің оқушылары  арасындағы суицидтік бейімділікті анықтау бойынша жұмыс бағыттары

    Жалпы білім беретін мекемелерде суицидтік мінез-құлыққа бейім топты анықтауға қатысушы тікелей мектеп психологы болып табылады.  Бұл жұмыс жалпы білім беру процесінің жалпы жоспарына енгізілген. Баланың мектепке келген кезінде және  өтпелі кезеңдерде оқушылардың дамуынының мәселелік аймағын және   қоғаммен өзара байланысын анықтау үшін тестілеуден өтеді. Бейім топты анықтау үшін қосымша жекелей және топтық жұмыстар жүргізіледі, сонымен қатар педагогтармен, ата-аналармен, кәмелетке толмаған жастағылардың  ісі бойынша инспекторлармен өзара тығыз байланыста жұмыстар жасалынады. Суицидтік мінез-құлыққа күмән туған жағдайда, оның үстіне суицидтік белсенділік деректері болған жағдайда ата-аналарға жедел түрде балалар психиатрына баруға нұсқау беру қажет.

   Өкінішке орай, оқушылар арасында суицидке бейімділілікті анықтайтын көпшілік мақұлдаған танымал әдістемелер жоқ. Мектеп психологтары әр түрлі диагностикалық және түзету шараларын жүргізеді. Бұл мәселеге біркелкі нұсқаудың жоқтығынан, нәтижелерді анықтап әрі жалпылау қиын.

   Суицидтік бейімділікті бағалау кезіндегі қолданылатын кең таралған диагностикалық құралдардың бірі сұрақтамалар мен сауалнамалар. Сұрақтамалар 2 топқа бөлінеді:

. суицидтік  ойлар мен күйзелістердің болуына қатысты тікелей сұрақтары бар әдістемелер туралы (суицидтік ойлар шкаласы, депрессияларды бағалаудың әр түрлі шкалалары, жалғыздықты субъективті сезіну деңгейін диагностикалауға сұрақтама, клиникалық әңгімелесу әдісі);

. суицид жасауға  аса бейімділікпен байланысты жеке тұлғалық факторларды анықтайтын әдістемелер.

   Бірінші топты пайдалану, көбінесе патопсихологиялық және клиникалық әдістемелер мектеп психологтарының кеңінен қолдануларына кеңес берілмейді, өйткені жас өспірімді жанама түрде суицидтік әрекетке итермелеуі мүмкін болғандықтан, арнайы қосымша білімді талап етеді.

  Екінші әдістемелер тобы суицидке итермелейтін факторларды анықтауға бағытталған: тұлғалық ерекшеліктерді, невротикалық деңгейді, қобалжуды анықтау.

  Қобалжуды тұлғаның қасиеті ретінде өлшеу өте маңызды, өйткені ол көп жағдайда адамның жүріс - тұрысына әсерін тигізеді. Қобалжудың жоғарғы деңгейдегі көрсеткіші суицидтік жүріс-тұрыстың қалыптасуына итермелейтін фактор болып табылады. Кең таралған әдістемелердің ішінен  Ч.Д Спилбергер құрастырып және Ю.Л Ханин бейімдеген «Өзін-өзі бағалау шакаласы», Филипстің қобалжу деңгейінің мектеп тестін атауға болады.

   Тұлғалық әдістемелерді қарастырғанда әдіснамалық қиындықтар туындайды. Тұлғаны зерттеуге бағытталған әдістердің, әдістемелердің, тестердің көптігіне қарамастан жалпы қабылданған жіктеу жоқ.

  1. бақылау және оған жақын әдістер (биографиясын зерттеу, клиникалық әңгімелесу және т.б);
  2. арнайы эксперименттік әдістер;
  3. тұлғалық сұрақтамалар;
  4. проективті әдістер.

    Балалардың тұлға қалыптасуы процесі ересектермен бағытталатындықтан, бала тұлғасын зерттеуді дамудың әлеуметтік жағдайы көлемінде жүргізу қажет. Осыған байланысты бала тұлғасы дамуыны зерттеудің әдістерін таңдау тура осылай ересектермен жұмыс жасағаннан анағұрлым күрделі болып табылады. Ересектің мінез-құлқы бала мен жас өспірімге қарағанда, онын ортамен өзара байланысынан гөрі көбіне оның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Сондықтан баланың тек тұлғалық ерекшеліктерін біліп қоймай, оның өмірлік күйзелістерін тұтастай бағалауын, жалпы әлемді қабылдауын зерттеу тиімді. Баланы зерттеу әдістері шартты түрде 2 топқа бөлінеді:

. әлеуметтік  жағдай аясында бала тұлғасын  кешенді бағалау әдістері (проективті  әдістер, бақылау, бала мен  ата-ана қарым-қатынасын зерттеу  әдістері);

. тұлғаның құрылымдық бөліктерін зерттеу әдістері (тұлғалық сұрақтамалар).

Төменде жиі  қоданылатын  әдістемелерінің тізімін  айтар болсақ:

  1. Бала тұлғасын әлеуметтік дамуы аясында тұтас бағалау әдістері
    1. Бақылау
    2. Әңгімелесу
    3. «Үй-Ағаш-Адам» проективті тесті
    4. «Өмірде жоқ жануар» проективті тесті
    5. Люшер тесті
    6. Роршах тесті
    7. Тақырыптық апперцептивті тесті (ТАТ)
    8. Каузометриялық әдіс
    9. Э.Эйдемиллердің отбасылық тәрбиені талдау әдістемесі (АСВ)
    10. «Отбасының  кинетикалық суреті» тесті
    11. Қарым-қатынастың түстер тесті (ЦТО)
    12. Рене Жиля әдістемесі
    13. Т.Лиридің тұлғаралық қарым-қатынасты диагностикалау әдістемесі
    14. Отбасының әлеуметтік сипатын анықтауға арналған сауалнама
    15. Бала оқитын топқа социометриялық сауал
    16. А.Столина-Варганың ата-аналық қарым-қатынас сұрақтамасы
  2. Тұлғаның құрылымдық бөліктерін  зерттеу әдістері
    1. Өзін-өзі бағалауды Дембо-Рубинштейн әдісі бойынша зерттеу
    2. Өзін-өзі бағалау жүйесін жанама өлшеу әдісі (КИИС)
    3. Өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін зерттеуге арналған  Хоппе әдістері (әр түрлі өңдеулері)
    4. Хекхаузеннің мотивациялық тесті
    5. Фрустрацияға реакцияларды зерттеуге арналған Розенцвейгтің әдісі
    6. Н.Я Иванов пен А.Е Личко (1971, 1979) жасаған патохарактерологиялық диагностикалық сұрақтамасы
    7. Имедадзе әдістемесі
    8. Спилбергер әдістемесі
    9. Мектеп қобалжуы деңгейін анықтау әдістемесі
    10. Т.Лири әдісмесі

        Әдебиеттік мәліметтерге сәйкес жас өспірімдерде стресс жағдайындағы дезадаптация әдетте қобалжумен көрініс береді. Біздің көзқарасымыз бойынша ең сәтті психологиялық әдістеме Спилбергердің тұлғалық және ситуациялық қобалжу деңгейін анықтау  болып табылады. Бұл әдістемені жасөспірім 15-20 минуттың ішінде толтырады, материалдық көп шығынды қажет етпейді. Нәтижені өңдеуде математикалық есептеу ескерілгендіктен субъективтілік болмайды.  Қысқа уақыт аралығынан кейін қайта зерттеу мүмкіндігіне ие. Жоғарыда көрсетілгендей бұл әдістеме тұлғалық ерекшеліктерді анықтауға арналған. Бұл әдістеме стресс жағдайында дезадаптациялық деңгейді анықтауға скринигтік ретінде ұсынылған. Ол мектеп психологының  скринигтік жұмысының бір кезеңі болып қолданылуы тиіс. Бейім топты анықтауда мәліметтер басқалармен сәйкестендіріледі (бақылау суалнамалары, сынып жетекшісінің мінездемесі, үлгерімі және т.б), бұл әрбір нақты жағдайдағы стрестік факторды айқындауға мүмкіндік береді.Үздік бағаға ұмтылған оқушы үшін бұл төмен өзіндік бағалау және де білімдік бақылау жүргізу кезіндегі жетімсіз нәтиже салдарынан болуы мүмкін. Асоциалды жас өспірімдер үшін отбасында және құрбыларымен қарым-қатынастың бұзылуы және т.б. Бейім топты анықтау жұмысы жекеше немесе топпен де жүргізіле береді. Жұмыстың кейінгі жоспары тұлғалық әдістемелерден алынған мәліметтерге сай құрылады, оған Филлипстің мектеп қобалжуы тесті және  Айзенктің тұлғаға бағытталған тесті жатады. Бұл әдістемелер пайдалануға қарапайым, қолдануға тиімді.

Қорытынды

    Қазақстан Республикасының жасөспірімдері арасындағы жоғарғы деңгейдегі суицид белсенділігі көрсеткіштері кәмелетке толмағандар ішінен суицидті ерте анықтап, оның алдын алу мен диагностикалау шараларының біртұтас жолын жасап шығаруды жүктейді.  Нақты диагностикалық әдістемені таңдау психологтың жас өспірімнің әр түрлі әлеуметтік және құқықтық оқу ерекшеліктерімен бірге екенін ескере отырып, жұмыс жоспарын жасауда қойған  міндеттерге байланысты. Психодиагностикалық әдістемелерді сауатты түрде қолдану психолог жұмысының тиімділігін арттыратын шарттардың бірі. Стандартталған психодиагностикалық құралдарды тиімді қолдану психологтан нақты тестік әдістерді жүргізе білу дағдысын, диагностикалық мазмұнын біліп және оларды өңдей алу қабілетін, мақсатқа қарай психодиагностикалық тексеруді жоспарлай алуды талап етеді. Мектеп психологтарының патопсихологиялық және клиникалық әдістемелерді қосымша арнайы білімсіз қолдануға болмайды.

 Психологиялық тесттерді қолдану кезінде жіберілетін негізгі қателер:

  1. Адекватты емес тест әдістемелерін таңдау. Психодиагностикалық әдістемелерді бағалаудың негізгі  критериилеріне сенімділік, валидтілік, репрезентативтілік жатады(Ю.В Попов, А.В Бруг, 2005). Дұрыс емес диагностикалық шешімдер қабылдау.
  2. Психологиялық диагностикалау нәтижесін оқушыға, ата-анаға және педагогтарға дұрыс жеткізе алмау (Н.В Зоткин, 2007).

    Ұсынылған жас өспірімдердің қобалжуын зерттеу суицидтік мінез-құлыққа бейім топты анықтау мақсатына арналған жұмыстардың алғашқы кезеңі болып табылады. Бейім топпен әрі қарай диагностикалық және психотүзету жұмыстары жүргізілуі қажет. Суицидтік міне-құлыққа бейім жас өспірімді анықтаған жағдайда ата-анасына маманға (медициналық психолог, психотерапевт, балалар психатры) баруға кеңес беру қажет.

  Мектеп психологының суицидтің жүріс-тұрысты ерте анықтау  жұмысы  әр түрлі қызмет саласының мамандарымен тығыз өзара байланыста жүргізілуі қажет (әлеуметтік, құқық қорғау, медициналық және т.б).


Информация о работе Алдын алу