Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 16:59, курсовая работа
Қазіргі заманда дау-дамайлар – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр дау-дамайлық ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған дау-дамайлар ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы дау-дамайлар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады.
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.
1.1. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары
1.2. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері
ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1. Студенттердің дау-дамайді қылықтарын алдын – алу мәселесі
2.2. Дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі
2.3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы
2.4. Дау-дамай проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік
нұсқаулар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп әрекеттесу стилін табысты қолдану үшін екі жақтың жасырын қызығушылықтары мен қалауларын анықтауға уақыт жұмсау арқылы екі жақтың да шынайы қалауларын қанағаттандыру тәсілін анықтап алу қажет. Егер екеуіңіз де дау-дамай себебін түсінсеңіз, онда біріге жаңа альтернативаларды іздеуге немесе қолдануға болатын компромисстерді өңдеуге мүмкіндіктеріңіз бар.
Мұндай стильді төменде көрсетілген жағдайларда қолдануға болады:
Бірлестік стилі дау-дамай шешімін достық, сабырлылық жолмен анықтау және екі жақтың қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін қолайлы тәсіл болып табылады. Бірақ бұл белгілі бір талпыныс пен тырысуларды қажет етеді. Бұл үшін екі жақ белгілі бір уақыттарын бөліп, өздерінің қалауларын, қажеттіліктерін бір-біріне түсіндіре білу керек. Сонымен қатар бір-бірін тыңдап, содан соң мәселені шешудің альтернативті нұсқаларын іздестіруі қажет. Осы элементтердің біреуі екеуінің бірінде болмаса, онда бұл стиль нәтижелі болмайды. Бірлесіп әрекеттесу стилі барлық стильдердің ішінде ең қиын, күрделісі болып табылады, бірақ бұл стиль күрделі де маңызды дау-дамайдік әрекеттерде екі жаққа шешімнің ең дұрысын қабылдауға көмектеседі.
Компромисс стилі
Тордың ортасында компромисс стилі орналасқан. Қалған қызығушылықтарыңызды қанағаттандыру мақсатында, өзіңіздің қызығушылықтарыңызды екінші жаққа кей жағдайда келісім жасайсыз. Ал екінші жақ та тура осындай әрекет етеді. Басқа сөзбен айтқанда, екеуіңізде өзіңіздің аз мөлшерде қалауларыңызды қанағаттандыру және аз мөлшерде басқа адамның қалауларын орындауда ортақ келісімге келесіздер. Сіздер компромистік шешім табу үшін келісесіздер. Сонда да компромисс стилін бірлестік стилімен салыстырғанда шешімге жоғары деңгейде жетуге болады; сіз бір нәрсемен екінші жаққа жол берсеңіз, екінші адам сізге де бір нәрсеге жол береді, нәтижесінде ортақ шешімге келе аласыздар. Бірлесіп әрекет ету стиліндегідей жасырын қалаулар мен қызығушылықтарды іздемейсіз. Тек бір-біріңізге айтқан қалауларыңызды ғана қарастырасыздар.
Компромисс стилін сіз және дау-дамайдесуші екінші жақ бір уақытта жүзеге аса алмайтын бір нәрсені қалап тұрған жағдайда қолданған эффективті болады. Мысалы, екеуіңіз де бірлескен демалыс уақытын әртүрлі өткізгілеріңіз келеді. Яғни, келесі бір қарапайым бірлестікке негізделген компромисті өңдейсіздер. Мысалы, бірлескен демалыс жағдайында сіздер келесідей уәделесе аласыздар: «Жарайды, онда демалыс айының жартысын тауда, ал жартысын өзен жағалауында өткізейік».[13]
Бірлесіп әрекет ету стилін қолдану барысында жасырын қызығушылықтар мен қалауларды қанағаттандыруға бүкіл зейініңізді бөлсеңіз, ал компромисс стилін қолдану барысында дау-дамай жағдайын берілген объект ретінде қарастырып, оған әсер ететін немесе оны өзгертетін тәсілдерді іздестіріп көмектеріңізбен алмасасыздар. Бірлестіктің мақсаты болып, ұзақ мерзімді нәтижелі екі жақты шешімді анықтау болса; ал компромисс жағдайында сол мезетте пайда болған сәйкес келетін нұсқаны қолдана білу. Табысты компромисс нәтижесінде дау-дамайдесуші адам өзінің келісімін келесі түрде көрсетуі мүмкін: «Мен мұнымен келісе аламын».
Төменде компромисс стилін қолданғанда нәтижелі болатын жағдайлар көрсетілген:
Компромисс жиі нәтижелі болады, себебі қандай да бір шешімге келудің соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін. Егер де қалауыңызға жету үшін сіздің беделіңіз жеткіліксіз болса, бірлесіп әрекеттесу мүмкін болмағанда бұл стильді басынан қолдансаңыз болады. Сонымен, сіз өз қызығушылықтарыңызды, ал екінші адам өзінің қызығушылықтарын аздап қанағаттандырады.
Егер де біреумен компромисс табуға тырыссаңыз, онда алдымен екі жақтың да қызығушылықтары мен қалауларын анықтап алған дұрыс. Содан соң сәйкес келген қызығушылықтарыңыздың ортақ облысын сызып анықтап алу қажет. Ұсыныстар ұсынып, екінші жақтың ұсыныстарын тыңдап, қызметтеріңізбен алысып, т.б. әрекеттерге дайын болуыңыз керек. Ортақ келісімге келмегенше әңгімені жалғастыра бергеніңіз қолайлы. Себебі, идеалды нұсқадағы компромисс екеуіңізге де нәтижелі шешім болып табылады.[12]
Сонымен, Кеннет У.Томас және Ральф Х.Килменнің ұсынған дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің ерекшеліктерін және жоғарыда көрсетілген әрбір дау-дамай жағдайына байланысты ұсынылған нұсқауларын нәтижелі қолдана білу әрбір адамның қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болуының алғышарты болып, дау-дамайдерді мінез-құлық стильдері арқылы шешу құнды дағдысы бүкіл өмірінде қажет болады.
ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1 Студенттердің дау-дамайлы қылықтарын алдын – алу мәселесі.
Студенттердің арасындағы туындайтын дау-дамайдерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Студенттердің жеке тұлғалық әлеуметтену барысында оның рухани, ұнамды құндылықтарын түсіну арқылы студентер арасындағы дау-дамайлардың интенсивтілігін өзгертуге болады.
Дау-дамайдерді алдын алу жолында маңызды роль алатын – тәртіп болып табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.
Студенттердің дау-дамайді қылықтарына мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі аспектілерден көрінуі мүмкін.
Біріншіден, мұғалімнің басқа студенттерімен әрекеттесу стилі баланың өзімен жасты балалармен әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы шарты болып табылады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша студенттің алғашқы мұғалімінің педагогикалық тактикасымен қарым- қатынасқа түсу стилі, оның ата-анасымен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен (О.Осадько). Екіншіден, мұғалім студенттер арасындағы болып жатқан дау-дамайдерге араласуға міндетті. Бұл, әрине, дау-дамайдерді басып тастау емес. Ситуацияға байланысты әкімшіліктік араласу немесе қарапайым кеңес болуы да мүмкін.[3]
2.2. Дау-дамай жағдайларын
Дау-дамай жағдайларды ескерту – бұл оның пайда болуына жол бермейтін және әлеуметтік жүйедегі дау-дамайнің салдарынан деструктивті әсерінің азаюындағы шаралар кешені.[21]
Дау-дамайдерді ескерту тар мағынада нақты дау-дамайдермен жұмыс істеуді білдіреді. Дау-дамай жағдайындағы басты міндет - одан қашу емес, оны тани білу, яғни нәтижелі шеше білу қажет. Осыған орай төменде американ психолог-оқымыстылары Джини Грехем Скотт, Джон Роберт Паркинсон, Джанет Рейноутер, Дэниель Дэнаның дау-дамай проблемасына қатысты еңбектеріндегі көрсеткен тәжірибелік нұсқаларын қысқаша жүйелеп, алдарыңызға дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізін ұсынамыз.
Дау-дамайдерді түсіну және басқару үшін өзінің ақылдығыңызды қолдану.
Дау-дамайды жақсы қарым-қатынас арқылы алдын алу немесе шешу.
Қарым-қатынас – көптеген дау-дамайдерді шешетін негізгі құрал болғанымен, өздігімен жиі дау-дамай жағдайларының себебі болып табылады. Қарым-қатынастың кезкелген бұзылысы дау-дамайге алып келеді; күнделікті өмірден алынатын көптеген мысалдар осының дәлелі болып табылады. Кейде адам ойын анық емес білдіреді. Кейде біреу мұқият тыңдамайды. Нені айтатынымызға қатысты түсінбеушілік туындайды. Жасырын болжамдар қарым-қатынаста бөгет болуы мүмкін. Ал кейде түсінбеушіліктің, қарсыластықтың немесе ренжігіштіктің нәтижесінде қарым-қатынас тіпті үзілуі мүмкін. Қуанышқа орай, мұндай кедергілердің алдын алу немесе жеңе білу үшін адам қарым-қатынасына үлкен күш салуын қажет етеді. Ең басты есіңізде қарым-қатынастың негізгі принциптерін сақтаңыз. Қарым-қатынастың негізгі принциптерінің көбісі сізге анық та таныс болуы мүмкін. Бірақ оны әрқашан да ұстану арқылы мүмкін болатын потенциалды дау-дамайдердің алдын ала аласыз, және кризистік сипатқа ие болмай тұрып, критикалық жағдайлардан шыға аласыз. Сонымен қатар, ішкі дау-дамайдеріңізді нәтижелі шешуге (санасыз деңгейде) көмектеседі. Бұл негізгі принциптер төменде қысқаша көрсетілген.
Сөздік және сөздік емес қарым-қатынас айырмашылығы
Адам қарым-қатынасымен айналысатын мамандардың айтуынша, бізге ақпараттық шамамен 55%-ы сөздік контактпен жүретін сөзсіз қарым-қатынас арқылы беріледі екен (мимика, ым-ишара). Ақпараттың шамамен 38%-ін біз дауыс, тембр және интонация арқылы аламыз. Бұл сізге қарап сөйлегенде сіздің оңай сенбей және түсінбей қалу мүмкіндігін білдіреді. Біз бір нәрсені ести отырып, екінші адамның басқа нәрсені сезіп және білдіріп тұрғанын білсеңіз, онда сенімділік бұзылып, ол адамның күткеніне қарамастан оған қарсы шығуыңыз мүмкін. Егер біреу сізден кешірім сұрап тұрып, қиналып айталмай тұрғандықтан, бұл сізге өтірік сияқты көрінеді де ашуланып, кетуіңізде мүмкін.
Егер де сіз әңгімелеу барысында өзіңіздің және әңгімелесуші екінші адам арасындағы сенімсіздіктің, жағымсыздықтың өршіп бара жатқанын сезінсесіз, бір минутқа тоқтаңыз. Мұндай әрекет айтылып жатқанның мазмұны дұрыс айтылудың мәнерлігі мен тәсіліне сәйкес келмейтіндігіне байланысты емес пе екен деп өзіңізден сұраңыз. Ым-ишаралық тіл қаншалықты қиын болса да, бақылауға қолға алына алады. Қатенің себебін түсініп, мұны жөндеуге мүмкіндігіңіз бар. Мысалы, кешірім сұрап тұрсаңыз, өзіңізді бағынышты да шынайы ұстаңыз. Егер де сіздің айтылып жатқан сөзіңіз маңызды болса, әңгімелеуші екінші адамның тура көзіне қараңыз (тіке көзқарас – шынайылылықтың куәлігі).
Жасырын және қате болжамдар мәселесі
Кезкелген көзқарастың бастамасы алғашқыда қалыптасқан болжамдардан тұрады. Сіздің пікіріңізше, сөздің немесе мінез-құлық мәнерінің белгілі бір бұрмалыстары, бұрында қарым-қатынасу тәжірибеңізден белгілі сізге танымалы адамға жақсы әрекет ететінін болжамдайсыз. Мысалы, оның әзіл-сықақ сезімі болғандықтан сөздің әзіліңізді көтере алады деп ойлайсыз. Әңгіме барысында бірнәрсе айтқаныңызда, ол қажетті формада естіп, түсінеді деп үміттенеміз. Мұндай болжамдар қарапайым болғандықтан күнделікті тұлға аралық қарым-қатынастың ағымын жеңілдетуге көмектеседі.
Бірақ кейде сіздің болжамдарыңыз сізді ыңғайсыз жағдайға қалдырып қоюы мүмкін. Мысалы, сіз жасаған ескертуді басқа біреу дұрыс түсінбеуі мүмкін; бұл ескертудің немесе әзілдің негізінде жатқан астарды түсінбегендіктен, басқа адамға әзіліңіз күлкілі болмауы мүмкін. Бұдан да күрделі жағдайларда сізді түсінді және сізбен келіседі деп болжамдағанмен, олай болмауы мүмкін.
Басқа адам өз кезегінде, сізге, сіздің реакцияңызға, жоспарларыңызға және сіздің үміттеріңізге қатысты қате болжамдауы мүмкін. Мұндай жағдайлар неден басталғанын анықтауға қиынға түсетін нағыз дау-дамайдерге алып келеді. Сондықтан да бұл қауіпті болғандықтан, сізге мұндай ситуацияларды анықтап және өзіңіздің болжамдарыңызды қадағалап үйрену қажет. Егер де басқаның болжамы шынайылылыққа сәйкес келмейтін болса, басқаның сізге деген болжамын қадағалауға дайын болу керек.
Қате болжамдау дау-дамайдердің барлық типтерін көрсетеді. Бір адамның пікірінше, басқасы ұйым үшін бір нәрсе істеп жатыр десе, ал екіншісі бірінші туралы дәл солай қате болжамдағандықтан шарт орындалмай қалады. Ал бір әйел, оның жоқтығын пайдаланып, жолдас қызы оның сүйіктісін кездесуге шақырып жүр деп қате болжамдауы мүмкін; нәтижесінде достық, мүмкін махаббат та қауіпке төндіріледі. Қате болжамдау дау-дамайдерге ғана емес, осындай сезімдердің жоғалуына әкеп соқтырады.
Мұндай жағдайлардың алдын алудың ең жақсы тәсілі – асығыс нәтижелемеу және мұндай проблема туындатқан қате пікірлер бойынша әрекет етпеу болып табылады. Сіздің мақсатыңыз болып, басқа адамның пікірінің дұрыс еместігін дәлелдемеу, керісінше өзінің қате пікірлерінен бас тартқыза білу. Егер де екінші адам оның қатесін түзеп жатқанын сезінсе, бетін сақтап қалу тәсілі ретінде, өзінің қате болжамына жармасып қалуы мүмкін.
Сондықтан да дау-дамайнің алдын алу және шешудің ең жақсы тәсілі өзіңіздің немесе басқа адамдардың негізгі болжамдары туралы ашық талқылау. Олардың не дұрыс не бұрыстығын анықтап, қате пікірлерге сүйене барлық әрекеттер мен пікірлерді жұмсартыңыз. Қате болжамдардан туындаған әрекеттерден соң басқа да қиындықтардан өту қажет болады, бірақ сонда да оларды ашық талқылау дау-дамайді шешуінің алғашқы қадамы болып табылады.[12]
Информация о работе Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі