Этномәдени орта және оның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 19:30, реферат

Описание работы

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды

Содержание работы

Этномәдени орта және оның рөлі.

Этнопсихологияда кездесетін категориялар.

Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері.

Файлы: 1 файл

этнопсихология.doc

— 127.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар:

 

 

  1. Этномәдени орта және оның рөлі.

 

  1. Этнопсихологияда кездесетін  категориялар.

 

  1. Этнопсихологиядағы өзіндік сананың  және мәдениеттің психологиялық   ерекшеліктері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Этномәдени орта және оның рөлі.

 

Біздің  елімізде  болып жатқан    соңғы жылдардың   оқиғалары қоғам өміріндегі  ұлттық  факторлардың  жоғарғы мәнділікке  ие   екенін  көрсетуде.Полиэтникалық   полимәдениет  жағдайында  өмір  сүріп отырған адамның ұлттық  сипатта дамуынна   қоғамдық  өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі – халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.

Қазіргі жаңа этно психологияда өз бетінше дамып жатқан бақтардың бірі – психофизиологияның, когнетивті процестердің, естің эмоцияның, сөздің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы – мәдени зерттеулері жатады. Этнопсихологияның методологиясы өте күрделі. Этносты құрайтын индивидтің қасиеті мен тұтастықты құрайтын ұлттық мәдениет қасиеттері бірдей емес, культуралогияның және психологияның зерттеулері арасында этнопсихологияға байланысты ылғида белгілі бір ажырау болады. Сондай-ақ этникалық ерекшеліктер жайлы бір қорытынды жасау үшін, қандай да бір салыстыру керек деген ой көлеңкелеп тұрады. Сондықтан да этноцентризм мәселесінен қашу үшін оны терең түсіну керек. Халықтардың психологиялық ерекшеліктері жайлы абстартілі, негізделмеген қорытындылар ұлттық сезімдерді қорлауы мүмкін. Осы сұрақтарды талдауда пән аралық гуманитарлы ғылымдар атап айтқанда этнокультуралогиясы бізге көмектеседі. Мұнда индивидуалды сана сезімдер сол мәдениетте қабылданған адамның жалпы модулінен тәуелді болады және олардың құндылықты – нормативті аспектілері талданады /2/. Г.У.Кценова этникалық сана сезімдерді әлеуметтік топтардың этно мәдени болмысқабелгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады.Этномәдениет  бағыттағы  зерттеулер  позитивті  этникалық  және  мәдени  идентификацияның   қалыптасуының  психологиялық  механизмдерін  табумен айналысады.

Этномәдениетті  түсінуге  деген  алғашқы  ықпал  социосфера  парадигмасында  этникалық  процестерді  зерттеумен  байланысты  болды.ол  парадигманың  бастапқы  алғы  шарты  этнос  әлеуметтік  құбылыс, сондықтанда  қоғам  даму  заңдарына   бағыну  керек, өзінің меншікті  заңдары  жоқ  деген  сеніммен   байланысты  болады.Және этнос жүйелілі деген идея біртектілік, идентификация ретінде түсініліп сана сезімдердің бөлінбес  бөлігі  деп  аныталады.Этникалық  жүйедегі мәдениеттің маңызды  функциясына-этносты сигнефикативті  жүйе ретінде анықтайтын  белгі-символикалық функциясы жатқызылды.Сигнефикативті  жүйеге  тіл ғанаемес  этнос құрылымында коммуникативті  роль  атқаратын басқа да  элеметтер жатады.Ұзақ жылдар  бойы  этномәдени   мәселесін дәстүрлі  жағдайда  тек  фольклор  мәнінде  карастырды.Оны  ұлттық дәстүрлердің  рухани  және тұрмыстық аспектілеріне апарады. В.Бромлей осы сұрақты талдай отырып, мәдениетті этникалық аспектісі жайлы айтып, оны «өндірістен тыс мәдениет» деп аталады, яғни мәдениет адамдардың күнделікті материалды және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру сферасында қаралады. Шындығында тұрмыстық мәдениет этникалық қатынаста дәстүрлі қырларды көбірек сақтайды. Этномәдениет мәселесін қарастыруда этномәдени реттеу жүйелеріндегі дінді аттап кетуге болмайды. Этникалық тарих этногинез факторлар жүйесінде діннннни комплекстердің маңызды ролін көрсетедіт, әсіресе этномәдени интеграциядағы діни құндылықтар, «провославиелік» және «мұсылман» әлемі сияқты супер этникалық тұтастықтар құру сұрағы, сондай-ақ этникалық бірлікті қалыптастыру мен сақтаудағы діннің маңызды ролін корсетті. Сөйтіп, «социосфера» ықпалындағы зерттеулер этномәдениеттің көп функцияларын ашады-рухани, тұрмыстық, материалды өндірістік, саяси-тәрбиелік, гуманитарлы білім салаларын осы функциялардың біреуін азайту немесе мойындамау ерте ме кеш пе этникалық мәдениеттің тұтастығын бұзуға әкеледі. Этномәдениет пен этногенезге деген екінші  ықпалға Л.Н.Гумилевтің  биосфералық концепциясын айтуға болады.Л.Н.Гумилевтің пікірінше, этникалық  мәдениет өз  элеметтері мен байланыстарының өзара әрекетін  беретін   күрделі  көпдеңгейлі  құрылу.Этномәдениет ол тұтастай  феномен,  оны  этникалық  немесе  этникалық  емес  белгілері  бар  фрагменттерге  бөлу  дегеніміз,  этномәдениеттегі  творчествалық тарнсформацияға деген қабілеттен  бас тарту. Ең маңыздысы сол этноиәдениетте архаистік мағыналар мен түсініктер бар, соның арқасында этномәдениет тек қана кеңістікті ғана емес әрі рухани әсерленуге қолайлы уақыт өлшемдерін де береді. Этникалық тұтастықтың негізгі белгісі ерекшк сипаттағы этникалық мәдениет, оны қалыптастыратын элементтер-біріншіден, белгілі этносқа ғана тән мінез құлықтың ішкі қайталанбас стереотипі (психикалық құрылыс), екіншіден, обьективті шарттар мен факторларды қалыптастыруға әсер ететіндер: табиғи (территория, ландшафт,   геокосмостық аномалия), әлеуметтік (жергілікті өндірістік-экономикалық жағдай және өркениеттің деңгейі, қоршағандар, байланыстар және саяси мұра), этномәдени (күрделілік пен белсенділік деңгейі, яғни этностардың жасы, көршілер, этнос-субстраттар, алдыңғы мәдениет, олардың элементтері, тіл, идеялық мұра), антропоморф (этностардың антропобиологиялық ерекшеліктері).Л.Н.Гумилевтің  пікірінше, мәдениет пен этнос әртүрлі жоспардағы құрлым. Этнос органикалық сфераға жатса, мәдениет жасанды құрлым, этностар өзінің этногенетикалбық бағдарламасын жасайды.Сондықтанда,техника,искусства этникалық процестердің индикаторы.

В.К.Шабельниковтың пікірінше өркениет процесі екі  құрылымның өзара әрекетіне байланысты болады-сұйық (Европа; Америка)  және қатты (Азия) әлеуметтік жүйелердің қатты және сұйық құрылымдарымен қарсыласуы қазіргі әлемдік саясаттың негізгі мазмұнын құрайды. Біз сол қатты әлеуметтік құрылымның өкілдеріміз. Ол қалай сипатталады? Қатты қоғамдық жүйеде адам этностың отбасының ажырамас бөлігі. Өндірістің отбасылық рулық типі көп деңгейлі мықты иерархияны жасайды, онда адам өзінің жасына, жағдайна қарай іс-әрекет пен мінез құлық мазмұнына ие болады. Еврогенетикалық мәдениет қатты этнос жүйелерге қуатты қысым көрсетуде. Мәселен, транспорт байланысы, баспасөз, телеақпараттар арқылы рефлексиялы мәдениет қатты құрылымның орнықтылығын бұзуға әкелуде. Қазіргі жаңа өркениеттің дамуында қатты әлеуметтік құрылымдардың әлсіреуі қашып құтыла алмайтыын процесс. Этномәдениет ортаның өзгеру мәселесі этностың қайта құрылу мәселесінің бір бөлігі немесе бұрынғы қатты жүйелердің еріп кетуі. Қатты құрылымдардың еруінііің қажетті шартының  бірі полиэтникалық және полимәденилік, өз кезегінде олар сол не басқа мәдени типтерді анықтайды.

ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан бастап әлемдік масштабта  халықтардың өз тұрмыс салтын сақтауға ұмтылу, ерекшше тұрмыстық мәдениеттің  мәнін көрсету, этникалық идентификация  мәселесіне байланысты процестер қатты  белең алды.Бүгінгі күні этностық қайта өрлеу жаңа замандағы адамзат дамуының басты факторы болып отыр. Адамдардың өзі түпкі шығу тектеріне көңіл бөлуі әртүрлі формаларда көрінеді- көне ескі салт дәстүрлерді реанимациялау, кәсіби мәдениетті фольклоризациялау, өзінің ұлттық мемлекетін құру.

Мәдениет ұғымы психологиялық ұғым ретінде түсінілуде. Этнос пен  мәдениет ұғымының арасындағы байланыс жайлы бірнеше көзқарастар бар. Мәдениетті психиканың этника аралық  айырмашылығы негізінде  жатқан басты фактор деп анықтайды.Бір қатар этнопсихологиялық мектептер мәдениет пен психологиялық арасындағы байланысты ең алдымен жек бастық сипаттамалар негізінде зерттейді.Американдық психолг Г.Триандис этнопсихологияның пәні ретінде субьективті мәдениет  деген ұғымды бөліп көрсетті.Философиялық және социологиялық  концепцияларда репрезентативті мәдениет (Ф.Тренбрук) деген термин кіргізілді.Ал американдық психолг Д.Матсумото мәдениетті ұрпақтан ұрпаққа берілетін адамдар тобының, бірақ әр индивид үшін әртүрлі болатын мінез-құлықтың, сенімнің, құндылықтардың, ішкі ыңғайланулардың жиынтығы деп түсіндірді. Бұл анықтама топтық және индивидуалды сананың ішкі мазмұнына қатысты. Мәдени-шарттанған мінез құлық салт жораларда тіркелгендіктен нәтижесінде (мінез құлықтың жалпы, автоматтанған тәсілдері) адамдар тобын жалпы мәдени құндылықтарға, мінез құлық нормаларына және қарым қатынасқа қарай бөлу жүзеге асады. Мәдениет мінез құлық пен қарым қатынасқа әсер етпейді, құндылықтар, нормалар, ролдер, әлеуметтік когнитивті және аффективті процестер, әдет ғұрыптар арқылы жанама әсе принциптер болып табылады. Егер сіз өзіңіз жататын мәдениетті түсінгіңіз келсе ең алдымен оның базалық құндылықтарын түсінуге тырысыңыз: бұл өзіңіздің, адамның мінез құлықының жасырын мотивтері менмағыналарын түсіндіретін тура жол.

Мәдениет элементтерінің ерекше болуы бірнеше факторлармен түсіндіріледі біз үшін маңыздысы мәдениеттің әртүрлі болуының әлеуметтік-психологиялық себептері жайлы сұрақтар. Мәдениет- ол бір жиынтық емес, бірлігі бір бейнемен элементтері өзара байланысқан жүйе. Этнологияда мәдениет дегеніміз сол этносты құрайтын бірлестік, әлеуметтік тіршілік салты, тұтастай алған сол қоғамның өзі, сол этнос. Қазіргі жаңа этнопсихологияда этникалық социаллизация және мәдени трансмиссия ұғымдары қолданылады.Этникалық бірлестіктердің псохологиясын зерттегенде олардың мәдениетінде жүзеге асатын көптеген әртүрлі процестерді ескеріп отыру керек. Этопсихологияда үлкен орын алатын жағдай психология мен мәдениеттің арақатынасы, оның этникалық аспекттілерінің мәні жайлы мәселе. Бүл екі категория әртүрлі жоспарлы болса да, оларды бөлудің күрделілігі сонда олар бәрібір бір бірімен сәйкес келіп, жақындасады. Міне осы жағдайда этникалық бірлестіктің психологиясын оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құбылыс арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Психиканың тұлға аралық айырмашылық негізіне мәдениетті жатқызады. Халық психологиясымен оның мәдениетінің өзара байланысын талдай білу керек. Этникалық бірдейлікті оның мәдениеті арқылы, ал мәдениетті психикалық құрылым негізінде анықтауға болады. Р. Бенедикт айтқандай, «Халықтар психологиясы – ол оның мәдениеті».

 

2. Этнопсихология.Этнопсихологияда  кездесетін категориялар.

 

 Субьективтілік  пен рухани элементтер элементтер  ұлттық қауымның қалыптасуында  және оның күделікті іс-әрекетінде  үлкен орын алады.Онда қауымның  идеясы, бағыт –бағдары  мен ұлттық  даму құндылықтары, қоршаған ортаны тануы мен қабылдауы бейнеленеді.Этностық қауымның суьбективтілігін этностық психология  этностық деп деп атау кейбір еңбектерде кездеседі.

Этнопсихология  элементтерінің халықтар өмірінде және олардың басқа ұлттармен қарым-қатынасында маңызы зор.Оны бүгінгі тарихтан,ұлттар мен  халықтардың  мәдени даму кезеңдерінен,олардың өзара қатынасынан байқауға болады. Шын мәнінде,халық идеалдары, қызығуы, құндылықтары, тусініктері, сезімдері  этностық қауымды біріктіреді.Олардың тарихи  үрдістің суьбектілері деп қарауға болады.Мәдени дамуға және этномәдени қауыммен қарым-қатынасқа өз ықпалын тигізетінін де осы реттен еске аламыз.

Сондықтан, этнопсихологияның  мақсаты мен қызметі  гуманитарлық ғылымдардың қызуғушылығын туғызады.бірақ қаншалықты қызығушылық болғанымен, этнопсихологияның көрінісі мен мазмұнын әлі де, жан-жақты,жүйелі,жеткілікті зерттелмеген осыған қарамастан,этнопсихологияның да, өзіндік тарихы,даму бел-белестері бар.

Этнопсихология  өзінің даму жолында көптеген қиындықтарға кездесті.Ол басқа ғылымдардың арасынан да орын таппай, өткен ғасырдың алғашқы он жылдығында да белгілі орынға ие бола алмады.Ғылым болмай,жәй пән ғана ретінде,этнография мен тіл білімдеріне жақын орналасқаны жайлы мәлімет Е.А.Будилованың еңбегінде жазылған.

Ертеде рухани психологиялық аймақтағы этностық айырмашылық мәселесі және оның күнделікті тұрмысқа, халықтар мәдениетіне, жалпы  оның іс-әрекетіне әсері көптеген ғалымдарды қызықтырған.МәселенГиппократ өзінің “О воздухах, водах, местностях” (“Ауа ,су тұрғылықты жер туралы”) атты еңбегінде (б.э.д. шаиамен 424 жылдары) халықтар арасында этностық айырмашылықтың  себебін елдің мекен –жайын, кңлиматыны мен басқа  табиғи факторларына байланыстылығын атап көрсеткен.

Этнопсихологияға түбегеилі  қызығудың жаңа  кезеңі хх №  ғасырдың ортасынан басталады. Этнопсихологиялық қызықты зерттеулердің бастамасын Ш.Монтескье, И.Фихте,И.Кант т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.

Ш.Монтескьенің гоеографиялық детерминизм принципіне сүйеніп,ұлттық мінез климаттық жағдайлардың әсерінен өзіндік ерекшелікке ие болатындығын білдік.Белгілі жағдайда  қалыптасатын мінез ұлттық қандай  болатынына,оның тарихының қалай дамуына ықпал ететініне мән берген.

Мінез теориясын  жасауға белгілі үлес қосқан  ағылшын  философы Д.Юм “О национальных характер” (“ Ұлттық мінез туралы”) атты еңбегінде халық мінезінің қалыптасуына ықпал етуші негізгі факторларды көрсеткен.Ғалымның ойынша ,ол физикалық және моральдық факторлар түсінігіне ауа, климат және басқа өмірдегі табиғи жағдайларды жатқызған.Ал моральдыққа-халықтың мінезіне әсер етуші факторлар ретінде қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастармен байланысты қасиеттерді алған.

Сондай-ақ философ  Д.Юм кез-келген ұлт  топтарының  өз психологиясы,мінезі, бейімділігі, дағдасыіруханияты болатындығы олардың кәсіби топтардан  тұратындығы турулы айтқан.Оның халық  психологиясы,сол халықтың тілі мен рухани өмірі,сондай-ақ басқа да жалпы формасы қалыптасатыны жайлы пікір.

“Адам  қоғамының  тарихы табиғаттың даму нәтижесі болып  табылады”,-деген И.Гергер.Ол географиялық жағдайдың ролін жете түсініп,оны “мойындамау-танту немесе сандырақ”,-деп өз ойын айқындаған.Сонымен қатар ойшыл  бірінші болып халықтардың өмір сүру бейнесін,олардың  салт-дәстүрін зерттеген.Ұлттардың бірлігі  климатқа тән екенін,халықтардың арнайы жағдайға бейімделуіне және экологиялық үйлесімділігіне тоқталған.Оның ойынша,тек қана халық мінезіне,қоғамдық қатынастарға климат оңтайлы әсері ғана емес,сонымен бірге кері әсер тигізетіндігі туралы ойыда маңызды.

Информация о работе Этномәдени орта және оның рөлі