Эмоциялардың нейрофизиологиялық механизмдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 18:14, реферат

Описание работы

Адам эмоциясы негізінен тіршілік ортасымен әлеуметтік жағдайларларға байланысты және ол тарихи даму жағдайға тәуелді. Эмоцияның нейрофизиологиялық механизімі жүйке жүйесінің арнайы қызметі, ең алдымен ретикулярлық фармацияға байланысты болып, қызметі жандандырады, ал екіншіден, ми төмпешігінде, әсіресе көру төмпешігінің астындағы гипоталамуста және мидың өте ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы мембикалық жүйесінде орналасқан орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады, сондай-ақ сезім мен эмоцияның дамуына ереулі әсер ететін фактор .

Содержание работы

Кіріспе
1. Негізгі бөлім.
2. Эмоциялардың физиологиялық механизмі.
3. Эмоцияның психоорганикалық теориясы.
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Психология - Эмоциялардың нейрофизиологиялық механизмдері.docx

— 34.79 Кб (Скачать файл)

Әсерді қысқа мерзімге сақтап қалу үшін тиісті нейрондарға  импульстердің бір легінің келуі  жеткілікті. Мәліметті аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз уақыт  нейроңдар тізбегінде айналуы, жаңғырығуы (реверберация) қажет. Ал ұзак  мерзімдік ес орталық нейрондарда туындайтын құрылымдық және функционалдық өзгерістермен — нейронаралық синапстық байланыстың күшеюімен, синапстық беткейдің көбеюімен, ПСП деңгейінің өсуімен, постсинапстық мембрананың медиаторға сезімталдығының жоғарлауымен, байланысты.

Естің физиологиялық механизмі  туралы көптеген болжамдар мен теориялар  бар. Мида пайда болатын уақытша  баайланыс естің негізінде жататын  физиологиялық процестің бірі болып  табылады. Морфологиялық мағлұматтарға  қарағанда мида нейрондардың тұйықталған  тізбегі — тұзақ , болады. Онда импульстер ұзақ  уақыт айналып, жаңғырығып жүре алады. Осыдан қысқа мерзімдік естің жаңғырыгу (ревербация) теориясы ұсынылған. Бұл  теорияға сәйкес бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, тізбектелген процесс басталады да, импульс бүйір тармақтар, немесе аралық нейрондар, арқылы алғашкы торшаға қайта оралады. Осы процесс жалғаса береді де, қозу процесі тұзақты бойлай ұзақ  уақыт айналып жүреді. Қозу ревербациясын тудыратын мұнда й  әсерлер көп қайталанса, әр айналым сайын есте қалған із нығая түседі.

Электрондық теорияга сәйкес импульстер синапстар арқылы өткен  кезде электрондық потенциал  пайда болып, белгілі бір синапстар  арқылы импульстердің өтуі ұзақ  мерзімге жеңілдетіледі.

Ұзақ  мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін де бірнеше теория ұсынылған. Анатомиялық теорияға сәйкес ақпаратты кабылдап, сақтау процесі нейрондар өсінділерінде жаңа терминалдар пайда болу арқылы, олардың пішіндері мен көлемінің өзгеруі, дендриттер тікенектерінің өсуі, көбеюі нәтижесінде жаңа байланыстардың қалыптасуы негізінде атқарылады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрондарды қоршай орналасқан глиялық торшалардағы өзгерістермен байланыстырады. Глия торшаларында тузілетін ерекше заттар синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді, нейрондардың қозғыштығын жоғарылатады, олардың дендриттерінің тарамдануын және дендриттер бойындағы тікенектердің ұзаруын қамтамасыз етеді. Аталған болжамдармен қатар ақпарат ізін сақтау және жаңарту үшін арнаулы белоктар қажет деген де болжам бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. СтоляренкоЛ.Д. Основы психологии. 17-е изд. Учебное пособие. – Ростовн/Д:Феникс,2007. 
  2. Немов  Р.С. Психология: Учеб. Для студ. Высш. Пед. Заведений: 1-я кн. 
  3. СәбетБапБабаЖалпыпсихология.2005 
  4. Жарықбаев  Психология, 2003.

 


Информация о работе Эмоциялардың нейрофизиологиялық механизмдері