Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 19:39, лекция

Описание работы

Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.
Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 83.50 Кб (Скачать файл)

Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға.

Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.

Аль-Кинди өз заманының жан-жақты  дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.

Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.

Аль-Кинди болмыс мәселелеріне тоқталған  кезде екі субстанция жөнінде  айтады. Бірінші субстанция - ол сезімдік заттар, оларды сан мен сапалық  жақтарын зерттеу арқылы білуге болады. Субстанцияның сандық жақтарын сан жөніндегі ғылым зерттейді; екінші ғылым - сапалық үйлесімдіктерді, заттардың мөлшерлік қатынастарын салыстырады.

Заттардың сапалық жағын - геометрия  және астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды біз математика саласына жатқызамыз. Оларды игермей адам субстанцияны білмейді. Соңғыны білмеген адам философияны білмейді. Философияны білмеген адамға екінші субстанцияға жетуге жол жабық. Өйткені, ол-тұрақты және өзгермейді…

Аль-Кинди адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы - философия дейді. Оның мақсаты заттардың шынайы табиғатын ашу, соның негізінде өзіміздің жүріс-тұрысымызды, іс-әрекетімізді анықтауымыз, сәйкестеуіміз керек.

Ақиқатты ашу үшін себебін табу керек. қайсы бір затты танудың  себебі-ақиқатқа жету, өйткені болмыстағы бардың ақиқаты да бар. Ақиқат қажетті танылады. Ең ізгі нәрсе - бірінші ақиқат - Алла-тағала жөніндегі ғылым. Бір денені табу үшін ең алдымен 4 сұраққа жауап беру керек дейді ойшыл.

Ол бар ма?

Ол не?

Ол қандай?

Себебі неде?

Аль-Кинди жағалай қоршаған болмысты Ай астындағы Дүние дейді. Ал айдың әржағында әлемде ешқандай қозғалыс - Дүниеге келу, кету, құру жоқ. Ол тек қана жер бетіндегі болмысқа тән нәрселер. Бізді қоршаған болмыс 4 элементтен тұрады: от, ауа, жер, су, олар өзгермейді - тек солардан тұратын заттардың элементтері ғана азайып, көбеюі мүмкін.

Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі бізге жақын, бірақ, мән-мағнадан алыста. Ол - сезімдік тану. Ол үне бойы өзгерісте, тұрақты емес, уақытша  ғана өмір сүретін заттарды танумен  байланысты. Оның сан жағы тұрақты  емес - үлкейеді, кішірейеді, теңеледі, теңсізденеді. Оның сапасы жағы да өзгерісте - ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне енеді, әлсізденеді… Осы өзгеріп жатқан Дүниедегі заттардың бітімі қабылданады да оны адам есіне, ақыл-ойына жеткізеді.

Екінші таным түрі мән-мағнаға жақын болғанымен бізден алыс - ол ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттар сезімдік қабылдауда ғана болады. Қос тұрақты мен текті алатын болсақ, оларды түйсіктер арқылы қабылдай алмаймыз, бірақ оларды ақыл-ойдың елегінен өткізе алуға болады. Қорыта келе, Аль-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындап, жағалай ортаны зерттеп ғылымды дамытуға шақырады.    

Аль-Киндидің философиялық көзқарастарын әрі-қарай дамытып, Аристотельдің еңбектерін араб тілінде  аударып, оған көлемді түсініктер жасап  және өзінің ерекше философиядағы

Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.

  “Бірінші Барлық²- белсенді ақыл, ол өзі тудырған Дүниеде төрт негізгі интеллекті (ақыл-ойды) тудырады. Олар потенциалды (potentіa-лат. сөзі, мүмкіндік), актуальды (act-лат. сөзі, шындық, іс әрекет), игерілген және іс-әрекеттік ақыл.

Потенциалды интеллект (ақыл-ой) - ол жеке пенденің жан-дүниесінің болмыстағы заттардың бітілімін тану-білу мүмкіншілігі. Ал Дүниедегі заттарды алатын болсақ, - олардың мән-мағнасы, бітімінің танылатындығында жатыр.

 Актуальды интеллектке келер болсақ, Аль-Фараби ойынша, болмыстағы заттардың табиғатында олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда өзінің материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр. Сонымен тану процесінде заттардың бітімі абстрактылау арқылы ерекше болмысқа ие болып, оймен жететін актуальды интеллектің объектіне айналады.

Игерілген интеллектке келер болсақ, ол жеке пенденің Дүниені, заттарды танып, олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бөлігіне айналдыруы жатыр.

Іс-әрекеттік интеллект- Аль-Фарабидің ең күрделі ұғымдарының бірі. Ол ешқашанда материяда болмаған. Ол потенциалдық ақыл-ойды шындыққа айналуына дәнекерлік жасайды. Оны жете түсіндіру үшін Аль-Фараби көздің  сәуле күші арқылы көру мүмкіншілігімен салыстырады. Көз қараңғыда тек қана көру мүмкіншілігіне ие. Ал күннің сәулесі көзден басқа заттарға түскен кезде, көз актуальды түрде Дүниені көре бастайды. Оны себебі күннің сәулесі тек қана көзге түскен жоқ, сонымен бірге заттарды да жарқыратып көрсетті.

қс-әрекеттік интеллект Аль-Фараби ойынша күннің сәулесі сияқты таным үрдісінде өз дәнекерлік рөлін ойнайды. Сол арқылы потенциалдық интеллект актуальдіге айналады.

Аль-Фарабидің әлеуметтік-саяси, этикалық көзқарастары.

Жоғарыда көрсетілгендей, Дүние Алғашқы Барлықтан саты  -саты болып төмендеп өмір сүретін болса, онда қоғам өмірі де соған ұқсас. Тек мұндағы “Бірінші Мән² - ол Халиф, Имам. Ол өзінің жан-дүниесі, ақыл-ойы, рухымен өзін қоршаған уәзірлерге, олар өздерінен төмен басшыларға т.с.с. ықпалын тигізіп ең соңында ол қарапайым халыққа жетеді.

Қоғамның қажеттігін Аль-Фараби адамның жалғыз өзі өзіне керектерінің бәрін жасай алмайтындығынан, екінші жағынан, басқарларсыз өзін жетілдіре алмайтындығынан шығарады. Сондықтан, адамдар бірігіп, өзара бір-біріне көмектесіп, қажетті заттармен бөлісіп өмір сүрген.

Қоғамды Аль-Фараби толық және толық емес қылып екіге бөледі.

Бүкіл жер бетіндегі, қоғамдық дәрежеде ұйымдасқан адамзат- ол белгілі халықтың өмірі, кіші - ол белгілі бір жерде орналасқан кешен - қала, ауыл-сондағы тұратын адамдар.

Ал толық емес қоғамға келер болсақ, ол белгілі бір ауылда, я болмаса қаланың бір көшесінде тұратын адамдар. Олар өз-өздеріне жеткіліксіз-сондықтан, оларды ол толық емес деп атайды.

Әсіресе, біз оқырманның назарын Аль-Фарабидің мына ойына аудармағымыз келеді. “ұлы игілік², ең биік жетістіктерге ең алдымен қала жетеді, ал ауылды алатын болсақ, оның негізгі қажеттілігі- оның тек қаланы қамтамасыз етуінде. Аль-Фарабидің өмірден кеткеніне 1000 жылдан артық уақыт өтсе де, қазақ халқына бұл ой осы уақытқа дейін өзекті мәселе болып жатыр. Бүгінгі өте қиын дағдарысты ақуалда қазақ халқы аянышты ауыр жағдайда урбанизация процесіне қатысып, қалалық халыққа айналуда. Тек қалалық халық қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне белсенді қатысып өзінің мүдделері үшін тиімді күресе алады. (urbanus-қалалық, лат. сөзі).

Аль-Фараби қалалардың өзін екіге бөледі - олар игілікке бағытталған қала мен надандар қаласы.

Игілікке бағытталған қалада адамдар бір-біріне көмектесіп, бақытқа жетуге тырысады. Ол қала кемеліне келген адамның денесіне ұқсайды. Онда барлық дене мүшелері бір-бірімен тығыз үйлесімді байланыста, олар әр-түрлі  өздерінің табиғаты мен қабілеті бойынша өмір сүреді. Сол сияқты қаладағы адамдар да әр-түрлі болса да қала басшысына бағынып бір-бірімен келісіп іс-әрекет жасап өмір сүрулері керек.

Надан қала игілікке бағыт ұстаған қалаға қарсы тұр. Ол адамгершілігі жоқ, айырбастау қаласы, адасқан қала.

Надан қаланың, адамдары ешқашанда бақытты білмеген, сондықтан олар оған ұмтылмайды да, оған сенбейді де. Олардың ойынша, өмірдің мақсаты-денсаулық, байлық, рахатқа бату, ерікті түрде құмартуға берілу, даңқ пен ұлылықты армандау. Осылардың әрбіреуінің өзі осы қаланың тұрғандарына бақыт болып көрінеді. Ал айтылғандардың бәрі қосылса, онда одан асқан бақыт болмайды деп олар ойлайды.

Аль-Фараби надан қаланың түрлеріне тоқтайды. Бүгінгі таңда біз де әлі өзіміздің даму бағытымызды, жалпы ұрандар болмаса, айқын анықтаған жоқпыз. Сондықтан ойшылдың мініздемелеріне тоқтай кетелік, мүмкін оқырман одан өзінше дәріс алып, ойға қалар.

Ибн-Халдун - ұлы тарихшы, әлеуметтік және саяси философы.

Ибн-Халдун (1332-1406жж.) - Шығыс философиясының жұлдыздарының бірі, сонымен қатар - тарихшы, мемлекет қайраткері.

Солтүстік Африкадағы біршама елбасыларын тәрбиелеп, сол елдерде мемлекет тарабында жұмыс істеген. Ибн-Халдун бірнеше реттей философ-елбасының басшылығымен ²әділетті қоғам² орнату жоспарларын жасап, бірақ, сәтсіздікке ұшыраған. Тағы бір айта кететін мәселе, Ибн-Халдун бірнеше рет Ақсақ Темірмен кездесіп, оған өзінің ақылын айтқан.     

Негізгі еңбегі - көптомды ²Араб, парсы, берберлердің тарихынан алынған өнеге  болатын мысалдар кітабы². Бұл еңбекке ол кісі әдейі ерекше кітап ретінде ²Кіріспе² (Аль-Муккадима) жазады,- онда негізінен қоғамға деген ұлы ойшылдың әлеуметтік философиялық көзқарастары көрсетілген.

Енді Ибн-Халдунның философиялық көзқарасына келер болсақ ²Дүние-ретке келтірілген, жетілген, бір-бірімен үйлесімге келген заттардан тұрады. Барлық заттардың негізінде алғашқы 4 элемент жатыр (су, от, ауа, жер). Олар әртүрлі бөлшектік өлшемде бір-бірімен қосылғаныменен, біреуі басым болуы қажет - әйтпесе зат өмір сүре алмайды.  Заттың өмір сүруінде шешуші орынды ²туа біткен жылу² алады, ал оның қайнар көзі - отта².

Ибн-Халдун табиғатта болып жатқан үрдістердің адамға тәуелсіз екенін білген. Ал, табиғатта өрлеу бар ма? - деген сұраққа ол кісі былай жауап береді. ²Дүниедегі күрделі субстанцияларға қараңызшы - ол минералдардан басталып, одан кейін өсімдіктер, жануарлар бірінің артынан бірі Дүниеге келеді. Ең күрделі минералдар ең тұрпайы өсімдіктерге – мүктерге, ұрықсыздарға айналады. Ең жоғарғы дәрежедегі өсімдіктер, мысалы, жүзім, пальма сияқтылар, тұрпайы жануарларға, мысалы, моллюскілерге айналады. Жануарлар әлемі көбейіп және көптүрлі болып, ақырында ойлау қабілеті бар адамға әкелді. Маймылдың түйсіктері мен қабылдау қасиеттері бар, ал ойлау және түсіну мүмкіндіктері жоқ². Сонымен, Еуропа топырағында ХқХғ. Дүниеге келген Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының түп-тамыры осыдан 400 жылдай бұрын тұрпайы түрде Шығыстағы араб топырағында пайда болған.

Ибн-Халдунға философ ретінде адам және қоғам мәселесін шешуі қажет  болған. Оның ойынша, адамдар ең алдымен  азық-түлік табу үшін - онсыз өмір жоқ,-  бірігеді. Екіншіден, олардың  бірігуіне себеп болған - ол жағалай  ортадағы қауіпсіздікті сақтау қажеттігі. Негізінен, адамға екі қауіп төнеді: бірінші - тағы жыртқыштардан, екінші, адамдардың өздерінен. Егер бірінші қауіптен адамдар бірігу арқылы, неше түрлі құралдарды жасап, оларды пайдалану арқылы қорғанса, екінші қауіпті жеңу үшін адамдар әлеуметтік ұйымдар жасап, қоғам өмірінде тәртіп орнатулары керек.

Сонымен, адам табиғаттан шыққанымен жүре келе, оның шеңберінен өсіп әлеуметтікке көтеріледі. Бірақ, соған қарамастан адам ²табиғаттың туғызған пендесі² ретінде толығынан жағалай ортадан тәуелсіз бола алмайды.        

Табиғаттың қоғамға  тигізетін негізгі әсері - ол ауа-райы (иклим). Ол жердің бетіндегі ауа-райына байланысты 7 аймаққа бөледі. Ең суық жерлер (7-6(, ең ыстық (1,2( және қоңыр-жай (4( аймақтар. Ал 3-ші және 5-ші аймақтар - өтпелі, қоңыр-жайға жақын аймақтар. 

Ең суық және ең ыстық  аймақтарда тұратындардың мінез-құлқында шеттен шығу бар, олар қиын жағдайларда  өмір сүреді. Олардың дене құрылысы мен түсінің өзі осыған байланысты. Африкадағы адамдардың қаралығы ыстықпен, солтүстіктегі адамдардың ағы, суықпен байланысты деген пікірге келеді.

Табиғат халықтардың  мінез-құлқының қалыптасуына, ал жейтін тамақтары - дене-құрылысына әсерін тигізеді. қазіргі ұғымдармен айтқанда, мұндай көзқарастарды “Географиялық себептікке² (детерминизм) жатқызамыз. Оны уақытында Кеңес заманында маркстік тұрғыдан сынағанбыз да. Ал мәселенің терең мән-мағнасына келер болсақ, онда “оның түйіні бар ма² , - деген сұрақ туады. Бұл сұрақтың біздің бүгінгі өміріміз үшін жалғыз теориялық ғана емес, сонымен қатар практикалық үлкен мағнасы бар. Мысалы, қазақстан қоғамының ерекшеліктері - оның ауа-райының қаталдығы (7 ай қыс) судың аздығы, жер көлемінің адамдардың санымен салыстырғанда кең-байтақтығы, құм-шөл жерлердің көптігі т.с.с. Реформа барысында бұл ерекшеліктерімізді ескеріп басқа елдердің жинаған тәжірибелеріне үстірт еліктемей, нақтылы саясат жүргізгенде ғана көп мәселелерді дұрыс шешуге болады.

Ибн-Халдун қоғамдағы  жағдайдың бәрі деген табиғатқа  байланысты емес дейді. Бір ауа-райы аймағында өмір сүріп жатқан әр-түрлі халықтар біркелкі өмір денгейінде емес. Біреулері – бай болса, екіншілері - кедей.

Ибн-Халдунның даналығы бұл деректі айтып қоюында  емес, сонымен қатар, оның себебіне жету болды. “Біл, ұрпақтардың өмір сүру айырмашылықтарын олардың өмір сүруіне қажетті нәрселерді қалайша табатынына байланысты², - дейді Ибн-Халдун.  Бұл қоғам өміріне деген таза материалистік көзқарас. К.Маркс оны 500 жылдан кейін тағы да ашып, теорияға айналдырған болатын.

Сонымен, ұлы ойшыл  қоғам өмірінің дамуын экономика саласымен тығыз ұштастырады: ол өндіру, бөлу, тұтыну мәселерімен тығыз байланысты. Адамдар бәрінің өмір сүру қажеттігі жолында бірігіп, жағалай қоршаған табиғатты өзгерте бастайды, мәдениетті тудырады, соның негізінде өздері де ғасырдан ғасырға жетіле береді.

Ибн-Халдун қоғамдағы  дамудың негізгі екі сатысын  көрсетеді. Оны ол екі ұғым арқылы береді: бірінші сатысы - ²Бидави², екіншісі - ²Хидари². Бұл сөздердің этимологиясын (алғашқы берілген мағнасын қарасақ, онда Бидави көшіп-қону, ауылдық, алғашқы,- деген мағна береді. Ал Хидари болса, ол қалалық, астаналық,- деген мағнада.

Информация о работе Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға