Этномәдени орта және оның рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Января 2014 в 19:30, реферат

Описание работы

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде.Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды

Содержание работы

Этномәдени орта және оның рөлі.

Этнопсихологияда кездесетін категориялар.

Этнопсихологиядағы өзіндік сананың және мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері.

Файлы: 1 файл

этнопсихология.doc

— 127.00 Кб (Скачать файл)

 

3.Этнопсихологиядағы  өзіндік сананың  және мәдениеттің  психологиялық   ерекшеліктері.

Этнопсихологияның көптеген мәселелерін  тұлганың  өзіндік  санасы сондайақ әлеуметтік және этникалық  топтар сана сезімі жайлы  ғылыми көзқарастарды  ескере отырып  түсіндіруге болады.

Тұлганың ішкі әлемі,оның өзіндік  санасы әрқашанда  зерттеушілердің  назарында болып  келді.Сондықтанда  сана сазімге  байлапнысты әр зерттеуші  әр  түрлі  анықтама  берген.Сана-сезім  мәселесіне  зерттеген  отандық   зерттеушілердің бірі В.В.Столин  адамның психикалық ұйымындағы өзіндік сана-сезімінің орнын талдай келіп,жалпы барлық  сана-сезім жөніндегі зерттеулерді екі сұрақ төңірегіне  топтастырды.Б.Г.Ананевтің   Л.С.Рубенштейннің,А.Н.Леоньтевтің т.б. еңбектерінде тұлғанның даму мәселесінің жалпы контектіндегі өзіндік сананың қалыптасу сұрағы  жалпы теориялық және әдістемелік аспектіде талдаған.Басқа бір топ зерттеушілері ең алдымен, адамның өзін-өзі бағалау мәселесі мен оның қоршаған ортаның бағалауымен байланысына қатысты мәселелерге көңіл аударады.Өзіндік сана феноменін зерттеушілердің бірі И.С.Конның дәлелдеуінше индивидтің өзін іс-әрекетін субьектісі  ретінде  ұғынуына  ықпал ететін психикалық үрдістердің  жиынтығы өзіндік сана деп аталадыда,ал онаң өзі туралы көқарастары, елестетулері белгілі “Мен”бейнесінде қалыптасады.

 Өзіндік сананың  табиғаты жайлы,оның қалыптасуы,қызметі  мен механизімдері жайында А.Н.Леонтев  қарастырған .Оның айтуынша,өзіндік  сананың белгілі бір қырларының  немесе (қаситтерінің )мөлшері олардің жағдайды  эмоцаналды-когнетивті түрде жалпылай алу жолында жүзеге асады.Г.А.Урунтаеваның айтуы бойынша өзіндік сана дененіміз бұл-адамның өзінің жеке дара және тұлғалық қасиеттеріне, бастан кешіргендері мен ойларына саналы, ұғынымды түрдегі қатынасы.  

С.Л.Рубинштейн сана мәселесін  зерттей келе ,өзіндік сана дамуының бірнеше кезеңдерін бөледі.Бастапқысы өзінің денесін меңгеруі мен ырықты қозғалыстардың пайда бола бастауымен байланысты, ал екіншісі – басқа  адамдармен қатынасындағы өзіндік еркінің көрінуімен, қоршаған ортадан өзін бөле алуымен байланысты.Осы кезден тұлғаның өзіндік санасы қалыптаса бастайды,алғашқы рет өзінің «Мені» туралы көзқарасы туындайды.Сондай-ақ  С.Л. Рубинштейннің ескертуінше, тұлғаның «Мен»    бейнесі оның басқа тұлғаларға деген қатынасының туындауына себепші болып табылады.Осы қатынастар тұлғаның сыртқы жоспарына ене отырып, тұрақты қарым-қатынас нормасының белгілі бір деңгейіне ие болады.Қарым-қатынас үрдісінде басқа адамды қабылдауы өзі туралы елестетулерімен байланысты болады.           Өзіндік сана өзіне сырт жақтан, яғни басқа адамның көзімен қарай ашу іскерлігімен, өзінің әреккеттерін белсенді іс-әректтің ішкі логикасы тұрғысында бақылай алу іскерлігімен анықталады.Өзіндік сана сана мен еріктің бірлігі ретінде балада белгілі бір даму кезеңінде пайда болады.   Өзіндік сана көптеген құрылымдық бірліктерден тұратын өте күрделі психикалық құрылымболып табылады.Өзіндік сананың құрылымына кіретін компоненттерді салыстырғанда зерттеушілердің пікірі бір ортадан шықпай жатады.             В.С. Мерлин өзіндік сананың құрылымын 4 компонентке бөледі:

-өзінің ұқсастығының  санасы

-өзінің  «Менінің»  санасы

-өзінің психикалық  қасиеттерін ұғынуы

-өзінің әлеуметті-құлықтылық  бағалауының белгілі бір жүйесі.

И.И. Чеснокова өзіндік сана құрылымындағы өзара байланысты 3 компонентке бөледі:

-өзін-өзі тану

-өзіне деген эмоционалды-құндылықты  қатынас

-тұлғаның мінез-құлқын  өзіндік реттеу 

Бұл аталған компоненттер И.С. Конның өзіндік сана құрылымындағы  көрсеткен компоненттеріне ұқсас  келеді.Оның пікірінше, «Мен» бейнесі –бұл көзқарастар және ұғымдар формасындағы жай ғана бейне болса, ал әлеуметтік нұсқаулар тұлғаның өзіне деген қатынасы болғандықтан,3 компоненттен тұрады:

1 танымдық  (когнетивті)

2 эмоцианалды  (өзінің  қасиеттерін бағалау)

3 мінез құлықтық (өзіне  деген практикалық қатынасы)

Басқалардың еңбектерінде де дәл осы компоненттер кездескенімен,біреулерінде олар форма ретінде, немесе тәсіл  ретінде қарастырылған.(В.Джеймс, В.М. Бехтеров, В.А. Ядов және т.б)

Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.

Өзіндік сана - бұл адамға тән бастапқы немесе алғашқы мәлімет  емес, ол дамудың өнімі.

Адамның өмірлік тәжірибесі жинауына қарай оны өмір жайлы  қайта ойландырады. Осы қайта  ойлану үрдісіадамның барлық өмірінде жүре отырып,адамның өмірде шешетін  тапсырмаларының ішкі мазмұны мен  іс-әрекет мотивін анықтайтын ішкі дүниесінің негізгі мазмұнын қалыптастырады.

Адамның қоғамдағы, еңбектегі, жеке өміріндегі  кез-келген өзгеріс  тек оның іс-әрекетін өзгертіп қана қоймай, сондай-ақ өзіне деген қатынасын, сол жағдайдың субъектісі ретінде  де өзгертеді.Өзін ұғыну дегеніміз  ол тек өзін психо-физикалық тіршілік иесі ретінде ғана ұғыну емес, ол ең алдымен өзін әке ретінде, тәрбиеші,ұжымның мүшесі ретінде сезінуі болып табылады.

   Ұлттық сана  сезім дегенде адамның белгілі  бір ұлтқа қатысты санасы деп  түсінуге болады, яғни , адамның белгілі  бір ұлттың өкілі ретіндегі өзіне деген көзқарасы болып табылатын тұрақты, ұғынымды жүйе.

Ұлттық сана сезімге  ұлттық ар-намыс, отанға деген махаббат, Ұлттық мәдениеттің объектілерін қабылдаудағы қуаныш, қандай да бір саяси қадамдар мен идеологиялық жағдайдың әділеттілігіне деген сенімділіктің болуын жатқызамыз.

Австриялық әлеуметтанушы  және саясаттанушы Отто Бауэр ұлтқа  тән табиғи және мәдени белгілерін анықтап көрсеткен.Оның айтуынша,ұлт  «табиғи қауым» ретінде  ата-ананың қасиеттерінің балаға берілуі тұқымқуалаушылықтан  шығады. Дегенменде ұлтты ерекшелейтін белгісі ол сол халықтың тілі мен мәдениеті екенін де айтқан. «Мәдени қауым болмаған жағдайда, ол тек белгілі бір нәсіл ғанаболып қалады әрі ол ешқашан ұлт бола алмайды» деп жазған екен Бауэр.

Ұлт - бұл  өзінің шығу тегімен, тілімен, территориясымен, экономикалық жағдайымен сондай-ақ қауымдағы олардың этникалық санасы мен өзіндік санасынан көрінетін психикалық құрылымы мен мәдениеті арқылы сипатталатын адамдардың ерекше тарихи қауымы.

Ұлттық қатынас көптеген кешенді сипатқа ие. Қатынасқа түсуші субъектілер өздерінің этникалық санасы мен өзіндік санасын, сонымен бірге өздеріне тән сезімдері мен ақыл-ойларын жария еткендіктен белгілі бір шамадағы бай рухани мазмұнға ие болады.Осы кездерде кей жағдайда әр түрлі иллюзиялар адасулар және мифтер де көрінеді.Бұл-халықтар арасындағыұлттық-этникалық қатынастарының көріну ерекшеліктерінің бірі.

Адамдардың бірлескен  ұзақ тіршіліктерінің үрдісінде  әрбір топтың аймағында бір топты  екіншісіненер ерекшелейтін жалпы  ортақ әрі тұрақты белгілері қалыптасты.Осындай белгілерге тіл, тұрмыс мәдениетінің ерекшеліктері, сол халыққа немесе этносқа тән салт-дәстүрлері жатады.Бұл белгілер халықтың этникалық сана сезіміненкөрінеді.Халықтың Этникалық сана сезімі ерте ме, кеш пе , оның шығу тегіне белгіленіп, салт дәстүрлерінен, өзінің басқа халықтар ішіндегі орнын белгілеп білуінен, яғни өзінің сана сезімінен көріне бастайды.Этникалық сана-сезім субъектінің өзінің этникалық қауым ретіндегі ұғынуынан да  көрінеді.Өзін қандай да бір этникалық топтың мүшесі екенін сезіне отырып, адам жалпы қоғам алдындағы қорқынышын жойып өзін сенімді ұстайды.

Жекелеген адамның этникалық  «Мен концепциясы»-өзіне белгілі, өзінің этносы бейнесімен тығыз байланысты өзі туралы көзқарастарының тұтастай жүйесі болып табылады.

Адамның этникалық «Мен бейнесі»оның жалпы «Мен концепциясының»  құрлымының біреуі  болып  табылады. Ол мыналардан тұрады:

-ол мыңдаған және  миллиондаған этностардың ішіндегі  өз этносының бір өкілі екендігін  елестету;(көзқарасы)

-осы этностың көптеген  басқа өкілдерімен өзіне тән қандайда бір физикалық және психикалық қасиеттері туралы елестетуі; көзқарасы (мысалы:белгілі бір физикалық, антропологиялық белгілері: көзінің түсі мен формасы, мұрнының формасы, бойы, терісінің түсі және т.б.

-ең бастысы сол  қауымға , оның мүшелеріне ұқсау, эмпатия сезімі мен туысқандық сезімінің болуы.

Э. Эриксонның тұлғаның даму теориясынан белгілі болғандай, адамдардағы «Менінің» ұқсастық сезімі 18-20 жасында қалыптаса бастайды.Адам ондай даму деңгейіндеөзінің кім  екендігін,қай топқа жататындығын, неге талпынатындығын білгенде ғана жетеді.Бұған қарама- қайшы жағдайды  Эриксон «Меннің» анықталмағандығы немесе диффуздылығы деп атады. Егер индивидтің жекелік анықталуы дамыған болса, оның кемел жасқа өтуінде еш қиындық болмайды.

Тұлғаның этникалық «Мен -концепциясының» элементтері «Мен концепциясының » барлық бөлімінде кездеседі, бірақ когнитивті, бейнелік, және бағалау элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Жарықбаев Қ.Б.Нүкежанов Ж.С. Қазақ этнопсихологиясының  әдіснамасын жасаудың кейбір өзекті мәселелері\\Этнопсихология –этнопедагогика екінші жинақ.Ғылыми-әдістемелік басылым-Алматы:тәлім-тәрбие қоғамдастығы 1996-189бет.

 

  1. Стефаненко Г.Т. Этнопсихология М: институт психологии  РАН, «Академический проект»,1999 с 220.

 

 

  1. Мухина В.С. Этнопсихология:настоящая и будушая\\Психологический журнал-1994 т15-№3.

 

  1. Павлено В.Н. Таглин С.А. Введение в этническую психологию-Харьков,1992 с 13-14.



Информация о работе Этномәдени орта және оның рөлі