Даму психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2013 в 15:52, реферат

Описание работы

Дамудың сензитивтік кезеңі (латын тілінен sensus - сезім - сезімталдық деген мағынаны білдіреді) – тұғаның дамудың жас кезеңдік интервалы болып табылады, бұл кезеңде ішкі құбылыстың бәрі қоршаған әлемнің ықпалына өте сезімтал болып келеді. Сентизивтік кезең психологиялық функциялардың дамуына да өте үлкен рөл атқарады. Негізінен, бес жасқа жеткен балалар фонематикалық конструкцияларды қабылдауға өте сезімтал болып келеді, ал басқа жас кезеңде мұндай қабылеттік төмен деңгейде болады. Сензитивті кезеңді дұрыс ұйымдастыру ең алдымен оқу кештерін ұйымдастыру қажет.

Файлы: 1 файл

Бала өмірінің дамуындағы сензитивтік кезеңдерінің ерекшеліктері мен жіктелуі.doc

— 203.50 Кб (Скачать файл)

 

Баланың іс — әрекетінің психикалық дамуының биологиялық және әлеуметтік факторлары туралы

Баланың психикалық дамуы  жас ішінде бала қимылқозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен  жетістіктерге  жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, еңбектеуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды. Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. Алғашқыда бұл қимылдар жөнді үйлеспейді: нәресте жиі қателіктер жіберіп, ұстай алмай қалады. Бірақ біртіндеп қимылдар ұсталынатын заттардың орнына, көлеміне және түріне орай нақтылана бастайды. Бұл  тектес қимыл  белсенділігінің орасан зор маңызы болады. Солардыд арқасында бала бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын игереді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бул қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді. Егер бала бастапқыда қолын заттардың касиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап, сыртқы бағдарлау кимылдарын  жасайтын болса, кейін осы бағдарлау қимылдары  интериоризацияланады — көріп қабылдауға ауысады. Жармасу әрекетінің калыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т. б. тәрізді қарапайым қимылдар жасау да дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып, бала нәрестенің, заттардың толып жатқан қасиеттерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде түрақты, оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және түрақтылыққа ие болады. Баланың психикалық белсенділігінің сипаты өзгереді. Әдейі іс-әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. Балада кездейсоқ кимылдарды қайта жаңғырту мүмкіндігі қалыптасады. Бұл қимылдарды жасаудан бұрын сәби оларды алдын ала болжап қоймаса да, осы қимылға байланысты қоршаған ортаның өзгерісін көру үшін қимылды әдейі қайталауға нәресте кабілетті болады. Балалық шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталай отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Әдейі жасалғаы әрекеттер мен еліктеу ақылдың күшті дамып келе жатқандығын дәлелдейді. Шындығында да, балалар заттармен әдейі (тарсылдатып, сілкілеп, бүрап) әрекеттер жасай бастаған соң, үлкендердің қарапайым әрекеттеріне еліктеуден қайсыбір жетістікке жеткен соң, балалардың әрекеттерінен ойлаудың қарапайым көріністерін байқауға болады. Затпен- қимылдар жасау үстінде бала үшін проблемалық ситуация туады, оны да ол қимылдар жасау жолымен шешуге тырысады. Басқаша сезбен айтқанда, заттық қимылдар үстінде қарапайым проблемалы ситуациялар пайда болып және шешіліп отырады. Сонымен бала өзінің және басқалардың қимылдарына еліктейді отырып ойлауды әрекет үстінде үйренеді. Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұнда өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-кұлықтың қарапаным формаларьш да игсреді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады. Бір жастан үш жаска дейінғі балаңың психикасының дамуы бірнеше факторларға байладысты.; Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік түру қалпына ауысу — ол үшін киын іс.Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомоция программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе- теңдікті жоғалтып алады. Құлап калу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған аяк, қол, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінеи пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. Өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадатқау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілеген «ақсатына жету мүмкіндігі және, сонымен қоса, үлкендердің қатысуы меи мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашкы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты кимылдар жасау қабылеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзіңің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қнындықтар және оларды жену сәбиде жағымды эмоцнялық көціл күй туғызады. Қозғалып жүруге қабылеттілігінің (дене қимылының табысы бола отырып) псыхологиялық салдарлары. Қозғалып жүруге қабылеттілік арқасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркін де дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеру кеңістікте бағдарлану кабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттың кеңістікте орналасуын есептеу өлшемі болады. Бүл көру, қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері аркылы жүзеге асады. Өзі қарап түрған затқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала езінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттармен іе-әрекет жасауға кабілетті болады. Жаңа заттар тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уакытқа дейінгі жасырын болып келғен қасиеттері мен олардың арасындағы байла-ныстарын ашады. Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен алмасады.Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің коғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар. Адам жануарлармен салыстырғаңда түрақты нәрселер дүниесінде өмір сүреді. Маймылдың да саптаяқтан су іше алатыны әркімге белгілі. Бір-ақ жануарлар үшін заттардың ситуациялық маңызы бар: егер су саптаяққа қүйылған болса, маймыл оны саптаяқтан, егер су шелекте болса, шелектен, ал егер еденде төгіліп жатса, еденнен ішеді. Бала үлкендерден заттардың адам іс-әрекеті арқылы бе-кітілген түрақты маңызын бағдарлауға үйренеді. Баланы қор-шаған заттық дүние — мебель, киім-кешек, ыдыс-аяқ — заттар, олардың адамдар емірінде белгілі бір маңызы бар. Бала ерте сәбилік шақта да бұйымдардың маңызын түсінеді. Заттың бекітілген мазмұны балаға өзінен-өзі берілмейді. Ол шкафтың есігін сансыз рет ашып-жабуы, сол сияқты ұзақ уақыт қасықпен еденді тарсылдатуы мүмкін, бірак мұндай белсенділік оны заттардың атқаратын міндетімен таныстыра алмайды. Заттардың функциялық қасиеттері сәбиге үлкендердің тәрбиелік және оқыту ыкпалдары арқылы ашылады.Бала түрлі заттармен жасалынатын іс-әрекеттер түрлі дәрежеде ерікті бола-тынын біледі. Кейбір заттар өздерінің қасиеттері жағынан іс-әрекеттің белгілі бір тәсілдерін қатаң сақтауды қажет етеді (бұған қорапшаның қақпақпен жабылуы, пирамиданың шығыршықтарын өткізу, матрешкаларды жинастыру тәрізді арақатынастағы әрекеттер жатады). Баска заттарда әркет тәсілдері олардың қоғамдық міндеттен қатаң бекітілген. Олар — зат-құралдар (қасық, қарындаш, балға). Нақ осы арақатынастық және құралдық әрекеттерді игерудің баланың психикалық дамуына неғурлым елеулі әсер ететінін атап өту маңызды. Ерте сәбилік шақтағы игерген зат-құралдардың сан жағынан шағын болуынан келіп кетер ештеме жоқ. Мәселе санда емес, осы заттар балада әрбір жаңа зат-қүралдан оның езіне тән міндетін іздестіруге деген мақсатын қалыптастыратындығында. Ерте- сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа карай) іс- әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастаііды. Олар осы жас дегенде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті, іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріп, олардың ерте сәбилікшақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет. Заттық іс-әрекеттен алынып, жииақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сезді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты  жүзеге асады. Сөздік карым-қатынас баладан қатынасу кабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы келде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сездер мен олардың ар жағында түрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сәздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекетттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тыскары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып сана-лады. Ол сөйлеуді бааның тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды, Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиетерін кабылдап, олардьің арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып және оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойының қарапайым формаларын, сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бүдаи арғы ақыл-ой дамуының алғы шарттарын жасайды. Ерте сәбилік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әре-кеттетерінің жаңа түрлері құрастырады. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестерінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да, құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі — биологиялық бекіген тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық-тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым-қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді. Оларда қоғамдық практика тәжірибесі қалыптасқан. Баланың дамуы дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып саналады.,Бүл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқытуда жүзеге асырылады. Адамның жоғары формалардағы психикалық іс-әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден-ақ еңбек әрекеті, оқыту процесінде т. б. белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау кұралы ретінде ерекше заттарды шартты бейңелеулерде, белгілерді іпайдаланып келген. Белгілер мен сөз адамдардың іс-әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек, бүл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы, алдымен, психиканың тарихи даму процесін сипаттайды. Бұл кұралдарды игеру жеке дара даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірнбені игереді. Баланың ойлауы, есі, кабылдауы тілді, іс-әрекеттін, белгілі бір тәсілдерін, білімді т. б. игерумен айтарлықтай сабақтас. Адамзат тарихында іс-әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана дамып коймай, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпаққа жеткізудің ерекше жолы да қалыптасып, дамып, күрделене түсті. Бұл ерекше жол — оқыту, ол қоғамдық тәжірибені берудің бағытталған және ұйымдастырылған әдісі болып табылады. Оқыту, сонымен, баланың психикалық даму проце-сінде айқындаушы роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі бала дамуынында әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырадьь Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мем іскерліктердің болмауыңың ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.

Жаңа туған  нәрестелік кезең бір-екі айға дейінгі  уақытты қамтиды. Бұл кезенде  тәрбие негізінен баланың күш-қуатын дамыту, денсаулығына қамқорлық жасауымен  шектеледі. Баланың денсаулығын  сақтау мен шынықтыратын шаралар, ұйқы мен көңіл-күйін сақтау ырғағы, гигиеналық лайықты киім кигізу т. б. болады.  
Дегенмен жаңа туған нәрестенін тәжірибесі оның тек денсаулығын сақтаумен шектелмейді. Бұл жас кезеніңде бала өзін қоршаған ортамен иіс сезу, көру, есту, терілік, қимылдық түйсіктер арқылы тікелей қатынаста болады. Әсіресе, дене құрылымы қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін ему, бағдарлық қармап ұстау сияқты рефлекстер дамиды. Осы жас кезеңінде тәрбиенің негізгі мақсаты сезім мүшелерінің қарқынында қызмет істеуіне лайықты жағдай туғызуы болып табылады. Бұл жүйке жүйесінің мидың дамуын қамтамасыз етіп, танымның барысын қалыптастырады. Егер тілдің, көрудің, әуеннің, қозғалудың, естудің сан түрлі қоздырғыштары мен кең қатынас қамтамасыз етілсе, бала тез дамиды. Бұл жердегі негізгі шарт қоздырғыштар көтеріңкі көңіл-күйін туғызатын болуы керек. Екі-үш айлық балада ересектерді көргенде ерекше көтеріңкі сезім мен қозғалғыштық туындайды. Аяқ, қолымен қарқынды қозғалып, жүзінде мейірім күлкісі ойнап, дыбыстайды. Осы уақыттан бастап бала балғын бөбектік шаққа енеді.  
Балғын бөбектік кезең бір-екі айдан бастап бір жасқа дейіңгі уақытты қамтиды. Осы кезеңде бала басып ұстауды, отыруды, еңбектеуді, бойын тік ұстауды, жер бетінде алғаш қадам жасауды үйренеді. Психикалық барыстар мен тұлға қасиеттері қарқынды қалыптасады. Заттарға ұмтылып, ойыншықтарды ұстауға тырысады. Қозғалыстары үйлесімді сипатқа ие болып, заттармен қарапайым әрекеттер жасау мүмкіндігіне жетеді. Бала заттарды лақтырып, сілкілеп, соғып, олардың қасиеттері, белгілерімен танысады. Заттар мен ойыншықтар әлемі оған тәуелсіз сипатта болғандықтан, ол бұл әлемді тануға ұмтылады. Қабылдау заттық және тұрақтылыққа айналады. Бұл кездегі аса маңызды жана құрылым бала тілінің шығуы болып табылады. Баланың алғашқы сөздері оны қоршаған әлеммен белгіленген үлгі арқылы байланыстырып, қарама-қайшылықты және қиынырақ болғанымен болашақ үміт дүниесінің деңгейіне енгізеді.  
Бүкіл осы кезең барысында баланың тілі шығады. Бұл жерде бала бойында алдымен белгілі бір өмірге қажетті қызмет пайда болып, сонан кейін барып ол дамытылады, яғни бала оқытылады және тәрбиеленеді деп есептеуге болмайды. Бұл жағдай тек бала тілінің шығуына ғана емес, ол тұлғаның басқа да барлық психикалық барыстары мен қасиеттеріне қатынасы бар. Бала ересектермен әлеуметтік байланысқа, қатынастарға ену, өзін қоршаған ортаның алдын ала қарастырылған және қарастырылмаған ықпалдарына ұшырау негізінде дамиды және қалыптасады.  
Бала психикасының бірден-бір сапасы мен қасиеті тұқым қуалау нәтижесінде немесе туа бітті қалыптаспайды.Баланың заттарымен, ойыншықтары мен әрекеті, ересектермен қарым-қатынасы және бірлескен іс-әрекеті оған тәрбиелеу, білім беру, оқыту ықпалын жасайды.  
Бала тыңдау, көру, байқау, есте ұстау, әрекет жасау біліктерін игереді. Оған ересектерге еліктіру, ұксата орындау әрекеттері тән. Нақты заттық ойлау пайда болады. Заттармен әрекеттер жасау, ересектермен қарым-қатынас заттардың белгілерін бейнелеуге алып келеді. Балғын бөбектік кезенде тұлғаның жан-жақты дамуының алғы шарттары қалыптасады. Тәрбиенің мағынасы осылай дамудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етіп, осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасау болып табылады.  
Бір жастан үш жасқа дейінгі уақыт ерте балалық жас кезеңін қамтиды. Бұл кезеңде бала тұлғасының дамуы мен қалыптастыруында сапалық секіріс болады. Тіл таным мен қарым-қатынас шеңберін кеңейте отырып, бала тұлғасының рухани құрылуының жетекші құралына айналады. Баланың тілін дамыту - тәрбиенің маңызды міндеті. Бұл кезеңде баланың игерген сөзінің саны әр түрлі болады. Олай болу тәрбиенің күйіне байланысты. Бала тілі қалай болса солай дамымайды, ол сөз бен қатынастың, сыртқы әсерлердің нәтижесі болады. Қарым-қатынас сипаты бала сөзінің санына, әртүрлілігіне, сөйлеу мәдениетіне, сөйлеуді тыңдауды, түсінуді қажет тұтуына елеулі ықпал жасайды.  
Бұл жас кезеңінде баланың тәртібі қалыптасып, мінез қырларының негізі қаланады. Екі-үш жасар бала, әрине, өз мінезінің қандай екені жөнінде ойланбайды. Дегенмен, ата-аналармен, ересектермен, өз қатарларымен қарым-қатынае жүйесіне, нені істеу, нені орындамау қажет екенін түсінуге жетелейді. Өзінің қарым-қатынасы, тәртібі, іс-әрекеті арқылы бала моральдық талаптары мен ережелерді меңгереді.  
Баланың меңгеретін моральдық талаптары мен ережелерінің мазмұнын оның тәртібі мен іс-әрекетін ұйымдастыруға тәуелді болады.  
Өз ырқымен әрекет жасау ынтасында көрініс беретін өзіндік алғашқы тәртібі, ісі бала еркін, жұмыс қабілетін, енбек сүйгіштігін қалыптастырудың негізі болып табылады. Баланың «мен, өзім» дегенін тыңдамай, ата-аналар «көзсіз» сүйіспендікке беріліп, киіну, шешуін, тамақтану, алып беру, алып келу ырқына жібермесе, жоғарыда айтылған сапалық қасиеттердің тууын жаншып, бала бойында кесірліктің, қиқарлықтың, жалқаулықтын, еріксіздіктің және өзіне сенімсіздіктін пайда болуына жол ашады. Мұны болашақта түзету қиынға соғады.  
«Тәрбиелеуден қайта тәрбиелеу қиын деген» халық даналығы орынды екенін ұмытпағанымыз жөн. Бала тұлғасының көптеген сапалары осы ерте балалық жас кезеңінде, үш жасарында туындайды. Осы сапалардың қандай болуы тәрбиеге, балаға қойылатын талаптарға, оның бойында қалыптастыратын өз бетіндігі мен істегі ырықтылығына, ынтасы, ұмтылысы, қажеттіктеріне және оларды қанағаттандыру тәсілдеріне тәуелді болады. Ерте балалық жас кезеңде, балаға өзінің зейінін аударатын, оның іс-әрекетінің заты не болатыны, қарым-қатынасы, ойындары бәрі қызық. Осы кезде ата-аналардың, тәрбиешілердің негізгі қамқорлығы баланың өз бетіндігі мен ырықтылығын туғызып, жан-жақты іс-әрекетін, қарым-қатынас пен танымның көп түрлілігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жас кезеңінде дамудағы жеке ерекшеліктер елеулі болғанымен әр бала тұлғаға айналып, өзін қоршаған әлемнен бөліп қарайды, оның бойында ересек адамдарға тән сапалардың негізі қаланады. Сондықтан кейбір психологтар туған күнінен бастап ересектікке дейін адамның даму жолының орта шені үш жасар бала деп есептейді.

2. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар.

Жеке  адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері  бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары. Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты. Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді. Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады. Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн. Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады. Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды. Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған. Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген. Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы анықталады. Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды. 2. Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды. Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады. Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның әсерін де ескерген жөн деді. Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген жорамал ойға келді. Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді. 3. Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін білу қажет. Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді. Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады. Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация (латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік, иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда. Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да, өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет. Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық, психологиялық процесс болып табылады. 4. Белсенділік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі. Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті белсенділік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланың еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бірінші қиыншылықты сезісімен-ак; қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана ба-ланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдына қойған мақсатын орындаудық қажет екенін сезінеді. Адамның еңбекте және адамдармен қарым-қатынаста көрсетсен белсенділігіне қарап оның қоғам және ұжымға жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. 5. Бала туралы синтездік, комплекстік ғылым болып табылатын педогогия ғылымының басты "айыбы"- балалар мәселелері мен әр типті мектептердегі шәкірттердің жан жүйесін өрттеуде сауалнама мен тест әдістерін шамадан тыс пайдалануы, сондай-ақ осы ғылымның "Бала ой-өрісінің дамуы түрліше болып, әлеуметтік ортасына қарай олардың ойы, зердесінің деңгейі біреуде жоғары, біреуде төмен болады," - деген тұжы-рымдарды жалған деп есептелуі. Педогогия бала туралы ғылымдарды: психология, педагогиясы, физология, психотехника, т.б. комплексті түрде біріктіретін, баланың жан-жүйесі жайлы жан-жақты мағлұмат беретін синтездік ғылым болып табылады. Х.Досмүхамедұлының педогогия саласында жүргізген іс-әрекетіне де ғылыми әділеттілік тұрғысынан қарасаң, оның пікірінше, қазақ баласының шыр етіп жерге түскеннен бастап кәмелетке толғанға дейінгі тыныс-тіршілігі ән-жырдық құшағында өтеді, әдетте оның бірінші еститін үні - анасы айтқан бесік жырының әуені. Қазақ баласын тәрбиелеуде дыбыстың ырғақтардың басты орынға шығуына қазақтардың өмірін кез келген жағдайында өлең шығарып, ән ай-туы себеп болған. Сондай қысылтаяқ кезеңде қазақ педогогиясының бірнеше жыл басы-қасында жүрген Х.Досмүхамедұлы осы саладағы еңбектерін қорытындылап үлгермеді. Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді. Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға жүгініп отырған. 6. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын жиі байқауға болады. Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды. Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып отыруға үндеген болатын. Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткіншектердің дамуындағы биологиялың фактордық рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды: 1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін); 2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін); 3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін). Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары: 1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін) 2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін); 3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін); 4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін); 5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа дейін); 6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін); 7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін). Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе биологиялық жетілу сатылары. Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек те сезімтал көзқараспен қарап, олардың жан дүниесін түсіне білуі шарт. Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне тән ерекшеліктері, оның айналасындағы болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінгендерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстінде жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады. 4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері ерекшелене түседі. Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген балалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары да белгілі. Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің ерекшелігі Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудық келесі сатысына көшуге дайындап отырады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды. Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді. Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан, ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі. Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын дамытады. Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі - олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді. Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті - оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру керек. Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады. Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақылау, өздік жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру, ойындарды қолдану, балалардың еңбегін жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім оқушының оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді. Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың есте сақтау қабілетін дамытады. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді. Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл, ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар ескеруі қажет. Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін, сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмектесуі адамгершілік сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл де кең пейілді болуы. Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру, өндіріс орындарына экскурсияға апару, мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды. Мектептің ең негізгі міндеті - балаға білім атаулының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста кешенді жүргізу. Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі. Жыныстық толысу тез жүреді: - қыздарда - 11-13 жас; - ер балаларда - 13-15 жас. Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуіне байланысты моторлық аппараттың қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру керек. Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді. Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " - деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді. Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады. Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажет. Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады. Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал - баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы және соқындағы қан тамырының соғысын тексерумен толықтырылады, жеткіншектер жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары, спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер етеді. Тәрбиешінің міндеті - еңбек, спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер, сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін түсіндіруге үйретеді. Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль мәселелерін талдау және адамгершілік тақырытындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы, өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі. Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес. Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды, оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету. Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа да жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер тәртібінің төмендегенін байқауға болады: а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс орнату. Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады. Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқының қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты. Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік - ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден пайда болады. Осы аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын) атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті күйде болса, олар "қиын" балалар қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б. түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру. Жасөспірім шақ (15-17 жас) Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді. Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға құштарлық тән. Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады. Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық басшылық жасау керек. Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу. Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерекшеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін балалардың бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. 7. Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері. Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік қасиеттері - адамның мінез-құлығының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізі. Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты. Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке жүйесіне байланысты темперамент типтерін басшылыққа алып отыру керек. Темперамент деп жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында темперамент 4 типке бөлінеді: холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап, даму дәрежесіне сүйену. Мұғалім сабақ үстінде, тәрбие барысында (ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.) балалардың мінез-құлықтарын ескеріп, темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеген жөн. Тәрбиеші мына жағдайларды ескеруі қажет: - баланың өз мүддесін ғана ойлауын болдырмау; - өз мүддесін ұжым мүддесімен ұштастыруа білуге үйрету; - баланың әр түрлі жағдайда болатын өзгерістерді басынан өткізе білуге баулу; - баланы өмірді даму күйінде көре білуге үйрету.


Информация о работе Даму психологиясы