Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 02:04, реферат
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды қасиеттеріне ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (тилологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Гиппократ бойынша темперамент типтері
2. Галлен бойынша темперамент типтері
3. Павлов бойынша темперамент типтері
ІІІ. Қорытынды
Әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшеліктері бар және дене мүшелерінің (қол, аяқ, бас, кеуде т.б.) сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық типтерді ұсынды:
1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене). Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.
2) Пикник – (грек – толық,
нығыз). Майлы тканді, бойы орташа
немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған
қарын, қысқа мойын, басы
3) Атлетик – (грек – күрес).
Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері
мығым, бойы орташа немесе
4) Диспластик – (грек – нашар
қалыптасқан). Дене бітімінде нақты
форма жоқ, бұл типтегі
Аталған типтердің ішінде лепто-соматиктер мен пикниктер психикалық ауруларға бейім екендігі анықталды. Шизофрениямен ауыратындардың көпшілігі лептосоматиктер құрайды. Пикниктер маниакальді-депрессивті психозбен ауыруға, ал атлетиктер эпилепсия ауруына бейім келеді. Сонымен конституционалдық типологияның ірге тасын қалаған неміс психиатры Э. Кречмер адамның дене бітімі мен психикалық аурулар арасындағы байланыстың бар екенін көптеген клиникалық бақылау нәтижелері дәлелдей түсті. Дене құрылымының типі мен психикалық аурулар арасындағы байланысты Кречмер былайша түсіндіреді: дене құрылымының типі сияқты темпераменттің де себебі бар. Олар қанның химиялық құрамына байланысты және гормональді жүйенің белгілі ерекшеліктеріне тәуелді.
Кречмер дене бітімінің аталған типтеріне сәйкес темпераменттің 3 типін ажыратады:
1) Шизотимик – дене құрылымы лептосоматикалық немесе астеникалық. Психикасы бұзылғанда шизофренияға бейім болып келеді. Тұйық, тік мінезді, көзқарасын өзгертпейді. қоршаған ортаға қиындықпен бейімделеді.
2) Циклотимик – дене құрылымы
пикниктік. Психикасы
3) Иксотимик – дене бітімі
атлеттік. Психикалық ауытқуларда
эпилепсияға бейім. Салмақты, мимикасы
мен жестері ұстамды. Ойлау
икемділігі жоғары емес, белгілі
жағдайларда орнын өзгерткенді
ұнатпайды, қайта
Э. Кречмер конституциялық типология теориясы Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Шелдон колледжде оқитын 4000 жуық студенттердің фотосуреттерін визуалды зерттеуде күрделі антропоскопиялық әдісті қолданды.
У. Шелдон сыртқы белгілер мен мінез-құлық сиаптамалардың арасында корреляциондық анализ жүргізіп, жеке тұлғаның 3 типін ұсынды:
1) Эндоморфты тип - қарны қампиған, майлы тканьдері көп, қарым-қатынаста ашық. Өзінің сезімдерін еркін бейнелейді.
2) Мезоморфты тип – бұлшықет жүйесі жақсы дамыған. Денесі түзу және нығыз. Сезім және ойларында тұйықтық, тынымсыздықта агрессивті мінез-құлық байқалады.
3) Эктоморфты тип - арық, ішкі
мүшелері әлсіз дамыған. Қол-
У. Шелдон құрған типология, конституционалдық типологиялардың арасында негізделген және статистикалық дәледенген болып саналады. Бұл теориялардын көпшілігінде ғалымдар тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмей қалғанын өткір сынға алды.
Белгілі поляк ғалымы Ян Стреляу адамның дене құрлымы ерекшеліктерінің темпераментпен байланысын зерттеуді шектемеуді ұсынды, адамның өмірлік жағдайларға және қызметіне бейімделуіндегі темпераменттің қаншалықты маңызды рөл атқаратынын қарастыру керек деп тұжырымдаған. Оның пікірінше, индивидтің өсуі кезінде және ерекше орта жағдайлардың әсер етуінен темперамент белгілі бір өзгерістерге ұшырауы мүмкін деген .
Ресей елінде 50 жылдардың басында адамның психофизиологиялық ерекшеліктерін диагностикалық зерттеу бағыты аса қарқындылықпен дами бастады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген академик И.П.Павлов болды. И.П.Павлов негіздеген типология темперамент психологиясы саласындағы көптеген лабораториялық зерттеулерге бастама берді.
И.П.Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процесстері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – ширақ типтер. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт «сынып» кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П.Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті ( бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттары байқалған.
И.П.Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжирибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: «Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».
И.П. Павловтың идеяларын оның шәкірттері
В.М. Теплов, В.Д. Небылицын одан ары
өрбітіп,адамның жүйке
Қазіргі кезде ғалымдар ізденістер
нәтижесінде темперамент
1) эмоционалдық қозғыштық;
2) зейіннің қозғыштығы;
3) эмоцияның күші;
4) мазасыздық;
5) еріксіз қозғалыстардың
6) мақсатты бағытталған
7) пластикалық- ригидтілік;
8) қарсылық;
9) субъективация.
Алайда барлық ұсынылған сипаттамаларды
темпераментке жатқыза
В.М. Русаловтың ойынша темпераментті адамның сөйлеу мінез-құлқына, яғни, адамның дауыс ырғағына, сөйлеу қарқындылығына, грамматикалық қателердің болуына, жауаптардың жылдамдығына, пікірлердің ұзақтылығына, адамдармен әңгімелесу әрекеттеріне байланысты анықтауға болады деген. Жалпы алғанда, әрбір адам белгілі типті жүйке жүйесіне ие өмірде қай темпераментте таза күйінде сирек ұшырасады. Көп жағдайда бір адамның бойында бір темпераменттің белгілері басымдау болғанымен, басқа темпераменттің нышандары да кейде қылаң беріп қалуы мүмкін. Темперамент арқылы адамның көзқарасын, таным-түсінігін, наным-сенімін анықтау мүмкін емес. Темперамент тек адамның жеке басының динамикасын ғана сипаттайды.
Сангвиник.
Көңіл көтергіш, әзілқой, лидерлікке ұмтылыс, бақталас. Сезімі жеңіл, анық, терең. Жылжымалы, эмоция көңіл құбылмалы қиыншылық пен сәтсіздікті оңай жеңгіш, жылы жүзді.
Қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.
Флегматик.
Салмақты, байсалды, қарапайым, өзін-өзі бағалауы төмен. Ашық сезім білдіруге бейім емес, партнеріне бірқалыпты қатынас.
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды,
асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен
істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды
ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған
ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық
процесстер флегматикте баяу жүреді.
Бұл баяулық оған оқу жолында
кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін
жері: тез есте сақтау, тез ойланып жауап
беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте
сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен
қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты,
байыпты, керек жерде тіл табысады, ал
орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты.
Олардың байыптылығы мен байсалдылығы
өмірге деген көзқарасынан да көрінеді.
Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды
әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен
аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар
тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті
дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті, талапшылдықты
орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда
оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.
Олар қадалғыш және өзін өзі еркін билейді.
И.П.Павлов бойынша бұлар «өмірдің қажымайтын
еңбекқорлары».
Холерик.
Өзіне бағындырады, үстем, айтқанынан қайтпайды, тұрақсыз, мақтанғанды ұнатады. Көппен дос емес, ашуға берілгіш, бұйрықшыл, қызғаншақтау.
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.
Меланхолик.
Бұл темперамент өкілінде
психикалық процесстер өте баяу жүреді.
Қатты тітіркендіргіштерге
Темпераменттердің түрлері (Гиппократ терминологиясы бойынша) |
Жүйке жүйесінің типтері (Павлов терминологиясы бойынша) |
Жүйке процестерінің (қозу, тежелу) қасиеттері | ||
күші |
Тепе-теңдігі |
қозғалғыштығы | ||
Холерик
Сангвиник Флегматик Меланхолик |
Ұстамсыз тип
Ширақ тип Баяу тип Әлсіз тип |
Күшті
Күшті Күшті Әлсіз |
Тең емес (қозуы тежелуінен басым) Тепе-тең Тепе-тең |
Тез
Қозғалғыш Баяу қозғалады |
Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі
Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны өте мұқият зерттеу қажет болады. Көпшілік жағдафда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек лаборатория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы дәлелдеп отыр.
Түрлі темпераменттердің
ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп
сұрақ қоюға болмайды. Кез келгенінің
де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Әр
адам өз темпераментінің жақсы жақтарын
біліп, нашар жақтарынан арылу жолын
қарастырса, сөйтіп өз темпераментін
меңгере алатын халге жетсе –
бұл осы адамның сана-
Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде, олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың, жүйке жүйесінің туралы іліміне сүйенуі тиіс.
ІІІ. Қорытынды
Ұлылардан Ұлағат
1) Темперамент тәжірибенің арқасында ортаның ықпалымен дамып жетіледі. Ол адамның дара өзгешеліктерімен, ақылдың жетілуімен, ерік, адамгершілік сипаттарының толысу дәрежесінен, қоғамдық игілігінің қалыптасуымен байланысты және осы сипаттарға тәуелді дамиды.
Информация о работе Гиппократ, Галлен, Павлов бойынша темперамент типтері