Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 02:04, реферат
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды
Семей мемлекеттік медицина университеті
Әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері»
Орындаған:
Топ: 141 ЖМФ
Тексерген: Жакупбекова Э.А.
Семей – 2013 жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды
І. Кіріспе
Темперамент – ғалымдарды ежелгі
кезден-ақ қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні
- адамдардың мінез-құлқын сырттай бақылай
отырып, олардың әрқайсысына тән
өзіндік дара болмысы, ерекшеліктері
бар екенін байқаған. Әр адамның
жан дүниесі өз алдына бір болмыс.
Оның қайталанбастығы, бір жағынан,
адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты
болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар
мен қатынастарға негіз бола алуында.
Темперамент адамның
Сонымен, темперамент - әр адамның психологиялық қызметінің қозғалысын (психологиялық динамикасын), немесе мінез-құлќын сипаттайтын ерекшелік.Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Негізінен темпераменттер туралы ілім көне Қытай (б.з.д. VIII ғ.) емшілерінен бастау алады екен. Адамдардың арасындағы өзіндік ерекшеліктерді олар стихиялы-материалистік тұрғыда түсіндірген. Яғни, адами ерекшеліктер айырмашылығы денедегі элементтерге байланысты дейді. Грек медиктері бұл «құбылысқа» cәл басқашалау қараған. Төрт темперамент туралы ілімді алғаш дамытқан грек ойшылдарының бірі - Эмпедокл (б. з. д) 490 - 430 ж. төрт элементтің тең болуы немесе бірінің басым түсуі әр адамның ақыл-ой қабілетіне және мінез ерекшелігіне тікелей әсер етеді.
ІІ. Негізгі бөлім
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ. Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 460 - 377 жылдар шамасында өмір сүрген Гиппократтың мектебі өмірді өзгермелі үрдіс ретінде қарастырды. Заттардың алуан түрлілігіне сүйенетін бірегей стихия туралы ілімді төрт сұйық (қан, сөл, сары өт және қара өт) туралы ілім алмастырды. Гиппократтың пайымдауынша «дененің табиғаты да осылардан құралған, осылар арқылы ғана ауырады, осылар арқылы ғана айығады. Күші мен саны жағынан алғанда олардың тұтасу тепе-теңдігі сақталған жағдайда және олар жақсырақ араласа түскен кезде ғана дене сау-сергек бола түседі». Жұртшылыќқа әйгілі Гиппократ типтерді дұрыс сипаттағанымен, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп, дәлелдей алмады.
Жеке адамның өскелең белсенділігі, оның табиғи және әлеуметтік ортамен байланысының сипатын зерттеуге мәжбүр етті. Осы байланыс қазіргі кездің ең басты теориялық тақырыптарына айналып отыр ғой. «Ауа, су және мекенжер туралы кітабында кейбір азиялық халықтардың өмір салтын алға тарта отырып, Гиппократ әдет – ғұрып, яғни адамдық болмыс ағзаның табиғатын өзгерте алатынын дәлелдеп шықты. Мұның өзі адам бойындағы әлеуметтік және биологиялық сәйкестілік туралы мәселені талқылауға ұмтылған алғашқы талпыныс еді.
Көне грек медиктерінің ой – пейілі адамды танып – білуге құштар болғанымен бәрібір психикалық қызметтердің орындалуы үшін аса қажетті органдар құрылымымен тап баса алмады. Ықылым заманнан бері Шығыста да, Грецияда да «жүрек әмірі», «ми әмірі» деген екі теория тайталасып келеді.
Көптеген қадағалаулар мен хирургиялық операциялардың барысында көне грек емшісі Алкмеон ( б.з.д. VI ғасыр) «ми дегеніміз жан – сезімнің органы» деген ой түйді. Мидың құрылымын сезінудің кейін сезімдік деректерді жинақтаудың нәтижесінде мидың өнімі іспеттес психика туралы ілім пайда болды. Алкмеонның ізімен Гиппократ та миды психиканың органы ретінде уағыздап, ол –үлкен темір сияқты деп түсіндірді. Бұл ұғым медицинадан философияға көшіп барды. Сөйтсе тұра, Алкмеонның ми – психиканың органы деген жаңалығын көптеген ғасырлар бойы жәй болжам ретінде бағалап келді. Солтүстік Грециядағы емшілік мектептен дәріс алған Аристотельдің өзі «жүрек әмірі» атты қағидаға жүгінеді. Сөйтіп, өзінен кейінгі, тіпті XXI ғасырға дейінгі физиологтарға бағдар болып келген «жалпы сезімталдық» деген түсінікті қалыптастырады...
Александриялық емшілердің және одан
кейінгі медицинаның
Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент
атауларын белгіледі: сангвиник (sangius –
қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик(
chole - өт), меланхолик(melaschole – запыран).
Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі
жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар
ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Ол кезде адам денесін анатомиялауға тыйым
салынған болатын. Тек маймыл мен сүтқоректілер
арқылы органдардың құрылымы мен қызметі
зерттеледі. Гладиаторлардың хирургы
болған соң Гален өзінің анатомиялық білімін
жетілдіру мүмкіндігінен айырыла қойған
жоқ. Ол жан – сезімнің органдары – ми,
жүрек және бауыр деп есептеді. Рим дәрігері
Гален (129—199) темпераменттің санын он
үшке жеткізді. Оның пікірінше, организмде
жылылық неғұрлым басым болса, адамның
темпераменті күшті болатынын, денесі
салқын болса, темпераменті баяулайтынын
айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік
маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу,
тәжірибеге көңіл аудара бастау сол кезде
кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе
дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы
еді.
Олардың әрқайсысы Платон (б.д.д. IV ғасыр) ұсынған жан – сезім бөлігіне сәйкес түрліше психикалық қызметке ие болатын еді: айталық, бауыр – құштарлықты, жүрек – ашу мен батылдықты, ми - ақылды тұтады. Темпераменттің физиологиялық негіздері туралы ілімнің медициналық практика аясындағы психологиялық типологиядан өрбіп шыққандығына шүбә жоқ. Түрлерді бейнелейтін элементтерге қатысты тізбектерді түсіну үшін аса бас ауыртудың қажеті жоқ, өйткені ол деректердің жиынтығы емес, тайға таңба басқандай белгілі төрт «түбір» туралы ілім ғана. Тек Демокрит сананы психологиялық талдау жасаудың нәтижесінде төрт дәмдік қасиеттерді — тәттілікті, кермектікті, қышқылдықты және ащылықты ажырата білді. Бұл жаңалықты екі мың жылдан соң эксперименталды психология ғылымы да растап отыр.
Ежелгі психология тындырған маңызды шаруалардың бірі — темпераменттер туралы ілімді аяғынан қаз бастыру еді. Тіпті, әлі күнге дейін осы ілімнің «холерик», «флегматик», «меланхолик», «сангвиник» атты түсінік-атаулары тілімізде өзгеріссіз қолданылып келеді. Әрине, Гиппократ пен Галеннің іліміндегі осы түрлердің сипаттамасы қаз-қалпында қалды дей алмаймыз. Қазіргі зерттеушілер нақты психологиялық және физиологиялық ізденістер аясында көне ілімнің тек жалпылама принциптерін ғана пайдаланып жүр. Адамдардың арасындағы жекелеген ерекшеліктер немесе негізгі түрлер ұштаса келіп, дене бітімінің кейбір өзгешеліктерін құрауға ықпал етеді деген идея әлі күнге дейін дифференциалды психофизиологияның басшылыққа алар қағидасы екенін мысал етуге болады.
Бір ғажабы, ежелгі дәуірде ғылыми
психофизиологиялық ойлаудың негізгі
категориялары қалыптаса
Көне дәуірдегі
Психофизиологиялық әсерге (эмоцияға) тікелей қатысы мынадай бір тәжірибені де Ибн Синаның атына таңып жүрміз: екі тоқтыға бірден мөлшерде азық береді. Тек біреуін еркін, оңаша жағдайда бағады да, ал екіншісінің маңайына қасқырды әкеп, байлап қояды. Сонда, соңғысы ішіп-жемі жеткілікті болғанына қарамастан, күннен - күнге арықтап, ақырында, өліп қалыпты. Тәжірибе арқылы қарама - қарсы сезімдік жағдайдың «орға жығарлық» ролін жете ұғынуға мүмкіндік туды. Сөйтіп, емшілік ғылымының атасы атанған Әбу әли Ибн Сина эксперименталды психофизиологияның да негізін қалады.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, яғни, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама ұсынды. Ол сангвиник пен меланхолик өміріндегі барлық маңызды жағдайларды эмоционалды уайымдайды, ал холерик ашуланшақтық, белсенділік танытса, флегматикті өмірге аса бейімделген адамдар деп санады.
Ал А.В. Вундт темпераменттің әрбір түрін эмоционалдық әрекетіне және олардың тұрақтылық деңгейіне байланысты бейнеледі.
Шындығында темперамент тек эмоциялық жағдайлардан ғана байқалмайды, ол ақыл-ой және ерік процестерінен де көрініп жатады.
19 ғасырдың аяғында темперамент
туралы теориялардың дамуы
Ерте кезден бастап зерттеушілер адамдардың мінез-құлықтарын, күйзелістерін бақылай келе, адамдардың дене бітімі және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетіндігін байқаған.
Демек, жеке физикалық немесе психикалық
қассиеттері бойынша өзара
Клиникалық жағдайларында
Информация о работе Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері