Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 16:59, курсовая работа
Қазіргі заманда дау-дамайлар – күнделікті өмірлік жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр дау-дамайлық ғасыр болады, немесе өркениет тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы дау-дамайлар адамдардың көптеп қырылуына негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм, билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық пен келіспеушілік – бұл аталған дау-дамайлар ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам өмірін жойды».[3] Ішкі саясаттық күрес – көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы дау-дамайлар олардың іс-әрекетінің сапасына зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және өзінмен келісімге келу әрбір адамның бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып табылады.
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің ғылыми теориялық аспектілері.
1.1. Дау-дамай проблемасы зерттелінуінің теориялық қағидалары
1.2. Дау-дамай жағдайына байланысты мінез-құлық стильдерінің психологиялық ерекшеліктері
ІІ БӨЛІМ. Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі.
2.1. Студенттердің дау-дамайді қылықтарын алдын – алу мәселесі
2.2. Дау-дамай жағдайларын болдырмау, алдын-ала ескерту, жоюдың ғылыми-әдістемелік негізі
2.3. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік маңызы
2.4. Дау-дамай проблемасына қатысты практикалық-әдістемелік
нұсқаулар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қалай дұрыс тыңдай білу қажет
Көптеген адамдардың олай болмаса да, өздерінің ойларын тура жеткізе алатындығына сенімді болса, басқалары әңгіме жүргізуші екіншіні тыңдай алмайды. Бұдан соң қарым-қатынасқа түсудің көптеген тырысулары сәтсіз аяқталса, таң қалудың қажеті жоқ. Қарым-қатынастың нәтижелі тәсілдерінің бірі ретінде «белсенді тыңдай білуге» үйреніп алсаңыз болады. Бұл дауда жоғарыда көрсетілген проблемалардан (сөзсіз қарым-қатынас, қате болжамдау) кетіп қалуға көмектеседі.
Дұрыс тыңдай білмеу дау-дамайнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Адам оны тыңдамай тұрғанын байқағанда, оның бойында қарсыластық сезімі туындауы мүмкін. Қабағын шытып қараған көзқарас, асығыстық, тынымсыз ым-ишаралар, мұның барлығы сөйлеушіге қатысты қызығушылықтың, құрметтің жоқтығын көрсетеді. Бұны қаламасаңызда бұл әр сөйлеуші адамды ренжітіп, қарым-қатынаста кейбір кернеуді орнатуы мүмкін.
Керісінше, егер сіз екінші адамға оны тыңдап, түсініп, сезініп тұрғаныңызды көрсете алсаңыз, онда мұндай әрекетпен дау-дамайнің ықтималдығын минимумға дейін жеткізесіз. Бұдан басқа әңгіме барысында алынған ақпаратпен қолдану мүмкіндігіңіз болады. Бұл сізді барлық айтылған нәрсеге келісе беруді білдірмейді. Бірақ адамға өзін тыңдалған және түсінілген болып сезіну қажет. Ең идеалды нұсқалы айтушыны белгілі бір сезіммен тыңдай білу. Оның айтқандарын сіз критикасыз қабылдап жатқаныңызды оған көрсеткеніңіз жөн.
Кейде дау-дамай өршіп кетіп, қызып жатқанда, мұндай тәсіл бойынша әрекет ету оңайға түспейді. Сонда да белсенді тыңдауға өзіңізді бассаңыз, дау-дамайді шешуде бұл жол таңқаларлық нәтиже беретінінің көре аламыз. Егер басқа адам тітіркеніп немесе ашуланып тұрса бұл тәсіл оны тыныштандыруға көмектеседі. Жағдайды сабырлықпен талқылауға және жақын қарым-қатынасқа жол ашады.[22]
Естеріңізде сақтаңыздар, яғни дұрыс тыңдау – тыңдай білу және сөйлеушінің шынайы сезімдерін қабылдау. Бұл негізгі принцип. Басқа кейбіреулері төменде көрсетілген:
- Сөйлеушіге құрметпен қарау;
- Әңгіменің затына зейініңізді бөліңіз;
- Шынайы сезіммен тыңдаңыз;
- Бағаламай, мұқият тыңдаңыз;
- Сөйлеушінің шынымен тыңдап тұрғаныңызды көрсету үшін, естігеніңіз туралы пікіріңізді айтып тұрыңыз;
- Сіз нені түсінбегеніңізді немесе неге сенімсіз екендігіңізді көрсетіп тұрыңыз;
- Адамды ары қарай әңгімелуге тартыңыз;
- Әңгімені ұстап тұру үшін сөзсіз қарым-қатынасты қолданыңыз;
Есіңізде сақтаңыз, ең негізгі мәселе болып, адамның айтқандарына өзіңіздің қызығушылығыңызды білдіру. Алғашында әрқашанғы көңіл бөлу мен түсіне білу қажеттігі сізде ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ кейінірек мұндай әрекетке үйреніп кетесіз. Егер бұған сіз шынайылықпен қарасаңыз, онда кейінірек басқа адамның сөзімен сезімдеріне қызығатыныңызды анықтайсыз.
Қарым-қатынастың кілттік элементтері көмегімен дау-дамайдерді алдын алу немесе шеше білу тәсілдеріне қысқаша түйіндеме
Қарым-қатынас – бұл дау-дамайнен кетіп қалу немесе олар пайда болса, шешудің ең жақсы тәсілі. Қарым-қатынастың келесідей кілттік элементтерін есіңізде сақтаңыз:
- сөйлеушінің оның ойы
немесе сезімдерінен
- сізде немесе басқа адамда жасырын бұрмаланған пікір немесе болжамдардың болмауын қадағалаңыз.
- қарым-қатынасты ашық қылуға тырысыңыз.
- өзіңіздің не ойлап,
не сезініп тұрғаныңызды
- анықталмағандықтан кетіп қалуға тырысыңыз. Егер де бір нәрсе түсініксіз болса, онда екінші адамды түсіндіруін сұраныңыз. Ал егер де басқаға түсініксіз болса, онда өз кезегіңізде түсіндіруге тырысыңыз.
- дұрыс тыңдауды үйреніңіз. Тыңдау барысында сөйлеушіге құрмет пен қызығушылық білдіріңіз. Сөзін бөлмей, критикаламай, мұқият тыңдаңыз. Әңгіме барысын қадағалап отырғаныңызды білдіру үшін уақыт өте естігеніңізді өздеріңіздің сөздеріңізбен жеткізіңіз.
Көңіл аудармау немесе кетіп қалу.
Кейбір жағдайларда жинақталған тітіркенушіліктен құтылу проблеманың шешудің ең негізгі тәсілі болуы мүмкін. Басқа жағдайларда адамға өз эмоцияларын шығаруға ерік беру арқылы дау-дамайнен шығуға болады. Кейде қарсыластық пен тітіркенушілік жоғарғы деңгейіне жеткенде, ортақ қарым-қатынасқа қол сілтеп дау-дамайнен кетіп қалған жөн. Кетіп қалу - екі жақта да кінә сезімі мен тітіркенушілік сезімі тек өршіп, жағдай тек нашарлап бара жатқандағы дау-дамайнен арылудың ең жақсы тәсілі.
Бұл әдіс сізді жағдайыңызға сәйкес келеді ме? Егер де сіздің ашу және қарсыластық сезіміңіз сізді одан да күштірек қысып бара жатқанда, және дау-дамайді шешудің барлық әрекеттерді отқа май құйғандай әсер етсе, онда бұл туралы ойланып көргеніңіз дұрыс. Өзіңізге қол алатын пайдалы сұрақтар бар. Бұл қарым-қатынасты жалғастыру маңызды ма? Қарым-қатынасты жалғастырған жағдайда компенсациясы болады ма? Жоқ болса, онда тек қол сілтеген жөн. Оны шешудегі ұтыс минималды болса, дау-дамайді жалғастырудың қажеті бар ма?
Дау-дамай жағдайында ішкі қарама-қайшылық пен қорқынышты жеңе білу.
Кейде қорқыныш пен ішкі қарама-қайшылық дау-дамайдік жағдайда сіз ойлап тұрғаныңызға немесе айтқыңыз келіп тұрғаныңызға кедергі жасайды. Бұл сізді ренжуге әкеп соғады. Бұл теріс эмоциялар дау-дамайді шешу одан да күрделі болуға әкелетін тұйықтыққа әкеп соғады. Сондықтан да сіз тек тітіркенгіштігіңізден ғана арылуды үйреніп қана қоймай, қорқыныштарыңызбен және ішкі қарама-қайшылықтарыңызды жеңе білуді үйренуіңіз қажет.
Мұндай қорқыныштардың табиғаты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, ыңғайсыз күлкілі жағдайға түсіп қалудан қорқу, уақыт жоғалтып алудан қорқу, жоқ дегенді естуден қорқу, және т.б. Қорқыныштың табиғаты мұнда маңызды емес. Қорқынышты жеңу үшін, алдымен оны анықтап алу қажет. Содан соң құрылған жағдайға қатысы бар жоқтығын шешіп алу қажет. Ең жақсысы қорқыныштан арылумен жұмыс істеңіз, проблеманың шешіміне жол ашасыз.
2.3 Мұғалім мен студенттер арасындағы қарым-қатынас
психологиясы және оның тәлім-тәрбиелік
маңызы
Жасөспірімдер мен
ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас
жасау мәселесі-психология ғылымындағы
және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды,
әрі күрделі проблемалардың қатарына
жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра
зерттеулер мен осы бағытта жинақталған
тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер
мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер
арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай
ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі
елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер
арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы
қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп
жасындағы балалар үшін мұғалім барлық
бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға
күшті әсер ететін тұлға болып саналатын
болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір
қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген
сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен
қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын
түрлі талаптарына өздерінше іштей сын
көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау
бағытында арнайы жүргізілген психологиялық
және педагогикалық зерттеулер төменгі
сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар
арасында үлкендердің айтқан сөздеріне
құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын
мінез көріністерінде әрқилы кедергілер
мен себептер болатындығын анықтады. Әрине,
мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық
жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие
ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Бізде, атап айтқанда,
Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері
мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі
оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы
қарым-қатынас орнату, олардың арасында
кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық
тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты
іздестірілмеген мәселелердің қатарына
жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы
қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық
бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек
ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен
шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі
жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда
мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен
қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің
даралық ерекшеліктерімен санасып отыру
қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай
талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында
мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық
қасиет және арнайы білімі болу керек
деген міндет қойылады.
Ұстаздар мен шәкірттер
арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра
жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау
мақсатымен Алматы қаласындағы бірнеше
мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер
жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған
мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл
зерттеуде негізгі мәселе-мұғалімдік
мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің
талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп,
ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің
сырын ашып көрсету және оны педагогикалық
және методикалық жағынан алып талдау.
Зерттеу арқылы іздестірілетін
мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл
қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі
барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері
бойынша қалайша бағаланатынын анықтау
ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары
деп екі жікке бөлінді. Осы сапалар мен
ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық
қызметіндегі даралық қасиеттері мен
мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар
айқындала түсер деген жорамал жасалды.
Соның нәтижесінде шәкірттер тарапынан
мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің
мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа
бөліп іздестірілді де, олардан тиісті
қорытындылар жасалды.
Бірінші топқа ұстаз
бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастағы
мұғалімнің адамгершілік сапалары жатады.
Олар: игі тілек, шәкірттерге мүмкіндігінше
ықыласты көмек көрсету, олардың жан дүниесін
түсінуі. Мұндай қасиеттерді шәкірттер
өз ұстаздарының бойынан көргісі келеді.
Ал, ұстаздардың бұларға немқұрайлы, селқос,
ықылассыз қарауын оқушылар ұстаздың
ұнамсыз қасиеттері деп санайды.
Екінші топқа мұғалімнің ұстаздық шеберлігіне
байланысты қойылатын талап-тілектер.
Мұғалімнің өз пәнін жетік білетіндігі
балаларға оқу материалдарын жете түсіндіріп
ұғындыра алатындығы, әр алуан амал-тәсілдер
қолданып, сабақты тартымды және қызықты
етіп өткізетіндігі.
Үшінші топқа ұстаздық жасөспірімдердің
бірімен-бірінің өзара қарым-қатынасына,
олардың өміріндегі күйініш-сүйініштеріне,
табыстары мен сәтсіздіктеріне, әр түрлі
қоғамдық-көпшілік жұмыстарға қатысуына
байланысты көңіл бөліп, мән беруі, ұстаздың
класс жетекшілік жұмысындағы іс-әрекеттері
жатады.
Төртінші топтағы шәкірттер, мұғалімнің
жеке басына тән мінез-құлықтарының ерекшеліктерін
атап көрсетеді.
2.4. Дау-дамай проблемасына
қатысты практикалық-
Дау-дамаймен жұмыс істеуге арналған ойындар.
Мақсаты. Белгілі бір дау-дамайдік жағдайдан дау-дамайге қатысты мінез-құлық стильдерін қолдана отырып, шешуге үйрету.
Қажетті уақыт. 1 сағат.
Көрнекіліктер. Қажет емес.
Ескертулер. Дау-дамайге байланысты ситуацияларды тренингке қатысушыларға ойнату барысында бір-біріне ренжіп қалмас үшін, бір-біріне балағат сөздер айтып тастамас үшін, ситуациялар қарапайым және қатысушылар үшін маңызды болуы керек. Себебі, тренинг барысында немесе тренингтен кейін бір-біріне ренжіп қалуы мүмкін.
«Конспект»
Ойынға екі адам қатысады.
Бірінші қатысушыға нұсқау: «Сендер екеуін мектепте бірге оқисыңдар. Кітабы жоқ пәннен сен конспект жазбадың. Конспекттіні досың жазып жүрді. Емтиханда мұғалім өз пәнінің конспекттісін талап етті. Емтиханды бүгін тапсыратындықтан, өз досыңнан конспектісін уақытша сұрадың. Себебі, ол осы пәннен емтиханды ертеңіне тапсырады. Емтиханды беске тапсырғанына қуанып, конспектіні аудиторияда ұмытып кеттің. Есіңе түсіп қайтіп келгенде, аудиторияда ешкім болмады және конспектіні де таппадың».
Екінші ойыншыға нұсқау: «Екеуін коридорда кездесіп қалдыңдар. Өздеріңді күнделікті өмірідегідей ұстаңдар».
Ойыннан соң классикалық анализ жүргізіледі: алдымен бақылаушылар, содан соң қатысушылар өз пікірлерін білдіреді. Пікір алысып болған соң тренер ойынға қатысушылардың ойыннан алған әсерлерін анықтау үшін келесідей сұрақтар қояды: «Сен келесіде одан конспект сұрайсың ба?»; «Ал сен оған келесіде конспект бересің бе?». Анализ барысында қатысушыларға және бақылаушы топқа дау-дамай жағдайында қандай да белгілі бір стиль түрлерінің айқын байқағандықтарын, сонымен қатар оны шешуге қандай да бір ережелерін қолданғанын көрсету маңызды. Және соңғысы: егер ситуация нәтижелі аяқталса, онда жәбірленуші кінәлі адамның бойынан кінә сезімінен арылтуға көмек беруі қажет. Міне, барысы осылай жүргізілетін төменде келесідей дау-дамай жағдайлы ситуациялар берілген.
«Статья»
Екі ойыншы қатысады. Нұсқауы екеуіне қатар оқылады.
«Екі адам бірігіп статья жазады. Біреуі оны басуға қалғанда, екіншісі үйіне 30 минутқа ерте қайтіп кетеді. Басшы кіріп, бұл статья аттестацияда көмек беріп, жұмыста үлкейтуге жол ашатын маңыздылығы туралы айтады. Мұны естіген басуға қалған адам екінші адамның аты-жөнін сызып тастайды. Бірнеше күннен соң журналда баяғы статья бір ғана фамилиямен шығады».
Қатысушыларға нұсқау: «Екеуіңіз коридорда кездесіп қалдыңыздар. Әрекеттеріңіз қандай?».
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекетіміздің 2030 жылға дейінгі стратегиясында «Қазақстан дамуында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін адамгершілігі мол, мәдениетті, ғылыми және шығармашылық дамуы жоғары деңгейлі интеллектуалдық қоғамдық потенциалдың болуында»,-деп көрсетілген. Яғни, бүгіндері демократиясы дамыған өркениетті елдер қатарына бағыт ұстап отырған еліміздің болашағы жастар, бүгінгі мектеп студентлары болып табылады. Жастар динамизммен, мобильділігімен, жаңашылдыққа икемділігімен, өзгермелілігімен, тез шешім қабылдағыштығымен, барынша макимализмімен ерекшелінетіні белгілі. Сондықтан да бүгіннен бастап олардың бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді, парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал азаматтарын тәрбиелеп шығару екенін ескертеді.
Сондықтан да зерттеу өзектілігі жастар ортасындағы дау-дамайлардың алдын алу мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен, сонымен қатар әртүрлі жас, әлеуметтік және демографиялық топтар арасындағы дау-дамайларды болдырмау, шешу, жоюдың және алдын ала ескертудің қажеттілігінен дау-дамайлық жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық негізін зерттеу қажеттілігінен туындап отыр. Яғни, туындаған мәселелерді әрбір адам нәтижелі шешу үшін дау-дамайлардың пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін, сонымен қатар дау-дамайлық жағдайдағы мінез-құлықтың стильдерін теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының қажетті деңгейін меңгеріп алуы, болашақта жақсы қарым-қатынас арқылы , иеленген дау-дамайларды басқара білу құнды дағдысы әрбір адамның бүкіл өмірінің жолында қажет болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Информация о работе Дау-дамай проблемасының зерттелінуінің эксперименталды негізі