Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2013 в 19:39, лекция

Описание работы

Аль-Кинди (800ж.-879ж.) ақ-сүйектер жан-үясында дүниеге келеді. Багдад қаласында білім алып, өзінің пісіп-жетілген уақытын осы қалада өткізген.
Аль-Кинди өз заманының жан-жақты дамыған ғалымы болды, ол айналыспаған ғылам саласын табу қиын. Ол 200-ден артық кітап жазған, бірақ көбі осы уақытқы шейін сақталмаған. Негізгі еңбектері “Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек², “Бірінші философия жөнінде², “Бес мән-мағына жөніндегі кітап² т.с.с.
Аль-Киндинің онтологиялық көзқарастары.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 83.50 Кб (Скачать файл)

Егер бидави сатысында  адамдар мал бағу мен егін егумен айналысса. Хидари сатысында оларға қол өнерлік, сауда, ғылым мен  өнер ұсынылады.

Алғашқы бидави сатысынан  Хидари (цивилизациялық) сатысына өтудің негізгі себебі - өндіріс дамып қажеттіктен артық заттардың пайда болуы. Қажеттіліктен артық өңдіру - қымбат бағалы заттарды тудырып, соған ие болуға тырмысуды әкеледі. Сымбат киім, тәтті тағамдар, әсем сарайлар пайда болады. Ал соңғылардың өзі қол өнерді әрі қарай дамытуға, оның жаңа түрлерінің пайда болуына әкеледі. (Теріні өте нәзік өңдеу және  бояу, моншақтардың әртүрін жасау, алтынды, қымбат бағалы тастардың өңдеудің жаңа түрлерін ашу т.с.с.)

 Сонымен қатар,  молшылық ой еңбегінің кәсіби түрін тудырып, ғылым тез дами бастайды, кітаптар шығарылады т.с.с.

Ибн-Халдун жоғарыда көрсетілген  ойларымен шектеліп қоймай, мәселенің  екінші жағын көрсетеді. Ол-алғашқы  салыстырмалы теңдіктен толық теңсіздікке  көшу мәселесі. Бұл процесті ол екі  ұғыммен (қосымша) береді. Олар “асабийя² және “мульк². Бұл ұғымдар арқылы ойшыл қоғамның әлеуметтік-саяси деңгейіне көтеріледі.

“Асабийя² ұғымының этимологиясын ғалымдар “рух², “бірігу², “ұлттық сезім² ретінде сипаттайды. Бұл ұғым екі сөзден құрылған. Біріншісі “асаба² (топ) және “асаб² (байлау). Ибн-Халдун бұл ұғымды “ру бірлігі², “тайпа бірлігі², ретінде қолданды. Еінші мағнасы - сол белгілі әлеуметтік топтағы адамдарды бір-бірімен қосатын байланыстар.

Ибн-Халдун алғашқы әлеуметтік байланыстар рулық-қандық екенін мойындағанмен, оның сыртындағы материалдық қажеттіктер, қауіп-қатерден сақтанудың маңызын көрсетеді. Сондықтан, әлеуметтік топтардың құрамы рулық, туысқандық шеңберден шығып әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір руға, басқа жерден келген адам қабылдануы мүмкін, кейбір топтар сол тайпаның қарамағына бассұғалап, жан сақтап кіруі мүмкін т.с.с.

Алғашқы сатыдағы адамдардың қарым-қатынастары  теңдікке негізделген, өйткені, онда материалдық игіліктерді бөлу мәселесі күн тәртібінде жоқ, артық қундылықтар әлі өндірілмейді. Тайпаның көсемдері басқару ісімен айналысады. Ибн-Халдунның ойынша, басқарудың өзегінде болашақ теңсіздіктің ұрығы жатыр. Өйткені, бір-бірімен тең адамдарды тайпа көсемі өз еркіне көндіріп, тыңдамағандарға зорлық-зомбылық жасауы қажет. Сонымен, басқарудың өзегіндегі ұрық бірте-бірте өсіп күш ала бастайды. Ең алғашқы көсемнің ізімен бірге ерікті жүру бірте-бірте соның еркіне көнуге айналады. Ол пайда болған биліктен алдағы уақытта көсем ешқашанда бас тартпайды, керісінше, оның мәртебесін өсіруге тырысады, - дейді Ибн-Халдун.

Жоғарғы айтылған үрдістер жаңа мүлікке  негізделген қатынастардың пайда  болуына әкеледі. Біз бұл жерде  бізге жақсы таныс арабтың  “мүлік² деген сөзінің этимологиясын ашуымыз керек. Бұл сөз біздің сөздікке араб тілінен еңген. Бізге таныс мүлік, байлық, меншік деген мағнасынан тыс араб тілінде бұл сөздің екінші мағнасы бар. Ол - билік. Түрік тілінде де бұл сөздердің мағынасы бір-біріне жақын “Бай², “Би²; орыс тілінде де “власть², “владеть“ деген сөздердің түп-тамыры бір. Сонымен, Ибн-Халдун “мүлік² деген сөздің екі мағынасын “байлық-билік² ретінде бірге қолданады. “Мүліктің иесі адамдарды өз еркіне көндіріп, қазынаға ақша жинайды, басқа елдерге елшілік жіберіп, шекараны қорғайды². Мүлік қатынастары, қорыта келе, байлықтың қайнар-көзі ашылып артық нәрселер пайда болған кезде келеді. Ол артық байлықты бөлу кезінде тайпаның көсемі қолындағы билікті өзінің мүддесіне жаратып, толығынан пайдаланады, жанындағы туыстарын алыстата бастайды, өйткені, олардың жүрегінде көре алмаушылық пайда болса, көсемде - қызғанушылық сезімі пайда болады.

Тайпалық шеңберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай бағытталып басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса, қорқытып көндіру арқылы жүре бастайды. Ал мұның өзі мемлекеттің пайда  болуына жағдай жасайды. Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі ілімі.

Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп  соңында күйреуі - Ибн-Халдунды өте  қызықтырып, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет, әрине, мүлік пайда болған кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында өте биік дәрежеде ұйымдасқан, ауыз-бірлігі биік ру, я болмаса тайпа құрайды.

Бірақ, уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару  жүйесін құрайтын өзінің туыстарынан  бірте-бірте алшақтай бастайды.

Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі көтеріңкі жағдайлар (привилегиялар) жасалып, оларға басқару істері тапсырылады. Осы сәттен бастап мемлекеттің күйреуі басталады,- деген ойға Ибн-Халдун келеді. Оның себебі – сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі мол алғашқы ру, я тайпа қуылғаннан кейін оның орнына келген адамдар тек жалақы үшін ғана қызмет етеді. Егер мемлекет үстіне қауіп төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін адамдар олардың ішінде тым аз.

Ибн-Халдун мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның жасаған бұл мәселе жөніндегі кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің қал-жағдайымыздан көшіріліп алынғандай.

Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауарлардың  бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін ақшаға, нарықтағы сұранысқа т.с.с. байланысты,- дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде салынатын салықтар да өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді.

Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі мемлекеттің басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру үшін, әскер ұстап шекараны күзетіп және ел ішінде өзінің саяси қарсыластарымен күресу үшін керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың көлемін өсіруі мүмкін, екінші жағынан, экономикаға тікелей араласып ішкі және сыртқы сауданы бақылауға алып, одан пайда табуы мүмкін.

Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге  мемлекеттің өзі де әлсірейді,- дейді  Ибн-Халдун (біздің үкіметке Ибн-Халдуннан  осыдан 500 жыл бұрын өмір сүрген дәріс  алса да болғаны). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі өздерінің алтынын алып басқа жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де тамақ, киім іздеп Дүниенің төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де мемлекеттің өзін жояды, өйткені, мемлекет - қоғамның бітімі (формасы), ал оның материясы - ол сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.

Сонымен, мемлекет күйреді. Бірақ, ол мемлекет атаулының бәрінің де жойылуы  емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да тарихтағы өзінің қажетті  сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке береді.

Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің  өз өмір сүру ғасыры бар. Оның ұзақтығы орташа алғанда үш ұрпақтың өміріне тең. (Кеңес мемлекетінің пайда болып күйреуін алайық, ол үш ұрпақтың шеңберінде болды. С.М.) Бірінші буын сол мемлекеттің негізін қалап, өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік мәселелердің қамын ойлайды. Екінші буын жаңа пайда болып жетілген мемлекеттің жинаған байлығын пайдаланып рахатқа батуға тырысады. үшінші буын сол мемлекетті әлсіретіп, оның титығына дейін жеткізеді.

Сонымен, мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі себебі-бір. Ол өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артықшылықтың пайда болуы. “Мемлекет өздерінің адамдарынан ақша жинап, басқарып отырған адамдарға жұмсайды. Ол байлық қарапайым адамдардан келген мемлекет лауызымдарына, одан қалса, солармен байланысты астанадағы адамдарға жұмсалады.

Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының алғы шарты ел басқарған адамдардың аса қымбат заттарға ие болуға ұмтылуы, өмірден барынша ләззат алуға тырысуы, өйткені, ол қымбатшылықты туғызып, салықты өсіріп экономиканы күйретеді. Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль саласында азғындаушылық ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін алдайды, бір-біріне жау сияқты қарайды, қулық-сұмдық кең етек алады. Соның бәрі- тек байлыққа жетуі үшін жасалады,- дейді Ибн-Халдун.

“Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, Кипарис отырғызса, онда ол болашақ күйреудің нышаны. Өйткені, Кипаристің жемісі де, жақсы исі де жоқ, оның тек әсем түрі ғана бар,- деп ой салады Ибн-Халдун.

Сонымен, Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі таңдағы болып жатқан күрделі үрдістерді жете түсінуге жол ашылады.

Ибн-Халдун - сонау көне замандағы ой-пікірден бастап біздің заманға дейінгі-біршама қоғамды  терең зерттеп, өзінің артынан мол  өшпес із қалдырған. Оған қазіргі “әлеуметтік философия мен саясаттанудың атасы² деген заңды биік баға берілген тұлға.


Информация о работе Аль-Кинди - араб философиясын бастаушы ұлы тұлға