Мектепалды тобындағы балалардың даму ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 07:51, реферат

Описание работы

Жеке тұлғаның психихологиялық қаситеттерін зерттеп, олардың даму ерекшеліктеріне сипаттама беру, оларды сандық және сапалық жағынан бағалап беруге қызығушылық психология ғылымында ертеден бері орын алып келе жатыр. ХІХ ғасырдың аяғынан бастап психодиагностикалық әдістемелер көп мөлшерде жасалып, оны адамдарға өз ерекшеліктерін зерттеп, барлық қыр-сырын анықтап алуға ұсынылды. Осы кезден бастап тэжірибелік психологиялық зерттеулерге сұраныс қалыптаса бастады. Соның арқасында батыс Еуропа елдерінде психологиялық зертханалар ашыла бастады. Бұл зертханаларды Германияда - Вундт, Францияда - Бине, АҚШ-та - Мюнстерберг, Торндайк т.б. ғалымдар ұйымдастырып, жеке тұлғалық қасиеттерді толық және жан-жақты бағалау тестілерін жинақтады. Бұл зертханаларда барлық талапкерлердің іс-әрекет түрлеріне икемділігін, кәсіби жарамдылығын анықтап, мамандыққа баулу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында Гальтонның ұсынысы бойынша, тест көмегімен өлшенген қасиеттердің бір-бірімен корреляциялық байланысы бар екендігі ескерілді.

Файлы: 1 файл

Мектепалды тобындағы балалардың даму ерекшеліктері.doc

— 135.50 Кб (Скачать файл)

Төменгі сынып жасының соңына таман көптеген оқушыларда іс-әрекет мақсаты мотив арасындағы қатынастады еркін белгілей білу қалыптасады. Іс-әрекетті орындаудың жалпы мәнісі өзгерген жағдайда балалар нақтылы мақсатты өзгертіп, өз іс-әрекеттерін қайта құра алатын болады. Бұл мысалы, мына тәжірибеден байқалады. 1-4 сынып оқушыларына текшелерді және басқадай материал пайдалана отырып, қала салуды ұсынған. Оның үстіне жалпы міндет өзгертіліп отырады: бір жолы, балалар алыптар мен ергежейлілер тұратын қала салуға тиісті болды, екінші жолы оларға қала тұрғындан екі түске: қызыл мен көкке бөледі деп айтылды, үшінші жолы қала ұшатын жәндіктер үшін салынды, 1-4 сыныптағы көптеген балалар барлық жағдайда да, құрылыстың типін де, оның жүзеге асырудың тәсілінде елеулі өзгерте алмаған. 3-4 сынып оқушылары түрлі міндеттер үстінде мақсатты да өздерінің іс-әрекеттерін де өзгертіп отырған.

Жасы өскен сайын балалардың қайсыбір тұтастықта байланыстыра алатын белгілерінің саны ғана молайып қоймай, біріктіріліп белгілердің сипаты да өзгереді. Мектепке дейінгі ересектермен 1-сынып оқушылары негізгі нақтылы белгілерді ғана байланыстыра алады. 1-3 сыныптарда абстрактілі және нақтылы белгілерді жинақтау мүмкіндігі артады. Дамудың неғұрлым жоғары деңгейінде ғана (түрлі балаларды бірдей емес) абстрактілі жэне нақтылы белгілерді жинақтау қабілеті пайда болады. Зерттеу нәтижелері абстрактілі, теориялық, сол сияқты нақтылы белгілерді талдап және оларды кейбір тұтас мазмұнда байланыстыра білу ойлау әрекетінің жемістілігімен, мәселені дербес, творчествалық шешу мүмкіндігімен өзара байланысты екенін көрсетіп отыр.

Сана дамуының маңызды критерийі баланың ойланып толғану дәрежесі, заттар мен жүргізетін өз іс-әрекеттерін, түрлі қасиеттегі заттарды және ең соңында өзін, өзінің «менін» түсінуі болып табылады. Өзіндік «менді» түсіну баланың жеке басы дамуының әр жағын дәнекерлейтін негізгі механизмге айналады.

Бала дамуының тұтас процесінің үш негізгі жағын бөліп шығаруға болады:

1) оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

2) игерілген   тәсілдерді   қолданудың  психологиялық  механизмдерінің дамуы;

3) жеке адамның жалпы қасиеттерінің (бағыттылығы, іс-әрекет, сана және ойлаудың психологиялық құрылымы) дамуы.

Дамудың көрсетілген бағыттарының әрқайсысы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталып, ақиқат түрде барлығы өзара байланыста болады да, тек барлығы қосылғанда ғана психикалық даму деп аталынатын жеке адамның өзгеріс процесін құрайды.

Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғаыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән ерекшеліктерін де ажыратып қарастыруға болады. Баланың жеке басының белсенділігі - психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психолгиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үстінде, мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де, іс-әрекетке енгізілуі, осы іс-әрекеттің өзгеріске түсуімен байланыстырылуы тиіс. Сонымен қатар баланың бегілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизімінің өзгерісін туғызады, бұлар оқыту әдістерінде көрінуге тиіс. Мысалы, белгілі бір жастағы балалаға тән жетекші бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет. Мектепкі дейінгі шақта көптеген аса маңызды жаңа құрылымдарының ойын әрекеті негізінде пайда болатыны белгілі. Сондықтан бұл арада сабақтар көбіне дидактикалық ойын түрінде өтеді; мұнда баланың жаңа білімдер мен тәсілдерге ие болу үстіндегі белсенділігі неғүлым көбірек дәрежеде көрінеді.

Бастауыш мектеп жасында жаңаны игеру оқу әрекетінің маңыздылығымен, сондай-ақ танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Баланың оқу әрекетін калыптастырғанда ол оқуға, өзін қадағалай (өз білімін, өз іскерлігін), өз жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді, қызықты болуы тиіс. Кейінірек оқу әрекетінің өзі неғұрлым кеңірек мотивтермен (мысалы, қоғамдық, өзінің жеке басын жетілдіре түсуге бағыттылығы т.б.) жаңара бастайды. Озық педагогтар тәжірибесі оқыту белгілі бір жасқа немесе дара-типологиялық топқа тән бағыттылық пен мотивтену ескерілгенде ғана жемісті болатынын әлдеқашан-ақ дәлелдеп берді. Н. Ф. Добрынин адамға тән мәні оның тиімділігінің ең басты шарты екенін көрсетіп отыр.

Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылығы болып олардың субъекті іс-әрекет негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересек адамның көмегі және басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалық бала іс-әрекетіне сырттай енгізіліп, сыртқы іс-әрекет түрінде ұйымдастырылады. Біртіндеп сытқы іс- әрекеттің ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекетке өзгеруі (бұл процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін П. Я. Гальперин зерттеген) болып өтеді. Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, ойлау мен іс-әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындап, дәнекрлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.

Білімдерді қолдану механизмдерін және жеке адамның жалпы қасиеттерін дамытудың пдагогикалық шарттары. Балаларды оқыту процсінде дамудың жалпы зандылықтарыан басқа, бала психикасы дамудың әр жағынан тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы дәлелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушылар түрлі оқу пәндерінен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді. Оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда, ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан ашып жатпай, сыттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне байланысты жаң іс-әрекет, жаңа тәсіл міндетті түде оқытуға енгізіледі де, сол мәселені шешудің құралы болады. Балалар жаңа міндеттің өздері бұрын орындалмағандармен салыстырғанда, қандай өзгешелігі және оны шешу құралы ретіндегі жаңа іс-әрекеттің қадай ерекшелігі бар екенін түсінуі тиіс. Тек осы жағдайда жаңа іс-әрекетті, әсіресе белгілері бар операцияларды игеру саналы мағыалы болады.

Жаңа мазмұнды жеткізудің ең тиімді әдісі осы мазмұнды бала үші әдейі бөліп алып, модуль арқылы қалдыру екенін көптеген психологиялық әнэе педагогикалық зерттеулердің нәтижлері дәлелдеп отыр. Ол, сөйтіп, жалпылама абстрактілі түрде игеріледі соңынан нақты жағдайларда қолданып отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы іс-әрекеттерде нәтижелі қолдануды қамтамасыз етін психологиялық қалыптасу мен дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрекеттердің бұл шеттерін балаларға іс-әрекет тәрізді даяр түрде беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалдар мен іс-әрекеттер жасау процесінде арнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өте жоғары дәрежеде қолдануын қамтамассыз ететін ой -әрекеттерін қалыптастыруға болады.

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің, мысалы, бағдарының, ұйымдастыушылығының, еріктілігінің (яғни іс-әрекет құрылымының неғұрлым жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін ұйымдастыу жолын игеруі тиіс. Олар іс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге үйретеді. Бастапқыда, әсіресе мектепке дейін ересектер мен төменгі сынып оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңіндерінің әр бірінің орындалуы тексерілуі тиіс. Балалар жобалауды, бақылау мен бағалауды өте жиі тастап кетіп отырады. Сондықтан олардың жүзеге асуы алғашында педагогтардың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейіннен түрлі белгілер арқылы үнемі сырттай қостап отыруы керек. Балалар іс-әрекетті орындай отырып, оның кезеңдерінің бейнеленген сызбаларына сүйенеді, сөйтіп біртіндеп қана өз іс-әрекетін ұйымдастырудың ішкі амалдарына ауысады. Мақсаттылықты қалыптастыру - баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бұл жағынан балаларды орындайтын жекеленген іс-әрекеттерін мақсатпен, болашаққа жеміспен,  іс-әрекеттің қажетті  нәтижесімен ұштастыра білуге,  мақсаттарын міндеттерге өзгеруіне қарай іс-эәекеттерді ауыстыра, қайта құра білуге үйрету қажет.

Екінші жағынан балаларды белгілі нәтижеге жетуді іс-әрекетті аяғына дейін жеткізуді берілген талаптарды ескеруді ғана талап етіп қана қоймай, алынған нәтижені бала үшін бөліп қарап, көздеген мақсатты, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет. Мұның өзінде бағалау бала түсінігінше формальды, міндетті сипатта болмай, оның осы іс-әрекеттегі жетістіктерін талдаумен байланысты болуы тиіс. Бағыттылықты (мысалы, танымдық) қалыптастыру шарттарын осы іс-әрекеттерін бөліп көрсетуді және оның өз «менін» ұғынуымен байланысын қамтиды. Бұған осы орындаумен байланысты баланың жеке баға беру арқылы қол жетеді. Сонымен баланың даму процесін оның қайсыбір жағынан өзгеруімен сипаттауға болмайды, өйткені бұл күрделі көпжақты процесс. Демек, психологиялық дамудың алуан жақтарын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар да сан түрлі. Мектеп жасына жақындаған баланың оның бастауыш сыныптарда осы даму ерекшеліктерін ескере отырып, сол процестерге іргетасын құру қажет.

Баланың жасына немесе жас шамасына қарай даму барысы деген не екенін анықтау оңай емес. Сондықтан адамның психологиялық дамуы, оның табиғатын түсіндіру жалпы қарым-қатынасқа байланысты болатынын ескеру қажет. Айтылып жүрген көзқарастардың біреуі даму сатыларының өзгермейтіндігін, абсолютті болатындығын дәлелдеуге келіп соғады. Жас жөніндегі мұндай ұғым психологиялық дамуды табиғи биологиялық процесс деп түсінумен байланысты. Қарама-қарсы көзқарас білім мен дағдылардың жай жинақталуы ретінде ғана қарастырылады. П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымындағы қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму процесінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістерін өзгертіп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерістеріне әсер етпей қоймайды.

Әрбір жас шағы психологиялық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңінде оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С. Выгогтский жас шақты дамудың белгілі дамуы немесе сатысы, дамудың белгілі, біршама тұйық кезеңі деп қарады, оның мазмұны дамудың жалпы циклінде алатын орнымен және дамудың жалпы заңдарының одан әрікез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуге бұрынғы кезеңде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл - әр баланың өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі, айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әрекеттер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағынан тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі мофологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістері т.б ) ерекшеліктері де енеді.

 

Жас шағы ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаларға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементтерінің қандай да бірі бұрын дамыған қандай да бір психологиялық қасиеттер арқылы өтетін әрі байланыс, әрі балаға объективті түрліше әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиынтығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы баланың дамуының сол кезеңде қойылатын талаптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңгейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин анықтаған. Олардың құрған теориясы бойынша жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдерің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байланыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін «қозғаушы күшін» құрайды. Мысалы, баланың ерте сәбилік шағындағы сыртқы болмыспен байланысы оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Нақ осындай қарым-қатынастар жүйесі негізінде бала белгілі бір дағдыларды игереді, онда қарапайым дәрежедегі ұғымдар қарастырылады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тілі жетіледі т.с.с. Осының барлығы баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңейюіне, демек, айналасындағылармен қарым- катынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болады. Ал соңғысы осы кезеңіндегі психикалық даму барысының жағдайларын өзгертеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады). Бала өз бетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу барысында көптеген заттар мен құбылыстардың ерекшеліктерін терең және жан-жақты меңгере бастайды.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайларын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынасының мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым-қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтырады. Бұл ерекше феномен баланың дамуындағы жылдамдауды болдырады. Осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта да пайда болды. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген карым-қатынастар ескерілмейді, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болды. Осы күрделі психологиялық проблемалар жеткіншек жасындағы балалардың өздерін-өздері бағалауы, коршаған ортадағы адамдарды бағалауы және болашаққа деген көзқарасы, үміт-ниеттерінің пайда болуымен сипатталады. Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері оның кез келген психикалық іс-әректінің дәрежесі арқасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды (демек бүлінуі де мүмкін). Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-әрекетінің әрі қарай дамуының негізі болады.

Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырды. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген шын ықыласпен келетін болды. Мектепте қолданып жүрген оқытудың негізгі мазмұны мен тәсілдері баланың танымдық бағытына жауап бере алмады. Оқыту бала үшін дәлелденбеген және іштей ой елегінен өткізбеген, ойлау әрекетін тым аз талап ететін орасан көп таза техникалық жаттығуларды қамтиды. Бұл баланың сол уақытта қалыптасқан мотивтік қарым-қатынастары мен мүмкіндіктеріне сай келмеді. Осының нәтижесінде танымдық іс-әрекетке, көп жағдайда оқу әрекетіне де қызығу төмендеп, кейде тіпті өшіп те қалатын. Баланың өмір сүру жағдайларының тәрбиелеу мен оқыту формаларының өзгеруі жас шамасына қарай даму кезеңдерінің ауысуын анықтайтын маңызды фактор   болып табылады.

Бала бақшадағы оқыту сабақтары, мектепте даярлау жұмысы мектепке дейінгі жас шақтарының шекарасы мен мазмұнын айтарлықтай өзгертеді. Психологиялық-педагогикалық зерттеулер тәжірибе мен неғұрлым жетілдірілген бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері оқу процесін белгілі бір түрде ұйымдастырып, оқыту мазмұны мен әдістерін қайта құрған жағдайда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері елеулі өзгеріске түсетінін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, олардың ойлау әрекетінің алғашқы теориялық формалары дамып, оқу іс-әрекетінің неғұрлым жоғары дәрежесіне қол жетеді. Сондықтан соңғы кезде педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында педогогикалық критерийлерге негізделген жас ерекшеліктерін анықтап, жас кезеңдерге бөлу жиірек қолданылады. Қазіргі кезде педагогикалық психологияда мектепке дейінгі шақты ерте сәбилік, сәбилік, естиярлық және ересектік жас кезеңдері деп атайды. Ал кейде бұл кезендерді ерте сәбилік шақ, балдырғандық және мектепке дейінгі шақ деп те бөледі. Бұл сыныптастыру бала-бақшадағы топтарға сәйкес анықталады: үш жасқа дейін-ерте сәбилік шақ тобы; кішкентайлар тобы- балалар өмірінің төртінші жылы; естиярлар тобы-бесінші жыл; ересектер - алтыншы жыл.

Информация о работе Мектепалды тобындағы балалардың даму ерекшеліктері